- •1. Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.
- •2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары.
- •3. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен
- •Нормативтік құқықтық актілер тізімі:
- •Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Қорғауды ұйымдастыру.
- •2. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы n528-II Қазақстан Республикасының Заңы (05.06.2006 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
- •3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы №278-ө бұйрығымен бекітілген «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» ережесі.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1. Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтары:
- •2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары.
- •3. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтар:
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Еңбегінің қорғалуы.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2. Еңбек нормаларының сақталуын мемлекеттік бақылау.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •2. Қызметкерлердің мiндеттi медициналық тексерулері.
- •3. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Шараларының жүзеге асырылуы.
- •Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер:
Еңбегінің қорғалуы.
Жоспар:
1. Еңбек барысындағы қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы.
2. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы нормативтердi әзірлеу.
Лекция мақсаты: Студенттерге еңбек барысындағы қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуын, еңбек қауіпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы нормативтердi әзірлеу тәртібін оқытып, үйрету.
Лекция мәтіні.
1. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы нормативтердi әзірлеу.
Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау саласындағы нормативтер ұйымдық техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және қызметкерлердiң еңбек қызметi процесiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған өзге де нормаларды, ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi белгiлейдi. Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау саласында салалық нормативтердi әзiрлеудi және бекiтудi тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады. Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықтарды әзiрлеудi және бекiтудi уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен жұмыс берушi жүзеге асырады.
Мемлекеттiк стандарттардың еңбектi қорғау жөнiндегі ережелер мен нормалардың, санитарлық, құрылыс ережелерi мен нормаларының талаптарына жауап бермейтiн өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қайта жаңғыртуға, технологияларды әзірлеу мен пайдалануға, машиналарды, тетiктердi, жабдықтарды және басқа да бұйымдарды құрастыру мен жасап шығаруға жол берiлмейдi. Егер жаңадан салынған немесе қайта жаңғыртылатын өндiрiстік объектілер, өндiрiс құралдары немесе өнiмнің басқа да түрлерi еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау талаптарына, сондай-ақ санитарлық және құрылыс ережелерi мен нормаларының талаптарына сай келмесе, қабылданбайды және пайдалануға берiлмейдi. Өндірістік объектілер уәкілетті орган белгiлеген тәртiпке сәйкес еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi түрде мезгiл-мезгiл аттестаттаудан өтуге тиiс. Өндiрiстік мақсатта салынған объектіні пайдалануға қабылдауды қабылдап алу комиссиясы мiндеттi түрде мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен жүргiзедi.
Еңбек қызметі барысында қызметкерге мынадай іс-әрекеттер жасауға тиым салынады:
1) мемлекеттiк сынақтан, тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өткiзiлмеген, бекiтiлген үлгiге сәйкес келмейтiн өлшеу құралдарын қолдануға;
2) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн тауарларды, материалдарды, шикiзаттарды қолдануға тыйым салынады.
Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Мемлекеттік еңбек инспекторларына мына қызметкерлер жатады:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы;
2) мемлекеттік еңбек инспекциясының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының лауазымды адамдары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары - мемлекеттік еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары жатады.
3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
4. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптері мен негізгі міндеттері
Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әділдік, тәуелсіздік және жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:
ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.
2. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы нормативтердi әзірлеу. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келмейтін өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қайта құруға, технологияларды әзірлеуге және пайдалануға, машиналарды, тетіктерді, жабдықтарды құрастыруға және әзірлеуге жол берілмейді. Егер жаңадан салынған немесе қайта құрылған өндірістік объектілер, өндіріс құралдары немесе өнімнің басқа да түрлері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келмесе, қабылданбайды және пайдалануға берілмейді. Өндірістік объектілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттаудан өткізілуге тиіс. Қабылдау комиссиясы өндірістік мақсаттағы объектіні пайдалануға қабылдап алуды мемлекеттік еңбек инспекторының міндетті қатысуымен жүргізеді.
Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар) өзінің құрылысы бойынша олардың функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болуға тиіс. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге, онда тиісті сақтандыру белгілері болуға және қызметкерлердің жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етілуге тиіс. Авариялық жолдар мен қызметкерлердің үй-жайлардан шығатын жолдар бос болуға және ашық ауаға не қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс. Қауіпті аймақтар нақты белгіленуге тиіс. Егер жұмыс орындары жұмыстың сипатына қарай қызметкерге қауіп-қатер төндіретін немесе құлайтын заттар бар қауіпті аймақтарда болса, онда мұндай орындар мүмкіндігінше бұл аймақтарға бөгде адамдардың кіруін шектейтін құрылғыларымен жабдықталуға тиіс. Жаяу жүргіншілер мен технологиялық көлік құралдары ұйымның аумағында қауіпсіз жағдайларда жүріп-тұруға тиіс. Қауіпті өндірістік объектілерде (учаскелерде), оның ішінде биіктікте, жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңіз қайраңдары мен ішкі су айдындарында жұмыстар жүргізу үшін қызметкерлердің жеке қорғану құралдары болуға тиіс. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайлардағы температура, табиғи және жасанды жарық, сондай-ақ желдеткіш жұмыс уақыты кезінде еңбектің қауіпсіздік талаптарына сай болуға тиіс. Қызметкерлер еңбек жағдайлары зиянды (шаң-тозаң, газдану және басқа да факторлар) жұмысқа жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткеннен кейін жіберіледі.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі мынадай нысанда жүзеге асырылады: Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмыс берушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, жоғары тұрған мемлекеттік инспекторға және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы. Шағымдану мемлекеттік еңбек инспекторлары берген актілердің орындалуын тоқтатпайды. Мемлекеттік еңбек инспекциясының басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы мемлекеттік еңбек инспекциясы өз қызметін басқа мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен, қызметкерлердің өкілдерімен, қоғамдық бірлестіктермен, басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүзеге асырады. Мемлекеттік органдар мемлекеттік еңбек инспекторына Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерін атқаруына жәрдемдесуге міндетті.
Мемлекеттік еңбек инспекторының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігі, мемлекеттік еңбек инспекторы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде өз қызметтік міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ өзге де заңға қайшы әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Еңбек барысындағы қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы жағдайын.
2. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбекті қорғау саласындағы нормативтердi әзірлеу тәртібі.
