- •Html-құжатын құрудың базалық негізі. Html-құжаттың негізгі тәгтері
- •Теориялық мағлұмат
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Сырғымалы жолдарды және тізімдерді ұйымдастыру
- •Теориялық мағлұмат
- •Html бірнеше тізім түрлерін ұйымдастыра алады Нөмірленбеген тізімдер
- •Нөмірленген тізім жолдары
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Html-құжаттарында кестелермен жұмыс
- •Теориялық мағлұмат
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Теориялық мағлұмат
- •1 Сурет. Терезені көлденең фреймдерге бөлу
- •2 Сурет. Браузерды 3-фреймге бөлу.
- •3 Сурет. Браузерды 3-фреймге бөлу және сурет қою.
- •4 Сурет. Браузерді бірнеше фреймдерге бөлу.
- •5 Сурет. Фреймды әр-түрлі өлшеммен орналастыру.
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Html құжаттарындағы формалар
- •Теориялық мағлұмат
- •5 Кесте
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Html тіліндегі стильдердің сатылы кестелері Жұмыстың мақсаты: Html тіліндегі стильдердің сатылы кестелері пайдалану арқылы сайт құруды үйрену. Теориялық мағлұмат
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Css қасиеттеріне шолу. Түстерді тағайындау
- •Теориялық мағлұмат
- •1 Сурет. Серифтік қаріп
- •2 Сурет. Жұмыр қаріп
- •3 Сурет. Бірдей енді қаріп
- •Түстерді тағайындау. Стильдік қасиеттер түстерді тағайындаудың үш түрлі тәсілін береді:
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •1 Кесте
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •JavaScript тілі. Бірінші скриптер
- •Теориялық мағлұмат
- •Alert функциясы бойынша бірнеше тәжірибе жазамыз. Шығу тапсырмасын орындаңыз (сурет-1).
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Бақылау сұрақтары:
- •Рнр скриптерімен жұмыс Жұмыстың мақсаты: рнр тіліндегі қарапайым типтермен жұмыс істеуді үйрену. Теориялық мағлұмат
- •// Выводит: Его зовут "Бекзат", а другого "Азат".
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Php тілінде шартты операторлары мен цикл операторлары Жұмыстың мақсаты:рнр тіліндегі шартты және цикльдерді қолданып бағдарлама құруды үйрену. Теориялық мағлұмат
- •1:7 Цикл работает
- •2:2 Цикл работает
- •1:10 Цикл работает
- •2:5 Новая итерация 2:1 Цикл работает
- •3:1 Цикл работает
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Php тілінде файлдармен жұмыс
- •Теориялық мағлұмат
- •Include 'имя_файла';
- •Include ("имя_файла");
- •Include.Php файлы мәтіні:
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Apache, php, MySql орнату және түзету
- •Теориялық мағлұмат
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Php MyAdmin-де жұмыс істеу
- •Теориялық мағлұмат Мәлімет қорын анықтау
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •DreamWeaver-мен жұмыс істеу. Қарапайым Web беттерді құру.
- •Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
- •Ашылған терезеден file/new таңдаймыз төмендегідей терезе пайда болады.
- •Зертханалық жұмысты орындау реті
- •Қолданылған Әдебиет
- •Мазмұны
Зертханалық жұмысқа берілген тапсырмалар
Frame1.html файлын ашып, FRAMESET тәгі арқылы броузер терезесін төмендегі суреттегідей кадрларға бөліңіздер. Оларға суреттер (файлдар) орналастырыңыздар.
2. Index.html деген файл ашып, терезені төрт фреймге бөліңіздер (екі жол және екі бағана), оларға алдын ала ішіне HTML тәгтерімен толықтырылған мәлімет жазылған мынадай файлдардың мәліметін орналастырыңыздар: list.html, table.html, image.html және first.html. Одан кейін:
а) list.html файлы орналасқан фреймде міндетті түрде жылжу жолақтары болатын болсын;
ә) table.html файлы орналасқан фреймнің мөлшерін өзгермейтін (NORESIZE) етіңіздер;
б) first.html файлын былай етіп өзгерту керек: image.html файлына жасалған сілтемені таңдағанда, ол first.html файлы тұрған фреймге жүктелетін болсын;
в) image.html файлындағы first.html файлына арналған сурет түріндегі сілтемені шерткенде, first.html файлы жаңа терезеде ашылатын болсын.
Зертханалық жұмысты орындау реті
1. Әдістемелік нұсқаулармен танысу.
2. Әр студент берілген мысалды пайдаланып өзіне берілген есептің (варианттің) нәтижесін алу керек.
