- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •Дәріс Тақырып: Материалдық қорлар есебі
- •03 "Бұйымдар және өнiмдер" шотта өндiрiстiк (оқулық) шеберханалардың, қосалқы ауылдық және оқу-тәжiрибелiк шаруашылықтардың дайын бұйымдары мен өнiмдерi, сондай-ақ дайын баспа өнiмi есептеледi.
- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Негізгі әдебиеттер:
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •2 Қосымша әдебиеттер:
Дәріс Тақырып: Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері, ауыл шаруашылығын құрудағы бухгалтерлік есепті құру принциптері.
Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің рөлі және маңызы. Құжат айналымын ұымдастыру және бастапқы құжаттардың маңыздылығы. Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды қаржыландыру үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің типтік жоспары
Сұрақтар:
1. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
2.Құжат айналымын ұымдастыру және бастапқы құжаттардың маңыздылығы.
3. Ауыл шаруашылығындағы мекемелерді қаржыландыру үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің типтік жоспары
Мақсаты:
Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілері. Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның міндеті. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау. Экономикалық ақпараттың көзі ретінде бухгалтерлік есеп беру және оны қолданушылардың жіктелінуі. Бухгатерлік есепті жетілдіруге әсер ететін факторлар. Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі.
1. Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындардың орталықтандырылған бухгалтериялар мiндеттемелер және төлемдер бойынша жеке жоспарларының, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатудан түсетiн ақшаның түсiмдер мен шығыстардың жоспарларын, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатуынан түсетiн ақшаны есепке алуға және олардың есебiнен (бұдан әрi Ақылы қызметтер - ҚБШ) шығыстарды жүргiзуге, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелерге арналған демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақшаны есепке алуға және олардың есебiнен жұмсауға (бұдан әрi - демеушiлiк, қайырымдылық көмек - ҚБШ), Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгiлi бiр талаптар басталған кезде тиiстi бюджетке немесе үшiншi тұлғаларға (бұдан әрi - ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ) аудару шартымен беретiн ақшаны есепке алуға, шетел валютасымен операциялар жүргiзуi үшiн шетел валютасындағы шотқа (бұдан әрi - шетел валютасындағы шот) және бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоты (бұдан әрi - сыртқы қарыздың және байланысты гранттың бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоты) республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтiң) құны түрiнде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты осы Нұсқаулыққа сәйкес операцияларды есепке алудың орындалуын жүзеге асырады. Мiндеттемелер және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатудан түсетiн ақшаның түсiмдер мен шығыстар жоспарлары, демеушiлiк, қайырымдылық көмектен, ақылы қызметтер, ақшаны уақытша орналастырудан ҚБШ түсетiн ақшаның, шетел валютасындағы шотқа және сыртқы қарыз бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шотының және байланысты грантқа бухгалтерлiк есебi осы Нұсқаулықта көзделген шоттардың жоспары бойынша бiрыңғай теңгерiмде жүргiзiледi." Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық Комитетiмен келiсiп қажет болған жағдайда өз қызметiнiң өзгешелiгiн ескере отырып, өз жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiнде жалпы ережелердi қолдану тәртiбi туралы нұсқаулар шығарылуы мүмкiн. Шығыс сметаларын орындаудың бухгалтерлiк есебi осы нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлiк есептiң мемориалдық-ордерлiк нысаны бойынша жүзеге асырылады. Есепке алуды орталықтандырған кезде қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелердiң басшыларына бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бұйрығымен бекiтiлетiн Орталықтандырылған бухгалтерия туралы ережеде көзделген құқықтар берiледi. Орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететiн ұйымдардың басшыларына осы ұйымдардың басшыларымен келiсiлген орталық бухгалтерияның бас бухгалтерi белгiлеген мерзiмде шығыстар сметасының орындалуы туралы оларға қажеттi мәлiметтердi табыс етедi. Бухгалтерлiк қызмет басшылары өз жұмысында "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , белгiленген тәртiпте бекiтiлген бухгалтерлiк есеп және есеп беру (бухгалтерлiк қызмет) басқармалары (бөлiмдерi) туралы ережелердi, және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерiн басшылыққа алады. Бюджеттiк ұйымдардағы бухгалтерлiк есеп Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуына, шығыс сметаларының орындалу барысына, кәсiпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысудың жәй-күйiне, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау үшiн мемлекеттiк органдарды толық және дұрыс ақпараттармен қамтуы тиiс. Бухгалтерлiк қызметтiң мiндеттерiне мыналар кiредi: - құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсiмдеуге және жасасқан операциялардың заңдылығына алдын-ала бақылау жасауды жүзеге асыру; - тиiстi қаржы жылына мiндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен бекiтiлген сомалар шегiнде мiндеттемелердi қабылдауды және екiншi мен үшiншi жылдардың жоспар кезеңдерiнiң базалық шығыстарын, белгiленген тәртiппен енгiзiлген өзгерiстер есебiмен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен сәйкес қаражаттардың жұмсалуын дұрыс, тиiмдi және орынды пайдалануды, сондай-ақ ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау; - ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң қаржыландыру жоспарларының орындалуына және олардың бухгалтерлiк есептi жүргiзуiне бақылау; - түскен ақшаның түсiмдерi мен шығыстарын ақылы қызметтер ҚБШ, демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ, ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ есепке алу, республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны түрiнде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алу; - арнайы қаржылар сметасы бойынша кiрiстер мен шығыстарды есепке алу және бюджеттен тыс басқа да қаржылар бойынша операцияларды есепке алу; - бюджеттiк ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшiлерiне жалақыны, студенттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға және оқушыларға стипендиялар есептеу және мерзiмiнде төлеу; - ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен қаржыландыру жоспарларды орындау үстiнде пайда болатын есеп айырысуларды дер кезiнде жүргiзу; - ақшалай қаражаттарды, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеудi жүргiзуге қатысу, түгендеудiң нәтижелерiн уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте бейнелеу; - есеп-есептеу жұмыстарын компьютерлендiру; - белгiленген мерзiмде бухгалтерлiк есеп берудi жасау және табыс ету; - ұйым басшысымен (штатта экономикалық қызметтiң қызметкерi болмаған жағдайда) қаржыландыру жоспарын және соған байланысты есептеулердi жасау және келiсу; - активтердiң, бағасы арзан және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың олардың сақталу және пайдаланылу жерлерiнде сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру; бастапқы құжаттарды, қағаз және электрондық тасығыштарда бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн, есептiлiктi, есеп саясатын, есепке алу деректерiн электрондық өңдеу бағдарламаларын, оларға есептеулердi, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткiзу. - есеп саясаты жөнiндегi құжаттарды, есеп деректерiн машиналық өңдеу бағдарламасын, оларға қатысты есептеулердi, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ белгiленген тәртiпте оларды архивке тапсыру. Бюджеттiк ұйымның басшысы есеп жүйесiн жасауды және бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi. Ұйымдардағы бухгалтерлiк есеп бас бухгалтер басқаратын, оның құрылымдық бөлiмшесi немесе орталықтандырылған бухгалтериясы болып табылатын бухгалтерлiк қызметпен жүзеге асырылады. Бухгалтерлiк қызметi жоқ ұйымдарда бухгалтерлiк есеп пен есеп берудi ұйым басшысының жазбаша өкiмiмен тағайындалған тиiстi маманның жүзеге асыруы мүмкiн. Басшы бухгалтерлiк есептi дұрыс жүргiзу, есепке қатысы бар ұйымның барлық бөлiмшелерi мен қызметкерлерiнiң құжаттар мен мәлiметтердi рәсiмдеудiң және есеп үшiн тапсырудың тәртiбi бойынша бас бухгалтердiң талаптарын мүлтiксiз орындауын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жағдайларда жасауға мiндеттi.
Бюджеттiк ұйымның бас бухгалтерiн ұйымның басшысы қызметке тағайындайды және босатады және тiкелей ұйымның басшысына бағынады. Бас бухгалтердiң қызметiне арнаулы бiлiмi бар тұлға тағайындалады.
Ұйымның бас бухгалтерi бухгалтерлiк есептiң шоттарында барлық iске асырылатын шаруашылық операцияларының бақылауын және көрсетiлуiн, жедел операцияларды тапсыруды, бухгалтерлiк есептердi белгiленген мерзiмде жасауды қамтамасыз етедi.
Бас бухгалтер ұйымның басшысымен бiрге тауарлы-материалды құндылықтар мен ақшалай қаржыларды қабылдауға және беруге негiз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржылық мiндеттемелер мен шаруашылық шарттарына қол қояды. Ұйымның басшысы бас бухгалтердiң ұсынуы бойынша жекелеген учаскелер жөнiнде құжаттарға қол қою құқығын осыған өкiлеттiк берiлген тұлғаларға тапсыра алады. Бас бухгалтердiң қолынсыз құжаттар жарамсыз деп саналады және орындауға қабылданбайды.
Материалдық жауапты тұлғаларды тағайындау, босату және орын ауыстыру бас бухгалтердiң келiсiмiмен жүргiзiледi.
Бухгалтерлiк есептi жүргiзген кезде әрбiр қызметкер өзiнiң мiндетiн бiлуi және олардың орындалуына жауап беру үшiн бухгалтерия қызметкерлерiнiң жұмыстағы мiндеттерiн белгiлейдi. Бюджеттiк ұйымның құрамына кiретiн барлық бөлiмшелер бухгалтерлiк қызметке бухгалтерлiк есеп пен бақылау үшiн қажеттi құжаттарды уақытында тапсыруға мiндеттi. Бас бухгалтердiң қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi рәсiмдеудiң тәртiбi және бухгалтерияға тапсыру бойынша талаптары ұйымның бөлiмшелерi мен қызметкерлерiнiң барлық қызметкерлерi үшiн, ал есеп орталықтандырылған кезде - барлық қызмет көрсетiлетiн ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылады.
