- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •Дәріс Тақырып: Материалдық қорлар есебі
- •03 "Бұйымдар және өнiмдер" шотта өндiрiстiк (оқулық) шеберханалардың, қосалқы ауылдық және оқу-тәжiрибелiк шаруашылықтардың дайын бұйымдары мен өнiмдерi, сондай-ақ дайын баспа өнiмi есептеледi.
- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •2 Қосымша әдебиеттер:
03 "Бұйымдар және өнiмдер" шотта өндiрiстiк (оқулық) шеберханалардың, қосалқы ауылдық және оқу-тәжiрибелiк шаруашылықтардың дайын бұйымдары мен өнiмдерi, сондай-ақ дайын баспа өнiмi есептеледi.
03 "Бұйымдар мен өнiмдер" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 030 "Өндiрiстiк (оқулық) шеберханалардың бұйымдары"; 031 "Қосалқы (оқулық) ауылдық шаруашылықтардың өнiмдерi".
030 "Өндiрiстiк (оқулық) шеберханалардың бұйымдары" қосалқы шотында өндiрiстiк (оқулық) шеберханаларда әзiрленген дайын бұйымдар, сондай-ақ дайын баспа өнiмi есептеледi. Дайын бұйымдар мен баспа өнiмi оны дайындауға жұмсалған iс жүзiндегi шығындардың деректерi бойынша анықталатын iс жүзiндегi құн бойынша есептеледi. Қоймада дайын бұйымдар мен баспа өнiмi қабылдау актiлерiнiң немесе басқа да құжаттардың негiзiнде кiрiске алынады. Дайын өнiмнiң сомасына 030 қосалқы шотының дебетi және 080 қосалқы шотының кредитi бойынша жазу жүргiзiледi. Өткiзiлген өнiмнiң сомасына 030 қосалқы шоты кредиттеледi және 280 қосалқы шоты дебеттеледi. Дайын бұйымдар мен дайын баспа өнiмiнiң талдама есебi атауы, мөлшерi мен құны және сақталу орны бойынша н. 296-а карточкаларында жүргiзiледi.
031 "Қосалқы (оқулық) ауылдық шаруашылықтардың өнiмдерi" қосалқы шотында қосалқы ауылдық шаруашылық және оқу-тәжiрибелiк шаруашылықтардың өнiмдерi есептеледi. Өнiмдi кiрiске алған кезде 031 қосалқы шоты дебеттеледi және 081 қосалқы шоты кредиттеледi. Өнiмдi өткiзген кезде өткiзiлген өнiмнiң жоспарланған құны 031 қосалқы шотының кредитiнен 281 қосалқы шотының дебетiне жазылады. Шаруашылықтың өз мұқтажына арналған өнiм 06 шоттың тиiстi қосалқы шотына 031 қосалқы шоттан көшiрiледi. Мұндай жағдайда, бiр жылда алынған ауыл шаруашылығы өнiмiнiң iс жүзiндегi құны жоспарланғаннан жоғары болса, өткiзiлмеген өнiм бойынша айырмашылықтың сомасына 031 қосалқы шотының дебетi және 081 қосалқы шотының кредитi бойынша қосымша жазу жүргiзiледi, ал өткiзiлген өнiм бойынша 281 қосалқы шоты дебеттеледi және 081 қосалқы шоты кредиттеледi. Егер бiр жылда алынған ауыл шаруашылығы өнiмiнiң iс жүзiндегi құны жоспарланғаннан төмен болса, онда айырмашылықтың сомасына (үнем сомасы) өткiзiлмеген өнiм жөнiнде 031 қосалқы шотының дебетi және 081 қосалқы шотының кредитi бойынша, ал өткiзiлген өнiм жөнiнде 281 қосалқы шотының дебетi және 081 қосалқы шотының кредитi бойынша терiс санды бухгалтерлiк жазу жүргiзiледi. Қосалқы ауылдық қосалқы және оқу-тәжiрибелiк шаруашылықтардың өнiмiн талдамалық есептеу атауы, саны, құны және сақталу орны бойынша н. 296-а карточкаларында жүргiзiледi.
04 "Жабдықтар, құрылыс материалдары және ғылыми зерттеулерге арналған материалдар" шоты Бұл шотта салынып жатқан (жаңартылған) объектiлерде орнатылуға тиiстi жабдықтар, құрылыс материалдары, құрылғылар, тетiктер мен бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша күрделi салымға бөлiнген қаражаттың есебiнен алынған басқа да материалдық құндылықтар, ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған ұзақ пайдаланылатын материалдар, сондай-ақ шаруашылық шарттарындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау үшiн сатып алынған арнаулы жабдықтар есептеледi.
