Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар кешені.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
531.97 Кб
Скачать

Шараларының жүзеге асырылуы.

Жоспар:

1. Еңбекті қорғау шараларының жүзеге асырудың түсінігі.

2. Еңбекті қорғау саласындағы мониторинг пен тәуекелдерді бағалау

3. Еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау

Лекция мақсаты: Студенттерге Еңбекті қорғау пәнін түсіндіру, еңбекті қорғаудың қағидаларын оқыту және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын оқытып, үйрету.

Лекция мәтіні.

1. Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғаудың қазіргі кездегі мәселелері.Еңбекті қорғаудың шетелдік тәжірибесі.

Бақылау сұрақтары:

1. Еңбекті қорғау шараларының жүзеге асырудың түсінігі. Мемлекет уәкілдік берген органдар арқылы ғалымға негізделген стандарттар,ережелер мен нормалар негізінде өндірістегі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуге қажетті талаптар белгілейді.Жұмыс берушілерге еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын сонымен қатар ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жүктеледі.Сондай-ақ жұмыс берушілер еңбекті қорғау еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулар әзірлейді. Ал кәсіпорындарда істейтін қызметкерлер тиісті заң және нормативтік актілерді, нұсқауларда, ұжымдық шарттарда белгіленген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар талаптарын сақтауға міндеттенеді.

Кәсіп орынды жобалағанда, салынғанда және пайдаланғанда еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету.Ағымды еңбек заңдарына байланысты еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттардың, ережелердің, нормалардың талаптарына сай келмейтін өндірістік үйлер мен ғимараттарды жобалауға, салуға, қайта жаңғыртуға, машиналарды, механизмдердің жабдықтары мен басқада бұйымдардың, соның ішінде шетелден сатып алынған бұйымдардың технологиясын жасауға және шығаруға, конструкциялауға және әзірлеуге рұқсат етілмейді. Адамның организмі мен денсаулығына әсер ететін токсокологиялық бағалаудан өтпеген заттарды, шикізатты, матириалдарды қолдануға тыйым салынады.

Жасалған жобалардың еңбекті қорғау мен еңбек жағдайларының талаптарына сәйкес келетіндігі мемлекеттік сараптамадан, ал тәжірибе үлгілері мемлекеттік сынақтан өткізілуге тиіс.

Белгіленген тәртіппен берілген қауіпсіздік талаптарына сай сертификаты жоқ жаңа немесе қайта жаңғырылған кәсіпорындарды, обьектіні, өндіріс құралын немесе өнімнің басқа түрін қабылдау,а және пайдалануға беруге болмайды. Мемлекет машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды, басқада бұйымдарды, сондай-ақ технологиияларды, соның ішінде шетелден сатып алынған технологияларды сертификаттау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Еңбекті қорғау талаптарына сай келмейтін кәсіпорынның, өнімдерді пайдалануға беру олар осы талаптарға сай келмейтін кәсіпорынның, цехтың, учаскенің жұмысы, өндіріс құралдарын немесе өнімдердің пайдалануға беру олар осы талаптарға сай келтірілгенге дейін тоқтатлыла тұруы мүмкін.

Кәсіпорынға жаңа қауіпті заттар келіп түскенде немесе олардың саны қосымша қауіпсіздік шараларын жасауда талап ететін болса, жұмыс беруші бұл туралы қадағалау органдарына дер кезінде хабарлауға міндетті.

Еңбекті қорғау жөнінде мамандар даярлау.

Мемлекетті жоғары және арнаулы орта оқу орындарында еңбекті қоғау мен қауіпсіздік жөніндегі мамандарды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл оқу орндары экономика саласындағы өндірістердің ерекшеліктерін ескере отырып, студенттердің «Еңбекті қорғау» курсын міндетті түрде оқып-үйренуін жүзеге асыруға тиіс.

Еңбекті қорғауды қаржыландыру. Еңбекті қорғау қаржыландыру мемлекеттік және жергілікті бюджеттер, бюджеттен тыс қорлар, кәсіпорындардың қаржылары, басқада қаржы көздері есебінен жүзеге асырылады. Қызметкерлер бұл мақсаттқа шығын жұмсамайды.әрбір кәсіпорын жыл сайын еңбекті қорғауға қажетті қаржы бөледі, оның көлімі ұжымдық шартта белгіленеді.Кәсіпорындар шаруашылық жүргізуден, коммерциялық, сыртқы экономикалық және өзге де қызметтен, сондай-ақ басқа көздерден түскен пайда (табыс) есебін еңбекті қорғау жөніндегі қорларды қосымша құруға қақылы.

Кәсіпорындарда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету. Жұмыс беруші кәсіпорындарда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етіп, еңбекті қорғау жайына бақылау жасауды ұйымдастырады және оның қорытындылары туралы еңбек жағдайларын қамтьамасыз етіп, еңбекті қорғау жайына бақылау жасауды ұйымдастырады және оның қорытындылары туралы еңбек ұжым дарына дер кезінде хабарлап отыруға міндетті. Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын кәсіпорындарда қамтамасыз ету жөніндегі және еңбек қорғау жөніндегі стандарттарды, ережелерді, нормалар мен нұсқауларды қызметкерлердің сақтауы жөніндегі жұмыс берушінің міндеттемелері ұжымдық шартта белгіленеді.

Мемлекеттік басқару органдары белгіденген нормалардан кем емес және ұжымдық шарт негізінде қызметкерлерге меншік иесі есебінен арнаулы киім, аяқ кіим және де басқа да жеке қорғану құралдары, жуу және дизинфекциялау материалдары, сүт, емдеу – алдын алу тамағы беріледі.

Әйелдермен он сегіз жасқа толмаған адамдардың еңбегін қоғау. Заңда әйелдер мен 18 жасқа толмаған адамдардың еңбегін зиянды және қауіпті еңбек жағдайы бар жұмыстарға, сондай-ақ ауыр жүкті көтеру және оны қолмен тасуға байланысты жұмыс тарға пайдалануға белгіленген тәртіппен шек қойылған. Бұл жағдайларда әкімшілік жүктерді тасу үшін механикаландыру мен автоматтандыру құралдарын басқа да жабдықтарды өндірісте пайдалануға ықпал етуге міндетті. Егер ауыр жүкті көтеру мен тасу кезінде жүк денсаулыққа зиян келтірген болса, қолмен тасу тоқтатылуы тиіс. Еңбек заңдары жүкті әйелдердің еңбегін ауыр жүкті қолмен көтеру мен тасуға байланысты жұмыстарға қолдануға тиым салады. Заңдарда белгіленген тәртіппен медициналық қорытындыға сәйкес жүкті әйелдер өндірістің қауіпті және зиянды фактарлары әсерін болдырмайтын басқа жеңілірек жұмысқа ауыс тырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылығы 20 қаңтардағы қаулысымен ауыр жүкті көтеру мен қолмен тасудың әйелдер үшін жаңа нормасы бекітілген. Рұқсат етілген жүк салмағы 10 килограмнан, қолмен көтеріп тасу салмағы 7 килограмнан аспауы тиіс. Барлық әйелдер мен 18 жасқа толмаған адамдар жұмысқа алдын ала медициналық тексеруден кейін ғана адамдар жұмысқа алдын ала медициналық тексеруден кейін ғана қабылданады және келешекте әйелдер 45 жасқа, кәмелетке толмағандар 18 жасқа толғанша жыл сайын міндетті медийиналық тексеруден өтіп тұрулары керек.