- •1. Диплом жұмысының тақырыбына қойылатын талаптар
- •2. Дипломдық жұмыстың жазылуына қойылатын талаптар
- •3. Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •4. Дипломдық жұмыстыр рәсімдеу ережелері
- •5. Дипломдық жұмысты қорғауға көрсету реті
- •6. Дипломдық жұмысты қорғау реті
- •Әдебиет
- •4.1 Абоненттік желі сенімділігін анықтау әдістері
- •Мысал 4
- •Мазмұны
4. Дипломдық жұмыстыр рәсімдеу ережелері
Дипломдық жұмыс А4 форматты беттің бір жағында, бір интервал аралықты сақтай отырып, таспа әдісімен компьютер және принтерді қолдану арқылы орындалуы қажет. Шрифт – қарапайым, кегль 14.
Дипломдық жұмыстың мәтінін келесі өлшемдерді ұстана отырып, баспа тәсілімен жазу керек: сол жағы - 30 мм, жоғарғысы- 20 мм, оң жағы - 10 ммжәне төмені - 25 мм.
Дипломдық жұмыстың жасалу әдісіне тәуелсіз мәтіннің баспасы мен иллюстрацияларды, кестелерді әрлендіру мен басып шығару оларға қойылатын талаптарды қанағаттандыруы қажет.
Дипломдық жұмыстың дайындалу процесінде анықталған қателер мен графикалық келіспеушіліктерді тазалауға және ақ бояумен өшіруге және ол жерге баспа тәсілі немесе қолмен жазу әдісі арқылы 1-бетте 3 қатеден аспайтындай етіп түзетуге рұқсат беріледі. (кафедрағы норма-бақылауға жауапты адамның қарауына).
Дипломдық жұмыста фамилия, мекеме атауы, ұйым, фирма, бөлшек атауы және басқада атаулар түп нұсқа тілде болуы керек.
Құрылымдық элементтің атаулары «Мазмұны», «Нормативті сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» дипломдық жұмыста болуы міндетті және жұмыстың құрылымдық бөлімдерінің тақырыптары ретінде қызмет көрсету қажет.
Дипломдық жұмыс бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді. Әр бөлімдер мен бөлімшелерде аяқталған ақпараттар мен қорытындылар болу қажет.
Бөлімдер атауының жиынтығы дипломдық жұмыстың тақырыбын, ал бөлімшелер атауының жиынтығы сәйкес келетін бөлімдерді ашуы керек.
Бөлімдер мен бөлімшелердің аталуы мазмұнын қысқа және нақты көрсетуі қажет.
Бөлімдер мен бөлімшелер аталуы абзацтан басталып, асты сызылмай, соңында нүкте қойылмай, үлкен әріппен жазылады.
Егер аталуы екі сөйлемнен тұрса, оны нүкте арқылы бөлуге болады.
Дипломдық жұмыс беттері арабы сандармен нөмірленеді. Барлық мәтіннің нөмірлену реті сақталады. Бетті нөмірлеу беттің төменгі бөлігінің ортасында нүктесіз қойылады.
Жалпы беттердің нөмірі титулды беттен басталады. Титулды беттің өзіне нөмір қойылмайды.
Жеке беттерде орналасқан суреттер және кестелер және дипломдық жұмыстың жалпы нөмірлеуіне қосылады.
А3 формат бетінде суреттеме, кесте бір бет болып саналады.
Дипломдық жұмыс бөлімдері барлық құжат бойынша нүктесіз, араб цифрлары арқылы және абзац бойынша ретімен нөмірленуі керек. Бөлімшелер әр бөлім шегінде нөмірленуі керек. Бөлімшелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлім және бөлімше нөмірінен тұрады. Бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе одан да көп өлімшелерден тұра алады.
Дипломдық жұмыстың әр бөлімі жаңа беттен басталып 3-ші Қосымшаға сәйкес безендіріледі. Суреттеме (сызу, карта, график, сұлба, диаграмма, фотосурет) дипломдық жұмыста олар туралы жазылған мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналасады.
Суреттеме, соның ішінде түрлі-түстілері де компьютерлерде орындалуы мүмкін. Барлық суреттемеге дипломдық жұмыста берілген сілтемелері болуы қажет.
Дипломдық жұмысқа енгізілген барлық сызулар, графиктер, диаграммалар, сұлбалар, суреттемелер констукторлық құжаттардың бірегей жүйесідегі (ЕСКД) мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуі қажет.
Қосымшадағы суреттемеден басқа суреттемелер араб цифрларымен ретімен нөмірленеді.
Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1» деп жазылады. (мысалы, Қосымшада немесе Кіріспеде), «cурет» сөзі және оның аталуы беттің ортасына орналастырады. Суреттемелер бөлім шеңберінде нөмірленеді. Суреттеме нөмірі бөлім нөмірінен және суреттеме нөмірінің ретінен, бөлетін нүктеден тұрады. Мысалы:1.1-сурет.
Қажет болған кезде суреттеме аталуы мен берілген түсініктемеден тұрады. «Сурет» сөзі және оның аталуы берілген түсініктемелерден кейін орналасады, мысалы: 1.1- сурет. Беру жүйесінің құрылымдық сұлбасы.
Суреттемеге сілтеме жасағанда «1.2 суретке сәйкес» деп жазу керек.
Кесте көрсеткіштерді салыстыруды ыңғайлы және көрнекі ету үшін қолданылады. Кесте берілген бөлім шеңберінде нөмірленеді. Кесте нөмірі бөлім нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрып, нүкте арқылы бөлінеді. Кесте атауы оның мазмұнын ашып, нақты әрі қысқа жазылуы қажет. Кесте атауы «1.1-кесте» сөзінен кейін (сызықша арқылы) кестенің үстінде абзацтан, бас әріппен жазылады, мысалы: 1.1 кесте - Байланыс желісінің электрлік сипаттамасы.
Кесте, ол туралы жазылған мәтіннен кейін немесе келесі беттежазылады.
Дипломдық жұмыста барлық кестелерге сілтемелер болуы қажет. Сілтеме жасағанда оның реттік нөмірін көрсетіп «кесте» деп жазу керек.
Көп жолды кесте болса жартысын басқа бетке орналастыруға болады. Кестені бөлгенде, «кесте» сөзі мен оның реттік нөмірін оның бірінші бөлімінің жоғарғы сол жағына орналастырады, басқа бөлімінде «жалғасы» сөзі жазылады және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы; «1.1-кестенің жалғасы». Егер кестені басқа бетке ауыстырса, тақырыбы оның тек бірінші бөлімінде болады.
Көп кескінді кестені қосымшаға енгізген дұрыс.
Егер сөз әр түрлі бағанада көп қайталанатын болса, онда оны бір рет жазып, ары қарай оны тырнақшалармен ауыстыруға болады. Ал егер мәтін екі және одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталануда оны «тағы» сөзімен, ары қарай тырнақшамен ауыстырады. Бағанада қайталанатын сандар, белгілер, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақша қойуға болмайды. Егер кестенің кейбір бағаналарында сандық мәндер немесе басқада мәліметтер болмаса, онда ол жерге сызықша қойылады.
Граф және кесте жолдарының тақырыбы жекеше түрде бас әріппен жазылуы тиіс, ал граф тақырыпшалары – бағаналы әріппен, егер олар тақырыпшамен бір сөйлемді құраса, немесе бас әріппен, егер олар өзіндік мағынасын иемдесе. Тақырып және тақырыпша соңында нүкте қойылмайды.
Кестенің сол жағын, оң жағын және төменін ереже бойынша сызықтармен шектейді. Кестедегі мәтіннің шрифт өлшемін мәтіннің шрифтына қарағанда кішірек қылуға болады.
Бағана тақырыбы, ереже бойынша, кесте қатарына параллел жазылады.
Керек кезде бағана тақырыбын перпендикуляр орналастыруға болады. Кестенің басы басқа бөліктерден сызықпен бөлінуі керек.
«Ескерту» сөзі үлкен әріппен абзацтан басталып, асты сызылмай, арасы ашалып жазылады.
Ескертпе дипломдық жұмыстың мазмұнына, кестесіне немесе графикалық материалдарына түсіндірме немесе анықтама мәліметтер беру қажет болған кезде қолданылады.
Ескертпені өзіне қатысты мәтінннен, графикалық мәліметттерден кейін немесе кестенің ішіне орналастыру керек.
Егер ескертпе біреу болса, онда «Ескертпе» сөзінен кейін сызықша қойылады және ескертпе бас әріппен жазылады. Бір ескертпе нөмірленбейді. Бірнеше ескертпе реттік араб цифрларымен нүкте қойылмай нөмірленеді. Кестеге ескертпе кестенiң аяқталғанын білдіретін таңбалаушы сызықтың үстiнде кестенiң соңында орналасады.
Формулалар және теңдіктер мәтіннен бөлек жеке қатарда белгіленеді. Әр формула немесе теңдіктің жоғарғы және төменгі жағынан кем дегенде бір бос қатар қалуы қажет. Егер теңдік бір қатарға сыймаса, онда ол басқа қатарға теңдік (=), қосу (+), азайту (-), көбейту (х), бөлу (:) белгілерінен кейін немесе басқа математикалық белгілеулерден кейін жазылады және келесі қатардың басында белгі қайталанады.
Нышандар және санмен көрсетiлген коэффициенттердiң мәндерiнiң түсiндірмесі олардың формуладағы реті бойынша формуладан кейін орналастырады.
Дипломдық жұмыста формулаларды нөмірлеу бөлім ішінде рет бойынша араб цифрларымен жақша ішіне жазылады және ол беттің оң жағының ең шетіне формуламен бір қатарға жазылады.
Мәтінде формуланың реттік нөміріне сілтеме жақшада беріледі. Формула нөмірі сол бөлім бойынша қойылады. Мұндай жағдайда формула нөмірі бөлім нөмірінен және формуланың реттік нөмірінен тұрып, нүкте арқылы бөлініп жазылады, мысалы (3.1).
Пайдаланған ақпарат көздеріне сілтемелерді тікбұрышты жақша ішіне жазады.
Ақпарат көздері туралы мәліметтерді дипломдық жұмыстың мәтiнiндегi сiлтемелердiң орналастыру реті бойынша араб цифрларымен нүктесiз нөмiрлеп, азат жолдан бастап жазады.
Қосымша дипломдық жұмыстың жалғасы ретінде келесі беттерде безендіріледі.
Дипломдық жұмыста барлық қосымшаларға сілтеме болу қажет. Қосымшаларды мәтіндегі сілтемелер тізімі бойынша енгізеді.
Әр қосымша жаңа беттен басталып, жоғарғы жағының ортасында «Қосымша» сөзі және оның мәні жазылады.
Қосымшаның тақырыпшасы болуы керек және оны бас әріппен бөлек қатарға жазады.