04 "Жабдықтар, құрылыс материалдары және ғылыми-зерттеулерге арналған материалдар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 040 "Қондыру жабдықтары"; 041 "Күрделi құрылысқа арналған құрылыс материалдары"; 043 "Ғылыми зерттеулерге және лабораториялық зерттеуге арналған ұзақ пайдаланылатын материалдар". 040 "Қондыру жабдықтары" қосалқы шотында қондыруға әзiр құрылыстық құрылғылар мен тетiктер есептеледi. Оларға мыналар жатады: металл, темiрбетон және ағаш құрылғылары; блоктар және ғимараттар мен құрылыстардың жиналмалы бөлiктерi; жиналмалы элементтер; жылу, желдету, санитарлық-техникалық жүйелерге арналған жабдықтар (жылу қазандары, радиаторлар және с.с.). Бұл қосалқы шотта, сондай-ақ монтаждауды қажет ететiн және қондыруға арналған отандық және шет елдiк жабдықтар есептеледi. Монтаждауды талап ететiн жабдықтарға олардың бөлiктерi жинақталып және ғимараттар мен құрылыстардың iргетасына бекiтiлген соң ғана iске қосылуы мүмкiн жабдықтар, сондай-ақ осындай жабдықтардың запас бөлшектер жиынтығы жатады. Бұл орайда жабдықтардың қатарына орнатылған жабдықтың құрамындағы монтаждауға арналған бақылау-өлшеу аппаратурасы мен басқа да аспаптар енгiзiледi. Аталған қосалқы шотта құрылыс үшiн қажеттi басқа да материалдық құндылықтар есептеледi. Бұл қосалқы шот бойынша талдамалық есеп жабдықтардың, құрылғылар мен тетiктердiң түрлерi, саны және құны бойынша ф.296-а карточкаларында жүргiзiледi.
041 "Күрделi құрылысқа арналған құрылыс материалдары" қосалқы шотында күрделi құрылысқа арналған қаражаттың есебiнен сатып алынған және құрылыс-монтаж жұмыстарында пайдаланылатын құрылыс материалдары есептеледi. Құрылыс материалдарына мыналар жатады: силикат материалдары (цемент, құм, қыйыршақ, әк, тас, кiрпiш, қыш және с.с.); ағаш материалдары (бөрене, тiлiнген тақтайлар, фанера және с.с.), құрылыс материалдары (темiр, қаңылтыр, болат, табақталған мырыш және с.с.); металл бұйымдар (шегелер, гайкалар, болттар, құрсаулар және с.с.); санитарлық-техникалық материалдар (крандар, муфталар, тройниктер және с.с.); электротехникалық материалдар (кабель, шамдар, патрондар, роликтер, байлайтын заттар, сымдар, сақтандырғыш тетiктер және с.с.); химиялық-сұйық заттар (сыр, олифа, толь және с.с.) және басқа осындай материалдар. Қосалқы ауылдық шаруашылықтарда бұл қосалқы шотта жемiс-жидек, жүзiм бақтарын өсiруге арналған, егiлетiн материалдар және с.с. есептеледi. Құрылыс материалдарының талдама есебi материалдардың атауы, саны және құны бойынша н. 266-а карточкаларында жүргiзiледi.
043 "Ғылыми зерттеу және лабораториялық сынаққа арналған ұзақ пайдаланылатын материалдар" қосалқы шотында ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған жоғары оқу орнының лабораториясына немесе басқа да құрылымдық бөлiмшелерiне қоймадан алынған, бiрнеше мәрте немесе ұзақ уақыт пайдаланылатын материалдар есептеледi. 043 қосалқы шотында есептелетiн материалдардың номенклатурасын бюджеттiк ұйымның басшысы анықтайды. Бюджеттiк мәдениет ұйымдарында осы қосалқы шотта қоймадан өнер туындыларын, мұражайлық құндылықтар мен сәулет ескерткiштерiн жаңғырту және жөндеу үшiн алынған қымбат бағалы материалдардың есептелуi мүмкiн. 043 қосалқы шотының дебетiне қоймадан алынған материалдар жазылады, бұл орайда 06 шотының тиiстi қосалқы шоттары кредиттеледi. Қоймадан аталған жұмыстарды орындау үшiн алынған материалдар бюджеттiк ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған тұлғаның жауапты сақтауында болуға тиiс. Бұл тұлғалар материалдарды атаулары мен саны бойынша н. М-17 кiтабында есепке алынуға мiндеттi. Материалдарды шығыс үшiн есептен шығару бюджеттiк ұйымның басшысы бекiткен актiлердiң немесе басқа да құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi. Жұмсалған материалдардың сомасына 043 қосалқы шоты кредиттеледi және 08, 20, 21-шi шоттардың қосалқы шоттарына сәйкес дебеттеледi. 043 қосалқы шоты бойынша талдамалық есеп материалдардың атауы, саны, құны мен материалдық-жауапты тұлға бойынша н. 296-а карточкаларында жүргiзiледi.