Бас бухгалтердi атқарып отырған лауазымынан босатқан (босатқан, басқа лауазымға тағайындаған, ауыстырған) кезде заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалған бас бухгалтерге, ал соңғысы болмаған кезде - мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығымен тағайындаған қызметкерге iстi тапсыру жүргiзiледi. Iстi тапсырушы бас бухгалтер (бұдан әрi - тапсырушы) және iстi қабылдап алушы қызметкер (бұдан әрi - қабылдап алушы) iстi қабылдап алуды және тапсыруды мемлекеттiк мекеме басқарушысының бұйрығы негiзiнде жүргiзедi. Бұйрықта бухгалтерлiк қызметтiң iсiн қабылдап алу - тапсыру мерзiмi, бiрақ екi аптадан аспайтын, тапсырушы мен қабылдап алушының еңбекақысын төлеу тәртiбi көрсетiледi. Бұйрықта сол сияқты, iстi қабылдап алу-тапсыру кезеңiнде құжаттарға қол қою құқығы кiмге берiлетiнi көрсетiледi, бұл ретте, iстi қабылдап алушы тұлғаның қол қою құқығын ресiмдегенге дейiн құжаттарға қабылдап алушының бақылауымен iстi тапсырушы қол қоятындығы айтылуы тиiс. Iстi тапсыру процесiнде осы мемлекеттiк мекеменiң бухгалтерлiк есеп жағдайы және есептi деректердiң растығы айқындалады, бұл ретте iстi қабылдап алушы мен тапсырушының жауапкершiлiгiн шектейтiн тиiстi Қабылдап алу - тапсыру кесiмi (бұдан әрi - Кесiм) жасалады. Бухгалтерлiк қызметтiң iстерiн тапсыру соңғы ұсынылған баланс негiзiнде жүргiзiледi. Кесiмде iстi тапсыру жүзеге асырылатын мерзiм көрсетiлуi тиiс. Iстi қабылдап алу мен тапсырудың басында iстi қабылдап алу-тапсыру сәтiндегi кассаның жағдайы (қолма-қол ақшаны сақтау үшiн тиiстi шаралардың қамтамасыз етiлуi, кассалық кiтаптағы жазбалардың жағдайы, кассада сақталатын басқа да құндылықтар бойынша жағдайы және олардың бухгалтерлiк жазбаларға сәйкес келуi, чек кiтапшаларының саны, қолданылмаған чектердiң нөмiрлерi) тексерiледi. Кассаны тексеру кесiмiне бухгалтерлiк қызмет iсiн тапсырушы тұлға да және қабылдап алушы да, сондай-ақ кассир, не болмаса кассалық операцияны жүргiзуге жауап беретiн тұлға қол қояды. Iстi қабылдап алу және тапсыру кезiнде ақшалай есептiң, есеп айырысу операциялары есебiнiң, баланстың есеп айырысу баптарының (дебиторлық және кредиторлық берешектердiң нақтылығы, оған кiнәлi тұлғаларды көрсете отырып, өндiрiп алу үшiн нақты емес берешектiң болуы, өзара есеп айырысулардың салыстыру кесiмдерiнiң болуы, бюджетке уақытылы аударылмаған сомалардың болуы), сондай-ақ мемлекеттiк мекеменiң есептiлiгiн жасаудың (есеп тәртiбiн сақтау, ұсынылған есептiлiктiң сапасы) жағдайы тексерiледi. Одан басқаКесiмде: бухгалтерлiк қызметте есептi ұйымдастыру (штат, оның жинақтылығы, мiндеттемелердi бөлу, лауазымдық нұсқаулықтар, бухгалтерлiк есеп және есептiлiк бойынша нұсқамалық материалдардың болуы, бухгалтерлiк кiтаптармен, есеп және есептiлiк бланкiлерiмен қамтамасыз етiлуi), есеп жүйесiн қалыптастыру; есептiң бастапқы құжаттамасының, бухгалтерлiк есептiлiктiң жағдайы; есептi және қаржылық бақылауды ұйымдастыру үшiн қажеттi iс-шаралар; құжаттарды ресiмдеудiң және сақтаудың дұрыстығы, мұрағаттың жағдайы көрсетiледi. Мемлекеттiк мекеменiң есеп және есептiлiк жағдайын тексеру аяқталғаннан кейiн құрылған Кесiмге iстi қабылдап алушы мен тапсырушы қол қояды және мемлекеттiк мекеменiң басшысы бекiтедi. Қабылдап алушы Кесiмнiң қандай да болмасын ережесiмен келiспеген жағдайда, ол оған қол қоятын кезде тиiстi дәлелдi ескертулер көрсетуге құқығы бар. Кесiм екi данада жасалады, оның бiреуi iстi тапсырушыда қалады. Кесiмге қол қойылғаннан кейiн iстi тапсырушы бас бухгалтер бухгалтерлiк қызметтi басқарудан босатылады.
2. Бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiнде жазбаларды көрсету үшiн негiз болуға операциялар мен оқиғалардың жасалу фактiсiн тiркейтiн тиiсiнше ресiмделген бастапқы құжаттар қызмет етедi. Бастапқы құжаттар - операциялар iске асырылған сәтте, егер мұның мүмкiндiгi болмаса тiкелей немесе оқиғалардың аяқталуы бойынша жасалуға тиiс. Құжаттардың уақытында және тиiстi сапада жасалуы, олардың бухгалтерлiк есепте көрсету үшiн белгiленген қажеттi мерзiмде тапсырылуы, құжаттарға қамтылған деректердiң шынайылығы үшiн осы құжаттарды жасаған және оған қол қойған тұлғалар жауап бередi. Бастапқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойында олардағы жазулардың сақталуын қамтамасыз ететiн құралдармен ғана жүргiзiлуге тиiс. Жазбаларды есеп тiзбелерiнде көрсету үшiн шаруашылық немесе оқиғалардың жасалған фактiсiн растайтын, дұрыс рәсiмделген бастапқы құжаттар негiз болады. Бастапқы құжаттар мынадай мiндеттi деректемелердi қамтуы тиiс: құжаттың (нысанның) атауы, жасалу күнi; ұйымның атауы немесе атынан құжат жасалғанның тегi және әкесiнiң аты; операцияның немесе оқиғаның мазмұны; операцияның немесе оқиғаның өлшем бiрлiктерi (сандық және құндық мәнде); операцияны жасауға жауапты тұлғалардың лауазымдарының атауы, тегi, әкесiнiң аты және қолдары (оқиғаны растау) және оның рәсiмделу дұрыстығы; салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi. Бастапқы құжаттың электрондық бейнесiнiң рәсiмделген қағазда жеткiзушi, бастапқы құжаттың күшi болады. Электрондық қойылған қолдарды пайдаланушы электрондық қолдарды пайдаланудың және алудың құқықтарына қатысты, тиiстi сақтық және бақылау шараларын белгiлеуге тиiс. Бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн электрондық тасығыштарда жасау кезiнде мемлекеттiк мекемелер операциялардың басқа қатысушылары үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай талап ету құқығы берiлген мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша мұндай құжаттардың қағаз тасығыштардағы көшiрмелерiн әзiрлеуi тиiс. Қажеттi жағдайларда бастапқы құжатқа қосымша реквизиттер: құжаттың нөмiрi, ұйымның атауы мен мекен-жайы, құжатта расталған операцияны жасауға қажеттi негiз, қосымша операциялардың сипатымен анықталатын басқа да қосымша реквизиттер енгiзiлуi мүмкiн. Бастапқы құжаттарда - мәтiн бөлiгiнде де, сандық деректерде де тазартуға және келiсiлмеген түзетулерге жол берiлмейдi. Бастапқы құжаттардағы қателер қате мәтiндi немесе сомаларды сызып тастау және сызықтың үстiнен дұрыс мәтiндi немесе соманы жазу жолымен түзетiледi. Сызып тастау бұрынғы жазу көрiнiп тұратындай етiп жiңiшке сызықпен жүргiзiледi. Бастапқы құжаттағы қатенi түзету "түзетiлдi" деген жазумен көрсетiлуi және түзету енгiзу уақыты көрсетiлiп, құжатқа қол қойған тұлғаның қолымен расталуы тиiс. Кассалық және банктiк бастапқы құжаттарға түзетулер енгiзуге жол берiлмейдi. Есеп тiркемелерiндегi жазбалар үшiн негiз болатын құжаттар ұйымның бас бухгалтерi белгiлеген және басшысы бекiткен мерзiмдерде бухгалтерлiк қызметке тапсырылуы тиiс. Материалдық жауапты тұлғалар н. 442 құжаттарын тапсыруды тiркеген кезде, екi данада жасалған, тауарлы-материалды құндылықтардың кiрiсi мен шығысы бойынша бастапқы құжаттарды (кiрiс және шығыс құжаттары бойынша жеке толтырылған) тапсырады. Материалдық жауап беретiн тұлғаның қатысуымен жүргiзiлген, тапсырылған бастапқы құжаттардың дұрыс рәсiмделуi тексерiлген соң бухгалтер қызметкердiң қолы қойылған тiзiмдеменiң бiр данасы материалдық жауапты тұлғаға қайтарылады, екiншi данасы бухгалтерлiк қызметтiң iс-қағазында қалады. Ақшалар мен материалдық құндылықтардың сақталуы үшiн жауапты тұлғалармен толық материалдық жауапкершiлiк туралы белгiленген тәртiппен жазбаша шарт жасалады. Бухгалтерлiк қызметке келiп түскен бастапқы құжаттар үлгiсi бойынша да (бастапқы құжаттарды рәсiмдеудiң, реквизиттердi толтырудың толықтығы мен дұрыстығы), мазмұны бойынша да (құжатталатын операциялардың заңдылығы, жекешеленген көрсеткiштердiң пайымдық қисыны) мiндеттi түрде тексерiледi.
Тексерiлген және есепке алынған құжаттар операциялар жасалған уақыттар бойынша (хронологиялық тәртiппен) жүйеленедi және мемориалдық ордерлермен - жинақтаушы ведомостармен рәсiмделедi, оларға мынадай тұрақты нөмiрлер берiледi: - 1-шi мемориалдық ордер - н. 381 кассалық операциялар жөнiндегi жинақтаушы ведомость; - 2-шi мемориалдық ордер - н. 381 мемлекеттiк мекемелердiң кодтары қаржылардың жылжуы жөнiндегi жинақтаушы ведомость; - 3-мемориалдық ордер - н. 381 Ақылы қызметтер ҚБШ, демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ, ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттағы және сыртқы қарыздар және гранттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоттарындағы ақшаның есебi жөнiндегi жинақтаушы ведомость; - 5-шi мемориалдық ордер - н. 405 жалақы және стипендиялар жөнiндегi есеп айырысу ведомостарының жинағы; - 6-шi мемориалдық ордер - н. 408 ұйымдармен есеп айырысу жөнiндегi жинақтаушы ведомость; - 7-шi мемориалдық ордер - н. 408 аванстық төлемдер ретiнде есеп айырысу жөнiндегi жинақтаушы ведомость; - 8-шi мемориалдық ордер - н. 386 есептi тұлғалармен есеп айырысу жөнiндегi жинақтаушы ведомость; - 9-шi мемориалдық ордер - н. 438 активтердiң босатылуы және ауыстырылуы жөнiндегi жинақтаушы ведомость; - 10-шi мемориалдық ордер - н. 438 бағасы төмен және тез тозатын заттарды босату және ауыстыру жөнiндегi жинақтаушы ведомость; - 11-шi мемориалдық ордер - н. 398 тамақ өнiмдерiн кiрiске алу жөнiндегi жинақтаушы ведомость; - 12-шi мемориалдық ордер - н. 411 тамақ өнiмдерiн жұмсау жөнiндегi жинақтаушы ведомость; - 13-шi мемориалдық ордер - н. 396 материалдарды жұмсау жөнiндегi жинақтаушы ведомость; - 14-шi мемориалдық ордер - н. 409 тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн кiрiстердi есептеудiң жинақтаушы ведомость; - 15-шi мемориалдық ордер - н. 406 балаларды асырағаны үшiн ата-аналармен есеп айырысу жөнiндегi жинақтаушы ведомость. Қалған операциялар мен "Сторно" операциялары бойынша жеке-жеке әрбiр ай үшiн 16-сынан бастап нөмiрленетiн н. 274 жеке мемориалдық ордер жасалады. Операциялардың көлемi бойынша жинақтаушы ведомостар құруды талап етпейтiн бюджеттiк ұйымдарда шоттардың деректерi н. 274 жеке мемориалдық ордерлерде немесе жоғарыда көрсетiлген тиiстi нөмiрлер берiлiп, дәл бастапқы құжаттарға қойылатын бұрыштаманың таңбаларында көрсетiледi. Жекелеген мемориалдық ордерлер операциялардың жасалуына қарай, бiрақ жеке құжаттардың негiзiнде де, бiр тектi құжаттардың негiзiнде де, келесi күннен кешiктiрмей жасалады. Мемориалдық ордерде қосалқы шоттардың деректерi бiр қосалқы шоттың дебетi және екiншi қосалқы шотты несиесi жөнiндегi немесе бiр қосалқы шоттың дебетi және бiрнеше қосалқы шоттың несиесi немесе керiсiнше, бiр қосалқы шоттың несиесi және бiрнеше қосалқы шоттардың дебетi жөнiндегi операциялардың сипатына байланысты жазылады. Мемориалдық ордерлерге бас бухгалтер немесе оның орынбасары мен орындаушы қол қояды. Барлық мемориалдық ордерлер н. 308 "Бас журнал" кiтабында тiркелiп, тәртiп бойынша, қосалқы шоттар бойынша жүргiзiледi. "Бас журнал" кiтабы өткен жылғы қорытынды балансқа сәйкес жылдың басындағы қалдық сомалары жазбаларымен ашылады. Ондағы жазбалар - мемориалдық ордерлердiң жасалуына қарай, ал мемориалдық ордерлердi - жинақтаушы ведомостарды жасаған кезде - айына бiр рет жүргiзiледi. Мемориалдық ордерлердiң сомасы басында "Ордер бойынша сома" бағанына, ал одан соң тиiстi қосалқы шоттардың дебетi мен несиесiне жазылады. Дебет бойынша да, несие бойынша да, барлық қосалқы шоттар жөнiндегi бiр айлық айналымдардың сомасы "Ордер бойынша сома" бағанының жиынтығына тең болуға тиiс. Бiр айдағы айналымдардан соң екiншi бағанға әрбiр қосалқы шот бойынша келесi айдың басындағы қалдық шығарылады.
Талдама есеп есептiк тiркелiмдерде (кiтаптарда, карточкаларда, жинақтаушы ведомостарда, т.б.) жүргiзiледi. Тiркелiмдердегi жазбалардың тәртiбi осы нұсқаулықтың тиiстi бөлiмдерiнде баяндалған.
Бухгалтерлiк кiтаптарда жазбалар басталғанға дейiн барлық беттер (парақтар) беттеледi. Соңғы бетке бас бухгалтердiң қолы қойылып: "Бұл кiтапта барлығы _____ бет (парақ) нөмiрленген" деп жазылады. н. К0-4, н. 440 касса кiтабы, еңбек кiтапшаларының бланкiлерi мен оған қосылған беттердi есептейтiн н. 449 кiрiс-шығыс кiтабы, жiппен байланып және сүргiшпен бекiтiлуге, ал нн. К0-4 және 440 парақтарының саны - бюджеттiк ұйым басшысының және бас бухгалтердiң қолымен, ал н. 449 - бюджеттiк ұйым басшысының қолымен расталуға тиiс. Әрбiр кiтаптың сыртында ұйымның, орталықтандырылған бухгалтерияның атауы және кiтаптың ашылған жылы жазылады. Онда ашылған қосалқы шоттардың тақырыптары болуға тиiс. Жазбаларды кiтаптың басқа беттерiне ауыстырған кезде осы қосалқы шот бойынша тақырыпқа жазбаның ауыстырылғаны туралы, жаңа беттердiң нөмiрлерi көрсетiлiп, белгi қойылады. Бухгалтерлiк есеп кiтаптары жыл аяқталғанда онда бос парақтар болған жағдайда келесi жылдың операцияларын жазу үшiн пайдаланылуы мүмкiн. Мұндайда кiтаптар архивке 2 жылда бiр рет тапсырылады. Карточкалар (активтер жөнiндегi карточкалардан басқа) әрбiр есеп үшiн жеке жүргiзiлетiн 279 н. карточкалар тiзбесiнде тiркеледi. Активтердi есептеу карточкалары н. ОС-10 активтердi есептеу бойынша жеке карточкалардың жазбасында тiркеледi. Карточкалар iшiнде олар материалдық-жауапты тұлғалар бойынша, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда және қызмет көрсетiлетiн ұйымдарда қосалқы шоттар бойынша орналастырылатын картотекаларда сақталады. Материалдарды, бағасы төмен және тез тозатын заттарды т.б. есепке алатын карточкалар жыл сайын немесе екi жылда бiр рет карточкалардың тiзiмдерiмен, тiзбелерiмен және басқа бухгалтерлiк құжаттармен бiрге, тiгiлген күйiнде архивке тапсырылады. Iшiнде нн. ОС-6, 8, 9 соңғы түгендеу карточкасы бойынша құрал-саймандардың есептен шығарылғаны туралы белгi қойылған болса, активтердi есепке алу жөнiндегi ОС-10 түгендеу карточкасының сипаттамасы архивке тапсырылады. Түгендеу карточкаларын архивке сипаттамасыз тапсырған кезде олар жеке ведомостқа жазылып, онда карточканың нөмiрi мен есептен шығарылған құрал-саймандардың атаулары, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда, бұдан басқа, қызмет көрсетiлетiн бюджеттiк ұйымның атауы жазылады. Бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiндегi жазбалар олар алынғаннан кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей бастапқы құжаттар бойынша жүргiзiледi. Әрбiр ай аяқталғаннан кейiн талдамалық есептiң тiркелiмдерiнде айналыстардың қорытындылары жасалады және қосалқы шоттар бойынша қалдықтар шығарылады.
Өткен жыл үшiн бухгалтерлiк есептiң жазбаларында байқалған қателердi түзету мынадай тәртiппен жүргiзiледi: а) бухгалтерлiк балансты тапсыру сәтiне дейiнгi осы есептi кезеңде байқалған, аталған мемориалдық ордердiң өзгертiлуiн талап етпейтiн қателер дұрыс емес сомалар мен мәтiндi, сызылып қалған жазбаларды оқуға болатындай етiп, жiңiшке сызықпен сызып тастау арқылы түзетiледi және сызықтың үстiне түзеткен мәтiн мен сома жазылады. Сонымен бiрге осы арада тиiстi жолдың тұсына бас бухгалтердiң қолымен "түзетiлдi" деп жазылады; б) бухгалтерлiк балансты тапсыратын сәтке дейiн байқалған, мемориалдық ордердегi қатеден пайда болған қателiктi жазба оның сипатына байланысты қосымша мемориалдық ордер мен немесе "Қызыл сторно" тәсiлi бойынша түзетiледi; баланс берiлiп қойған, сол есептi кезеңдегi бухгалтерлiк есептiң жазбаларында байқалған барлық жағдайларда қателер дәл осылай түзетiледi. Қателердi түзету жөнiндегi қосымша бухгалтерлiк жазбалар, сондай-ақ "Қызыл сторно" тәсiлiндегi түзетулер мемориалдық ордерлермен рәсiмделедi, оларда, әдеттегi реквизиттерден басқа, аталған мемориалдық ордер арқылы түзетiлетiн мемориалдық ордердiң нөмiрiне және уақытына сiлтеме жасалады.
Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттары бойынша бухгалтерлiк жазбалардың дұрыстығына бақылау жасау үшiн тиiстi синтетикалық шоттармен бiрiктiрiлген аналитикалық шоттардың әрбiр тобы бойынша нн. М-44, 285 және 326 айналыс ведомостары жасалады. Айналыс ведомостарының әрбiр аналитикалық шоттары бойынша айналыстар мен қалдықтардың қорытындылары н. 308 "Бас журнал" кiтабының осындай қосалқы шоттары айналыстарының және қалдықтарының қорытындыларымен салыстырылады. Айналыс ведомостары - ай сайын, ал активтер мен арзан құнды және тез тозатын заттар бойынша тоқсан сайын жасалады. Н. 326 айналыс ведомостындағы жазбалар қажет болған кезде бiрнеше жыл бойы жүргiзiледi.
Жаңа қаржылық жылда синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерiнде қалдықтардың сомалары қорытынды баланспен және өткен жылғы есептiк тiзiмдемелермен толықтай сәйкес жазылады. Егер жоғары тұрған ұйымдар - жылдық есептi бекiткен кезде немесе қаржылық орган қабылдаған кезде қорытынды балансқа түзетулер жасалса, онда тиiстi жазбаша өкiмнiң негiзiнде бұл түзетулер өткен қаржылық жылдың тiзiмдемелерiне де (бухгалтерлiк жазбаны түзету жолымен), ағымдағы жылдың бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмiне де (кiрiс қалдықтарын өзгерту жолымен) енгiзiледi. Әрбiр есептi ай бiткен соң барлық мемориалдық ордерлер, мемориалдық ордер-жинақтаушы ведомостар оларға қатысты құжаттармен бiрге мерзiмдiк тәртiппен iрiктелiп, жинақталуға тиiс. Құжаттардың саны аз болған жағдайда жинауды бiр папкаға үш ай бойы жүргiзуге болады. Мұқабаның сыртына: бюджеттiк ұйымның немесе орталықтандырылған бухгалтерияның атауы; папканың, iстiң атауы мен рет нөмiрi; есептi кезең - жылы мен айы; мемориалдық ордерлердiң бастапқы және соңғы нөмiрлерi; iстегi парақтардың саны жазылады.
Бастапқы құжаттардың, бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерiнiң есептер мен баланстардың сақталуын, рәсiмделуiн және оларды архивке тапсыруды бас бухгалтер қамтамасыз етедi. Бастапқы құжаттар, бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерi есептер мен баланстар оларды архивке тапсырғанға дейiн бас бухгалтер өкiлеттiк берген тұлғалардың жауапкершiлiгiмен бухгалтерияда арнаулы бөлмеде немесе жабылатын шкафтарда сақталуға тиiс. Iстер бюджеттiк ұйымның бухгалтерлiк архивiнде белгiленген мерзiм iшiнде сақталады. Сақтау мерзiмi бiткеннен кейiн iстер белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк архивке тапсырылады. Архивке iстердiң тапсырылғанын растайтын құжаттар бухгалтерлiк қызметте тұрақты сақталады. Бюджеттiк ұйымдардың бастапқы құжаттарын, бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерiн есептерi мен баланстарын шығарып алуды тек тексерiп бiлу, алдын-ала тергеу, прокуратура органдары, соттар мен салық қызметi органдары ғана Қазақстан Республикасының салықтық және қылмыстық-iс жүргiзу заңдарына сәйкес жүргiзе алады. Бюджеттiк ұйымның тиiстi лауазымды тұлғалары, шығарып алуды жүзеге асырған органдар өкiлдерiнiң рұқсатымен және қатысуымен, құжаттарды алудың негiздерi мен уақытын көрсете отырып, олардың көшiрмелерiн түсiрiп ала алады. Егер құжаттардың толық рәсiмделмеген (тiгiлмеген, нөмiрленбеген және с.с.) томдары шығарып алынса, бюджеттiк ұйымның тиiстi лауазымды тұлғалары бұл томдарды толтырып рәсiмдей алады (сипаттама жасайды, парақтарды нөмiрлейдi, жiппен тiгедi, мөрлеп жабады, өз қолымен, мөрiмен растайды). Бастапқы құжаттар жоғалған немесе жойылған жағдайда бюджеттiк ұйымның басшысы жоғалудың немесе жойылудың себептерiн қызметте тергеу жөнiнде өз бұйрығымен комиссия тағайындайды. Қажет болған жағдайларда комиссияның жұмысына қатысу үшiн тергеу, күзет және мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының өкiлдерi шақырылады. Комиссия жұмысының нәтижелерi актiмен хатталады, оған комиссияның мүшелерi қол қояды және бюджеттiк ұйымның басшысымен бекiтiледi.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi: бухгалтерлiк жылдық, тоқсандық есептiлiктi бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласында қызметтi реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмде және тәртiппен жасауға және тапсыруға; бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң әдiстемесiн және жалпы әдiстемелiк принциптердi сақтай отырып, өз жүйесiнiң мемлекеттiң мекемелерiнде есептiлiктi жасауды жүзеге асыруға; ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық-бухгалтерлiк қызметiнiң есепке алу жүйесiн қамтамасыз етуге, оларға жүктелген функциялардың орындалуына жүйелi бақылау жасауды қамтамасыз етуге; ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық-бухгалтерлiк қызметтерi мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге мiндеттi. Бухгалтерлiк есептi жүргiзу және бухгалтерлiк есептi жасау үшiн бюджеттiк ұйымды нұсқаулық құжаттармен қамтамасыз етудi жоғары тұрған ұйымдар жүзеге асырады.
3. Бюджеттiк ұйымдарға арналған қаржыландыру жоспары орындалуының бухгалтерлiк есебi Шоттарының жоспары
Бюджеттiк ұйымдардың шығыстары сметасын орындаудың операцияларын бухгалтерлiк есептеу үшiн шоттардың мынадай жоспары қолданылады:
Активтер
Материалдық запастар
Арзан құнды және тез тозатын заттар
Өндiрiске және басқа мақсаттарға арналған шығындар
Қаржыландыру жөнiндегi iшкi ведомстволық есептер
Ақша қаражаттары
Есеп айырысу
Шығыстар
Қаржыландыру
Нысаналы мақсаттардың қорлары мен қаржылары
Өнiмдi өткiзу
Табыстар
13.Баланстан тыс шоттар
Семинар сабағына тапсырмалар
1. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ұймдастыру
2.Құжат айналымы және бастапқы құжаттар
3. Ауыл шаруашылығындағы мекемелердідегі бухгалтерлік есептің типтік жоспары
Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
Негізгі әдебиеттер:
1.ҚР Заңы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есепьілік туралы.” 17 шілде 2009 ж
2.“Ауыл шаруашылығы жүйе” Закон Астана 22 желтоқсан 2003 ж “Бюллетень бухгалтера”
3. 28 қараша 2007 жылғы №30 «Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулық бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық Депортаменті Директорының Бұйрығы
2 Қосымша әдебиеттер:
1. Радостовец В. К., Радостовец В.В., Шмидт О. И. «Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп. Қайта өңдеу. – Алматы: Центраудит – Казахстан, 2002 ж.
2. Назарова В. Л. «Шаруашылық субъектлерінің бухгалтерлік есебі». оқулық – Алматы, Экономика, 2003 ж.
3.Нурсеитов Э. О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. А.: Изд-во «Lem»2006 г.
Дәріс Тақырып: Ауыл шаруашылығындағы негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебінің ерекшеліктері
Ұзақ мерзімді активтер түсінігі және олардың жіктелімі. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің анықтамасы. Инвентарлық объект. Негізгі құралдарды бағалау.. Негізгі құралдардың бастапқы, баланстық, өткізу және жойылу құны. Негізгі құралдарды бағалау және сатып алу.
Сұрақтар:
1.Активтерді жіктеу және олардың есебі.
2.Активтердің түсуінің есебі және құжат айналымы.
Мақсаты:
Ағымдағы активтердің анықтамасы мен олардың жіктелуін қарасыру. Қолма – қолсыз есеп айырысудың нысандары мен олардың сипаттамасы. Банктердегі есеп айырысу шоты мен арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебін қарастыру.
1. Активтердiң бухгалтерлiк есебi есептiк тiркемелерде активтер түсiмiнiң, олардың бюджеттiк ұйым iшiнде ауыстырылуының және шығарылуының дұрыс құжаттық рәсiмделуiн және уақытында көрсетiлуiн, сондай-ақ әрбiр объектiнiң (заттың, заттар тобының) сақталуына және дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуi тиiс. Активтерге мыналар жатады: жылжымайтын мүлiктер (жер бөлiктерi, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық ағаштар және жермен тығыз байланысты, жылжытқанда олардың мақсатына зиян келтiрiлмеуi мүмкiн емес, басқа объектiлер), көлiк құралдары, жабдықтар, өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандары, ересек жұмыстық және өнiм беретiн мал, арнаулы құрал-саймандар, өзге активтер. Активтерге сондай-ақ жердi жақсартуға арналған күрделi салымдар (суландыру, құрғату, ирригациялау және басқа жұмыстар) және жалға алынған ғимараттар, құрылыстар және активтерге жататын басқа да активтер жатқызылады. Көпжылдық ағаштарға, жердi жақсартуға арналған күрделi салымдар жыл сайын, бүкiл жұмыстар кешенiнiң аяқталуына қарамастан, пайдалануға қабылданған алаңдарға қатысты шығындардың сомасы да активтердiң құрамына енгiзiледi. Жалға алынған активтерге жұмсалған күрделi шығындар, егер жалдау шартында өзгеше көзделмеген болса, iс жүзiндегi шығыстардың сомасында жалға алушылардың меншiктi активтерiне қосылады. Мыналар активтерге жатпайды және арзан құнды және тез тозатын заттардың құрамында бюджеттiк ұйымда есептеледi: а) құнының қаншалығына қарамастан, бiр жылдан кем ұсталған құралдар; б) олардың пайдалану мерзiмiне қарамастан, сатып алу бағасы бойынша бiр бiрлiк үшiн құны 40 есе есептiк көрсеткiшке дейiнгi заттар. Пайдалану мақсатына және орындалу функцияларына байланысты пайдалану мерзiмi табиғи-заттық құрамы бойынша олардың құнына қарамастан активтерге жататын заттар (еңбек құралдары) ерекшелiгi құрайды, оларға өндiрiстiк-шаруашылық тағайындалған кiтапханалық қорлар, мұражай құндылықтары (белгiленген тәртiппен ескерiлген экспонаттардан басқа), жануарлар әлемiнiң экспонаттары, сахналық-қойылым құралдары, үлгiлiк жоспарлау жөнiндегi құжаттама және басқалар жатады. в) құнына және қызмет мерзiмiне қарамастан, арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм; г) құнына және қызмет мерзiмiне қарамастан, бюджеттiң есебiнен ұсталатын денсаулық сақтау, оқу-ағарту, халықты әлеуметтiк қорғау қызметкерлерi және басқаларға арналған формалық киiм және аяқ киiм; д) орны толтырылатын шығындары үстеме шығыстардың құрамында құрылыс-монтаж жұмыстарының құнына жатқызылатын, уақытша (атаусыз) құрылыстар, қосалқы жайлар мен қондырғылар; е) құны "б" тармақшасында белгiленген сатып алу және жасау құны бойынша лимиттiң шегiндегi, қоймалардағы материалдық құндылықтарды сақтауға немесе технологиялық процестерге арналған ыдыстар; ж) малдың төлдерi және бордақыдағы малдар, құстар, үй қояндары, терiсi бағалы аңдар, ара әулеттерi, сондай-ақ есептегi малдар; з) егуге арналып питомниктерде өсiрiлген көпжылдық көшеттер. Активтердi есептеу үшiн 01 "Активтер" шоты арналады, ол мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 010 "Ғимарат"; 010-1 "Жер"; 011 "Құрылыс"; 012 "Ауыспалы құрылыс"; 013 "Машиналар мен жабдықтар"; 014 "Материалдық емес активтер"; 015 "Көлiк құралдары"; 016 "Аспаптар, өндiрiстiк (иелiгiн қоса) және шаруашылық құрал-саймандары"; 017 "Жұмыстық және өнiмдiк мал"; 018 "Кiтапхана қоры"; 019 "Өзге активтер". 010 "Ғимарат" қосалқы шотында мыналар жеке топтарға бөлiнiп есептеледi: 1) басқару органдары, әлеуметтiк-мәдени және басқа ұйымдар пайдаланатын өндiрiстiк-шаруашылық мақсаттағы ғимараттар (оқу орындарының, ауруханалардың, емханалардың және амбулаториялардың, қариялар мен мүгедектерге арналған үйлердiң, балалар мекемелерiнiң, кiтапханалардың, клубтардың, мұражайлардың, ғылыми-зерттеу институттарының, шеберханалардың және с.с. ғимараттары); 2) толық немесе көбiне тұрғын үйге арналған ғимараттар (барлық пайдалы тұрғын және тұрғын емес алаңдардың 50%-нен кем болмайтын тұрғын бөлмелердiң жалпы пайдалы алаңы).
010-1 "Жер" қосалқы шотында шығыстардың экономикалық сыныптамасының 451 "Жердi сатып алу" ерекшелiгi бойынша бюджеттен бөлiнетiн қаражаттың есебiнен сатып алынған жердiң кез-келген түрi, ормандар, iшкi сулар мен пайдалы қазбалардың кен орындары ескерiледi. 011 "Құрылыс" қосалқы шотында: су айдағыштар, стадиондар, бассейндер, жолдар, көпiрлер, ескерткiштер, парктердiң, саябақтардың және қоғамдық бақтардың қоршаулары, тағы басқалар есептеледi.
012 "Ауыспалы қондырғылар" қосалқы шотында электр тарату желiлерi, тұтынушыларға дейiн сұйық және газ тәрiздi заттарды құбырлар арқылы ауыстыруға арналған қуаттарды трансформациялау (баға түрге айналдыру) және беру үшiн қажеттi, барлық аралық құрылғылары бар трансмиссиялар мен құбырлар есептеледi. Ескерту. Электр станцияларының, газды қысатын, сұйық айдайтын станциялардың ғимараттары 010 қосалқы шотында, ал оларда тұрған жабдықтар 013 қосалқы шотында есептеледi.
013 "Машиналар мен жабдықтар" қосалқы шотында қуат машиналары мен жабдықтар, жұмыс машиналары мен жабдықтар, өлшеу аспаптары, реттеу аспаптары мен қондырғылары, лаборатория жабдықтары, компьютерлiк жабдықтар, дәрiгерлiк жабдықтар, офис жабдықтары, мынадай жеке топтарға бөлiнген өзге машиналар мен жабдықтар есептеледi: 1) жылу және электр қуатын өндiретiн қуат машиналары мен жабдықтар, әртүрлi қуаттарды (су, жел, жылу, электр және с.с. қуатын) механикалық қуаттарға, яғни қозғалыс қуатына айналдыратын машина-қозғағыштар; 2) өнiм жасау және өндiрiстiк мақсатта қызметтер көрсету процесiнде және механикалық қозғағыштардың, адам және жануар күшiнiң көмегiмен өндiрiс процесiнде еңбек затын ауыстыру барысында еңбек затына механикалық, жүк және жолаушы лифтiлерiн қоса алғанда термикалық және химиялық әсер етуге арналған жұмыс машиналары мен жабдықтары, машиналар, аппараттар мен жабдықтар; 3) өлшеу аспаптары - дозаторлар, амперметрлер, барометрлер, ваттметрлер, су өлшегiштер, вакуумметрлер, вапориметрлер, вольтметрлер, биiктiк өлшегiштер, гальванометрлер, геодезиялық аспаптар, гигроскоптар, индикаторлар, компастар, манометрлер, хронометрлер, арнаулы таразылар, өлшегiштер, касса аппараттары ж.б.; 4) реттегiш аспаптар мен құрылғылар - оттегi-тыныс алу аспаптары, электрлi, пневматикалы және гидравликалы реттегiш қондырғылар, автоматты басқа тетiктерi, орталықтандыру және топтау аппаратурасы, диспетчерлiк бақылаудың желiлiк құрылғылары және басқалар; 5) лаборатория жабдықтары - пирометрлер, реттегiштер, калориметрлер, ылғалдылықты анықтайтын аспаптар, айдау текшелерi, газ өткiзгiштiктi сынайтын аспаптар, жыртылуға төзiмдiлiктi сынайтын аспап, микроскоптар, термостаттар, тұрақтандырғыштар, кергiш шкафтар, тағы с.с.; 6) компьютерлiк жабдықтар - дербес компьютерлер, калькуляторлар, лазерлi, матрицалы, түрлi-түстi принтерлер, сканерлер және басқалар; 7) медициналық жабдықтар - медициналық жабдықтар (тiс-дәрiгер креслосы, операциялық столдар, арнаулы жабдығы бар төсектер және бас.), арнаулы дезинфекциялық дезинсекциялық жабдықтар, сүтханалар мен сүт станцияларының, қан құю станцияларының жабдықтары және басқалар; 8) офистiк жабдықтар - көшiргiш машиналар, факс-машиналар, құжаттарды жоюға арналған машиналар және басқалар; 9) өзге машиналар мен жабдықтар - жоғарыдағы топтарда аталмаған машиналар, аппараттар мен басқа да жабдықтар, өзге машиналар мен жабдықтарға мыналар жатады: стадиондардың, спорт алаңдарының және спорт жайларының жабдықтары (оның iшiнде спорт снарядтары), оқу орындарындағы кабинеттер мен лабораториялардың жабдықтары, киноаппаратуралар, жарық беретiн аппаратура, сахна жабдықтары, саз аспаптары, теледидарлар, таспалар, бейне камералар, ұялы байланыс аппараттары, пейджерлер радиоаппаратура, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен ғылыми жұмыспен айналысатын басқа да ұйымдардың арнаулы жабдықтары, АТС жабдықтары, автомобильмен қозғалатын өрт машиналары, өрт автоцистерналары, механикалық өрт сатылары, кiр жуатын және тiгiн машиналар, тоңазытқыштар, шаңсорғыштар, кондиционерлер, микротолқынды пештер және басқалар. 