Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№7 Лазер обр.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.9 Mб
Скачать

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛЄАН ЈДІСТЕМЕЛІК НЎСЌАУ

Биологиялыќ ўлпаларєа лазер сјулесініѕ јсер ету механизмі

Ќўрастырєан оќытушы Кусаинова К.Т.

Люминесценция және оныѕ түрлері.

Жарыќтың сәулеленуі денелерді ќыздыру нәтижесінде ғана емес, сонымен ќатар басќа құбылыстар кезінде де байќалады. Мысалы, газдардағы электр разряды кезінде, кейбір химиялыќ үрдістер кезінде (органикалыќ заттардың шіруі, фосфордың тотығуы),жарыќ ќоңыздарының (светлячок), теңіз микроағзаларының жарќырауы Ультракүлгін сәуленің әсерінен кейбір заттардың екінші ретті көрінетін жарќырауын тудыруға болады. Ќызған денелердің жарќырауынан басќа, өздігінен жарќыраудың барлыќ түрлері суыќ жарќырау не люминесценция деп аталады.

Жылулыќ сәулелену денелердің универсал ќасиеті болып табылады және сәйкес шарттарда тепе- тең күйге келеді. Люминесценция кең тарағанымен денелердің таңдамалы ќасиеті болып табылады, әрі сәулелену тепе- теңдік сипатқа ие бола алмайды. Люминесценцияны тудырған үрдістің энергиясы жұмсалып біткенде, люминесценция тоќтайды. Соған байланысты дене люминесценция кезінде фотондарды жарыќтандырады деп айтады. Дененің температурасы люминесценция интенсивтілігіне ыќпал ете алса да, люминесценция жылулыќ сәулеленумен бір мезгілде және оған тәуелсіз жүреді.

Люминесценция жылулыќ сәулелену сияќты атомға ќосымша энергия берілгенде жүреді, соның нәтижесінде атом ќозған күйге өтеді, ол негізгі күйге ќайтып келген кезде, фотон (жарыќ) сәулеленеді. Осы кезде энергетикалыќ деңгейлерде ќозған атомдардың үлестірілуі әртүрлі болады. Жылулыќ ќозу кезінде атомдар дененің температурасына сәйкес келетін барлыќ энергетикалыќ деңгейлерде тізбекті орналасады, осы кезде аса төменгі деңгейлерде өте көп атомдар орналасады, осы атомдар саны аса жоғары деңгейлерде экспоненциалды тәуелділік бойынша кемиді. Люминесценция кезінде бұл ереже сақталмайды, керісінше, аса жоғары белгілі бір энергетикалыќ деңгейлерде төменгі деңгейлерге қарағанда атомдар өте көп шоғырланады, бұл «деңгейлердің инверсиялы қоныстануы» деп аталады.

Люминесценция білінеді:

1) Атомдар мен молекулалардың қозуларын туғызу табиғаты бойынша,

2) Соңынан жарқыраудың ұзақтылығы бойынша,

3) Қозу кезінде атом ішінде жүретін үрдістер бойынша.

Мысалы, атомдар мен молекулалардың қозуларын туғызу табиғаты бойынша: биолюминесценция-тірі ағзаларда (саңырауқұлақтарда, бактерияларда, жәндіктерде) байқалатын жарқырау; электролюминесценция- электр разряды кезіндегі газдардың жарқырауы; катодолюминесценция- электрондардың соққысынан қозатын жарқырау (мысалы, электронды- сәулелік түтікшенің экранында); фотолюминесценция- ультракүлгін сәуленің әсерінен пайда болатын жарқырау; рентгенолюминесценция –рентген сәулесінің әсерінен жарқырау және т.б.

Ұзақтылығына байланысты соңынан жарқырау флуоресценция және фосфоресценция деп белгіленеді. Қозудың аяқталуымен бір мезгілде тоқтайтын жарқырау флуоресценция деп аталады. Соңынан жарқыраудың ұзақтылығы -тан кем болмаса (көптеген жағдайларда минут не сағат), ондай осындай жарќырау фосфоресценция деп аталады. Соңынан жарқырауы аса ұзақ болатын заттар фосфорлар деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]