Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АСПАН МЕХАНИКАСЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
272.03 Кб
Скачать

1577 Жылы кометаның пайда болуын зерттей келе Тихо Браге оның Ай орбитасының сыртында қозғалатын анықтады.

Жаңа кометалар жыл сайын ашылуда.Бір жылда 20-ға жуық комета анықталады. Жуықтығында 50 кометаны бақылауға болады, жалпы адамзат баласы тарихында екі мыңға жуық кометалар тіркелді. Көптеген кометалар орбитасы өте созылыңқы эллипс болып келеді. 1702 жылы Эдмунд Галлей 1531,1607 және 1682 жылдары көрінген кометалар орбиталарының ұқсас екенін айтты. Галлей кометасының Күнді айнала қозғалу периоды 76 жылға тең.

Кометалар Күннің маңына қарағанда онан алыс жерлерде ұзақ уақыт болады. Күннен алыс болған сайын кометаның температурасы да төмендейді. Кометалардың булану тоқтап, оның құйрығы мен түйдегі жоғалады.

Кометалар Күн жүйесіндегі ең көп және ерекше аспан денелері болып табылады. Ғалымдардың есебі бойынша Күн жүйесінің шеткі жағында кометалардың алып сфералық жиындығында,яғни Оорта бұлтында - комета орналасқан. Олар Күнді 3000-нан 160 000 а.б. қашықтықта айналады, бұл жақын орналасқан жұлдыздарға дейінгі қашықтықтың жартысы. Жақын орналасқан жұлдыздардың ұйтқуы әсерінен кейбір кометалар Күн жүйесінен мәңгі шығып кетеді. Басқалары керісінше созылыңқы орбита бойымен Күнге қарай ұмтылады, сонан соң алып ғаламшарлардың тартылыс күші әсерінен эллипстік орбитаға көшеді.

Жер бетін тұрақты түрде әр түрлі өлшемді аспан денелері соққылап тұрады. Жер атмосферасымен үйкелес нәтижесінде бөлшектер қызады және жанады немесе буланады,жарық із-метеорды қалдырады. Метеор бірнеше секунд ішінде жанады. Метеор деп Жер бетінде 80км-ден 130 км-ге дейінгі биіктікте жер атмосферасына метеорлық денелер енгенде байқалатын жарық құбылысын айтады. Метеорлық дене - ғарыш кеңістігіндегі тастың бөлігі немесе тозаңнын жиынтығы. Метеор денелерінің жылдамдықтары әр түрлі-11 және 75 км/с аралығында. Жеке метеорлармен қатар метеорлық ағындар да кездеседі.

Өте жарық метеорларды болид деп атайды. Олар аспанда ұшқан түтінді ұзын құйрықты өте жарық шар түрінде көрінеді. Кейде болидтер Айдан жарық болады, тіпті Күннен де жарық болуы мүмкін. Түнде бірнеше секундқа күндізгідей жарық болып, қозғалған денелердің көленкесі көрінеді.Болидтің ұшуы метеориттің түсумен аяқталуы мүмкін.

Жарық болидтің ұшуы немесе метеориттің қашан, қайда құлауы ешкімге белгісіз,Болидтерді бақылайтын арнаулы қызмет болғанымен негізгі ақпарат жұртшылықтан алынады.

Метеорлардың көрінуі және олардың аспанда таралуы біркелкі емес.Бұл құбылыспен тереңірек «Метеорлық ағын» үлгі экспериментінде танысуға болады. Ұсақ астероидтардың соқтығысуы,кометалардың бұзылуы Күн жүйесінің ішіңде ғаламшараралық тозаңның қалыптасуына әкеледі. Ғаламшарлараралық тозаңнан концентрациясы Жерден біпшама қашықтықта (жердің айналасы енбейді) 10 г/см , бұл газ-тозаңды жұлдыз-аралық бұлт тығыздығынан 100-1000 есе жоғары.Жер орбитасындағы тозаңдық зат 10 кг жуық шамамен бір астероидтың массасына тең.

Метеориттер- Күн жүйесінің ең ертедегі заты. Олардың 5 миллиард жыл бұрын Күн және ғаламшарлар пайда бола бастаған кезден физикалық және химиялық процестер жайлы, сонымен бірге ғарыштағы кейінгі ғарыштық денелердің соқтығысуы, ғарыштық сәуле шығару жайлы да ақпараттарда алуға болады.Метеориттер мен жарық болидтерді зерттеу маңызды жағынан Жерге әкеленуі қымбатқа түсетін Айдың немесе басқа ғаламшарлардың топырағын зерттеумен бірдей. Ал метеориттер бізге өзі ұшып келеді.

Химиялық құрамына байланысты метеориттер тас (85%), темір (10%) және темір-тасты метеориттер (5%) болып бөлінеді.

Тас метеориттер никельді темір қосылған силикаттан тұрады. Сондықтан аспан тастары жердегі тастардан ауыр болады. Метеорит заттың негізгі минералогиялық құраушылар – темір-магнезиалды силикат және никельді темір. Тас метеориттердің 90%-тен астамын домалақ дәндер хондралар құрайды.Бұл метеориттер хондриттер деп аталады.

Темір метеориттер түгелдей дерлік никельді темірден тұрады. Олардың құрылымдары қызық, никелі өте аз және тэнит қабаттары бар төрт параллель камаситті пластиналар жүйесінен құралады.

