- •1. Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.
- •2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары.
- •3. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен
- •Нормативтік құқықтық актілер тізімі:
- •Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қорғауды ұйымдастыру.
- •2. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы n528-II Қазақстан Республикасының Заңы (05.06.2006 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
- •3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы №278-ө бұйрығымен бекітілген «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» ережесі.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1. Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтары:
- •2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары.
- •3. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтар:
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Еңбегінің қорғалуы.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2. Еңбек нормаларының сақталуын мемлекеттік бақылау.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2. Қызметкерлердің мiндеттi медициналық тексерулері.
- •3. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Шараларының жүзеге асырылуы.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
2. Қызметкерлердің мiндеттi медициналық тексерулері.
Ұйымдарда зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауіптi) және қолайсыз өндiрістiк факторлары бар жұмыстарға, сондай-ақ жер асты жұмыстарына адамдар қабылдауды жұмыс берушi олар алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейiн және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайына қайшы келмейтiнi айқындалғаннан кейiн жүзеге асыруға тиіс. Он сегiз жасқа толмаған адамдар мiндеттi алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейiн ғана жұмысқа қабылданады және одан әрi, он сегіз жасқа толғанға дейiн жыл сайын мiндеттi медициналық тексеруден өтуге тиiс. Жұмыс берушi еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерді мерзiмдiк медициналық қаралудан және тексеруден өткiзудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз қаражаты есебiнен ұйымдастыруға мiндеттi. Қауiптілігі жоғары өндiрiстiк жабдықтармен байланысты жұмыстармен айналысатын қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиiс. Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететiн кәсiптердiң тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган айқындайды. Медициналық қаралудан және тексеруден өтуден жалтарған қызметкерлер жұмысқа жіберiлмейдi.
3. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі.
Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді: төраға — ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары; мүшелері — ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.
Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.
Арнайы тергеп-тексеруге:
ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;
зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;
қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.
Жұмыс берушінің — жеке тұлғаның өндірісіндегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі, қызметкерлердің өкілі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де шақырылуы мүмкін еңбекті қорғау жөніндегі маман қатысады. Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдері қатысады. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Өндірістік практикадан өтіп жүрген, жалпы білім беретін, кәсіптік мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жұмыс берушінің және зардап шеккен адам өкілінің қатысуымен өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргізеді. Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның қызметкері немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілінің қатысуымен жұмыс берушінің өзі жүргізеді. Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде ұшыраған жазатайым оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс беруші тергеп-тексереді және есепке алады. Көлік құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол полициясының тергеп-тексеру материалдары негізінде жүргізіледі.
Жол полициясы жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының талабы бойынша көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін беруге міндетті. Әрбір өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия оқиға куәгерлерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушіден қажетті ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан түсініктеме алады. Жұмыс берушіге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесінде еңбекке қабілетсіздігі бірден туындамаған (талап ету мерзіміне қарамастан) жазатайым оқиғалар зардап шеккен адамның (оның өкілінің) өтініші бойынша немесе мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша өтініш тіркелген, нұсқама алынған күннен бастап он күн ішінде тергеп-тексеріледі. Жиналған құжаттар мен материалдар негізінде комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысын және тиісінше, зардап шеккен адамға оқиға орнында өзінің еңбек міндеттерін орындауына байланысты болуы түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым оқиғаны өндірістегі жазатайым оқиға ретінде немесе өндіріспен байланысты емес жазатайым оқиға ретінде саралайды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтап, өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептерін жою және алдын алу жөніндегі шараларды белгілейді. Режимді объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерге кіру, соларда бөлу ерекшеліктері ескеріліп айқындалады. Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп соққан өндіріспен байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (ұсынымға) сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данасы жасалып (әрбір зардап шеккен адамға жеке жеке) ресімделеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу.
2. Қызметкерлердің мiндеттi медициналық тексерулері.
3. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі.
