- •Оқу семестрі: 5, 6 Курсы: ііі Емтихан: vі семестр
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •2. Бағдарлама
- •2.2. Пәннің мақсаты:
- •2.3. Оқыту міндеттері:
- •2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері. Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:
- •2.5. Пәннің пререквизиттері және постреквизиттері:
- •2.6. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •2.7. Tәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстарының, oқытушымен бірге студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспарлары
- •2.7.1. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары (академиялық сағаттың ұзақтығы – 50 минут)
- •2.7.2. Студенттердің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар (сөж)
- •2.7.3. Оқытушымен бірге студенттердің өзіндік жұмысы
- •2.8. Суммативті бағалау әдісінің дизайны. Оқытудың соңғы нәтижелері және тақырыптық блоктар бойынша бағалау әдістерінің үйлестірілуі
- •2.9. Негізгі және қосымша әдебиет:
- •2.10. Оқыту және үйрету әдістері.
- •2.11. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері.
2. Бағдарлама
2.1. Кіріспе
Гистология-2 мүшелер құрамында әртүрлі тіндердің құрылысы, тіршілік әрекеттері және өзара әрекеттесуі туралы ғылым. Ол басқа фундаменталды пәндерді және ішкі аурулар пропедевтикасын оқып білуге негіз қызметін атқарады. Ересек адамдарда және балаларда негізгі мүшелер мен мүшелер жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін физиологиялық процесстерді түсіну үшін, ең кең таралған синдромдардың пайда болу патогенездік және патоморфологиялық механизмдерін білу үшін жасушалар мен тіндердің қалыпты құрылымын мүшелер мүшелер мен мүшелер жүйелерінің гистологиялық құрылысын білу керек.
Интеграцияланған оқытудың ұстанымдарына сәйкес гистология - 2 оқу пәнінің көлемі мен мазмұнын балалық шақтың патологиясы, ерекшеліктерін қамтитын ішкі аурулар пропедевтикасының талаптары анықтайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.
Білім алу деңгейі |
Рөлдермен берілген құзіреттіліктер |
Салыстырмалы үлестірілімі |
Б1.1 |
ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ : медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады |
0,7 |
Б 1.2 |
ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ - АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ: зерттеу сұрағын дұрыс құра алады, дереккөздерге сын көзімен баға береді, әсерлі презентация жасай алады, компьютер технологияларын қолдана біледі.
|
0,2 |
Б 3.1 |
КӘСІБИ ТҰЛҒА - ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ: үнемі оқуға деген қабілетін көрсетеді. |
0,1 |
2.2. Пәннің мақсаты:
Модульдік принцип және фундаменталды пәндермен интеграциялау негізінде адам мүшелері жүйелерінің (жүрек-тамыр, тыныс алу, тері және оның туындылары, несеп-жыныс, асқорыту және қан өндіру, эндокриндік, нерв, тірек-қимыл) гистологиялық құрылысы туралы біртұтас білім қалыптастыру.
2.3. Оқыту міндеттері:
Студенттерде құрылым мен қызметтің ұштастығы көзқарасынан және жарық, электрондық микроскопиялық мәліметтер негізінде әр түрлі жастағы ересек және балалардың негізгі мүшелер жүйелерінің тіндік және жасушалық құрамы бойынша білім қалыптастыру.
Физиология-2, патанатомия -2, патофизиология-2, жеке жүйелерді тексеру әдістеріне қатысты ішкі аурулар пропедевтикасының бөлімін игеру үшін қажет базистық морфологиялық білімдерді қалыптастыру.
2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері. Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:
Білім алу деңгейі |
Рөлдермен берілген құзіреттіліктер |
Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі) |
Б1.1 |
ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ |
Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды. - Жарық, электрондық микроскопиялық мәліметтер негізінде әр түрлі жастағы ересек адамдардың және балалардың негізгі мүшелер жүйелерінің тіндік және жасушалық құрамын; Түсінеді. - Мүшелер және мүшелер жүйелерінің қызметтер атқарылуда олардың құрылымдық құрамдастарының рөлін; - Мүшелердің гистогенезінің, құрылысының, гистофизиологиясының және регенерациясының жалпы заңдылықтарын; - Әртүрлі физиологиялық және қорғаныш-бейімдену реакцияларға байланысты кейбір мүшелердің жасушалық құрылымдарының өзгерістерін айырып тануды; Қолданады. - Гистологиялық препараттарды микроскопиялық зерттеудің және тіндерді идентификациялаудың (ұқсатудың) машықтарын; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік. - Биологиялық микроскоптың құрғақ және иммерсиялық жүйелерін қолданып, мүшелердің гистологиялық препараттарын микроскопиялық зерттеуді дәлділікпен орындайды. - Гистологиялық препараттың суретін салу немесе оны зерттеудің хаттамасын жасауды дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді. - Микропрепараттармен жұмыс жасау және оларды талдау, клиникалық және аналитикалық ойлау қабілетін қалыптастырады, іс-әрекетінде ғылыми жұмыстардың;
|
Б 1.2 |
ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) - АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ.
|
Білім (когнитивті) домені: Қолданады. - Мүшелердің эмбриондық даму көздерін, гистологиялық құрылысының ерекшеліктерін микроскоппен зерттеп және оны атластағы суретпен салыстырып, толық мағыналы түсіну үшін қосымша ақпараттар көздерін; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік. - Микропрепараттарда мүшелер мен мүшелер жүйесінің тіндерінің жасушалық және жасушалық емес құрылымдарын зерттеуді дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді және ұйымдастырады. - Ғылыми, медициналық әдебиеттермен, интернет ресурстармен, микроскоп және микропрепараттармен өзіндік жұмыс жүргізудің құндылықтарын үлестіреді және ұйымдастырады.
|
Б 3.1 |
КӘСІБИ ТҰЛҒА (3) - ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ. |
Білім (когнитивті) домені: Қолданады. - Өзін-өзі дамыту мақсатында үнемі оқуға деген қабілетін көрсету үшін өздігімен микропрепараттарды зерттейді және интернет ресурстарын, қосымша ақпарат көздерін; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік. - Гистологиялық препараттарды талдауды дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді және ұйымдастырады. - Өзін-өзі дамыту мақсатында уақытының құндылықтарын үлестіріп, тиімді ұйымдастырады.
|