Темір-тасты метеориттер құрамы жартылай силикаттан, жартылай металдан түзіледі. Ондай құрылым метеориттерден басқа еш жерде кездеспейді. Бұл метеориттер-шұрық тесік балқыған металл не күйген силикатты денелер.

Метеориттердің Жерге соқтығысынан оның бетінбе кратерлер пайда болады.Олардың ішіндегі ең көрнектісі-Аризона(АҚШ) штатындағы кратер болып саналады. Оның диаметрі 1200 м, тереңдігі 175 м.Кратер жиегі жерден 37 м-ге көтерілген. Кратер жасы 5000 жыл болғанмен шөл даланың құрғақ климаты оны эрозиядан жақсы сақтаған.Жер бетінде 140 ірі кратерлер анықталған.

1908 жылы Тасты Тунгус үстінен жарық болид ұшып өтті. Жарылу толқыны 100 км-ден астам жердің ағаштарын құлатты, бірақ ғалымдар болидтің өзінің қалдықтарын таба алмады. Тунгус метеориті шамасы Жерге соқтығысқан комета немесе кішкентай астероид болған.

Метеориттердің көпшілігі мұхиттар мен теңіздерге батады, далалар мен ормандарда, таулар мен шөлейттерде жоғалады, мұздар мен тундрада түскен метеориттерді табу қиын. Сондықтан жарық болидтің ұшуын көрген, метеоридтің құлауының куәсі болған немесе ертеде құлаған метеоритті тапқан әрбір адам бұл жайлы беруі қажет.

Бір жағынан, Күнмен біздің ғаламшарлардың өмірі байланысты, екінші жағынан, Күн бізге ең жақын жұлдыз болғандықтан оны зерттеу арқылы Әлемдегі барлық жұлдыздар жайлы жаңалықтар білетін боламыз.

Егер күн сәулесінің жіңішке шоғын кез келген призма арқылы жіберсек Ньютонның ізімен Күн спекторы үздіксіз екенін байқауға болады. Яғни түстер бір-біріне жайымен ауысады. Бірақ мұндай үздіксіздік көрінетін жарық диапазонынан басқа толқындар үшін де орындалады. Көрінетін жарық диапазонында күн спекторының интенсивтілігі жоғары, сондықтан біз осы диапазонда көреміз. Жер орбитасына шығарылып,Күнге қаратылған квадрат метр бетке бір секунтта 1400 Дж күн энергиясы түседі. Бұл шаманы күн тұрақтысы деп атайды. Басқаша айтқанда, күн сәулесі энергиясының тығыздығы 1,4 кВт/м .

Күн спектірінде 9% ке жуық энергия ултьтракүлігін сәулеге тән. Қалған энергия спектрдың көрінер және инфрақызыл аумағына жуықтап тең бөлінеді.

Күн радиосәуле шығарудың қуатты көзі. Ғаламшараралық кеңістікке хромосфера (сантиметрлік толқындар) және күн тәжі (дециметрлік және метрлік толқындар) шығарған радиотолқындар тарайды. Күннің радиосәуле шығаруының екі құраушысы бар: тұрақты және айнымалы. Тұрақты құраушысы қалыпты жағдайдағы радиосәуле шығаруды сиппатайды. Күн тәжі үздіксіз спектрлі радиосәуле шығарады. Күннің радиосәуле шығаруының айнымалы құраушысы жарқырау, шулы дауыл түрінде көрінеді. Шулы дауылдар бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін тұрады. Күшті күн жарқырауынан 10 минуттан кейінгі Күннің радиосәуле шығаруы қалыпты жағдайдағы Күннің радиосәуле шығаруынан мыңдаған есе, тіпті миллиондаған есе артық болуы мүмкін. Және бұл бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылады.Бұл радиосәуле шығарудың табиғаты жылулық емес.

Рентген аумағындағы Күннің сәуле шығару ағыны аз және күн белсенділігіне байланысты қатты өзгереді.

Спектрдің толқын ұзындығы 200 нм-ден аз ультракүлгін аумағында үздіксіз спектр интенсивтілігі күрт кемиді, сутегі атомы спектріне сәйкес сызықтар пайда болады. Күннің қысқа толқынды ультракүлгін сәуле шығаруы фотосфераға жақын жерде жүреді,Ренгтен сәулесі фотосфера үстінде орналасқан хромосферадан және күннің сыртқы қабықшасы тәжден шығады. Метрлік радиосәулелер Күн тәжінде сәулелер хромосферада пайда болады.

Күн Галактика жазықтағы орналасқан және оның центрінен 8кпк, Галактика жазықтығынан жуықтап 25кпк қашықтықта орналасқан.

Геркулес шоқжұлдызы бағытында жұлдыздар әр жаққа тарап бара жатқан сияқты, қарсы бағыттан қарағанда қозғалатын сияқты екенін бірінші болып байқаған Вильям Гершель болды. Ол мұны Күннің кеңістіктегі қозғалысымен түсіндірді.

Күн Лира және Геркулес шоқжұлдыздарының шекарасына қарай 20 км/с жылдамдықпен қозғалады. Күнге жақын орналасқан жұлдыздар қозғалыс жылдамдығы аз болады, бірақ бұл олардың галактика центрі айналуына кедергі келтірмейді.

Күн жүйесі Галактика центрін 220км/с жылдамдықпен айналады. Бұл қозғалыс Аққу шоқжұлдызы бағытына жүреді. Күннің галактика центрін айналуының периоды 220 млн жыл.