- •1. Диплом жұмысының тақырыбына қойылатын талаптар
- •2. Дипломдық жұмыстың жазылуына қойылатын талаптар
- •3. Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •4. Дипломдық жұмыстыр рәсімдеу ережелері
- •5. Дипломдық жұмысты қорғауға көрсету реті
- •6. Дипломдық жұмысты қорғау реті
- •Әдебиет
- •4.1 Абоненттік желі сенімділігін анықтау әдістері
- •Мысал 4
- •Мазмұны
Кіріспе
Бұл әдістемелік нұсқаулар ГОСО РК 5.03.016-2009– «Жоғарғы оқу орындарында дипломдық жұмыстың(жобаның) жасалу ережелер негізінде жасалды.Негізгі жағдайы» Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің жоғарғы және жоғарғы оқу орынынан кейінгі оқу Департаментімен енгізілген.
Әдістемелік нұсқаулардың мақсаты болып дипломдық жұмысқа қойылатын жалпы талаптарды анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыс жазбаша жұмыс болып табылады, ол оқудың соңғы кезеңінде жасалынады, оның орындалуы мемлекеттік жалпы білім беру стандартымен ГОСО РК 3.08.345-2006 және «РЭТ» мамандығының оқу жоспарымен қарастырылған.
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың мақсаты:
1) «РЭТ» мамандығы бойынша тәжірибелік машықтары мен теориялық білімін кеңейту, бекіту және жүйелеу және оларды ғылымда, техникада, экономикада және өндірісте, сонымен қатар өмір тіршілік қауіпсіздігі мен экологияда кездесетін нақты тапсырмаларды шешуде қолдану;
2) өзіндік жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру және кездесетін мәселелер мен сұрақтарды шешуде ғылыми зерттеу мен сараптама жасау әдістерін меңгеру;
3) қазіргі өндіріс, ғылым, техника жағдайында студенттің өзіндік жұмыс жасауға дайындығын, сонымен қатар оның кәнігі құзыреттілік деңгейін анықтау,
Дипломдық жұмыс өзіндік оқуды және телекоммуникация мамандығының өзекті мәселерін зерттеуді жалпы қорытындылайтын жұмыс болып табылады
Дипломдық жұмыс ғылыми жетекшінің нұсқаулығымен орындалады және төмендегі талаптарға жауап беруі қажет:
1) ғалымдармен, аналитиктармен, инженерлармен, құрастырушылармен, менеджерлермен, экономистармен, экологтармен жасалынған зерттеулер мен жобалық шешімдердің жалпы қорытындысы;
2) зерттеу объектісі бойынша ғылыми негізделген теориялық қорытынды;
3) нақты тапсырмаларды шешуді қамтамасыз ете алатын ғылыми негізделген нәтиже.
1. Диплом жұмысының тақырыбына қойылатын талаптар
Диплом жұмысының тақырыптары өзекті, ғылым мен техниканың қазіргі жағдайына және болашақта даму келешегіне сәйкес болуы керек, мазмұны талаптарға сай орындалуы керек.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын анықтағанда өндірісте, ғылым мен білім берудегі мәселелерді қарастырған жөн.
Диплом жұмысының тақырыбы мамандық пен телекоммуникация мамандарын дайындау профиліне сәйкес келуі керек.
Дипломдық жұмыстардың тақырыбы шығаратын кафедрада жасалынып, «Автоматтандыру және телекоммуникациялау» факультеті кеңесімен қарастырылып, бекітіледі.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының жалпы тізімі жыл сайын жаңаланып отырады.
Дипломдық жұмыста ғылыми-зерттеулік сипаттама бөлімі мен есептеу-графикалық бөлімі болу керек.
Студент бекітілген тақырыптардан дипломдық жұмыс тақырыптарын таңдайды.
Студентке бұл бекітілген тақырыптардан бөлек тақырып таңдауға мүмкіндік беріледі. Бұл жағдайда студент кафедраға ұсынып отырған тақырыбының орынды екенін негіздеуі керек немесе шет ұйымнан тақырыпқа тапсырыс берілгені туралы хаты болуы керек.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы соңғы курстың басында бекітіледі, сосын М.Тынышпаев атындағы КазҚКА Ректоры бұйрығымен бекітіледі.
