- •Дәрістер кешені
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1. Тәуекелділіктің мәні мәні, өндіріс және айналым шығындары.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылу формасы.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1. Қонақ үй саласында персоналдың иминджін құру.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1. Қонақ үйлерді басқарудың кезеңдері.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1. Персоналдың кызметі және оның қызмет етуіне кажетті негізгі талаптар.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •8.2. Инвестициялардың жіктелуі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Мақсаты: Кәсіпкерлік курсында өзіндік құнды анықтау. Кілтті сөздер: Сапа, лицензиялық келісімдер, экономикадық ынталандыру , патенттер, жарғылық қор, амортизациялық қор, сұраныс заңы, даму,
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Кілтті сөздер: Өндіріс шығындары, лицензиялық келісімдер, экономикадық ынталандыру , патенттер, жарғылық қор, амортизациялық қор, сұраныс заңы, даму,
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Ермаков В.А. Как организовать свой малый бизнес. Алматы, 2007.
Хоскинг А. Курс предпринимательства. М. 2003
Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма: Учеб.пособие. – Мн.: БГЭУ 2005.-644 с.
Квартльнов В.А. Стратегический менеджемент в туризме: Современный опыт управления. – М.: Финансы и статистика,2001,-496 с .
Ковалев В.В, Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчётности. – М.: Финансы и статистика, 2012.- 368с.
Котлер Ф. Боуэн Дж,. Мейкенз Дж. Маркетинг. Гостеприимство и туризм: Учебник для вузов / Пер. с англ. Под ред. Р.Б. Ноздревой. – М.6 ЮНИТИ, 2002т.- 787 с .
Ламбен Ж.Ж. Стратегический маркетинг. - СПБ.: Наука, 2009. 306 с.
Липсиц И.В., Коссов В.В. Инвестиционный проект: методы подготовки и анализа . – М., 2012. – 293 с.
Любанова Т.П., Мясоедова Л.В. Граматенко Т.А., Олейнекова Ю.А. Бизнес-план: Учебно-практическое пособие. - М.: «Издательство ПРИОР» , 2009. – 172 с.
Николаева С.А. Особенности учета затрат в условиях рынка: система «Директ-костинг». – М.: Финансы и статистика, 2013.- 124 с.
Тақырып 11. Тауарлар мен қызмет көрсетуді тарату каналдары, каналдар деңгейі
Мақсаты: Тауар қозғалысын басқару. Каналға қатысушылардың көзін жеткізу.
Кілтті сөздер: Бәсеке, нарық, маркетингтік мақсаттар, синхромаркетинг, жетілген бәсеке, сыйымдылық, персоналды басқару, оперативтік және стратегиялық жоспарлау, сұраныс заңы, даму, креативтік маркетинг
Сұрақтар:
1. Тауар қозғалысын басқару және тарату каналдары
2. Туризм саласындағы маркетинг
Әдебиеттер: 1-10
Тауар — қажеттілікті немесе мұқтаждықты қанағаттандыра алатын нəрсенің барлығы. Ол нарыққа назар аудару, сатып алу, пайдалану немесе қолдану үшін ұсынылады. Тауар қозғалысын жоспарлау. Маркетингтегі тауар қозғалысы деп тауарды сатылу орнына нақты белгіленген уақытта жəне сатып алушыларға барынша жоғары дəрежеде қызмет көрсетумен жеткізуді қамтамасыз ететін жүйені айтады. Шетелдік авторлар тауар қозғалысын жоспарлау дегенді тасымалдауды, сақтауды, келісім жасауды қосқанда, тауар мен қызметтің өндірушіден тұтынушыға физикалық көшуі мен оған меншіктің берілуіне қатысты жүйелі түрде шешім қабылдау деп түсінеді. Тауар қозғалысы каналдарының қызметі жəне делдалдар-дың рөлі. Көптеген өнімдер мен қызметтерге қатысты тауар қозғалысы қызметін осы үшін жауапкершілік жүктелген өткізу каналдарының қатысушыларының бірі орындауға тиісті. Өткізу каналдарының қатысушылары маркетингтік зерттеулерде шешуші рөл атқара алады. Олар нарыққа жақын болғандықтан, тұтынушылардың сипаттамалары мен мұқтаждықтарын жақсы біледі. Сатып алу шарттары өзгеруі мүмкін. Кейбір жағдайларда өткізу каналдарының қатысушылары өнімге оны алғаннан кейін төлейді; кейбір жағдайларда өнімді консигнация шартымен алып, сатуға дейін төлемейді. Төлемқолма-қол ақшамен бірденжүзеге асырылуы да, 60 күннен немесе одан да көп уақыттан кейін төленуі де мүмкін. Егер делдал өндірушіге тауардың ақшасын ол қайта сатылғанған дейін төлемесе, өндіруші ақшаның түсімі кезіндегі қиындықтарға, өнімнің біраз бөлігін қайтару, өнімнің ескіруі, бұзылуы жағдайына, бөлшек жəне