10) арттехқару-жарақ (атыс қаруы: пистолеттер мен револьверлер, автоматты қару, арнаулы мергендiк қару-жарақ, арнаулы (ерекше) мақсаттағы полиция бөлiмшесiнiң қару-жарағы, оқу және спорт қаруы, жарық сигналдарын беру құралдары; әскери инженерлiк мүлiк; әскери химиялық мүлiк; оптикалық аспаптар;) 014 қосалқы шотында материалдық емес активтер есептеледi - олар материалдық-заттық негiзi жоқ, бiрақ ұзақ уақыт бойында табыс алуға мүмкiндiк беретiн объектiлер. Активтердiң бұл түрiне мыналар жатады: төлемге сатып алынған жердi, суды, пайдалы қазбаларды және басқа табиғи ресурстарды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды пайдалану құқығы; тауар белгiлерi мен сауда маркалары үшiн құқықтар, сондай-ақ өзге мүлiктiк құқықтар (оның iшiнде жаңалықтарды, "ноу-хауды" пайдалану), брокерлiк орын, гудвилл, бағдарламалық қамтамасыз ету, ұйымдастыру шығыстары (өндiрiстi дайындау жөнiндегi, тәжiрибелiк-конструкторлық ж.б.), маркетинг және басқа активтер. Материалдық емес активтер есепте оларды сатып алу және дайындық жағдайына келтiру шығындарының iс жүзiндегi сомасында көрсетiледi. Материалдық емес активтер қозғалысының талдама есебi НОС-6-н. Материалдық емес активтердi есепке алудың түгендеу карточкасында жүргiзiледi. 015 "Көлiк құралдары" қосалқы шотында адамдар мен жүктердi көшiруге арналған қозғалыс құралдарының барлық түрлерi есептеледi, олар мынадай жеке топтарға бөлiнедi: 1) темiр жол, су, автомобиль көлiктерiнiң жылжымалы құрамы (электровоздар, тепловоздар, мотодрезиндер, вагондар, платформалар, цистерналар, теплоходтар, дизель-электроходтар, буксирлер, баржалар мен баркалар, қайықтар мен қызметтiк қосымша кемелер, құтқару қайықтары, жүзбелiайлақтар, желкендi кемелер, жүк таситын және жеңiл автомобильдер, тiркемелер, автосамосвалдар, автобустар, трактор-тягачтар және басқалар); 2) әуе көлiгiнiң жылжымалы құрамы (ұшақтар, тiкұшақтар); 3) ат-көлiктер (арбалар, шаналар және басқалар); 4) өндiрiс көлiгi (электрокарлар, мотоциклдер, мотороллерлер, велосипедтер, қоларбалар, мүгедектер арбасы және басқалар); 5) спорт көлiгiнiң барлық түрлерi. 016 "Аспаптар, өндiрiстiк және шаруашылық (иелiгiн қоса) құрал-саймандар" қосалқы шотында мыналар жеке топтарға бөлiнiп есептеледi: 1) аспаптар - механикаландырылған және механикаландырылмаған жалпы сипаттағы еңбек құралдары, сондай-ақ машиналарға бекiтiлген, материалдарды өңдеу үшiн қолданылатын заттар. Оған мыналар жатады: қол еңбегiнiң кесетiн, ұратын, қысатын және тығыздайтын құралдары, электр қуатының, қысылған ауаның және басқалардың көмегiмен жұмыс iстейтiн, қолға ұстайтын механикаландырылған құралдарды қоса (электродрелдер, бояу бүрiккiштер, электр тiтiркеткiштер, гайка бұрағыштар және басқалар), сондай-ақ материалдарды өңдеуге, монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған алуан түрлi құралдар және с.с. (қыспақтар, патрондар, бөлгiш тығындар, қозғағыштарды орнатуға және автомобильдердегi кардан бiлiктерiн айналдыруға арналған құралдар және басқалар); 2) өндiрiстiк саймандар мен жарақтар - жұмыс уақытында өндiрiстiк амалдарды жеңiлдетуге қызмет ететiн өндiрiстiк мақсаттағы заттар: жұмыс столдары, верстагтар, кафедралар, парталар және с.с. еңбектi қорғауға көмектесетiн жабдықтар; сауда шкафтары мен сөрелер; сайман ыдыстары; жұмыс машиналарына жатқызуға болмайтын, техникалық мақсаттағы заттар (мысалы, сәулемен көшiретiн рамалар және с.с.); 3) шаруашылық мүкәммал - офис керек-жарақтары (қабырғалық жиһаз, гарнитурлар, құрамалы жиһаздар, тумбалар, демалыс бұрышы), жылжытпалы баръерлер, iлгiштер, гардеробтар, әртүрлi шкафтар, дивандар, столдар, орындықтар, креслолар, кiтап сөрелерi, жанбайтын шкафтар мен жәшiктер, сейфтер, жазу машиналары, гектографтар, шапирографтар мен басқа да қолға ұстайтын көбейткiш және нөмiрлегiш аппараттар, телефон аппараттары, желдеткiштер, жылжытпалы киiз үйлер, шатырлар (оттегiлерiнен басқа), кроваттар (арнаулы жабдықтары барларынан басқа), кiлемдер, портъерлер, жалюзилер, терезеге арналған торлар және басқа да мүкәммал, сондай-ақ өртке қарсы қолданылатын заттар - гидропульттер, стендерлер, қол сатылар және с.с. (013 "Машиналар мен жабдықтар" қосалқы шоты бойынша есептелетiн, автомобильмен қозғалатын өрт су айдағыштары мен механикалық өрт сатыларын қоспағанда); 4) басқа да өндiрiстiк және шаруашылық мүкәммал - сейфтер, рамадағы картиналар, қола мүсiндер (бюсттер), мраморлы вазалар, шамдар (люстралар, бра), мемлекеттiк рәмiздер, көрнекiлiк агитация қабырғалары. 017 "Жұмыстық және өнiмдiк мал" қосалқы шотында мынадай жеке топтарға бөлiнiп есептеледi: 1) жұмыстық мал - аттар, өгiздер, түйелер, есектер және басқа жұмыс малдары (көлiктiк және спорттық аттарды, басқа да көлiктiк малдарды, қызметтiк иттердi қоса); 2) өнiмдiк және асыл тұқымды мал - сиырлар, бұқалар, буйволдар мен қодастар (жұмыстағысынан басқа), айғырлар мен асыл тұқымды биелер (жұмыс iстемейтiн), үйiрде бағуға ауыстырылған биелер буралар мен iнгендер (жұмыс iстемейтiн), ұрғашы бұғылар мен еркек бұғылар (мүйiздi), еркек шошқалар мен мегежiндер, қойлар мен қошқарлар, ешкiлер мен текелер және басқалар. 018 қосалқы шотында жекелеген кiтаптардың құнына қарамастан кiтапханалық қорлар есептеледi. Кiтапханалық қорларға мыналар енгiзiледi: ғылыми, көркем және оқулық әдебиет, әдебиеттiң арнаулы түрлерi және басқа басылымдар.
019 қосалқы шотында жеке топтарға бөлiнiп, мыналар есептеледi: 1) көпжылдық өскiндер. Көпжылдық өскiндерге олардың жасына қарамастан қолдан отырғызылған мынадай көпжылдық өсiмдiктер жатады: жемiс-жидектердiң барлық түрлерi (ағаштар мен бұталар), көшелердегi, алаңдардағы, парктердегi, бақтардағы, саябақтардағы, ұйымдардың аумағындағы, тұрғын үй аулаларындағы көгалдандыру және көрiктендiру өсiмдiктерi, жанды қоршаулар, қар тосқындары мен егiстiктi қорғайтын жалдар, құмдар мен өзен жағалауларын бекiтетiн өскiндер, жар-қабақ өскiндерi және с.с.; ботаника бақтарының және ғылыми-зерттеу ұйымдары мен оқу орындарының ғылыми мақсаттарға арнап қолдан өсiрiлген өскiндерi және басқа қолдан өсiрiлген өскiндер. Жас өскiндердiң барлық түрлерi толық жетiлген, яғни жемiс беретiн, бұтақтары ұйысатын жасқа жеткен өскiндерден және с.с. бөлек есептеледi; 2) жердi жақсарту жөнiндегi күрделi шығындар. Жердi жақсарту жөнiндегi күрделi шығындарға күрделi салымдар есебiнен жүргiзiлетiн (жер бөлiктерiн жобалау, алқаптарды егiстiк үшiн отау, даланы тастар мен қой тастардан тазарту, түбiрлердi кесу, жабайы өсiмдiктерден арылту, көлшiктердi тазарту және басқалар), ауыл шаруашылығына арналған жердi үстiртiн жақсарту жөнiндегi мәдени-техникалық шараларға арналған заттық сипатта емес (құрылыс салуға байланысты емес) шығындар жатады; 3) мұражай экспонаттарынан басқа (өнер және табиғаттану, көне заман және халық тұрмысы заттары, ғылыми, тарихи және техникалық сипаттағы заттар), мемлекеттiк мұражайларда құндылықтарды есептеу және сақтау жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес есептелетiн, мұражай құндылықтары (олардың құнына қарамастан); 4) олардың құнына қарамастан, хайуанаттар паркiндегi және басқа сондай мекемелердегi жануарлар әлемнiң экспонаттары; 5) сахналық қойылым құралдары (декорациялар, ағаш жиһаздары мен кәделiк, бутафорлық заттар, театрлық және ұлттық костюмдер, бас киiмдер, iш-киiмдер, аяқ киiмдер, париктер); 6) құнына қарамастан, үлгiлiк жобалау жөнiндегi құжаттар; 7) техникалық тасушылардағы бағдарламалар, оқулық кинофильмдер, магниттi дискалар мен таспалар, кассеталар ж.б.; 8) өзге бұйымдар, балалар ойыншықтары, арнаулы шаңғылар және басқалар.
Қолында мұражайлық құндылықтар, лаборатория жабдықтары, аспаптар, құралдар және бағалы металдар мен тастардан жасалған басқа да заттар бар, бюджеттiк ұйымдар оларды заңда белгiленген тәртiппен қосымша есепке алуға тиiс.
Барлық активтер бюджеттiк ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған лауазымды тұлғаның жауапкершiлiгiнде сақталуға тиiс. Активтi сақтауға жауапты тұлғалар активтердiң н. ОС-13 мүлiктiк тiзiмiн жүргiзедi. Жауапты тұлға ауыстырылған кезде оның сақтауында болған активтердi түгендеу жүргiзiледi, ол туралы активтердi қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актiсi ОС-1 н. бойынша, ал материалдық емес активтердi берген кезде Материалдық емес активтердi қабылдау-тапсыру актiсi НОС-1 н. бойынша қабылдау-тапсыру актiсi жасалады.
