«Топырақтану» пәнінің тестілері МБ-1
1. Жер бетінде бірінші болып генетикалық топырақтануды және топырақтың түзілуі мен топырақ географиясы заңдылықтарын ашқан ғалым?
В.В. Докучаев
2. Топырақ дегеніміз:
Төменде аталған жауаптардың барлығы
3.Қай ғалым топырақ түзілу факторлары туралы ғылымды тереңдетті. «Топырақ географиясы элементтері» еңбегін жазды, шөлді зонадағы топырақ түзілуінің ерекше түрі – сұр топырақ типін негіздеді?
С.С. Неуструев
4. Топырақтың органо-минералдық құрамы оның сыртқы белгілерін құрайды. Топырақтың сыртқы белгілерінің жиынтығын не деп атайды
5. В.В.Докучаев қанша генетикалық қабаттарды белгіледі:
3
6. А қабаты нені білдіреді?
Қаршірікті-аккумулятивтік
7. Топырақ тығыздығының және қуыстылығының сырт көрінісін қалай атайды?
Топырақ құрылымы
8. Монолит деп нені атайды?
Құрылысы бұзылмаған, барлық генетикалық қабаттары сақталған топырақ кесіндісінің үлгісі
9. Зерттелетін топырақтың қимасын қандай жерлерден алуға болмайды?
Жолдың бойынан, ауыспалы егістердің және т.б. егістердің шекараларынан
10. Топырақтың гранулометриялық құрамы деп нені атайды?
В және С жауаптары
Топырақтағы іріліктері әртүрлі бөлшектер
Әртүрлі көлемдегі бөлшектердің салыстырмалы шамасы
11. Топырақтың гранулометриялық құрамы неше фракциядан тұрады?
5
12. Құм топырақтың қасиеттері:
В және с жауаптары
Көктемде басқа топырақ түрлерінен гөрі тез қызады
Суды жақсы өткізгенімен оны нашар ұстайды
13. Топырақтағы көлемі және формасы әртүрлі агрегеттардың проценттік салыстырмалы мөлшері:
Топырақтың агрегаттық құрамы
14. Топырақ кесектерінің суда ерімеу кесектері:
Беріктік
15. Иленгіштік, көтерілгіштік, семгіштілік топырақтың қандай қасиеттерне жатады?
Физика-механикалық
16. Табиғи құрылымы бұзылмаған барлық қуыстары сақталған 1см 3 абсолютті құрғақ (1050 С-да тұрақты массаға дейін кептірілген) топырақтың массасы:
Топырақ құрылым тығыздығы
17. Топырақтың физикалық қасиеттері неге байланыста болады?
Гранулометриялық құрамына
18. Диаметрі 10 мм-ден артық агрегеттар қалай аталады?
Тоң кесектері
19. Диаметрі 0,25-10 мм арасындағы кесекшелер:
Микроагрегат
20.Жалпы қуыстылықтың ауамен толған бөлігін қалай атайды?
Аэрациялық қуыстылықтың
21. Топырақтың қуыстылығы неше пайыздан кем болса өсімдік тамырларының өсуі қиындайды?
40%
22. Өсімдік тіршілігінде негізгі фактор не болып табылады?
Су
23. Топырақ атмосфера ауасынан су буын тарту арқылы жинаған ылғалды қалай атайды?
Гигроскопиялық
24. Максимум гигроскопиялық ылғалдық сазды топырақта неше %-ға дейін жетеді?
3-5
25. Максимум гигроскопиялық ылғалдық қара топырақта неше %-ға дейін жетеді?
10
26. Топырақтың ылғалдылығының өзгеруін қандай бақылаулармен салыстыра отырып суару мерзімін белгілеуге және әртүрлі өсу фазаларында сумен қамтамасыз етудің оның өнімділігіне тигізетін әсерін белгілеуге болады?
Фенологиялық
27. Құрғақ топырақтың бөлшектерінің атмосфера ауасынан су буын тарту арқылы жиналған ылғалды қалай атайды?
Гигроскопиялық
28. Шымтезекте гигроскопиялық ылғал неше пайызға дейін жетеді?
28
29. Топырақтың барлық қуыстары сумен толып, толық қаныққандағы судың топырақтағы ең жоғарғы мөлшерін қалай атайды?
Су сыйымдылық
30. Топырақтың су өткізгіштігі неге байланысты болады?
Су өткізгіштік
31. Топырақтың капелляр арқылы суды төменгі қабаттардан жоғарғы қабаттарға көтеру қабілетін:
Су көтергіштік
32. Топырақтағы абсолютті құрғақ массаға есептелген судың пайыздық мөлшерін қалай атайды?
Топырақтың ылғалдылығы
33. Органикалық заттың минералдануымен бірге гумустың түзілуі қалай аталады?
Гумификация
34. Гумус топыраққа қандай түс береді?
Қара немесе қоңыр
35. Басқа органикалық қосындылармен салыстырғанда баяу ыдырайтын зат:
Гумус
36. Органикалық қалдықтардың химиялық құрамы әртүрлі. Оның қанша пайызы судан тұрады?
75-90%
37. Топырақ күйдіргеннен кейінгі түсінің өзгеруі бойынша сипатталады: мысалы, күл-сұр түс пен кірпіқызыл түс қандай элементтердің бар екенін көрсетеді?
Кремнезем мен темір оксиді
Гумустың құрамына қанша пайыз азот кіреді?
5
Топырақтың минералды бөлігімен өте берік байланысқан гуминдік және фульвоқышқылдардың кешендері?
Гумин және ульмин қышқылдары
Гумустың құрамына органикалық заттың үш ыдырау типтеріне жататын үш қарашіріктік қышқылдар (ульмин, гумин, крен қышқылдары) деп кім дәлелдеген?
В.Р. Вельямс
Шөптесін өсімдіктер қалдықтарының анаэробтық бактериялармен ыдырау (шіру) процесінде түзілетін қышқыл:
Ульмин қышқылы
Гумин қышқылы қандай процеске байланысты түзіледі?
Шөптесін өсімдіктердің қалдықтарыныңаэробтық бактериялармен ыдырау процесінде түзіледі
Ульмин және гумин қышықлдарын басқаша қалай атауға болады?
Гуминдік қышқылдар
Ағаш өсімдіктері қалдықтарының аэробтық саңырауқұлақтармен ыдырау процесінде түзілетін қышқыл:
Крендік қышқылдар
Қышқылдардың қай түрі түссіз болып келеді?
