- •1. Блок «Кардиология», тақырыбы 3: ждт тәжірибесіндегіжүрек ырғағының бұзылыс синдромы. Ждт тәжірибесіндегіжүректің созылмалы ревматикалық ауруы, жүрек ақаулары.
- •3. Оқудың мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқыту және сабақ беру әдістері (кіші топтар, дискуссия, ситуациялық есебтер, парамен жұмыс істеу, презентация, кейс-стади және т.Б.)
- •6. Әдебиеттернегізгі:
- •7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есебтер):
- •5 Курсстуденттеріне арналған тест-бақылау тақырыбы:«ждт тәжірибесіндегі жүрек ырғағының бұзылыс синдромы. Ждт жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, жүрек ақаулары».
- •Ситуациялық есептер
- •Ақпараттық-дидактикалық блок Жүректің ырғағының бұзылыс синдромы
- •Жүрек ырғағының бұзылуын тудыратын кардиальді себептерге:
- •2. Экстракардиальді себептеріне.
- •2. Пароксизмальді тахикардия:
- •1.Жүректің жиырылу жиілігін төмендету
Ситуациялық есептер
№1. Ауруханаға көшеден коматозды жағдаймен 37 жастағы науқас жеткізілді. Объективті: оң жақты гемипаралич. Акроцианоз. Жүрек шекаралары жоғары және оң жаққа ығыстырылған. Жүрек ырғағы дұрыс емес, 86 рет 1 мин, дефицит пульсі 10, жүрек ұшындағы I тон «шапалақтаушы», өкпе артериясында II тон акценті, жүрек ұшында пресистолық шу бар.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?
№2. 28 жастағы науқас Л. диспансерлік тексеруге келді. Ешқандай шағымы жоқ. Анамнезінде ревматизмі бар. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары және оңға қарай ығысқан, I тон күшейтілген, өкпе артериясында II тонның акценті бар, жүрек ұшында диастолалық шу және «бөдене» ырғағы, жыпылықтаушы аритмия бар. ЭКГ: жыпылықтаушы аритмия, ЖЖЖ 75 рет мин. P-mitrale, оң қарыншаның гипертрофиясы.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?
№3. 24 жастағы науқас Р., медбике, ауруханаға жүрек тұсындағы ауруға, жүректің жиі соғуына, жүрген кезде ентігуге, буындардың сыздап ауру сезіміне, температураның кешке 37,3°С дейін жоғарылауына шағымданды. Бір айға жуық ауырып жүр. Бір апта бойы тамағының ауруы, жүрек айналасындағы ауру және жүргенде ентігу, тұрақты субфебрильді температура мазалады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, бойы – 168 см, салмағы – 59 кг, терінің түсі қалыпты түстес, буындары өзгермеген. Қалқанша бездері үлкеймеген. Бадамша безі үлкейген, гиперемияланған, борпылдақ, крипталарда серозды-іріңді бөлінділер бар. Өкпеде перкуторный дыбыс, тынысы везикулярлы. Жүрек шекарасы: оң жақ – төстің оң жақ қырымен, жоғарғы- III қабырға бойымен, сол жағы- бұғана орта сызығымен. Жүрек ұшындағы I тон біршама әлсіреген, систоланың үлкен бөлігін алып жатқан әлсіз систолалық шу бар. Тамыр соғысы – 92 рет 1 мин., лабильді; АҚҚ – 110/80 мм.сын.бағ.
ЭКГ: ритм синусты 90 рет 1 мин, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.
Қан: эр. – 4,1х1012/л; Нв. – 121 г/л; ТК – 0,9;лейк – 5,6х109/л, ЭТЖ – 18 мм/сағ. Жалпы нәруыз - 78 г/л; альбуминдер – 44%; глобулиндер – 56% ( α1-3,8 %, α2-7,3 %, β-16,7 %, γ-28,2 %). Дифениламинді сынама-0,350; сиал қышқылы – 280. С- реактивті белок .
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?
№4. 16 жастағы науқас М.,оқушы, дәрігердің қабылдауына келген, қолы мен аяғының буындарының ауруына, қозғалысының шектелуіне, температурасының жоғарылауына, ентігуге, жүрек айналасындағы ауру сезіміне, тершеңдікке шағымданды. Екі апта бұрын оң жақ тізе буыны ісінді, содан бір аптадан соң табан-тілерсек буыны ісінген, температурасы 38,5º С дейін көтерілді, екі күннен кейін ауру күшейе бастады, өз еркімен қозғала алмаған, ентігу, жүрек айналасындағы ауру сезімі қосылды.
Объективті: жағдайы орташа ауырлықты,дене қызуы 38,1ºС, оң жақ табан-тілерсек буыны ісінген, қызарған, пальпация кезінде ауырады, қозғалысы ауру сезімі есебінен шектелген, оң жақ тізе буынын пальпациялағанда ауырады және қозғалысы шектелген. Инспираторлы ентігу, тынысы минутына 28 рет; экстрасистола әрбір 10-15 соғысы. Оң жақ шекарасы төстің оң жақ қырынан 1,5 см сыртқа, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жақ – бұғана орта сызығынан 1 см сыртқа. Жүрек ұшында I тон күшейген, өкпе артериясында II тонның акценті, жүрек ұшында қысқа пресистолалық шу және систоланы толық алып жатқан үрлеуші систолалық шу бар.
ЭКГ: синусты тахикардия, ЖЖЖ мин. 96 рет, бірен-саран қарыншалық экстрасистоламен үзіледі, сол жақ және екі қарыншалардың гипертрофиясы.
Жалпы қан анализі: эр. – 4,3х1012/л; Нв. – 124 г/л; ТК - 0,9; лейк.- 9,8х109/л, ЭТЖ - 32 мм/ сағ. Жалпы нәруыз - 74 г/л; альбуминдер - 42%; глобулиндер - 58% (1-4,8%, 2-9,4 %, -15,6%, -26,2%). Дифениламинді сынама - 0,420; сиал қышқылы - 0,360; С-реактивті белок .Жалпы зәр анализі патологиясыз.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?
№5. 47 жастағы ер кісіауруханаға тізе буынының ауруына, жүрегіндегі қысып ауру сезіміне, жүректің жиі қағуына, тұншығу ұстамасына, әлсіздікке шағымданып түсті. Анамнезінде – созылмалы тонзиллит. Объективті: тері жабындылары боз. Тізесі ісінген. Буындары өзгеріссіз. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шекарасы: оң жақ – төстің оң жақ қырынан 2 см сыртқа, жоғарғы – ІІ қабырға, сол жақ –бұғана орта сызығынан 2 см сыртқа. Жүрек ұшында І тон күшейген, систолалық және пресистолалық шу, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Пульс – 92 рет минутына. Бауыры қабырға доғасына 4 см төмен.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?
Есептерге жауаптар эталоны:
№1. Қайталамалы ревматикалық қызба, кардит, сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің стенозы, жыпылықтаушы аритмия, мидың тамырларының тромбоэмболиясы, мидың қан айналысының жедел бұзылысы, кома, оң жақты гемиплегия.
№2. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы. Атриовентрикулярлы тесіктің стенозы. ҚЖₒ.
№3. Қайталамалы ревматикалық қызба: кардит, артралгия, қақпақша жетіспеушілігі, ҚЖₒ ФК II. Хронический тонзиллит, өршуі.
№4. Қайталамалы ревматикалық қызба: кардит, полиартрит, атриовентрикулярлы тесіктің стенозы, митральді қақпақшаның жетіспеушілігі, ҚЖₒ ФК II.
№5. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қосарланған митральді ақау, ҚЖ IIБ