05 "Малдың төлдерi және бордақыдағы малдар" шотта малдың барлық түрлерiнiң төлдерi мен бордақыдағы малдар, құстар, үй қояндары, терiсi бағалы аңдар, ара әулеттерi олардың құнына қарамастан есептеледi. Бұл шот тек қосалқы ауылдық шаруашылықтарда ғана қолданылады. Төлдi және бордақылауға арналған малды сатып алған кезде, егер мал банк жәрдемақысы есебiнен сатып алынған болса 050 қосалқы шотының дебетiне және тиiсiнше 111, 178 және 248 қосалқы шоттарының кредитiне жазу жүргiзiледi. Өз шаруашылығында төлдету арқылы алынған төлдер сол күнi төл алынған актiнiң негiзiнде кiрiске енгiзiледi және алынған төлдiң құны, 050 қосалқы шотының дебетi және егер қосалқы шаруашылықтарда шығындардың есебi 211 қосалқы шотында жүргiзiлсе, 081, 140, 230 немесе 400 қосалқы шоттарының кредитi бойынша жазу жүргiзiледi. Алынған қосымша салмақ пен өсiмнiң құнына 051 қосалқы шотының дебетi және 081 және 400 қосалқы шоттарының кредитi бойынша жазу жүргiзiледi. Бордақылау аяқталған соң сойылған малдардың құны 050 қосалқы шотының кредитi бойынша есептен шығарылады. Бұл орайда алынған өнiмнiң құны актiнiң негiзiнде 031 қосалқы шотының дебетi бойынша кiрiске алынады. Сойылған малдардың құны мен алынған өнiмнiң құны арасындағы айырмашылық 050 қосалқы шотымен хабарламада 081 немесе 400 қосалқы шотына жатқызылады. Материалдық-жауапты тұлғаның кiнәсiнен малдар жоғалған жағдайда, шаруашылыққа келтiрiлген зиян заңда белгiленген тәртiппен кiнәлi тұлғалардан қайтарып алынуға тиiс. 031 қосалқы шотында және 050 қосалқы шотында есептелген мал өнiмiнiң және мал төлдерi қосқан салмақтың жоспарлы өзiндiк құны жылдың аяғында алынған үнемнiң немесе артық шығынның сомасына үйлестiрiледi. Өнiмнiң жоспарлаған және iс жүзiндегi құны арасындағы анықталған айырмашылыққа, артық шығын жағдайларында оң сандармен және үнем жағдайларында - терiс сандармен 031 қосалқы шоты мен 050 қосалқы шоты дебеттеледi және 081 немесе 400 қосалқы шоттары кредиттеледi. Мал төлдерiнiң талдама есебi олардың түрлерi мен жасының топтарына қарай, ал бордақыдағы малдар - тек түрлерi бойынша н. 395 "малдарды есептеу" кiтабында жүргiзiледi. Есеп малдардың тiрiдей салмағы, қосылған салмағы, қосылған өнiмi туралы деректердi алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiстi. 06 "Материалдар және тамақ өнiмдерi" шотта материалдар және тамақ өнiмдерi олардың заттық сипаттамасы бойынша есептеледi.
06 "Материалдар және тамақ өнiмдерi" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 061 "Тамақ өнiмдерi"; 062 "Дәрi-дәрмектер және байлау-таңу құралдары"; 063 "Шаруашылық материалдары және кеңсе жарақтары"; 064 "Отын, жанар және жағар материалдар"; 065 "Шөп және жем"; 066 "Ыдыс"; 067 "Өзге материалдар"; 068 "Жол үстiндегi материалдар"; 069 "Машиналар мен жабдықтарға арналған запас бөлшектер".