көтерме саудамен жасалатын көптеген келісімдерге, тұтынушыларға сату көлемінің төмендеуіне тап болуы мүмкін. Каналға қатысушылардың көзін жеткізу. Делдалдарға өз міндеттерін жақсы орындау керектігін үнемі түсіндіріп отыру керек. Көптеген өндірушілер делдалдармен ынты-мақтастық орнату бойынша қиындықтарға тап болып жатады. Компаниялар өздерінің дистрибьюторларымен ұзақмерзімді қатынастар орнатуға ұмтылады. Өндіруші дистрибьютордан өзіне не керектігін жəне олардың өндіруші тарапынан қандай артықшылықтарға ие болатынын анықтайды. Ол бөлшек саудаға қатысты саясатта келісімге келіп, дистрибьюторларға осы келісімді қаншалықты нақты орындауына байланысты сыйақы төлеуді ұсына алады. Қызметтің ең озық əдістерінің бірі — таратуды жоспарлау. Маккаммононы өндірушініңде, дистрибьюторлардың дамүдделерін ескеретін, жоспарлы негізде тікелей маркетингтік жүйемен кəсіби басқарылатын үрдіс ретінде анықтайды. Маркетинг қызметінің аясында өндіруші дистрибьюторлармен жұмысты жоспарлау жөніндегі арнайы бөлімді бекітеді. Бұл бөлім дистрибьюторлардың мұқтаждықтарын анықтаумен, сондай-ақ əрбір дистрибьюторға өз мүмкіндіктерін айтарлықтай толық пайдалануға арналған сауда саласын ынталандыру бойынша бағдарламаларды дайындаумен айналысады. Бөлім дистрибьюторламен бірге қол жеткізу керек коммерциялық мақсаттарды белгілейді, қажетті тауар қорларының деңгейін анықтайды, сауда алаңдарын пайдаланужəне тауарларды үгіттеу үшін оларды безендіру жоспарын жасайды, сауда қызметкерлерін дайындауға қойылатын талаптарды дайындайды, жарнама мен өткізуді ынталандыру жоспарын құрастырады. Осы жұмыстардың негізгі мақсаты — дистрибьюторларға олардыңжете ойластырылған маркетингтік жүйенің бір бөлігі болғандықтан ғана табыс тауып жүргендіктерін көрсету.
Бүгінгі таңдағы туризм туристік өнім сервис және өндірісті ұйымдастыру сипаттамаларының бір қатар маңызды ерекшеліктермен айрықшаланады. Сонымен туризм индустриясының жүйесіне мамандандырылған мәселелер, ұйымидар мен қоғамдар енеді. Олардың барлығы маркетингпен айналысуға мәжбүр. Бұл жерже саяхаттар бюросы, ресторан мен транспорттық мекеме үшін маркетинг мақсаты мен мазмұны бірдей емес. Сонымен туристік фирма клиенттерінің мұқтаждығын қанағаттандыру есебінен өз кірісін арттыруға ұмтылады. Ұлттың аймақтық әкімшілік аймаққа туристерді көп тартқысы келеді. Қоамдық туристік ұйым өз мәнін көтеруді және өз кәсіби қызметінің пайдасын көрсетуді қалайды.
Жоғарыда баяндағандай туризм саласында маркетингтің келесі деңгейін ерекшелеуге мүмкіндік береді: туристік мекемелердің маркетингі (туроператорлар мен турагенттердің);
- туристік қызмет көрсетушілердің маркетингі;
- қоғамдық туристік ұйымдар маркетингі;
- территориялар мен аймақтар маркетингі;
Алғашқы екі деңгей коммерциялық маркетинг саласына жатады. Түрлі деңгейдегі институттардың маркетингтік қызметін бөлу шамамен төмендегідей болады.
Мемлекеттік және жергілікті органдардың негізгі маркетингтегі мыналар болады:
- Маркетингтік зерттеулер жүргізу;
-Стратегиялық ұлттың, аймақтың және жергілікті маркетингтік концепциялар жасау;
- Туристік инфрақұрылымды дамытуды қолдау;
- Маркетингтік концепцияларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес беру қызметі;
- Елдің (аймақтың, турорталықтың) тамаша имиджін, образын жасау;
- Жарнама саласында шаралар жүргізу.
Туристік мекемелер өз кезегінде келесі маркетингтік қызметтерді орындауға бағдарлануы тиіс:
- Нарықтық мүмкіндіктерді сараптау;
- Болашағы бар мақсатты нарықты таңдау;
- Туристік өнім жасау;
- Турөнімді тарату;
- Турөнімді қозғау;
- Туризмдегі маркетингі дамытудың ұлттық, аймақтық және жергілікті концепцияларын іске асыруға қатысу.
Маркетингтің түрлі деңгейлерінің арасында тығыз байланыста болу керек. Халықаралық туризм нарығы түрлі елдер арасындағы қатаң бәсекелестіктің аренасы. Олардың көпшілігі үшін туризм – ұлттық экспорттың маңызы бар. Бәсекелестік күрес нәтижелері түрлі елде туристік саясат қалыптасуының нақты күшіне тікелей байланысты.
Маркетингтің туристік саясаты – туризмнің экономикалық тиімділігінің артуына, туристік ресурстарды тиімді пайдалануды, туристік индустрияның дамуы үш жағдайды жасауды анықтайтын мемлекеттік іс – шаралардың жиынтығы.