3. Әр вариант үшін зертханалық дәптерді толтырып оқытушыға тапсыру.
4. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Бақылау сұрақтары:
Кестені қандай тег арқылы жасаймыз?
Суретті бейнелерді кестеге қоюға бола ма?
Кесте жасау тәгінің қандай атрибуттары бар, олардың мәндері неге тең бола алады?
Кесте баған қандай тег арқылы орнатамыз?
№ 5 Зертханалық жұмыс
Html құжаттарындағы формалар
Жұмыстың мақсаты:HTML-құжаттарында формалармен жұмыс істеуді үйрену.
Теориялық мағлұмат
HTML формалары web-құжат жариялаушылар мен оқырмандар арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік жасайды. Бұған дейін біз web-құжаттарды тек экранға шығару әдістерін талқылап келген болсақ, енді, керісінше оларға мәлімет енгізу әрекеттерін қарастырамыз. Формалар арқылы тұтынушыдан жалпы мәтін түрінде ақпарат сұрап алуға, "иә/жоқ" деген жауаптың бірін таңдауға немесе бірнеше жолдың біріне тоқтауға болады.
Формаларды әртүрлі колледжтарда қолдану мүмкіндігі бар. Мысал ретінде, сайтқа кірген оқырмандардың ол туралы өз пікірлерін формаға енгізуі туралы айтуға болады, жалпы HTML формаларын пайдалану аймағы алуан түрлі болып келеді.
<FORM> тәгі. Әрбір форма осы тәгпен басталады. Оның қолданылатын форманы өңдеу программасын (скрипт) және мәліметтерді жөнелту әдісін көрсететін екі атрибутын анықтап алу қажет.
1 кесте.форма атрибуты
-
Атрибуты
Атқаратын қызметі
ACTION
Форма мәліметтерін қабылдап алып, оны өңдейтін URL-ды анықтайды. Егер бұл атрибут анықталмаса, онда мәліметтер форма орналасқан web-парақ адресіне жіберіледі
METHOD
Форманы өңдеу программасына (скрипт) қалайша ақпарат жөнелтілетінін көрсетеді. Әдетте, оның мәні POST болады, мұндайда форма мәліметі URL-дан бөлек жеке жөнелтіледі. Ал оның мәні GET болса, онда мәлімет URL-мен бірге жіберіледі
Мысал:
<FORM METHOD="post" ACTION="/cgi-bin/comment_script">
…
</FORM>
Бұл мысалда броузерге мынадай нұсқау берілген: толтырылған форманы post әдісін қолдана отырып жөнелтіп, оны web-құжат орналасқан сервердің cgi-bin каталогында орналасқан comment_script скрипті көмегімен өңдеу керек екендігі көрсетілген. Бір web-парақта орналасатын формалар саны шектелмейді, бірақ та бір форманың екінші бір форманың ішіне кіріп кетпеуін қадағалап отыру керек.
Форма жасау тәгтері. HTML тілінде формадағы әр түрлі өріс типтерін жасау үшін <TEXTAREA>, <SELECT> және <INPUT> сыяқты үш түрлі тәг қолданылады. Олардың кез келген саны <FORM> ... </FORM> тәрізді қосарланған тәгтер ішінде, яғни контейнерде орналаса алады.
Төмендегі кестеде солардың қысқаша сипаттамалары көрсетілген, кейінірек олар толық қарастырылады.
2 кесте. Форма тегтері
-
Тәг
Атқаратын қызметі
<TEXTAREA>
Кез келген тұтынушы бірнеше жолдан тұратын мәтіндік ақпарат енгізе алатын өрісті анықтайды
<INPUT>
Мәлімет енгізудің кейбір өзге түрлерін: бір жол мәтін енгізу, жалаушаларды көтеріп қою және түсіру (check boxes), ажыратып қосқышты таңдау (radio buttons) және мәліметтерді жөнелтуге немесе форманы тазартуға арналған батырманы басу сияқты әрекеттерді орындауды қамтамасыз етеді
<SELECT>
Тұтынушыға жылжымалы жолағы бар терезедегі немесе суырылып шығатын меню ішіндегі бір жолды таңдау мүмкіндігін береді
<ТEXTAREA> тәгі. Бұл тәг бірнеше жолдан тұратын мәтіндік ақпарат енгізуге арналған өріс құру үшін қажет. <TEXTAREA> …</TEXTAREA> тәгтері арасына, алдын ала келісім бойынша, енгізу өрісіне шығарылатын кез келген мәтін жолдарын орналастыруға болады. Бұл тәгтің атрибуттары:
NAME – өріс атын анықтайды, міндетті түрде болуы тиіс;
ROWS – өріс биіктігі бойынша орналасатын жолдар санын береді;
COLS – өріс енін, яғни жол ұзындығын символдар санымен береді.