060 "Оқулық, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдар" қосалқы шотында реактивтер мен химикаттар, қара металдардың, түстi металдардың сынықтары мен қалдықтары, арнаулы запас материалдары, әйнек және химиялық ыдыстар, металдар, ату жарақтары, белсендi өңдеу, арнайы өңдеу және газсыздандыру құралдары, электроматериалдар мен радиоматериалдар, радиошамдар, фотожарақтар, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен ғылыми жұмыстарды шығаруға арналған қағаздар, есептегi малдар мен оқу мақсаттарына және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған материалдар, сондай-ақ тiс салуға арналған қымбат бағалы және басқа металдар есептеледi. 061 "Тамақ өнiмдерi" сметаларында 131 "Тамақ өнiмдерiн сатып алу" шығыстарын экономикалық сыныптаудың ерекшелiгi бойынша қаржыландыру көзделген, бюджеттiк ұйымдардағы тамақ өнiмдерi есептеледi. Тамақ өнiмдерiнiң түсуiн есептеу 300-үлгiдегi жинақтау ведомостында өнiмдердiң келуiне қарай жүргiзiледi. Ведомость әрбiр материалдық жауапты тұлға бойынша бөлек жасалады. Ведомостағы жазулар бастапқы құжаттардың негiзiнде сандық және сомалық көрсеткiштермен жүргiзiледi. Ай аяқталғаннан кейiн ведомоста қорытындылар шығарылады. 11 мемориалдық ордердi жасаудың негiздемесi н. 300 немесе н. 398 тамақ өнiмдерiнiң келуi бойынша жинақтау ведомостволарының жиынтығы болып табылады. Тамақ өнiмдерi шығыстарының есебi н. 399 тамақ өнiмдерi шығыстары бойынша жинақтау ведомосында жүргiзiледi. Бұл ведомость материалдық жауапты тұлғалар бойынша жасалады. Жазулар онда н. 298 немесе н. 299 меню-талапхаты және басқа құжаттар негiзiнде жүргiзiледi. Ай аяқталған соң ведомоста қорытындылар шығарылады, олар шығындалған тамақ өнiмдерiнiң құнын анықтау үшiн қолданылады. Сонымен бiрге балалар мекемелерi бойынша - тамақтанушылардың саны, балалардың болуы деректерiмен, емдеу мекемелерi бойынша - аурулардың саны туралы деректермен салыстырылып қаралады. 12-мемориалдық ордердi жасау үшiн негiздеме, 399-үлгiдегi жинақтау ведомосты немесе 411-үлгiдегi тамақ өнiмдерiнiң шығысы бойынша жинақтау ведомостарының жиынтығы болып табылады. Н. 411 жиынтыққа жинақтау ведомостволарының деректерiнен басқа, тамақ өнiмдерiне арналған басқа да шығын құжаттарының (тамақ өнiмдерi кем шығуының, базаларға қайтарылуының актiлерiнiң және с.с.) деректерi жазылады. Тамақ өнiмдерiнiң аналитикалық есебi н. М-44 айналыс ведомостволарында атаулар, сорттар, сан, құн және материалдық жауапты тұлғалар бойынша жүргiзiледi. Айналыс ведомостволарына жазу н. 300 және н. 399 жинақтау ведомстволарының және басқа құжаттардың деректерi негiзiнде тамақ өнiмдерiнiң кiрiсi және шығысы бойынша жазылады. Ай сайын айналыс ведомостарында айналыстар есептеледi және ай басындағы қалдықтар шығарылады.
