Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ТЭЦ Сагындыкова КАЗ +.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.29 Mб
Скачать

1 Жұмыс бағдарламасы

1.1 Пәнді оқыту мақсаты

Пәнді оқытудың мақсаты болып студенттерге әлемнің физикалық көрінісі мен ғылыми дүниетанымы туралы түсінікті қалыптастыру болып табылады. Студенттерде классикалық және қазіргі заманғы физика теорияларын, физикалық әдістерді кәсіби шығармашылықтың негізгі жүйесі ретінде және физикадағы орнықты заңдар туралы білімді және оны пайдаланыду қалыптастыру.

2. Пәннің негізгі міндеті физиканың негізгі түсініктерін менгеру болып табылады.

Оқыту барысында студент білуі керек:

  • физиканың негізгі заңдылықтары мен түсініктерін;

  • физикалық есептерді шығару барысында нақты әдістер мен формулаларды пайдалану;

  • физикалық әдістерді пайдалану үшін есептің қойылу тәсілдері туралы түсінік;

3. Алдын ала міндетті курстар (Пререквизиттер): «Физика 1» курсын оқу үшін келесі пәндер бойынша білімі болуы қажетті: Алгебра (квадрат функциялар, теңдеулер және теңдеудер жүйесі, арифметикалық және геометриялық прогрессиялар, рационал көрсеткішті дәреже, тригонометриялық теңдеулер;) Геометрия (планиметрия, стереометрия, координаттар және векторлардың қолданылуы, тригонометрияның қолданылуы), Мектептің физика курсы.

«Физика» пәні жоғарғы техникалық оқу орындарында жоғарғы математика, теориялық механика, жалпы химия және т.б. пәндермен қатар бакалаврлар дайындау бағдарламаларының жалпы теориялық негізін құрайды және кез келген техникалық бағыттар бойынша жоғарғы инженерлік – техникалық оқу орнын бітіруші мамандардың келешек қызметтерінің негізгі (базалық) міндетін атқарады.

1.2 Электр тізбектер теориясын оқытудың басты міндеттері

- студенттердің көзқарасын, қазіргі заман физикасының көмегімен әлем бейнесінің сипатын көрсете білу қабілеттілігін және ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

- студенттерге физиканың іргелі заңдарын классикалық теорияларын, қазіргі заман физикасы туралы білімін және оларды іс жүзінде қолдануды икемділіктерін қалыптастыру, сонымен қатар кәсіби мамандығының негізгі жүйесі ретінде физикалық зерттеулердің әдістемелерін игеретін деңгейде білім беру.

Жоғарғы техникалық оқу орындарындағы электр тізбектері теориясы курсының міндеттері:

  • классикалық және қазіргі физиканың теорияларын, заңдарын олардың ішкі өзара байланыстарын, бір тұтастығын т.б. көріністерінің негізгі мән мағынасымен таныстыру, сондай – ақ болашақ инженерлер үшін физикалық ұғымдар мен құбылыстарды және олардың заңдарын игеріп, белгілі жағдайда тиімді пайдалана білудің қаншалықты маңызды екендігіне көз жеткізу.

  • студенттерді, кәсіби мәселелерді шешудің негізі болып табылатын физика пәнінің әр түрлі салаларына қатысты мәселелерді (теориялық және эксперименталдық оқу мәселесі) шешуге дағдыландыру.

  • студенттерді эксперименталдық немесе теориялық зерттеу әдістері арқылы алынған нәтижелердің дұрыстығының дәрежесін анықтауға дағдыландыру.

  • студенттердің физикалық құбылыстардың моделін компьютер арқылы жасау, табиғи құбылыстарды өз бетімен танып білу, творчестволық ойлау жүйесін дамытуға жол ашу.

  • студенттерді қазіргі өлшеу аспаптарымен таныстыру, эксперименталдық зерттеулерді жүргізу, нәтижелерді өңдеу дағдысы мен іскерлігін жетілдіру, болашақ мамандығына байланысты қолданбалы мәселелердің нақты физикалық мағынасын танып білуге үйрету.

(кемінде бір семестр).