Мысалы, әр жолына 15 символ мәтін сиятын, екі жолдан тұратын өріс былай жасалады:
<HTML>
<BODY>
<FORM>
<TEXTAREA Name="Студент" ROWS=2 COLS=15>
Қабдиева Әйгерім
</TEXTAREA>
</FORM>
</BODY>
</HTML>
Мұның нәтижесі төмендегі суретте көрсетілген.
ROWS және COLS атрибуттары арқылы кез келген көлемдегі өріс құруға болады. Бұл атрибуттар міндетті түрде қажет болмағанмен, олардың алдын ала келісім бойынша бекітілген белгілі бір мәні жоқ (кез келген броузер үшін бұл мәндер әр түрлі), сондықтан олардың мәнін әрқашанда ашық көрсетуге тырысу керек.
|
|
SELECT тәгі. Бұл тәг суырылып шығатын меню немесе айналдыру жолағы бар опциялар (командалар) тізімін құру үшін қолданылады. Опциялар тізімі мен меню пункттері SELECT контейнерінің ішінде орналасады. <TEXTAREA> тәгі сияқты <SELECT> тәгінде де берілген атты анықтайтын NAME атрибуты міндетті түрде болуы тиіс. Опциялар саны SIZE атрибутында көрсетіледі. Төменгі кестеде <SELECT> тәгінің атрибуттарының атқаратын қызметтері жайлы айтылған.
3 кесте
Атрибут |
Атқаратын қызметі |
NAME |
Ақпарат атын анықтайды |
SIZE |
Таңдау опциялары үшін терезенің биіктігін (вертикаль көлемін) анықтайды. Егер атрибут көрсетілмесе немесе оның мәні 1-ге тең болса, онда қалқымалы опциялар тізімі шығады. Егер оның мәні 1--ден артық болса, онда опциялар айналдыру жолағы бар терезеде көрінеді. Ал егер атрибут мәні тізім элементтерінің нақты санынан артық болса, онда бос жолдар қосылады. Оларды таңдаған кезде, бос жолдар қайтарылады. |
MULTIPLE |
Бірден бірнеше опциялар таңдауға мүмкіндік береді. |
Опциялар тізімі <OPTION> тәгі арқылы <SELECT> контейнеріне кіргізіледі. Бұл тәгтің екі атрибуты болады, олар төмендегі кестеде сипатталған.
4 кесте
Атрибут |
Атқаратын қызметі |
VALUE |
Тұтынушы опцияны таңдаған жағдайда, өңдеу бағдарламасына (скриптіге) қайтарылатын мәнді көрсетеді |
SELECTED |
Алдын ала келісім бойынша таңдалған опцияны көрсетеді |
Мысал:
Төменде ұқсас формалары бар екі HTML құжаттарының мәтіндері көрсетілген. Екінші құжатта тізімнен алдын ала бір элемент таңдалып алынған (SELECTED атрибуты қосылған).
<HTML>
<BODY>
Жыл мерзімін таңдаңыз:
<FORM>
<SELECT NAME=YEAR>
<OPTION SELECTED VALUE="winter"> қыс
<OPTION VALUE="spring" > көктем
<OPTION VALUE="summer"> жаз
<OPTION VALUE="autumn"> күз
</SELECT>
</FORM>
</BODY>
</HTML>
|
|
<HTML>
<BODY>
Жыл мезгілін таңдаңыз:
<FORM>
<SELECT MULTIPLE NAME="YEAR">
<OPTION SELECTED VALUE="WINTER"> қыс
<OPTION VALUE="spring"> көктем
<OPTION VALUE="summer "> жаз
<OPTION VALUE="autumn "> күз
</SELECT>
</FORM>
</BODY>
</HTML>
|
|
<INPUT> тәгі. <INPUT> тәгі <TEXTAREA> мен <SELECT> тәгтеріндей контейнер емес, жалқы тәг болып есептеледі. Ол әр түрлі тәсілдерді пайдаланып, ақпарат жинақтауға арналған. Сол тәсілдерге мәтіндік өрістер, пароль енгізу өрісі, ажыратып-қосқыштар, жалаушалар, мәліметтерді жөнелту (Submit) және формаларды тазарту батырмалары (Reset) жатады.
INPUT тәгінің төмендегі кестеде көрсетілгендей бірсыпыра атрибуттары болады.
