Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия 3 кредит модульный.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.47 Кб
Скачать

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

Барлық мамандықтардың 1-2 курс күндізгі және қысқартылыған бағдарлама бойынша студенттеріне 2014-2015 оқу жылының 1-2 жартылығына арналған

Философия пәні бойынша

оқыту бағдарламасы

(силлабус)

Орал – 2014 ж.

«БЕКІТЕМІН»

«КЕЛІСІЛДІ»

ОЖЖ проректоры

КӘС төрайымы

Билашев Б.А

Шергалиева М.Т

________________

_______________

«___»_____2014 ж.

«___» ____2014 ж.

Құрастырушы: ӘГП кафедрасының аға оқытушы, магистр Разахова Фарида Жаксылыққызы

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Кредит саны – 3

Дәріс –12 сағат

Семинар – 33 сағат

СӨЖ-90

Бақылау түрі – емтихан

Барлығы – 135 сағат

« » 2014ж кафедра отырысында талқыланды, № __ хаттама

Кафедра меңгерушісі _______Жаркеева А.М.

«__» ____________2014 ж университеттің ӘК мақұлдаған №__ хаттама

1.Оқытушы туралы мәлімет: Разахова Фарада Жақсылыққызы- «Әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының» аға оқытушысы, магистр

2.Уақыты және өткізу орны: 2014-2015 оқу жылы,Орал қаласы,Ықсанов к-44/1БҚИТУ ғимараты.

3.Пререквизиттер: Талап етілмейді

Постреквизиттер: Талап етілмейді

4.Қысқаша курсқа сипаттама:

Қазақстан Республикасындағы жоғары кәсіби білім берудін мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы философиялық әлемді ғылыми тұрғыда тануға жол ашатын философиялық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті философиялық білім көлемін алуды меңзейді. Оқу пәні ретінде философияны оқытудың басты мақсаты – болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға жәрдемдесу.

Модуль 1. Философияға кіріспе. Тарихи өлшемдегі философия.

Дүниеге көзқарас ұғымы, оның құрылымы. Философиялық білімнің құрылымы, оның ерекшелігі.Мәдениет жүйесіндегі философия. Философия және ғылым: бірлігі, айырмашылығы, ара қатынасы. Философияның негізгі функциялары және оның қоғам мен адам өмірінде алатын орны. Ежелгі Үнді философиясы, оның проблемалары, негізгі ұғымдары, бағыттары және ерекшеліктері. Ведалық дін және философия. Ортодоксалды мектептер: веданта, миманса, санкхья, вайшишека, ньяя, йога. Адамды , оның өмірін джайнизмдік, буддизмдік тану. Ежелгі Қытай философиясы, оның ерекшеліктері мен проблематикасы. Даосизм мен конфуциишылдықтағы антропологиялық проблематикасының әлеуметтік-этикалық бағыттылығы. Ежелгі Шығыстың натурфилософиялық ілімдері. Антикалық философияны кезеңдерге бөлу проблемасы.Христиан философиясының қалыптасуы, оның бастаулары, ерекшеліктері, проблемалары, міндеттері, даму кезеңдері. Шығыс мұсылман философиясының қалыптасуына әсер еткен бастаулар:ислам, антикалық философия, ғылым. Араб тілді философияның ерекшеліктері :универсализм, пантеизм, энциклопедизм, перипатеизм.

Модуль 2. Философияның тарихы.

Қайта Өрлеу дәуіріне тән белгілер және олардың философияда бейнеленуі. Қайта өрлеу дәуіріндегі адам, жеке тұлға, индивидуалдық мәселесі, оның гуманистік мәні. 17-18ғғ. Философияның дамуының экономикалық, әлеуметтік-тарихи талаптары.18 ғ-ғы Француз материализмі және Ағартушылар философиясы.Классикалық неміс философиясының негізгі белгілері, оның жаңашылдығы. Классикалық неміс философиясындағы диалектиканың дамуы. Антропология іс-әрекет және бостандық философиясы ретінде. 19 ғ-ғы европалық философияның дамуының әлеуметтік мәдени, ғылыми алғышарттары. Марксистік философияның пайда болуы, оның ерекшеліктері мен негізгі идеялары.Орыс философиясының ерекшелігі және оның православиемен, әдебиетпен байланысы.Орыс философиялық ойының негізгі проблемалары, даму кезеңдері мен оның бағыттары. 19ғ. аяғы мен 20ғ. Басындағы орыс философиясының рационализмі мен иррационализмі. Орыс космизмі, экзистенциализмі. “Орыс идеясы” және оны 20ғ.Қазақ философиясы, оның проблемалары, даму кезеңдері Қазақ философиялық ойының мәдени және өркениеттік негізделуі. Қазақ философиясының рухани бастаулары: мифология және дін, ежелгі түрік халық ауыз әдебиеті, араб тілді мәдениет және ислам.Қазақстанның ағартушылық ойының ерекшеліктері, оның негізгі тақырыптары.

Модуль 3. Философияның теориясы.

Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Болмыс емес феномені.Философиядағы адамның негізгі бейнелері.Әлуметтік философия предметі.Антросоциогенез.Экономикалық жатсыну феномені.Мәдениет философиясының предметі. Мәдениет генезисі. Мәдениет және табиғат. Медениет және адам. Мәдениет және өркениет. Жаһандану жағдайындағы мәдениет. Махаббат феномені. Махаббат терең экзистенциалдық күйзеліс ретінде. махаббат философиялық түсіну «предметі» ретінде. Махаббат метафизикасы. Дін философиясы және теология. Дін философиясы және дінтану.

Модуль4 . Философияның теориясы.

Тарих философиясы: оның мәні. Тарих философиясының негізгі варианттары. Саясат философиясының предметі. Саяси философияның генезисі. Демократия феномені. Оқу-білім философиясы және педагогикалық теория. Диалектиканың тарихи типтері. Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшелігі. Тәжірибеге дейінгі білім. Білім және таным. Білім және сенім. Білімнің құрылымы. Сезімдік және рационалдық таным. Ұғым рационалдық танымның формасы ретінде. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция. Глобалдық мәселелер және олардың пайда болуының себептері. Экологиялық апат қаупі және оны жеңудің негізгі сценарийлерінің философиялық мағынасы. Глобалдану, глобализм және антиглобализм тарихтың қазіргі ұйғарым-талабы ретінде.

Негізгі құзырлар:

бакалаврдын курстан білетіні:

  • философияның предметі, мақсаты мен міндеті

  • философия мәселелерің негізгі шеңбері

  • философиялық дүниетанымның мәдениет контекстіндегі ерекшеліктері және оның өмірлік таңдауының стратегиясына әсері;

бакалаврдың істей алатыны:

  • нақтылы мәдениет контекстіндегі дүниетанымдық ахуалдарды анықтай білу

  • адамзат тарихындағы дүниетанымдық мәселелерді қою мен шешудің альтернативтік тәсілдерін анықтай білу

Пәнді оқып-үйрену процесінде бакалаврдың білуі тиіс:

  • философияның негізгі терминдері мен мәселелерін;

  • негізгі философиялық тұғырнамаларды;

- мәдениет контекстіндегі дүниетанымдық сауалдапды шешудің негізгі философиялық тәсілдерін

5.Баға қою саясаты: Сіздің біліміңізді және жасаған жұмыстарыңызды бағалау үшін төмендегідей баға жүйесі қолданылады. Жалпы баға (100%) төмендегідей компоненттерден тұрады:

Білім бағасының шкаласы

Әріптік жүйе бойынша баға

Балл

Пайыздық көрсеткіш

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз