- •Оқу семестрі: 5, 6 Курсы: ііі Емтихан: vі семестр
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •2. Бағдарлама
- •2.2. Пәннің мақсаты:
- •2.3. Оқыту міндеттері:
- •2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері. Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:
- •2.5. Пәннің пререквизиттері және постреквизиттері:
- •2.6. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •2.7. Tәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстарының, oқытушымен бірге студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспарлары
- •2.7.1. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары (академиялық сағаттың ұзақтығы – 50 минут)
- •2.7.2. Студенттердің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар (сөж)
- •2.7.3. Оқытушымен бірге студенттердің өзіндік жұмысы
- •2.8. Суммативті бағалау әдісінің дизайны. Оқытудың соңғы нәтижелері және тақырыптық блоктар бойынша бағалау әдістерінің үйлестірілуі
- •2.9. Негізгі және қосымша әдебиет:
- •2.10. Оқыту және үйрету әдістері.
- •2.11. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері.
Ф-МК-003/013
Қ.А.ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
Адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Медициналық білім беру
басқармасының басшысы,
м.ғ.к._________У.Б.Татыкаева
«___» __________2015 жыл
«Гистология- 2» пәні бойынша
СИЛЛАБУС
Пән коды: Gist-2 3206
Мамандығы: 5В130100– «Жалпы медицина»
Барлық кредит саны: 3
Тәжірибелік сабақ - 45 сағат
СӨЖ - 45 сағат
ОбСӨЖ -45
Оқу семестрі: 5, 6 Курсы: ііі Емтихан: vі семестр
Оқу сағатының көлемі: 135 сағат
Түркістан - 2015
Силлабус "Жалпы медицина" мамандықтарының 01.12.2006 ж. №582 бұйрықпен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және университет Сенатымен (26.06.2013 жылы №6 хаттамасы) бекітілген негізі оқу жоспары негізінде ҚР ДСМ ( №11 хаттама, 14.06.2007 ж.) "Медициналық және фармацевттік жоғары оқу орындарының университеттегі медицина факультеттерінің кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды өңдеу" бойынша №6 нұсқау хат талаптарына сәйкес дайындалған жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жасалған.
Силлабус «Адам морфологиясы және физиологиясы» кафедра мәжілісінде талқыланған.
Хаттама № ____ «_____» ___________2015ж.
Кафедра меңгерушісі _____________м.ғ.к. , доцент Б.С. Бегалиев
Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.
Хаттама №____"____" _____________ 2015 ж.
Комитет төрайымы _____________ оқытушы Ү.М.Амирешова
Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.
Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.
Комитет төрайымы_________________магистр оқытушы К.Б.Бураева
1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
Жұмашов Сейдулла Нұрахұлы- м.ғ.д
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Ағзаға экзо және эндоген факторлардың әсерін тәжірибелік жолдармен зерттеу.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 83- тен астам жарияланымдар, оның 7 оқу құрал, 2 – оқулық, ғылыми мақала-74, ізденуші – 4.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б. Саттарханов көшесі, №3 медицина ғимараты, медицина факультеті, Адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасы, (142 бөлме). сымтетік: 6-36-36, ішкі нөмір 13-07; e.mail. ZSaydulla_@mail.ru.
Ажаев Совет Ажайұлы м.ғ.к, доцент, ХҚТУ профессоры
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы- Түркістан аймағындағы тұқымқкуалаушылық аурулардың таралуы және спектрі
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 50- тан астам жарияланымдар, оның 7 оқу құрал, 3 – оқулық, ғылыми мақала - 28, 11 тезис.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б. Саттарханов көшесі, №3 медицина ғимараты, медицина факультеті, Адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасы, (247, 255 бөлме). сымтетік: 6-36-36, ішкі нөмір 13-14; e.mail. genetic.sovet@mail.ru.
Тастемирова Бибігүл Тұрсынбекқызы- магистр - оқытушы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – “ Түркістан қаласының жоғарғы сынып оқушылары ағзасындағы физиологиялық процестерді денсаулықты бағалауда қолдану”
.Ғылыми және әдістемелік енбектері: ғылыми мақала - 15 .
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ, университет қалашығы, Б. Саттарханов көшесі, №3 медицина ғимараты, адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасы, ауд. 261. Тел. 6-36-36, ішкі нөмір 13-14; e-mail: bibka-087@mail.ru
1.2. Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б. Саттарханов көшесі, №3 медицина ғимараты, медицина факультеті, Адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасы, сымтетік: 6-36-36, ішкі нөмір 13-07,13-14. e.mail. adam.morf.kafdrasi_@mal.ru.
1.3. Пәннің саясаты – Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің 2015-2016 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау ағымдық (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
