Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қурбанов Даурен 2015-2016 ВТПО,ИС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.7 Mб
Скачать

1 Кезеңі. Мәліметтерді енгізу

М әліметтерді енгізу үшін «ДАННЫЕ/ Пункты» функциясы ашылады. «Ведомость» операциясын іске қосып өлшеу пункттері бойынша бастапқы мәліметтерді енгізіңіз. [Ok] кнопкасын басу арқылы мәліметтерді енгізуді аяқтаңыз.

Егер де Сіз объект жөніндегі мәліметтерге бір-ақ өзгеріс болса да енгізсеңіз, міндетті түрде алдын ала өңдеуді орындаңыз. «ОБРАБОТКА/ Предобработка» функциясын және «Расчет» операциясын таңдаңыз.

  • А лдын ала өңдеуден кейін навигациялық терезеде пункттер ведомосына енгізілген бастапқы пункттердің көрінісі байқалады. «Лупа» құралымен немесе [F6] «жылдам» клавишасы арқылы жұмысшы терезесіне бастапқы пункттерінің көрінісін шығарыңыз.

«ДАННЫЕ/ Ходы теодолитные» функциясын таңдаңыз. «Ведомость» операциясын іске қосып тышқанның [оң] клавишасын басыңыз – экранда теодолиттік жүрістің ведомосі шығады. Берілген теодолиттік жүріс координаттық байланыспен болғандықтан мәліметтерді жүріс бойынша енгізіңіз. Егер Сіз «Теодолиттік жүрістің схемасын» бастапқы мәліметтер ретінде қабылдасаңыз, онда жүріс бойынша сол бұрыштарын берілген қалпында, ал оң бұрыштарын «теріс» таңбасымен енгізесіз. Егер де Сіз «Теодолиттік жүрістің ведомосын» қолданатын болсаңыз мәліметтерді кестеде берілгендей енгізесіз.

Егер бастапқы пунктке бағыты көрсетілмесе, онда мәліметтерді енгізуді екінші қатардан бастаңыз. Екінші қатарға [↓] клавишасы арқылы көшуге болады.

Мәліметтерді енгізіп болғаннан кейін міндетті түрде алдын ала өңдеуді атқарыңыз. «ОБРАБОТКА/ Предобработка» функциясын және «Расчет» операциясын таңдаңыз. Сонда жұмысшы терезесінде енгізілген теодолиттік жүрістің көрінісі байқалады.

Алдын ала өңдеуді орындау барысында қателіктер жөнінде мынандай хабарлар шығып тұрады «Недостаточно информации для вычисления высоты» [Cancel] кнопкасын басу арқылы бұл хабарларға мән бермеңіз. Өйткені бұл жағдайда нивелирлеу мәліметтері берілмеген.

Алдын ала өңдеуді мәліметтерді енгізудің әр бір кезеңінде орындауға болады – сонда Сіз жұмысшы терезесінде қандай пункттер мен өлшемдер енгізілген, анықталатын пункттер қалай есептеліп орналасқанын көресіз.

Алдын ала өңдеуден кейін «Протокол» операциясын іске қосып мәліметтерді алдын ала өңдеудің хаттамасын қарап шығыңыз.

«Результат» операциясын таңдап алдын ала өңдеу нәтижесінде пайда болатын «Ведомость предобработки» және «Ведомость линий и превышений» ведомосттарымен танысып шығыңыз. Қажетті жағдайда осы ведомосттарды басып шығарыңыз.

Назар аудару! Сақтау «Сохранить» функциясына барып тұруға ұмытпаңыз. Бұл іс-әрекетпен Сіз өзіңізді қайтадан жұмыс орындаудан сақтайсыз. Ақпаратты қайтадан енгізуден, оны түзету жеңіл.

2 Кезеңі. Мәліметтерді өңдеу

Теодолиттік жүрісті талдау

Теодолиттік жүрісті теңестіру алдында маңызды қателерді іздеп анықтау үшін теодолиттік жүрісті талдауға мүмкіншілігіңіз бар.

«ОБРАБОТКА/ Анализ» функциясын таңдаңыз.

«Режим» операциясында жүйені талдауға қажетті мәндерін белгілеңіз. Қарастырылатын жүйе тек пландық өлшеулерден тұрады. Қажетті мәндерін белгілеп қойыңыз.

«L1-анализ» операциясын таңдаңыз. Осыдан кейін барлық жүйе бойынша маңызды қателерді автоматты түрде ізденіс орындалады. Нәтижесінде экранда қателердің бар немесе жоқ болуы туралы хабар шығады.

Талдауда екі әдіспен орындауға болады: «Цепочка» операциясын пайдаланып «қолмен» және автоматты түрде – l1-метрикасы бойынша теңестіру әдісін қолданып «L1-анализ» операциясы арқылы, басқаша айтқанда түзетулердің квадрат қосындысының аз мөлшері бойынша емес, түзетулердің модульдер қосындысының аз мөлшері бойынша жүйені теңестіру.

Қателер болған жағдайда Сіз «Результат» операциясын пайдаланып талдау хаттамасымен танысуыңызға болады.

Жүйені теңестіру

Жүйені теңестіру үшін «ОБРАБОТКА/ Уравнивание» функциясын таңдаңыз.

« Режим» операциясында теңестіру мәнін белгілеңіз.

« Уравнивание» операциясын таңдаңыз. Курсорды жұмысшы терезесінде белгілеп тышқанның [оң] клавишасын басыңыз. «Способ выбора» терезесінде «6. Все» мәзірінің пунктін таңдаңыз. Сонымен жүріс бойынша теңестіру орындалады.

Алдында анықталған жүйе учаскелері (бұл жағдайда – жүйенің барлығы) жарқырайды. Қайтадан тышқанның [оң] клавишасын басыңыз, сонда таңдау мәзірі шығу керек. Таңдағаныңызды қайтадан дәлелдеңіз. [Ok] кнопкасын басу арқылы теңестіру орындалады.

Т еңестіру барысында хаттамада жазулар бар болуы туралы хабарлар пайда болу мүмкін. Теңестірудің жалғасуын дәлелдеңіз.

«Протокол» операциясын ашып, теңестіру хаттамада қателер туралы хабарлар жоқтығын тексеріңіз.

«Результат» операциясын орындап, теңестіру барысында пайда болған каталогтар мен ведомостарын қарап шығыңыз. Қажет жағдайда [Print] кнопкасын басу арқылы оларды басып шығарыңыз.