Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus-stom.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
743.42 Кб
Скачать

2.2 Пәннің мақсаты

Аурулардың құрылымдық негізі, морфологиялық бейнесі, асқыну зардаптары, ақыры мен дифференциалдық диагностикасы жайлы білім қалыптастырып, болашақ стоматолог-дәрігерге алған білімін науқастардың жас шамасына байланысты ерекшеліктерді ескере отырып, күнделікті жұмысында қолдануды игерту.

2.3 Оқыту мақсаттары

  • зақым (альтерация), адаптация, қан- жєне лимфа айналымының бұзылуы, қабыну, иммундық жєне ісіктік үдерістер, жасушалық патология мен стереотипті патологиялық үдерістердің құрылымдық бейнесін таныту;

  • жалпы патологиялық үдерістердің даму барысындағы (морфогенезіндегі) құрылымдық өзгерістердің этиологиясы мен патогенезі жайлы білім қалыптастыру;

  • патологиялық үдерістер мен олардың асқынуы және ақырының құрылымдық бейнелерін өзара ажырататуға негіз болатын морфологиялық нышандарды игерту;

  • зақымның (альтерация), адаптацияның, қан- және лимфа айналымы бұзылуының, қабынудың, иммундық жєне ісіктік үдерістердің морфологиялық нышандары бар препараттарды макро- және микроскопиялық тәсілдермен зерттеуді үйретіп, машықтандыру.

2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білуге тиісті:

  • зақым (альтерация), адаптация, қан- жєне лимфа айналымының бұзылуы, қабыну, иммундық және ісіктік үдерістер сияқты жалпыпатологиялық үдерістердің құрылымдық бейнесі мен даму барысы (морфогенезі) ;

  • аурулардың даму барысындағы, асқынғандағы және ақыры мен өлім себептеріндегі құрылымдық өзгерістердің өзара айырмашылықтарының негізгі морфологиялық нышандары.

істей алуға тиісті:

 жалпыпатологиялық үдерістер кезінде органдар мен тіндерде дамитын макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді сипаттап, талқылай алу;

 патологиялық үдерістерді өзара ажырату жєне органдар мен тіндердегі патоморфологиялық өзгерістер арқылы әртүрлі аурулардан дамитын асқыну зардаптарын, ақыры мен өлім себептерін анықтау.

игеруге тиісті дағдылар:

 әртүрлі патологиялық үдерістердің макроскопиялық және

микроскопиялық бейнесін сипаттай алу;

 морфологиялық өзгерістердің патологиялық үдерістерге тән клиника

функциялық нышандармен сабақтастыра пайымдау.

2.5 Реквизитке дейінгі: биологиялық химия, анатомия, бас пен мойынның клиникалық анатомиясы, гистология, қалыпты физиология, клиникаға кіріспе.

2.5 Реквизиттен кейінгі: терапиялық стоматологияның пропедевтикасы, хирургиялық стоматологияның пропедевтикасы, ортопедиялық стоматологияның пропедевтикасы, балалар стоматологиясы мен ортопедиясының пропедевтикасы, терапиялық стоматология.

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:

Патологиялық анатомия медициналық жоғарғы оқу орнында дәрігерлерді дайындауда негізгі пәндердің бірі болып саналады. Еңбек ету саласына қарамастан дәрігер патологиялық жағдайлардың патоморфологиялық көрінісі мен морфогенезі жайлы жасушалық, мүшелік және ағзалық деңгейдегі көріністерін жеткілікті білуге міндетті.

2.7 Тақырыптық жоспары

2.7.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары

Тақырыбы

Жүргізу түрі

Сағат саны

1.

Зақым (альтерация). Дистрофиялар. Морфогенездік механизмдері, жіктелуі

Жалпы шолу

2

2.

Қан жєне лимфа айналымының бұзылуы.

Жалпы шолу

2

3.

Қабыну. Қабыну фазаларының морфологиясы.

Жалпы шолу

2

4.

Онкопатология. Ісіктердің морфогенезі мен гистогенезі. Классификациясы.

Жалпы шолу

2

5.

Жүрек-тамыр жүйесініњ аурулары.

Жалпы шолу

2

6.

Өкпенің жедел және созылмалы аурулары.

Жалпы шолу

2

7.

Ас қорыту жүйесінің аурулары.

Жалпы шолу

2

8

Бауыр аурулары.

Жалпы шолу

2

9.

Зәр шығару жүйесінің аурулары.

Жалпы шолу

2

Жалпы сағат саны:

18

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]