- •1. Блок «Кардиология», тақырыбы 3: ждт тәжірибесіндегіжүрек ырғағының бұзылыс синдромы. Ждт тәжірибесіндегіжүректің созылмалы ревматикалық ауруы, жүрек ақаулары.
- •3. Оқудың мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқыту және сабақ беру әдістері (кіші топтар, дискуссия, ситуациялық есебтер, парамен жұмыс істеу, презентация, кейс-стади және т.Б.)
- •6. Әдебиеттернегізгі:
- •7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есебтер):
- •5 Курсстуденттеріне арналған тест-бақылау тақырыбы:«ждт тәжірибесіндегі жүрек ырғағының бұзылыс синдромы. Ждт жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, жүрек ақаулары».
- •Ситуациялық есептер
- •Ақпараттық-дидактикалық блок Жүректің ырғағының бұзылыс синдромы
- •Жүрек ырғағының бұзылуын тудыратын кардиальді себептерге:
- •2. Экстракардиальді себептеріне.
- •2. Пароксизмальді тахикардия:
- •1.Жүректің жиырылу жиілігін төмендету
Ақпараттық-дидактикалық блок Жүректің ырғағының бұзылыс синдромы
Аритмия (жүрек ырғағының бұзылысы) жүрек ритмінің өзгерісі және жүрекшелер мен қарыншалардың импульсті өткізгіштігінің бұзылысы.
Қалыпты синусты ырғақ сипатталады:
1.Р тісшесі бойынша, әр QRS комплексінің алдында болуы және Р-QRS комплексінің сақталуымен, жиырылу жиілігі 60-90 рет минутына.
2. Барлық шықпаларды Р тісшесінің формасы бірдей.
3. P-Q интервалының ұзақтығы 0,12 -0,20 секунд және QRS комплексі 0,10 секундқадейін созылады.
Ырғақ бұзылысының этиологиясы мен патогенезі
Жүрек ырғағының бұзылысының себептері әр түрлі. Оларды үш топқа біріктіруге болады:
кардиальді, экстракардиальді, аралас.
Жүрек ырғағының бұзылуын тудыратын кардиальді себептерге:
Жүректің туа біткен ақаулары
Жүре пайда болған жүрек ақаулары
Туа біткен миокардиттер (соның ішінде маңыздысы инфекциядан кейін дамыған), жүре пайда болған миокардиттер,перикардиттер
Жүректің диффузды ауруларында,жүйелі васкулитте,ревматизмде миокардтың зақымдалуы
Миокардиодистрофия (қант диабеті кезінде, тиреотоксикозда, гипотиреозда, цитостатикалық терапия жүргізген кезде және т.б)
Кардиомиопатияларда (дилатациялық, гипертрофиялық)
Жүрек ісіктерінде
Жүректің ұсақ аномалияларында (мысалы, қосымша трабекулалар, әсіресе оң жақ жүрекше аймағында орналасса)
Ангиография,жүрек катетеризациясы кезінде механикалық әсерлер
Жүрек травмалары нәтижесінде (күшті соққы,жүректің өткізгіш жүйесіне қан кету)
Әртүрлі генездегі интоксикациялар (алкоголь, кофеин, дәрілік заттар)
Инфекциялық әсерлер (қарапайым мысал – дифтериядан кейінгі жүректің зақымдалуы, сепсис)
Электролитті дисбаланс
Тұқым қуалайтын синдромдар ( ұзартылғанQTинтервал сидромы, толық атриовентрикулярлы блокада)
Жүректің өткізгіш жүйесінің анамолиялары
Оң жақ қарыншаның аритмогенді дисплазиясы
2. Экстракардиальді себептеріне.
Бұл себептер көбіне жүктілік кезінде ОЖЖ немесе ВНЖ зақымдалуы,құрсақ ішілік гипотрофия,шала туылу жүректің өткізгіштік қасиеті төмендуіне немесе жүрек иннервациясының бұзылуына септігін тигізеді.Жасөспірімдерде-бұл нейроциркуляторлы дистония түрінде көрінетін,нейрогенді аритмия.Аритмия дамуына алып келетін негізгі себептердің бірі ОЖЖ-нің симпатикалық және парасимпатикалықбөліктерінің арақатынасының өзгеруінен болады.Жүйке жүйесінің аурулары жүректің аралас генезді аритмиясының дамуында маңызды орын алады.
Жүрек ырғағының бұзылысының жіктелуі
Электрофизиологиялық айқындамалардан аритмияның даму мезанизмінің тетіктері.
• электр импульсі түзілуінің бұзылысынан дамыған аритмия;
• өткізгіштіктің бұзылысымен байланысты аритмия; • өткізгіштіктің және импульс түзілуінің бұзылу механизмдерінің бірігуінен қосарланған арития дамиды.
Жүрек аритмиясының жіктелуі ( М.С. Кушаковский және Н.Б. Журавлев бойынша 1981 ж.) I. Импульс түзілуінің бұзылысы. А. СА-түйінінің автоматизмдік қасиетінің бұзылуы (номотопты аритмия): 1. Синусты тахикардия 2. Синусты брадикардия
3. Синусты аритмия 4. Әлсіз синусты түйін синдромы Б. Эктопиялық (гетеротопты) ритм,эктопиялық орталықтың автоматизмдік қызметінің жоғарылауы: 1. Баяу (орын басушы) алмастырушы кешендер мен ритмдер: а) жүрекшелік б) АВ-түйіннен в) қарыншалық 2.Жедел эктопиялық ритм (пароксизмальді емес тахикардия): а) жүрекшелік б) АВ-түйіндік в) қарыншалық 3. Суправентрикулярлық ритм басқаруына көшуі. В. Эктопиялық (гетеротопты) ритмдер, қозу толқынының қайталап ену механизміне септігін тигізуп.
1.Экстрасистолия: а) жүрекшелік б) АВ-түйін в) қарыншалық