2. Дипломдық жұмыстың жазылуына қойылатын талаптар
Дипломдық жұмысты жазу үшін кафераның ұсынысы бойынша әрбір студентке ғылыми жетекші тағайындалады.
Дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибесі көп аға оқытушылар немесе ҚазККА-ның ғылыми қызметкерлері немесе басқа ұйымдардың ғылыми зерттеулер аймағы «РЭТ» мамандығының профиліне келетін ғылыми қызметкерлері, жоғары білікті мамандары тағайындайды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:
1) дипломдық жұмысты орындауға тапсырма береді;
2) студенттерге дипломдық жұмыстарды орындау барысына күнтізбелік жұмыс кестесін жасауға көмектеседі;
3) студентке қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалық және мұрағат материалдарды, типтік жобаларды және тақырыпқа қатысты басқа мәліметтерді ұсынады;
4) студенттің дипломдық жұмысының күнтізбелік графигі бойынша орындауын басқаруды жүзеге асыру үшін кеңес алу кестесін орнатады;
5) дипломдық жұмыстың барлық бөлімдерінің көлемін орнатады және кеңесші мен дипломшының жұмысын үйлестіреді.
Дипломдық жұмыстың тапсырмасы (типтік бланк) студенттердің өңдеп жүрген сұрақтар тізімін, шығыс мәліметтер мен көздер жазбасынан, ұсынылған әдебиеттер тізімінен, графикалық мәліметтер (кесте, диаграмма сұлба және т.б.) тізімінен, дипломдық жұмыстың жазылуының толық күнтізбелік кестесінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың тапсырмасын кафедра меңгерушісі жұмысты аяқтау уақытын көрсетіп бекітеді. Дипломдық жұмыстың тапсырмасы дипломдық жұмысқа тіркеледі.
Күнтізбелік жұмыс кестесі бөлімдерді орындау кезегін көрсете отырып құрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісінің ұсынысы бойынша қажетті жағдайда кафедра дипломдық жұмыстың жеке бөлімдері бойынша кеңесшілерді ғылыми жетекшілікке арналған уақыт есебінен шақыруына болады.
Кеңесшілер ретінде профессорлар, доценттер, оқытушылар және ҚазККА-ның ғылыми жұмысшылары, сонымен қатар басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары және қызметкерлері болуы мүмкін. Кеңесшілер сәйкесінше студенттің орындаған бөлімдерін тексереді және оған қол қояды.
Шығарушы кафедралар дипломдық жұмысты бастағанға дейін әдістемелік нұсқаманы өңдеп, онымен студенттерді қамтамасыз ету керек, онда дипломдық жұмысқа мамандық бойынша мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес қойылатын талаптар бекітіледі.
Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты орындауы бойынша студенттің периодты есептеме уақытын орнатады. Бұл уақыттарда студент ғылыми жетекші мен кафедра меңгерушісі алдында есеп береді, олар дипломдық жұмыстың қаншалықты дайын екенін тексереді және осы жайлы факультет деканына хабарлайды.
Дипломдық жұмыс мамандық бойынша әдебиеттерді (монография, периодтты әдебиеттер, дәрістер, журналдар, сонымен қатар шет тілдері мен нормативті әдебиеттер және басқалар) терең оқу негізінде орындалады.
Әрбір дипломдық жұмыста тапсырмаларға сәйкес жеке перспективті теориялық немесе тәжірибелік сұрақтардың өңделуі болуы керек.
Мысалға, дипломдық жұмыста негізгі тақырыптан басқа технология, автоматтандыру және өндірісті кешенді механизацияландыру, стандарттау, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті басқару және т.б. сұрақтар қарастырылуы керек. Әрбір жұмысқа сәйкес келетін экономикалық негіздеме және еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік экология сұрақтарына арналған бөлім болу керек.
Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі шығармашылық ойды ашуы керек, қолданылатын зерттеу әдістерін, әдетте, компьютерлік технологиялармен орындалатын есептеу әдістерін және есептеудің өзін, жасалынған тәжірибелер сипаттамаларынын, олардың сараптамасы мен қорытындыларының, техникалық-экономикалық нұсқамаларды салыстырудың және қажетті жағдайда графиктермен, эскиздермен, диаграммалармен, сұлбалармен және т.б. сүймелдеуінің негіздемесін қамтуы керек.
