Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қурбанов Даурен 2015-2016 ВТПО,ИС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.7 Mб
Скачать

Қызылорда, 2015 жыл

Жұмыс оқу бағдарламасы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ политехникалық факультетінің Оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша комитетінде (02.09.2012жылы №1 хаттама) бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалынды.

Жұмыс оқу бағдарламаны дайындаған: Компьютерлік жобалау бойынша қосымша білім беру орталығының оқытушысы Құрбанов Д.Т.

Жұмыс оқу бағдарламасы Компьютерлік жобалау бойынша қосымша білім беру орталығының мәжілісінде талқыланды.

хаттама № ___ ''____'' ___________ 2015 ж.

Компьютерлік жобалау бойынша қосымша

білім беру орталығының бастығы _____________ Г.Ә.Жакапбаева

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

1.Пән туралы мәліметтер: AutoCAD және Credo негіздері

2. Пререквизиттер: 1. Информатика және есептеу техникасы

2. Инженерлік графика

3. Сызба геометриясы

3. Постреквизиттер: 1. Дипломдық жобалау

4. Пәннің қысқаша мазмұны:

«AutoCAD және Credo негіздері» пәнінің мақсаты - автоматтандырылған бағдарламалардың пакетін қолдана отырып, сызбаны салу әдістері мен жолдарын оқыту, жобалау-ізденіс жұмыстарын орындауды үйрету болып табылады. Бұл графикалық жүйе тек жазықтықтағы екі өлшемді сызбаларды салуға ғана емес, ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында қолданылатын кеңістіктегі күрделі көлемді конструкцияларды модельдеуге қабілетті.

AutoCAD бағдарламасы архитектуралық, құрылыс, машина жасау, инженерлік анализ жүйесі және геодезиялық бағдарламалар үшін базалық пакет ретінде таңдалғандықтан, сәйкесінше, инженерлер білуге тиісті минимум болып саналады.

CREDO бағдарламасы инженерлік ізденістерді өңдеуге, оның ішінде жер қыртысын барлаудағы инженерлік-геодезиялық мәліметтер, өнеркәсіптік және азаматтық нысандардағы инженерлік ізденістер, кадастрды, құрылысты геодезиялық қамтамасыз ету, автомобильдік жолдар мен бас жоспарларды жобалау, жергілікті мекеннің сандық моделін құруға арналған.

Пәнді оқытудағы негізгі мәселе - қолмен сызу және жобалаудан AutoCAD бағдарламасының негіздерін игере отырып, компьютердің көмегімен сызып, жобалауға ауысу. Бағдарлама құрылымы жағынан тармақталған және күрделі әмбебап жүйе бола тұрып, командалардың көмегімен оңай басқарылады AutoCAD-тың көмегімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып, маман келешекте әртүрлі сызбалар мен жобаларды жылдам орындап, электронды пошта мен интернет арқылы алыстағы орындаушылар мен тапсырыс берушілерге жіберу арқылы шынайы нысанды салу мерзімін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік алады.

CREDO бағдарламалық кешенін үйрену маманға топогеодезиялық ақпаратты өңдеу мен жинақтауға, бағалау дәлдігімен жерді пайдалану шекараларын координаттау кезінде полярлық есептерді орындауға, жер учаскелерінің аудандарын есептеуге, жер учаскелерінің схемасын құруға, Жердің Сандық Моделі түрінде ұсынуға жер учаскелерін экспорттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол электр беру желісі, құбыр желілері, жолдар т.с.с. сызықтық нысандарды жобалау үшін сызықтық ізденістерді өңдей алады; құбыр желілерінің профильдерін анықтайды, әр түрлі скважиналар арасындағы бір типті топырақ қабатының қосылысын немесе ажыратылуын, қабаттардың жұқару сипатын анықтайды; кәсіпорындардың бас жоспарларын жобалау мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.