062 "Дәрi-дәрмектер және байлау-таңу құралдары" қосалқы шотында, сметаларында шығыстарды экономикалық сыныптаудың тиiстi ерекшелiгi бойынша қаржыландыру көзделген, емдеу-профилактикалық және емдеу-мал дәрiгерлiк және басқа бюджеттiк ұйымдардағы дәрi-дәрмектер, құрамдық заттар, бактериалық препараттар, сывороткалар, вакциналар, қан және байлау-таңу құралдары есептеледi. Бұл қосалқы шотта сондай-ақ өз дәрiханалары бар медициналық мекемелердегi қосымша және дәрi жасайтын материалдар есептеледi. Дәрi-дәрмектер мен байлау-таңу құралдарының есебi тиiстi орталық және өзге мемлекеттiк органдар шығарған және Министрлiкпен келiсiлген нұсқаулықтарға сәйкес жүргiзiледi. Дәрiлiк заттарының аналитикалық есебi сомалық көрiнiсте н. 296-а карточкаларында (н. 296 кiтабында) сандық есеп бағанын толтырмастан бүкiл ұйым бойынша және әрбiр бөлiм (кабинет) бойынша мынадай топтар жөнiнде жүргiзiледi: - дәрi-дәрмектер, сывороткалар мен вакциналар, дәрiлiк шөп шикiзаттары, емдiк минералдық сулар, дезинфекциялық құралдар, т.б.; - байлау-таңу заттары-мәрлi, бинттер, мақта, компресс кленкасы мен қағаз және т.б.; - көмекшi материалдар-жылтыр, пергаменттi және сүзгiлi қағаздар, қағаз қораптар, қаптар және т.б.; - ыдыс-сиымдылығы 5000 мл. жоғары шынылар мен банкiлер, шөлмектер, бидондар, жәшiктер және құны сатып алынған дәрi-дәрмектердiң бағасына енбейтiн қайтарылатын ыдыстардың басқа заттары. Денсаулық сақтау ұйымдардың емдеу-профилактикалық бөлiмдерiнде (кабинеттерiнде) дәрiлiк заттары мынадай топтар бойынша заттық-сандық есептеуге жатады: - улы дәрiлiк заттар; - наркотикалық дәрiлiк заттар; - этильдi спирт; - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң нұсқауына сәйкес клиникалық тәжiрибелер мен зерттеулерге арналған жаңа препараттар; - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен тiзбе бойынша қымбат бағалы тапшы дәрi-дәрмектер мен байлау-таңу заттары; - дәрiлiк заттар салынбаған және салынған ыдыс. 063 "Шаруашылық материалдары және кеңсе жарақтары" қосалқы шотында бюджеттiк ұйымдардың ағымдағы мұқтаждары үшiн пайдаланылатын шаруашылық материалдары және кеңсе жарақтары (электр шамдары, сабын, щеткалар және т.б.), ағымдағы және күрделi жөндеуге арналған құрылыс материалдары есептеледi. Шағын ұйымдарда кеңсе жарақтары (қағаз, қарындаш, сия, қаламұш және с. с.), сондай-ақ сатып алынған және ағымдағы мұқтаждар үшiн бiржолғы берiлген дәрi-дәрмектер мен дайын дәрiлер (спирт, байлау-таңу заттары мен қымбат дәрi-дәрмектерден басқа) олардың жалпы сомасы 063 қосалқы шотында кiрiс және шығыс бойынша көрсетiлiп, iс жүзiндегi шығыстарға шығарылады. Бұл құндылықтардың сатып алынуын және алынуын растайтын құжаттарда осы материалдарды алған адамның қойған қолы болуға тиiс.
064 "Отын, жанар және жағар материалдар" қосалқы шотында қоймалар мен қорларда, сондай-ақ тiкелей материалды жауапты адамдарда сақталған отынның, жанар және жағар майлардың барлық түрлерi (ағаш, көмiр, шымтезек, бензин, керосин, қарамай, автол және с.с.) есептеледi.
065 "Мал азығы және жем" қосалқы шотында малға және басқа жануарларға арналған пiшен, сұлы және басқа мал азығының түрлерi есептеледi.
066 "Ыдыс" қосалқы шотында бос (босалқы) және сондай-ақ материалдық құндылықтарымен орналасқан қайтарылатын немесе ауыстырылатын ыдыстар (күбiлер, бидондар, жәшiктер, шыны банкiлер, шөлмектер және с.с.) есептеледi.
067 "Өзге материалдар" қосалқы шотында тұқым, тыңайтқыш және басқа материалдар есептеледi. Бұл қосалқы шотта сондай-ақ бюджеттiк ұйымдарда жұмыс аттары болған жағдайда, туған төлдер (құлындар) есептеледi. Туған төлдер 067 қосалқы шотының дебетi және 140 немесе 230 қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi.
Бюджеттiк ұйымдарда және орталық бухгалтерияларда 060, 063-067 қосалқы шоттары бойынша материалдарды аналитикалық есептеу атаулар, сорттар, саны, құны және материалдық жауапты адам бойынша 296-а нысандағы карточкаларда (н. 296 кiтапта) жүргiзiледi. 060 қосалқы шотында есептелетiн қара металдардың сынықтары мен қалдықтары, түстi металдардың сынықтары мен қалдықтары және арнаулы запастағы материалдар бойынша талдау есебi 296-а нысанындағы карточкада немесе н. 296 кiтапта бөлек жүргiзiледi. Карточкалар осы нұсқаулықтың 23-тармағында айтылған тәртiппен тiркеледi, бұл ретте карточкалардың тiркелiмi (н. 279) орталықтандырылған бухгалтерияларда қызмет көрсетiлетiн әр ұйым бойынша бөлек жүргiзiледi.
068 "Жол үстiндегi материалдар" қосалқы шотында өзге қалалардың берiстерi бойынша бюджеттiк ұйымдар ақысын төлеген, бiрақ айдың аяғына дейiн қоймаға түспеген материалдар есептеледi. Бұл қосалқы шотта, сондай-ақ бiр орталықтан жабдықтау және шаруашылық қызмет көрсету қоймаларына алынған және бюджеттiк ұйымдар бойынша бөлiнбеген материалдар есептеледi. Осы қосалқы шотта көрсетiлген сомалар дұрыс рәсiмделген құжаттармен және, атап айтқанда, жолда келе жатқан материалдарға - станцияның немесе порттың жүк түспегенiн растайтын белгiлерi қойылған темiр жол және су көлiгi жөнелтпе құжатымен; бiр орталықтан жабдықтау және шаруашылық қызметiн көрсету топтарының қоймаларында тұрған материалдар бойынша - тиiстi құжаттармен расталуға тиiстi. Жол үстiндегi материалдардың талдау есебi жеке берермендер бойынша н. 298-а карточкаларында (н. 296 кiтапта) жүргiзiледi. Қоймаға бiр орталықтан жабдықтау және шаруашылық қызметiн көрсету топтарынан түскен материалдардың бағасы, саны және сомасы көрсетiлiп, олардың атаулары бойынша н. 296-а карточкаларында (н. 296 кiтапта) есептеледi.
069 "Машиналарға және жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер" қосалқы шотында машиналардағы (медициналық, электрондық-есептеу және т.б.), жабдықтардағы, тракторлардағы, комбайндардағы, көлiк құралдарындағы тозған бөлшектердi (моторларды, камералар мен көмкерме таспаларды және с.с. автомобиль шиналарын қосатын) жөндеуге және ауыстыруға арналған запас бөлшектер есептеледi. Запас бөлшектердiң талдау есебi олардың атаулары, маркалары, зауыттық нөмiрлерi, саны, құны және материалдық жауапты адамдар бойынша н. 296-а карточкаларында (н. 296 кiтапта) жүргiзiледi. Бұл орайда тозғандарын ауыстыру үшiн қоймадан берiлген автомобиль шиналары мен покрышкаларын бухгалтерлiк қызмет н. 412 арзан құнды және тез тозатын заттар қозғалысының жедел (сандық) есебi ведомостында есептеледi, онда алған адамның қызметi мен тегi, алынған күнi және зауыт нөмiрлерi жазылады. "Шығарылғаны туралы белгiлер" бағанында жарамай қалғандықтан пайдаланудан шығарылған автомобиль шиналарының немесе покрышкаларының күнi мен зауыттық нөмiрi жазылады.
Сатып алынған материалдардың құнына 06 шотының тиiстi қосалқы шоттарының дебетiне және 09, 10, 11, 16, 17 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне жазылады. Жұмсалған материалдардың құны 06 шотының тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне және 08, 20, 21 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарының дебетiне жазылады.
Материалдың шығысы жөнiндегi операциялардың есебi, тамақ өнiмдерiнен басқасы, н. 296 (13-мемориалдық ордер) материалдар шығыстар жөнiндегi жинақтау ведомоствосында жүргiзiледi. Жазу жинақтаушы ведомостқа әрбiр құжат және тиiстi қосалқы шоттар бойынша, оның iшiнде қызмет көрсетiлетiн бюджеттiк ұйымдар немесе материалдық жауапты адамдар бойынша сомалары көрсетiле отырып жүргiзiледi. Ай аяқталғаннан кейiн қосалқы шоттар жөнiндегi қорытындылар "Бас журнал" кiтабына жазылады.
Семинар сабақтарының тапсырмалары:
Материалдық қорлар есебі.
Қоймадағы материалға түгендеу жүргізу есебі.
Материалдардың талдау және өзіндік құн есебі.
