- •Дәрістер кешені
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1. Тәуекелділіктің мәні мәні, өндіріс және айналым шығындары.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылу формасы.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1. Қонақ үй саласында персоналдың иминджін құру.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1. Қонақ үйлерді басқарудың кезеңдері.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1. Персоналдың кызметі және оның қызмет етуіне кажетті негізгі талаптар.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •8.2. Инвестициялардың жіктелуі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Мақсаты: Кәсіпкерлік курсында өзіндік құнды анықтау. Кілтті сөздер: Сапа, лицензиялық келісімдер, экономикадық ынталандыру , патенттер, жарғылық қор, амортизациялық қор, сұраныс заңы, даму,
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Кілтті сөздер: Өндіріс шығындары, лицензиялық келісімдер, экономикадық ынталандыру , патенттер, жарғылық қор, амортизациялық қор, сұраныс заңы, даму,
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Дәрістер кешені
Қолданылған әдебиеттер:
Адронов В.В. Корппоративное предпринимательство: менеджмент, финансы и государственное регулирование. – Москва: Экономика, 2003г.
Бусыгин А.В. Предпринимательство М., Дело. 2003г.
Прелпринимательство в Республике Казахстан.Под ред. Окаев К.О. Алматы Экономика 2000г.
Бизнес – планирование: создание успешного бизнес – плана на предприятии. – Москва, 2004г.
2003 – 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық – инновациялық даму стратегиясы.
Бизнес каталог промышленности РК – Алматы КазИНформ центр 1995г.
Қазақстан республикасындағы кәсіпкерлік. Заңдылық құжаттар мен ақпараттар 2004ж.
Қазақстан республикасындағы жеке бизнес 2004ж. Алматы, ЛЕМ.
Смагулова Н.Т. Планирование и организация предпринимательства. Алматы, 2002ж.
Қосымша әдебиеттер:
Кәсіпорын экономикасы. – М “Инфра” 1998ж.
Қазақстанның 2010 жылға дейінгі стратегиялық өсу жоспары. Астана 2001ж.
Хей.Д.Моррим Д.Теория организаций промышленности в двух томах. Экономическая школа, 1999г.
Конатчинова А.К. Модернизация структуры производства промышленности РКю – Алматы: Ғылым 2000ж.
Тақырып 1. Кәсіпкерліктің шарттары мен мақсаттары. Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесіндегі бизнес-қызметтің қатысушыларының мүдделері
Мақсаты: «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсында, оның түсінігіне, даму тарихына жан-жақты тоқталып, негізгі терминдерін талдау.
Кілтті сөздер: Табысты кәсіпкер, қонақ үй шаруашылығы, классификация, қызметтер, басқару, менеджмент, маркетинг, орналастыру қызметі, қабылдау, тамақтандыру, сыйымдылық, кәсіпкерлік мәміле, халықаралық қонақ үй, мотель, қонақ үй тізбектері, басқару, даму, жайлылық, орналасу орны, тамақтандыру, қызмет көрсету, сыйымдылығы, сервис, бағасы.
Сұрақтар:
1. Кәсіпкерліктің мәні, қонақ үй шаруашылығымен байланысы.
2. Кәсіпкерлік пәнінің объектісі мен субъектісі.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы ерікті кәсіпкерліктің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан республикасының Үкіметі кәсіпкерліктің дамуына үлкен назар аударады. Табысты кәсіпкер болу үшін, кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру негіздерін білу қажет.
Кәсіпкерлік қызметтің ғылыми және тәжербиелік негіздерін,оның қазіргі кездегі жоспарлау әдістерін тарату және қолдану болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін, қызмет жағдайы мен түрлерін білу;
Қалыпты қызметті қамтамасыз ететін барлық ресурстардың ең ыңғайлы варианттарын анықтау;
Кәсіпкердің шаруашылық қызметіне талдау жүргізу;
Шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік тәуекелінің бағасын анықтау;
Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру әдістемесін қолдану және т.б.
“Кәсіпкерлік” пәні бірқатар аралас пәндерді оқумен тығыз байланысты: “Әлеуметтік-экономикалық статистика”, “Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті”, “Баға белгілеу”, “Информациялық экономикалық жүйелердегі жаңа технологиялар”.
“Кәсіпкерлік” пәнінің оқу объектісі болып, кәсіпкерлік теориясы және тәжербиесін үйлестіретін, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үрдісі болып табылады.
Кәсіпкерлік – кәсіпорынның, қаржы және коммерциялық ұйымдардың мамандары және басшыларының шаруашылық қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ, экономиканы басқарудың осы маңызды бөлігіне жеткілікті көңіл бөлінбеі келді. Кәсіпкерліктің даму теориясы соңғы бірнеше онжылдықтарда ғана дамып келеді.
Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасу мен даму стратегиясы» бағдарламасында (1992) назарбаев Н.Ә. экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдің шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуде жалғастыру болатынын атап көрсетті:
І кезең 1992 – 1995 жылдары макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процестерін қамтиды: меншіктің едәуір бөлігін жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру;
ІІ кезең 1996 – 2005 жылдар экономиканың шикізат базасын өзгертуге қадам басу үшін, телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту, сонымен бірге дамыған тауар және ваоюта нарықтары, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар мен интеллектуальды меншік нарықтарын қалыптастыру үшін қажет;
ІІІ кезең 2006 – 2012 жылдар экономиканың ашық типін жедел қарқынмен дамыту, осының негізінде өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға жету және Қазақстанның әлемдік индустриальды елдер қатарына кіруі мен әлемдік саудада позициясының нығайуымен сипатталады.
1997 жылдың қараша айындағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық дамудың қортындысы шығарылды, тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асыруға көзделегн жеті ұзақ мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетіледі.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мына үш кезеңде болуы қажет:
1998-2000 жылдар;
2001-2010 жылдар;
2011-2030 жылдар.
Ұзақ мерзімді басымдылықта Қазақстан Республикасы Президенті: «Қазақстан Конститутциясына сәйкес біз әлеуметтік – нарықтық экономика құрамыз» деп тағы да атап көрсетті. Қабылданатын заңдар мен шешімдер біздің стратегиямыздың жүйесінде болуы керек.
