- •4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Зертханалық сабақтардың тақырыптары мен мазмұны
- •3 Семестр
- •4 Семестр
- •Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •Баөж-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын орындау
- •Курстық жұмыс
- •Курстық жұмыстың құрамы
- •Курстық жұмысты орындау барысындағы білім алушылардың білімін бағалау
- •Қолданылатын стандарттар тізбесі
- •9.Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы (курстық жұмысы бар) 3- кесте
- •Курс саясаты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«БЕКІТЕМІН»
Академиялық мәселелер жөніндегі
департамент директоры
_____________ С.Т. Тайман
«_______ » ____________ 2015 ж.
«AutoCAD және Credo негіздері» пәні бойынша
білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы
(Sуllabus)
Мамандығы: 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Қызылорда, 2015 жыл
Жұмыс оқу бағдарламаны (Sуllabus) дайындаған Компьютерлік жобалау бойынша қосымша білім беру орталығының оқытушысы Құрбанов Д.Т.
Білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Sуllabus) Компьютерлік жобалау бойынша қосымша білім беру орталығының мәжілісінде талқыланды.
хаттама № ___ ''____'' ___________ 2015 ж.
Компьютерлік жобалау бойынша қосымша
білім беру орталығының бастығы ____________ т.ғ.к., аға оқытушы Жақапбаева Г.Ә.
1. Негізгі мәліметтер |
|
Компьютерлік жобалау бойынша қосымша білім беру орталығы |
|
Мамандық (шифры, аты) |
5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету |
Курс, семестр |
2 курс, 3-4 семестр |
Пән статусы (міндетті, таңдау) |
таңдау |
Кредит саны |
3 |
Сабақ өтетін дәрісхана |
302,304,306 |
Оқытушы |
Құрбанов Д.Т. - оқытушы Тел. 23-71-01 Кеңес беру уақыты: дүйсенбі – 10.30 – 12.20 сейсенбі – 15.50 – 17.40 |
Зертханадан сабақ беретін оқытушы |
Құрбанов Д.Т. - оқытушы
|
2. Пререквизиттер және постреквизиттер |
|
Пререквизиттер |
1. Информатика және есептеу техникасы 2. Инженерлік графика 3. Сызба геометриясы |
Постреквизиттер |
Дипломдық жобалау |
3. Пәннің мақсаты мен міндеттері |
|
Мақсаты: «AutoCAD және Credo негіздері» пәнінің мақсаты – студенттерге жобалау – сызу жұмыстарының автоматтандырылған стандарттық жүйесін қолданып, сызбалар құрастыру әдістерін және тәсілдерін үйрету. Сондай-ақ студенттердің осы қуатты әрі жетілген программалық графикалық жүйесі бойынша әрі қарай өз бетінше білімдерін тереңдетіп, қыр-сырын меңгерулеріне тура бағыт сілтеу. Графикалық жүйе жазықтықтағы екі өлшемді сызбалармен қатар, ғылым мен техниканың әртүрлі саласында қолданылатын күрделі, көлемді конструкциялар моделін салуға мүмкіндік жасайды. Болашақ инженерлердің кәсіби қызметінде кездесетін мәселелерді шешу барысында, өндірісті жобалауға AutoCAD бағдарламасын пайдаланудың маңызы орасан зор. Заман талабына сай күрделі сұрактарды инженерлер компьютер көмегімен шешуге тиісті. Жобалау – сызу жұмыстарын автоматтандыру жүйесін пайдалану арқылы инженерлі ізденістерін өңдеудің, алаңдар мен автожолдарды жобалаудың, жер бетінің сандық моделін жасаудың әдістері мен тәсілдерін оқу “Credo” бағдарламасының мақсаты болып табылады. Осы графикалық жүйе арқылы сызудың басқа, әр түрлі салада пайдаланатын күрделі кеңістік, көлемдік конструкцияларын есептеуге және құруға болады. |
