Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар кешені.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
531.97 Кб
Скачать

Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 2007 жылы 21 мамырдағы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.

2. Қазақстан Республикасының 15.05.2007 жылғы N251 Еңбек кодексі. 19.12.2007. жылғы №9-ІV Заңымен мазмұы өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді), (05.05.2009 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

3. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы N528-II Қазақстан Республикасының Заңы (05.06.2006 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы №278-Ө бұйрығымен бекітілген «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» ережесі.

5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 22 тамыздағы № 200-П бұйрығымен бекітілген «Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі» туралы үлгі ережесі.

Негізгі әдебиеттер:

1.Уваров В.Н. Казақстан Республикасының Еңбек құқығы: Оқулық. -Алматы: КазГЮА, 2002.

2.Хамзин А.Ш.,Хамзина Ж.А., Хамзина Л,А. Трудовое право Республики Казахстан: Учебник.- Алматы, 2004

З.Абузярова Н.А.Трудовое право республики Казахстан. –Учебник. Алматы, 2001

4.Киселев И.Я. Зарубежное трудовое право. Учебник для вузов. –М.,1998. -263с.

5. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу құралы. –Алматы: Жеті жарғы, 2006. -168б.

6.Международное трудовое право.Учебник. –Алматы: Данекер, 2000.-211с.

7 Денисенко Г.Ф. Охрана труда Москва: Высшая школа, 1985. – 346 с.

Приходько Н.В. Безопасность жизнедеятельности.Курс лекций. Алматы:2000.

Қосымша әдебиеттер:

1. Димитрова С.А. Правовые проблемы труда и занятости населения. - Алматы: Жеті жарғы, 1997.-176с.

2.Нургалиева Е.Н.Механизм правового регулирования труда. Алматы: Жеті-Жарғы, - 1996

3.Нурмагамбетов А.М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы. - Алматы. ТОО "Баспа".1998. -192с.

4. Нургалиева Е.Н.Сураган Г.А. Материальная ответственность сторон

трудового договора. -Алматы: ТОО "Баспа",2001. -136с.

5.Нургалиева Е.Н., Серикбекова С.Б. Индивидуальные договоры о труде. А., 2004. -200с.

6.Охрана труда в электроустановках./Под ред. Б.А. Князевского. М., 1981.- 311с.

7.Долин П.А. Основы техники безопасности в электроустановках. М.: Энергоатомиздат, 1984. –448с.

8.Борьба с шумом на производстве: Справочник/Под ред. Е.Я. Юдина. – М.: Машиностроение, 1985. – 400с.

9.Безопасность производственных процессов: Справочник/С.В. Белов, В.Н. Бринза, Б.С. Векшин и др. Под общ. Ред. С.В. Белова. – М.: Машиностроение, 1985. –448с.

10.Атаманюк В.Г., Ширшев Л.Г., Акимов Н.И. Гражданская оборона. – М.: Высшая школа, 1986. –207с.

11.Справочная книга по охране труда в машиностроении./Г.В. Бектобеков, Н.Н. Борисова, В.И. Коротков и др. Под общ. ред. О.Н. Русака. – Л.: Машиностроение. Ленингр. отд-ние, 1989. –541с.

12.Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов/С.В. Белов, А.В. Ильницкая, А.Ф. Козьяков и др.; Под общ. ред. С.В. Белова. – М.: Высшая школа, 1999. -448с.

13.Журавлев В.П., Пушенко С.Л., Яковлев А.М. Защита населения и территорий в чрезвычайных ситуациях. М.: Изд-во АСВ / 1999. –376с.

14.Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций. – Алматы: ВШП «Адилет», 2000. – 366с.

15.Раздорожный А.А. Безопасность производственной деятельности: Учеб. пособ. – М.: ИНФРА – М, 2003.-208с.

16.Адбаева К. А., Спатаев Н. Д. Сборник нормативных актов Республики Казахстан по охране труда. Караганда, 2002. – 256 с

17. Скала В.И. Охрана труда и техника безопасности в практической деятельности субъектов РК Алматы: «LEM», 2002. - 228 с.

18. Еңбекті қорғау. Журнал. 2009 ж. №1 (37) 2009. -89 с

8-тақырып: Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру мен есепке алу.

Жоспар:

1. Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу.

2. Қызметкерлердің мiндеттi медициналық тексерулері.

3. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі.

Лекция мақсаты: Студенттерге тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу тәртібін, қызметкерлердің мiндеттi медициналық тексерулер жүргізу тәртібін, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібін оқытып, үйрету.

Лекция мәтіні.

1. Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу. Зандық жоғары деңгей дәрежесіңде құқықтық реттеумен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп тексеру мен есепке алу туралы мәселелер қамтылған. Бұл жөніндегі нормалар Еңбек кодексінің тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу; жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіңдегі міңдеттері; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі; өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу; жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп — тексерілуі мен есепке алынуын бақылау деп аталатын 322-327 баптары бойынша топтастырылған.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу тәртіптері. Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тәртіппен растаған улану жағдайлары да еңбекке қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан, жазатайым оқиға туралы актімен рәсімделеді.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия жүргізеді. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстық республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияныңтөрағасы үйымдардың мамандары, ғалымдар және бақы-лау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаны, қызметкерлердіңтоптықжазатайым оқиғасын жәнетоптық қатерлі улану жағдайын тер-геп-тексеру еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы арнайы тер-геп-тексеру актісімен ресімделеді. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз куәлерден, куә-герлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады. Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың және басқа да жағдай-лардың нәтижесінде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) іздеудіңтоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авариялық-құтқару бөлімшесі басшысыныңжәне сарапшы мамандардың қорытындысы негізінде айқындайды.

Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау.

Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары өз құзыреттері шегінде тексерулер жүргізу, азаматтардың шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау және ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін тексерулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкестіркеуге және есепке алынбайды.