2. Активтер бухгалтерлiк есепте бастапқы құны бойынша, яғни оларды сатып алудың, жасаудың және салудың iс жүзiндегi шығындары бойынша көрсетiледi. Бастапқы құнды өзгертуге тек қосымша күрделi салымдар жасалған, iшiнара жойылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес жүргiзiлетiн активтердi бағалау жағдайларында ғана жол берiледi. Салынып бiткен қабырғалар мен құрылыстар - оларға жұмсалған шығындардың толық сомасымен, ал жаңа сатып алынған активтер - оларды сатып алу жөнiндегi шығыстардың сомасымен енгiзiледi. Бухгалтерлiк шоттарда ескерiлген активтердiң бастапқы (қалпына келтiру) құны тек олардың құнын арттыратын қосымша құрылыс, қосымша жабдықтау немесе қайта құру жөнiндегi жұмыстар жүргiзгенде ғана өзгередi. Күрделi жөндеу жөнiндегi шығындар активтердiң құнын ұлғайтуға жатқызылмайды. Кiтапханалардың қорына енгiзiлген кiтаптар, оқулықтар мен басқа да басылымдар, оларды алғашқы түптеудiң құнын қоса, бекiтiлген баға бойынша есептеледi. Кiтаптарды жөндеуге және жаңғыртуға жұмсалған шығындар, оның iшiнде қайтадан түптеу, кiтаптардың құнын ұлғайтуға жатқызылмайды және бюджеттiк ұйымның сметасы бойынша шығыстарға жiберiледi. Активтер бюджеттiк ұйымға (қоймаға) түскен кезде материалды жауапты тұлға берерменнiң құжатына немесе ОС-1-н. активтердi қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актiсiне және НОС-1-н. материалдық емес активтердi қабылдау-тапсыру актiсiне осы құндылықтарды алғаны туралы қол қоюға тиiстi. Қоймадан активтердi беру бюджеттiк ұйымның басшысы бекiтетiн н. 434 жолдама қағазы (талап қағазы) бойынша жүргiзiледi. Активтердiң жарамсыздығын, оларды жөндеудiң тиiмсiздiгiн анықтау үшiн, активтердi есептеп шығаруға қажеттi құжаттарды рәсiмдеу үшiн бюджеттiк ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия құрылады. Комиссияның құрамына мыналар кiредi. Ұйым басшысының орынбасары (комиссия төрағасы), бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штаттық кесте бойынша бас бухгалтердiң лауазымы болмаған жағдайда, бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүктелген тұлға), жол полициясының өкiлi (автокөлiк құралдарын есептен шығарған кезде). Тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия есептен шығаруға жатқызылған объектiнi тiкелей қараудан өткiзедi, бұл орайда техникалық құжаттарды (паспорт, қабаттар бойынша жоспарлар және басқа құжаттар) қамти отырып, сондай-ақ бухгалтерлiк есептiң деректерiн пайдаланып, қалпына келтiруге және әрi қарай пайдалануға оның жарамайтынын растайды.
Комиссия есептен шығарудың себептерiн (тозу, қайта жасау, авария) ж.б. белгiлейдi, есептен шығарылатын объектiнiң тораптарын, тетiктерiн, материалдарын пайдаланудың мүмкiндiгiн анықтайды, оларды бағалайды және активтердi есептен шығаруға акт жасайды. Жарамсыздыққа жеткен активтердi есептен шығару белгiленген үлгiдегi мынадай актiлермен рәсiмделедi: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен, "Бюджеттiк ұйымдарда активтердi есептен шығаруға арналған акт" (ОС-3 бюдж. нысаны), "Автокөлiк құралдарын есептен шығаруға арналған акт" (ОС-4 нысаны); "Iш киiмдер, төсек орын жабдықтарын, киiм мен аяқ-киiмдердi, аспаптарды, өндiрiстiк және шаруашылық құралдарын баланстан шығаруға арналған акт" (н. 443), "Бюджеттiк ұйымдарда кiтапханалардан әдебиеттердi есептен шығаруға арналған акт" (444). Активтердi есептен шығаруға арналған актiлердi ұйымның басшысы бекiтедi. Есептен шығару актiлерiне қол қойылғанға дейiн активтердi бұзуға және қайта монтаждауға жол берiлмейдi. Бағалы металдарды қолданып жасалған тетiктер мен тораптар "Алтын" мамандандырылған кәсiпорынына тапсырылуға тиiс, ал түстi металдардан жасалған және басқа жабдықтарды жөндеуге пайдаланылмайтын тетiктер мен тораптар осындай шикi заттарды жинау жүктелген жасалған тетiктер мен тораптарды баланстан шығару белгiленген тәртiпке сәйкес есептеледi. Бюджеттiк ұйымдар активтердi есептен шығарудан алған материалдық құндылықтарды өз мұқтаждары үшiн пайдаланбаған жағдайда, олар белгiленген тәртiппен өткiзiледi. Егер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен активтердi өткiзуден түскен сомаларды пайдаланудың өзге тәртiбi белгiленбесе, бюджеттiк органдар бұл сомаларды республикалық бюджеттiк кiрiсiне аударады. Ғимараттар мен құрылыстарды бiр бағыныстан басқа бағынысқа беру мемлекеттiк мүлiк пен жекешелендiрудi басқарудың аумақтық органдарының шешiмi бойынша белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Мемлекеттiк мекемелер оларға смета бойынша бөлiнген қаражаттар есебiнен сатып алынған өздерiне бекiтiлген активтердi өз бетiнше сатуға құқығы жоқ. Активтердi сатуды активтер құнына байланысты "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондар ұйымдастырудың және өткiзудiң ережесiне" сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi немесе оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Активтердi баланстан шығарудың қолданылып жүрген тәртiбi бұзылған, сондай-ақ материалдық құндылықтарға немқұрайлылық көзқарас (жойып жiберу, жағып жiберу т.с.с.) орын алған жағдайда, бұған кiнәлi тұлғалар заңда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылады. Активтердi есептеу мүлiктiк объектiлерге бөлiнiп, олардың сақталу орындары мен жауапты тұлғалар бойынша жүргiзiледi. Бөлек мүлiктiк объект деп барлық қосалқы және жанама жарақтарымен қоса, аяқталған жобалық құрылым немесе белгiлi бiр жеке мiндеттi орындауға арналған өзгеше жобалы зат немесе бiрiккен тұтастықты бiлдiретiн және белгiлi бiр жұмысты бiрге орындайтын, жобалы мүшелiк заттардың кешенi есептеледi. "Ғимарат" қосалқы шоты бойынша мүлiктiк объект деп әрбiр жеке тұрған ғимарат саналады. Ғимараттың құрамына оны пайдалану үшiн қажеттi ғимараттың iшiндегi: жылытуға арналған қазандық қондырғыны қоса, ғимарат iшiндегi жылыту жүйесi (егер ғимараттың өзiнде болса), барлық құрылғыларымен қоса су-газ құбырларының және канализацияның iшкi торабы, барлық жарық беретiн арматураларымен бiрге қуат және жарық өткiзгiштерiнiң iшкi торабы, iшкi телефондық және хабарлау тораптары, ортақ санитарлық мақсаттағы желдеткiш құрылғылар, көтергiштер (лифттер) тәрiздi барлық коммуникациялар кiредi. Егер ғимарат бiрi бiрiне тиiсiп тұрса және ортақ қабырғасы болса, бiрақ әрқайсысы жеке жобалық тұтастықты құраса, олар бөлек мүлiктiк объектiлер деп саналады. Ауладағы құрылыстар, қоршаулар мен ғимаратқа қызмет көрсететiн басқа да жайлар (қора, шарбақ, құдық ж.б.) онымен қоса бiр мүлiктiк объектiнi құрайды. Егер бұл құрылыстар мен жайлар екi және одан көп ғимаратқа қызмет көрсететiн болса, олар дербес мүлiктiк объектiлер деп есептеледi. Ғимараттың сыртынан салынған, дербес шаруашылық маңызы бар құрылыстар, жеке тұрған қазандық ғимараты сондай-ақ ауладағы жобалы құрылыстар (қоймалар, гараждар және с.с.) дербес мүлiктiк объектiлер болып саналады. Есептi ұйымдастыру және активтердiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн әрбiр объектiге (затқа) кiтапханалық қорлардан басқа, он белгiден тұратын мүлiктiк нөмiр берiледi. Бiрiншi үш белгi-қосалқы шотты, төртiншi-топты және соңғы алтауы-топтағы заттың рет санын бiлдiредi. Топтарға бөлiнбеген қосалқы шоттар бойынша төртiншi белгi нөлмен көрсетiледi. Мәселен, былай: 0101000001 мүлiктiк нөмiрi 010 "Ғимарат" қосалқы шоты, 1 топ - өндiрiстiк сипаттағы ғимарат, объектiнiң рет нөмiрi - 000001 дегендi бiлдiредi; 0163000005 мүлiктiк нөмiрi 016 "Құрал-жабдықтар, өндiрiстiк (жабдықтарды қоса алғанда) және шаруашылық құралдар" қосалқы шоты, 3-топ - шаруашылық мүлiк, заттың мүлiктiк нөмiрi 000005 дегендi бiлдiредi. Ондағы мүлiктiк нөмiр осы бюджеттiк ұйымда болған бүкiл кезеңiнде сақталады. Шығып қалған немесе жойылған объектiлердiң мүлiктiк нөмiрi басқа объектiлерге берiлуге тиiстi емес. Арендаға алынған активтер 01 "Арендаға алынған активтер" баланстық шотында оған арендаға алушы берген мүлiктiк нөмiрмен есептеледi. Сатып алынған активтердiң құны - 01 шоттың тиiстi қосалқы шотының дебетiне және "Ақшалай қаржылар" бөлiмiнiң немесе "Есеп айырысу" бөлiмiнiң тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне жазылады. Пайдаланудан шыққан активтердiң сомасына 01 шоттың тиiстi қосалқы шоттарының кредиттерi және 250, 020 қосалқы шоттардың дебетi бойынша жазу жүргiзiледi. Активтердiң шығарылуы және ауыстырылуы жөнiндегi операциялардың есебi н. 438 жинақтаушы ведомостында (9 мемориалдық ордер) жүргiзiледi. Жинақтаушы ведомостқа жазулар енгiзiледi. Бұл орайда "Жиынтығы" бағанында шығарылған және ауыстырылған материалдық құндылықтардың сомасы жазылады, ол қосалқы шоттардың дебеттерi бойынша жазбалардың сомасына тең болуға тиiс. Ай аяқталған соң қосалқы шоттар бойынша қорытындылар "Бас журнал" кiтабына жазылады.