|
Міндеттері: Пәннің міндеті – оқу процесінде компьютерлік технологияны кеңінен қолдану, білім алушылардың басқа пәндерде алған базалық білімдерін курста оқып-үйренгендерімен ұштастыра білуге үйрету. Теория жузінде алған білімдерін игеріп, практикалық машықтарын қалыптастыру. AutoCAD және Credo бағдарламаларын үйрену барысында мамандар болашақта жедел жобалауды үйренеді және сызбалар, жобаларды электрондық почтамен интернет жүйесі арқылы алыстағы орындаушыларға жіберіп, нақты объектілерді жобалаудың орындалу мерзімін тездетеді. |
|
4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
Жалпы сағаты |
Академиялық сағат саны |
||
Зертханалық |
БАОӨЖ |
БАӨЖ |
|
135 |
45 |
15 |
75 |
Зертханалық сабақтардың тақырыптары мен мазмұны
3 Семестр
Жүйенің құрылымы.AutoCAD LT бағдарламасымен жұмысты бастау. New (жаңа), Save (сақтау), Save as (қалай сақтау), Open (ашу), Quit (шығу) командалары.Units (өлшем бірліктері), Limits (шекаралар) командалары.Сызықтар. Line (Кесінді), Cartesian Coordinate System (Тік бұрышты координаталар жүйесі).
Polar Coordinate System (Полярлық кординаталар жүйесі). Бұрыштардың санақ жүйесі, Absolute Coordinates (Абсолюттік координаталар), Relative Coordinates (Салыстырмалы координаталар), ПКЖ-ні ауыстыру, қолдану, Command options (Командалар опциялары), Undo (Кері қайтару), Redo (қайталау), Close (тұйықтау)
Өлшемдерді қою. Linear (Сызықтық), Aligned (Параллель), Quick (Жылдам) командалары. VIEW (Көрініс). Zoom All, Zoom in, Zoom out, Zoom realtime, Pan realtime функцияларын сызу барысында қолдану. Объектілік байланыстырулар. Уақытша объектілік байланыстыру. From (жылжыту)
Point style (Нүкте стильдері), Single point (дара нүкте), Multiple point (бірнеше нүкте), Size (нүкте өлшемі).
Degrees, Minutes, Seconds (Градустар, Минуттар, Секундтар), DIMSTYLE. Бұрыштың өлшем бірліктері. Regen (регенерирлеу), Redraw (қайта салу) командалары
Тұрақты объектілік байланыстыру. Object snap locations (Об. байланыстыру нүктелері), TOOLS (құралдар), Drafting Settings (Сызу параметрлері)
Circle (шеңбер) командасы, Circle (шеңбер) командасының опциялары. Break (үзу), Diameter dimension. Radius dimension.
Arc (доға), Start, Center, Angle (Старт, Центр, Бұрыш), Доғаның бағыты
Tangent (Жанама), Fillet (Түйіндестіру) командасы. Radius (Радиус), Trim/Notrim (Қию/қимау) опциялары. Chamfer (Фаска) командасы. Фасканың геометриялық параметрлері, Angle (Бұрыш), Distance (Қашықтық) опциялары
Trim (Кесу) командасы. Кесу шектері. Use shift (Бірге өзгерту) Rectangle (Тіктөртбұрыш) командасы. Offset (ұқсас) командасы. Through (Нүкте) опциясы
Extend (Ұзарту) командасы. Polygon (Көпбұрыш) командасы. Divide (Бөлу), Measuar
(Интервал) Grid (Тор) режимі. Grid Spacing (тор масштабы). Snap (қадам). Snap Spacing (қадам масштабы).On (қосу), Off (ажырату).
Layers (Қабаттар). Сызықтардың түсі, типі, қалыңдығын беру. Plot (Баспа) Lock/ Unlock (Блокты қосу/ажырату ) Freeze (Қатыру) Қабат жай-күйі. Түстік палитра.
Move (Орын ауыстыру) командасы. Тура және объектілік байланыстыру арқылы орын ауыстырулар.
