Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция-касипкерлик (2).doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.07 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Алексеева М.М. Планирование деятельности фирмы.-М.: Финансы и статистика, 2010.-345с.

  2. Алексадрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма: Уч.пособие.- М., 2005. – 220 с.

  3. Акуленок Д.Н., Буров В.П., Морошкин В.А., Новиков О.К. Бизнес- план фирмы.-М.: Гном-Пресс, 2011.- 88с.

  4. Баканов М.И., Шеремет А.Т. Теория экономического анализа: Учебник. 4-ое изд. – М.: Финансы и статистика, 2009.-416 с.

  5. Балабанов И. Риск- менеджмент.- М.: Финансы и статистика, 2001. С.609.

  6. Бланк И.А. Управление прибылью. – Киев: «Ника-центр», 2001.-543с.

  7. Герчикова И.Н. Менеджмент.-М.: Банки и биржи. ЮНИТИ, 2002.-501 с.

  8. Дайан А., Буккерель Ф., Ланкар Р., Оллье Р. идр. Академия рынка. Маркетинг.-М.: Экономика, 2002.-572 с.

  9. Дихтль Е., Хершеген Х. Практический маркетинг: Пер. с нем. А.М. Макарова /Под ред. И.С. Минко. – М.: Высш. Шк., 2000.-255 с.

  10. Дурович А.П., Копанев А.С. Маркетинг в туризме.- Мн.: «Экономпресс», 2005.- 400 с.

Тақырып 2. Ұлттық, аймақтық және аудандық деңгейде туризмдегі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

Мақсаты: «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсында, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауда аймақтық деңгейге тәуекелділіктің классификациясына тоқталу.

Кілтті сөздер: Өндіріс шығыны, тәуекелділік, хеджирлеу, қызметтер, басқару, менеджмент, маркетинг, орналастыру қызметі, қабылдау, тамақтандыру, сыйымдылық, кәсіпкерлік мәміле, коммерциялық тәуекел, мотель, қонақ үй тізбектері, басқару, даму, жайлылық, орналасу орны, тамақтандыру, қызмет көрсету, сыйымдылығы, сервис, бағасы.

Сұрақтар:

1. Тәуекелділіктің мәні мәні, өндіріс және айналым шығындары.

2. Тәуекелділіктің классификациясы.

Экономика ғылымындағы әртүрлі мектептің өкілдері (К.Маркс, А.Маршалл, Д.Милль, Д.Робинсон) кәсіпкерліктегі шығындарды зерттеуге қомақты үлес қосты. Шығынның маркстік 0тұжырымдамасы екі маңызды нәрседен басталады: өндірі шығыны мен айналым шығыны.

Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі (амортизациялық) мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындары енеді.

Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты.

Бұл жағдайда К.Маркс бағаның құннан ауытқу мәселесінен қараған. Ол өзінің ойын мынаған негіздеді: тауар бірлігінің құнын-өндіріс шығыны мен айналым шығыны құрайды. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатындығын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын,сорттауын, тасымалдануын және сақталуын енгізеді.

Тәуекелділік – қоғамдық пайдалы нәтижеге мақсаттылықпен жету үшін құқылы қауіптілікті жасау, себебі кәдімгі және тәуекелсіздік құралдарымен қол жеткізу мүмкін емес. Тәуекелділік классификациясы:

  1. өндірістік тәуекел – кез-келген өндірістік қызмет түрін жүзеге асырумен түсіндіреді. Басты себептері – межеленген өндіріс және өткеру көлемін мүмкіндігінше төмендету, материалдық, яғни басқа да шығындардың өсуі, көтеріңкі төлеммен салықтарды төлеу.

  2. коммерциялық тәуекел – кәсіпкерлерге бекітілген тауар мен қызмет көрсету процесін өткергенде туындайды. Яғни, тауардың кең тараған түріне сатып алу бағасының өсуі немесе ойламаған жерде төмендеуін, айналым процесіндегі тауардың жоғалуын, айналымдағы шығынның көтерілуін, өткерілу көлемінің төмендеуін т.б. жатқызуға болады.

  3. қаржылық тәуекел – заем қорларының барлық кәсіпорындағы қаржы қорларынан қатынасымен байланысты болады.

  4. пайыздық тәуекел – пайыз нормасының өсуіне қарай, бағалы қағаздарға бағаның төмендеу мүмкіндігімен байланысты.

  5. несие тәукелділігі – заемщиктің қарызды төлемегендігімен түсіндіріледі.

Тәуекелділікті басқару саласында білікті квалификациялық жұмыс жүргізе отырып, оны азайтуға болады. Ол үшін өзін-өзі сақтандыруды қолданады, тәуекелділіктің бір бөлігін хеджирование жолымен басқа жеке тұлғаға немесе ұйымға береді, опциондар, сақтандырулар жүргізіледі.

Тәуекелділіктің азайуына тиімді болжау мен жоспарлау, лимиттеу ықпал етеді. Хеджирование ағылшын сөзі. Бұл фьючерлік іс-әрекет жасағанда тәуекелділіктен сақтандырудың бір түрі. Хеджирование банктік, биржалық, коммерциялық практикада қолданылады. Өзін - өзі сақтандыруды қолдану арқылы фирма өзінің кеткен шығынын кеміту мүмкін. Ол арнайы резервтік қордың құрылуымен байланысты немесе шеккен зияндарын өзінің айналмалы қаржы қорының бір бөлшегімен жабады. Кәсіпорындарды өзін-өзі сақтандырудың бір түрі опциондарды шығару. Опцион – алдағы келісім бойынша, сонда көрсетілген жағдайға қарай сатып алушының сатып алу құқығы.