- •1. Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.
- •2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары.
- •3. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен
- •Нормативтік құқықтық актілер тізімі:
- •Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қорғауды ұйымдастыру.
- •2. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы n528-II Қазақстан Республикасының Заңы (05.06.2006 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
- •3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы №278-ө бұйрығымен бекітілген «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» ережесі.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1. Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтары:
- •2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары.
- •3. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтар:
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Еңбегінің қорғалуы.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2. Еңбек нормаларының сақталуын мемлекеттік бақылау.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2. Қызметкерлердің мiндеттi медициналық тексерулері.
- •3. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Шараларының жүзеге асырылуы.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 2007 жылы 21 мамырдағы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
2. Қазақстан Республикасының 15.05.2007 жылғы N251 Еңбек кодексі. 19.12.2007. жылғы №9-ІV Заңымен мазмұы өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді), (05.05.2009 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
3. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы N528-II Қазақстан Республикасының Заңы (05.06.2006 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы №278-Ө бұйрығымен бекітілген «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» ережесі.
5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 22 тамыздағы № 200-П бұйрығымен бекітілген «Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі» туралы үлгі ережесі.
Негізгі әдебиеттер:
1.Уваров В.Н. Казақстан Республикасының Еңбек құқығы: Оқулық. -Алматы: КазГЮА, 2002.
2.Хамзин А.Ш.,Хамзина Ж.А., Хамзина Л,А. Трудовое право Республики Казахстан: Учебник.- Алматы, 2004
З.Абузярова Н.А.Трудовое право республики Казахстан. –Учебник. Алматы, 2001
4.Киселев И.Я. Зарубежное трудовое право. Учебник для вузов. –М.,1998. -263с.
5. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Негізгі институттар: Оқу құралы. –Алматы: Жеті жарғы, 2006. -168б.
6.Международное трудовое право.Учебник. –Алматы: Данекер, 2000.-211с.
7 Денисенко Г.Ф. Охрана труда Москва: Высшая школа, 1985. – 346 с.
Приходько Н.В. Безопасность жизнедеятельности.Курс лекций. Алматы:2000.
Қосымша әдебиеттер:
1. Димитрова С.А. Правовые проблемы труда и занятости населения. - Алматы: Жеті жарғы, 1997.-176с.
2.Нургалиева Е.Н.Механизм правового регулирования труда. Алматы: Жеті-Жарғы, - 1996
3.Нурмагамбетов А.М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы. - Алматы. ТОО "Баспа".1998. -192с.
4. Нургалиева Е.Н.Сураган Г.А. Материальная ответственность сторон
трудового договора. -Алматы: ТОО "Баспа",2001. -136с.
5.Нургалиева Е.Н., Серикбекова С.Б. Индивидуальные договоры о труде. А., 2004. -200с.
6.Охрана труда в электроустановках./Под ред. Б.А. Князевского. М., 1981.- 311с.
7.Долин П.А. Основы техники безопасности в электроустановках. М.: Энергоатомиздат, 1984. –448с.
8.Борьба с шумом на производстве: Справочник/Под ред. Е.Я. Юдина. – М.: Машиностроение, 1985. – 400с.
9.Безопасность производственных процессов: Справочник/С.В. Белов, В.Н. Бринза, Б.С. Векшин и др. Под общ. Ред. С.В. Белова. – М.: Машиностроение, 1985. –448с.
10.Атаманюк В.Г., Ширшев Л.Г., Акимов Н.И. Гражданская оборона. – М.: Высшая школа, 1986. –207с.
11.Справочная книга по охране труда в машиностроении./Г.В. Бектобеков, Н.Н. Борисова, В.И. Коротков и др. Под общ. ред. О.Н. Русака. – Л.: Машиностроение. Ленингр. отд-ние, 1989. –541с.
12.Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов/С.В. Белов, А.В. Ильницкая, А.Ф. Козьяков и др.; Под общ. ред. С.В. Белова. – М.: Высшая школа, 1999. -448с.
7-тақырып: Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылық.
Жоспар:
1. Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігі.
2. Еңбек нормаларының сақталуын мемлекеттік бақылау.
3. Еңбек нормаларының сақталуын тексеру, олардың түрлері, нысандары мен мерзімдері
Лекция мақсаты: Студенттерге еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігін, еңбек нормаларының сақталуын мемлекеттік бақылауды, еңбек нормаларының сақталуын тексеру, олардың түрлері, нысандары мен мерзімдерін оқытып, үйрету.
Лекция мәтіні.
1. Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігі. Қазақстан Республикасының «Еңбекті қорғау туралы» заңында еңбекті қорғауға қатысты заң шығарушылық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды, еңбекті қорғау туралы ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелерді орындамаған, оларды қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл жауапкершілікті шартты түрде кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің жауапкершілігі деп бөлуге болады. Кәсіпорындар еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз етпегені үшін және еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін, өндірістік мақсаттағы өнімді шығарғаны және өндіргені үшін экономикалық жауапкершілікке тартылады. Еңбекті қорғау туралы заңдарды бұзушылықтарды қадағалау және бақылау органдары анықтаған кезде, кәсіпорындар өздерінің қаражаты есебінен еңбекті қорғау қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында анықталған тәртіпте және мөлшерде айыппұл төлейді. Еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін жаңа техниканы, технологияларды, өндірістік объектілерді жасаған немесе дайындаған кәсіпорындар да экономикалық жауапкершілікке тартылады және әлеуметтік сақтандыру органдарына және тұтынушыларға осы құқық бұзушылықтарды жоюға қатысты, сонымен қатар, қайғылы оқиғаның ж.не кәсіптік аурудың нәтижесінде жәбірленгендерге өтемақы төлеумен қатысты шығындарды өтейді. Шығындардың мөлшерін арбитраждық сот белгіленген тәртіп бойынша анықтайды және өндіреді.
Еңбекті қорғау талаптары мен нормаларын бұза отырып, жаңа технологиялар мен өндіріс құралдарының жобаларын жасаған және оларды енгізуді талап еткен ғылыми-зерттеу және жобалау-құрастыру ұйымдары тапсырыс берушіге осы құқық бұзушылықтарды жоюға қатысты келтірілген шығындарды өтеуге міндетті. Шығындардың мөлшерін арбитраждық сот белгіленген тәртіп бойынша анықтайды және өндіреді. Егер бұлар еңбекті қорғауға қатысты нормалардың, стандарттардың және ережелердің талаптарына қайшы келсе, өнімдерді өндіру, жарнамалау және сату, соның ішінде шетелдерден .келінген өнімдерді жарнамалау және сату заңсыз болып табылады. Кәсіпорынның мұндай қызметтің нәтижесінде тапқан пайдасы еңбекті қорғау қорына алып қойылады. Кәсіпорындар өндірісте жапа шеккен қызметкерлердің немесе қызметкерлер қайтыс болған жағдайда олардың жақын туыстарының алдында материалдық жауапкершілікте болады. Өндірістегі қайғылы оқиғаның немесе кәсіптік аурудың нәтижесінде еңбекке қабілетін толығымен немесе ішінара жоғалтқан қызметкерге немесе оның жақын туыстарына кәсіпорын не оның құқықмирасқоры бір жолғы жәрдемақы төлейді және заңдарда белгіленген тәртіпте және мөлшерде қызметкердің өміріне не денсаулығына келтірілген зиянды өтейді. Бір жолғы жәрдемақының мөлшері ұжымдық шартпен және Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталады және мыналардан кем болмауы тиіс:
- өндірістегі қайғылы оқиғаның немесе кәсіптік аурудың салдарынан қайтыс қайтыс болған қызметкердің жылдық жалақысының он еселік мөлшерінен;
- еңбектегі жарақаты немесе кәсіптік ауруы салдарынан бірінші не екінші топ мүгедегі ретінде танылған қызметкердің жылдық жалақысының бес еселік мөлшерінен;
- еңбектегі жарақаты немесе кәсіптік ауруы салдарынан үшінші топ мүгедегі ретінде танылған қызметкердің жылдық жалақысының екі еселік мөлшерінен;
- еңбекке қабілеттігі толығымен жоғалды деп танылған және оған қатысты мүгедектік тобы тағайындалмаған қызметкердің жылдық жалақысы мөлшерінен.
Жылдық жалақыны есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкімет анықтайды. Егер қызметкер емдеу және әлеуметтік шараларды қажет етсе, кәсіпорын жәбірленген қызметкерге емделуге, протездеуге және медициналық және әлеуметтік көмектің өзге де түрлеріне қатысты шығындарды өтейді. Қажет болған жағдайда кәсіпорын медициналық қорытындыға сәйкес жәбірленген қызметкердің кәсіби сауығуын, қайта дайындықтан өтуін және жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді немесе осы мақсаттарға кеткен шығындарды өтейді. Еңбекті қорғау нормаларының талаптарын бұзғаны үшін кінәлі немесе қадағалау ж.не бақылау органдарының қызметіне кедергі жасаған лауазымды тұлғалар заңдарда белгіленген тәртіп бойынша әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қызметкерлер де еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын бұзуға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