Copy (Көшіру). Copy командасының опциялары. Multiple (бірнеше)
Бұру. Rotate (бұру) командасы. Reference (Сілтеме) опциясы.
4 Семестр
Объектілерді масштабтау. Scale (масштабтау) командасы. Reference (Сілтеме) опциясы.
Mirror (Айна) командасы. Mirror командасының опциялары.
Объектілерді автоматты көбейту.Array (массив).RectangularArray (Тіктөртбұ-рышты
массив). Polar Array (Полярлы массив).
Объектілерді созу, қысқарту. Stretch (Созу) командасы. Қабаттарды сөндіру, қосуды
пайдалану.
Ray (Сәуле) командасы. Ray командасы арқылы графикалық кескіндерді тұрғызу.
X-Line (Түзу) командасы. Polar (полярлық) экран режимін қолдану.
Hatch (Штрихтау) командасы. Boundary Hatch (Контур бойынша штрихтау). Type (Үлгі типі), Predefined (Алдын-ала), User defined (Қолданбалы), Custom (Тапсырыс), Multiline text editor редакторын қолдану
Файлдар мен блоктарды сызбаға түсіру. Write block (Блокты жазу), Incert block (Блокты қою)
Блоктардың параметрлерін өзгерту. Блоктарды мүшелеу, редакторлау, басқару.
Қайталанбалы объектілермен жұмыс. Make block (Блокты құру), Block definition (Блок сипаттамасы) AutoCAD Design Center дизайн орталығы. Purge (Блокты өшіру) командасы
Эллипс. Эллипстің негізгі параметрлері. Ellipse командасын қолдану. Rotation (бұрылыс) опциясы.
Жүйелер кешенінің жалпы құрылымы.Credo DAT жүйесі. Пайдалану аймағы. Жүйенің құрамы. Credo DAT жүйесіндегі мәліметтер, жұмыс барысын ұйымдастыру. Credo DAT Plus. Жүйенің мүмкіндіктері. Мәліметтерді өңдеу принциптері. Интерфейстің жалпы сипаты. Жүйені қосу. Объектінің есімін енгізу. Экранның функционалдық және ақпараттық аймақтары.
Процедуралары. Операциялары. Функциялары. «Қолмен жазылған» журналдарды пайдалану Объектіні басқару. Объект бойынша жұмысшы терезені жылжыту. Масштабты өзгерту. Объект бойынша терезенің ортасын жылжыту. Клавиатура арқылы мәліметтерді еңгізу. Жұмыстың басталуы, қажетті қалпына келтірілуы. Жұмысшы ортаны қалпына келтіру. Мәліметтерді өндеу. «Объект » процедурасы. Класстар: пландық өлшеулердің орташа квадраттық қателіктері; Құралдар; Параметрлер. Геодезиялық тордағы екі пункт аралығында жүргізілген теодолиттік жүрісті өңдеу.
«Мәліметтер» (Данные) процедурасы. Импорт. Пункттер. Нақты байланыстар (Жесткие связи). Теодолиттік жүріс(Ходы теодолитные). Экспорт. ASII файылдарымен танысу. «Өңдеу»(Обработка) процедурасы. Алдын ала өңдеу. «Есептеулер» (Расчеты) процедурасы. Өңдеу қорытындыларын экспорттау. «Сызбалар» (Чертежи) процедурасы. DXF планшеті. Сызбаларды шығару. Объектіні шығаруға дайындау. Объектінің бөлігін таңдау. Жазбаша файлдарын шығару. AutoCAD бағдарламасына сызбаны шығару.
Аудандарды есептеу. Белгіленген объектілер бойынша координаттарды еңгізу. Координаттарды анықтау дәлдігін еңгізу. Белгіленген объектілер бойынша координаттарды еңгізу. Жер учаскелерінің схемасын жасау. Полярлық есептеулер. Жүмыстың басталуы, мәліметерді еңгізу. Өңдеу. Өңдеу нәтижелері және оларды шығару. CREDO жүйесіндегі топографиялық пландардағы шартты таңбалар.