Активтердi талдамалық есептеу нн. ОС-6, ОС-8 НОС-6 мүлiктiк карточкаларында жүргiзiледi. Карточкалар әрбiр мүлiктiк объект (зат) бойынша жүргiзiледi. Бiртектi заттар ОС-9 н. карточкаларында есептеледi. Нн. ОС-6, ОС-8, ОС-9 НОС-6 мүлiктiк карточкалары активтердiң н. ОС-10 есебi бойынша мүлiктiк карточкалардың тiзiмiнде тiркеледi. Тiзiлiм бiр данада жасалады. Ондағы жазулар карточкалардың ашылған жылы көрсетiлiп, активтердiң топтары бойынша жүргiзiледi. Әрбiр топ үшiн беттердiң белгiлi бiр саны бөлiнедi. Нөмiрлеу 1-шi нөмiрден бастап әрбiр топ бойынша жүргiзiледi. Орталықтандырылған бухгалтерияларда тiзiм қызмет көрсетiлетiн әрбiр ұйым бойынша дәл осындай тәртiппен жасалады. Активтер шығарылған және ауыстырылған кезде тiзiмнiң "Ескерту" бағанында мемориалдық ордердiң уақыты (күнi, айы, жылы) мен нөмiрi көрсетiледi. Мүлiктiк карточкалар бухгалтерлiк қызметтiң картотекаларында сақталады, iшiнде олар - материалдық-жауапты тұлғалар бойынша, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда - қызмет көрсетiлетiн ұйымдар бойынша бөлiнiп, тиiстi қосалқы шоттар мен топтар бойынша орналастырылады. Н. ОС-6 карточкасы ғимараттарды, құрылыстарды, ауыспалы құрылғыларды, машиналар мен жабдықтарды, аспаптарды, өндiрiстiк (тиесiлi заттарды қоса) және шаруашылық бұйымдарды, көлiк құралдарын ж.б. Онда жазулар бастапқы құжаттардың: пайдалануға беру туралы қабылдау актiлерi, дайындаушы зауыттың техникалық паспорттары ж.б. құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi. Карточкаларда объектiлердiң (заттардың) өзгеше белгiлерi: сызбасы, үлгiсi, нұсқасы, маркасы, зауыттық нөмiрi, шығарылған (жасалған) уақыты, активтердiң пайдалануға берiлген уақыты мен нөмiрi көрсетiледi. Одан басқа объектiнiң (заттың) қысқаша жеке сипаттамасы жазылады. Жабдықтардың, аспаптардың, есептеу техникасының және с.с. құрамында қымбат бағалы металдар болған жағдайларда, "Объектiнiң қысқаша жеке сипаттамасы" бөлiмiнде құрамында қымбат бағалы металл бар тетiктердiң тiзбесi, тетiктiң атауы мен металдың паспортында жазылған массасы көрсетiледi. Активтердi бюджеттiк ұйымның iшiнде ауыстырған кезде осы карточканың арғы бетiнде жазу жүргiзiледi.
Н. ОС-8 карточкасы жұмыстық, өнiмдiк және асыл тұқымды малды, сондай-ақ көпжылдық өскiндердi және жердi жақсарту (құрылыссыз) жөнiндегi күрделi шығындарды есептеу үшiн қолданылады. Карточкада малдың жасы, түрi, таңбасы, аты т.с.с. көрсетiлiп, жеке сипаттамасы келтiрiледi. Көпжылдық өскiндер тұқымы, отырғызылған бiрлiк саны мен алаңы көрсетiлiп, мүлiктiк объектiлер бойынша есептеледi. Объектiнiң құнына, жұмыстың бүкiл кешенi бiткенiне қарамастан, пайдалануға қабылданған алаңдарға қатысты барлық шығындардың сомасы енгiзiледi. Жердi жақсарту жөнiндегi күрделi шығыстардың есебi әрбiр шара бойынша қамтылатын алаң мен орындалған жұмыстың құны көрсетiлiп, шараларға: жер бөлiктерiн жоспарлауға, алқаптарды егiстiк үшiн отауға, жабайы шөптердi, көлшiктердi тазартуға бөлiнiп жүргiзiледi.
Н. ОС-9 карточкасы кiтапханалық қорларды және сахналық-қойылым құралдарын топтап есептеуге арналған. Карточкалардағы жазу сандық және сомалық тұрғыда жүргiзiледi. Кiтапханалық топтар үшiн жеке карточка ашылады. Ондағы есеп ақшалай түрде жалпы сомамен ғана жүргiзiледi. Сахналық-қойылым құралдары бойынша топтық есепке арналған карточкалар материалдық жауапты тұлғалар бойынша номенклатуралық нөмiрi көрсетiлiп, бiр атаудың, көлемi, сапасы жөнiнен жақын материалдың заттары мен бағаларына ашылады.
"Активтердiң тозуы" 02 шотта бюджеттiк ұйымдардың балансында саналатын активтер тозуының қозғалысы көрсетiледi. Тозу ғимараттар мен құрылыстар, ауыспалы құрылғылар, машиналар мен жабдықтар, жұмыстық мал, көлiктiк құрал, өндiрiстiк (тиесiлiгiн қоса) және шаруашылық мүлiктер, пайдалану жасына жеткен көпжылдық өскiндер бойынша анықталады және есептеледi.
Тозу мынадай активтер бойынша анықталмайды: сәулет пен өнердiң бiрегей ескерткiштерi болып табылатын ғимараттар мен құрылыстар; жұмыс iстейтiн және жұмыс iстемейтiн жабдықтар, экспонаттар, нұсқалар, үлгiлер, кабинеттер мен лабораторияларда тұрған және оқулық және ғылыми мақсаттар үшiн пайдаланылатын макеттер және басқа да көрнекi құралдар; өнiмдiк мал, буйволдар, өгiздер, бұғылар, жануарлар әлемi экспонаттары (хайуанаттар парктерiнде және басқа осындай мекемелерде); пайдалану жасына жетпеген көпжылдық өскiндер; кiтапханалық қорлар, фильм қорлары, сахналық-қойылым жарақтары, мұражайлық және көркем құндылықтар, арттехқару-жарақ. Тозу сондай-ақ шекарадан тыс орналасқан бюджеттiк ұйымдардың активтерi бойынша да және 010-1 "Жер" қосалқы шотында ескерiлетiн активтер бойынша да анықталмайды. Активтердiң тозуы, олардың есептi айдың қай айында сатып алынғанына және салынғанына қарамастан, белгiленген нормаларға сәйкес, толық күнтiзбелiк жыл үшiн анықталады. Активтердiң есептеудiң нн. ОС-6, ОС-8 мүлiктiк карточкаларында тозудың жылдық сомасы - теңгемен, жылдық тозу нормасының шифры және тозу соңғы рет есептелген жыл жазылады. Нормативтiк активтер бойынша тозудың есебi 021 қосалқы шотында жүргiзiледi. Пайдалы тұтыну мерзiмiн анықтау мүмкiн емес материалдық емес активтер бойынша тозудың нормасы он жылға, бiрақ ұйым қызметi мерзiмiнен көп емес уақытқа белгiленедi. Тозудың есептелуi активтер құнының 100 %-iнен артық жүргiзiлуi мүмкiн емес. Жыл сайын тозудың сомасы карточкалардан ведомостқа жазылады. Желтоқсанның соңғы күнi тозудың жалпы сомасына дебет бойынша - 250 қосалқы шотын және кредит бойынша - 020, 021 қосалқы шоттарын көрсете отырып, мемориалдық ордер жасалады. Мемориалдық ордер бойынша тозудың сомасы тек "Бас журнал" кiтабына жазылады. Әрi қарай пайдалануға жарамды объектiлерге (заттарға) құнының 100 %-i мөлшерiнде есептелген тозу оларды толық тозу себебi бойынша есептен шығаруға негiз бола алмайды. Объектiлердiң жойылуына немесе тиiстi карточка бойынша қайтарусыз тапсырып берiлуiне байланысты оларды (заттарды) шығарған кезде зат (объект) пайдалануда болған уақыттағы тозудың жалпы сомасы анықталады және тозу 020 қосалқы шоты бойынша осы сомаға кемiтiледi. Объектiнi пайдаланудың бүкiл кезеңi үшiн тозу сомасы беру жылын есептемегенде, объектiнiң баланстық құны, оның мемлекеттiк мекемеде болған уақыты (күнтiзбелiк жыл саны бойынша) туралы түгендеу карточкаларда бар деректердiң негiзiнде есептеледi.
Семинар сабақтарының тапсырмалары:
Активтердің түрлері және олардың есебі.
Активтерді есептен шығару есебі
