Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық

Бұл өздік жұмыстарында студенттер әртүрлі тақырыптар бойынша оқытушының алдын ала берген күнтізбелік тапсырмасына орай, жұмыстар жүргізеді. Осындай тақырыптар шегінде оларға Отан, ел, тіл туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер беріліп, студенттер оларды талдап үйренеді. Соған орай, аталған тапсырмаларды орындау барысында орыстілді студенттердің қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдылары қалыптастырылады. Сонымен бірге, өздік жұмыста студенттердің дыбыстау дағдыларын қалыптастыру үшін патриоттық тақырыптағы өлеңдер беріледі. Оларды жаттау барысында қазақ тілінде сөйлеу актілері қалыптасса, оған қоса жаңа лексикалық минимумды игеру жұмыстары да қоса жүргізіледі.

Өздік жұмыс барысында, сонымен қатар, оларға жазба жұмыстарын жүргізу де мақсат етілген. Осындай жазба жұмыстарының негізгі түрі – эссе жазғызу. «Менің туған қалам», «Ұлттық дәстүрлер», «Өнер түрлері», «Қазақ өнері», «Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері», «Қазақстанның сыртқы саясаты» және тағы да басқа ұсынылған тақырыптар бойынша жазылған эсселер арқылы студенттердің жазылым дағдысы қалыптасады. Сондай-ақ жазу дағдысымен бірге олардың қазақ тілінде ойлау жүйесі де мейлінше артады. Бұларға қоса олар өз жұмысын жазу барысында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланады. Соның негізінде, студенттердің мемлекеттік тілдегі сөз қорлары мейлінше еселенеді.

Білім алушыларға арналған өздік жұмыстары студенттердің академиялық сабақтарда алған тілдік дағдылары мен машықтарын бекітуге жәрдем жасайды.

Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық

Білім алушылар қазақ тілі пәнінен типтік бағдарламаға сай тақырыптар негізінде семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу барысында мәтіндерді оқып, мәтіндер бойынша тапсырмаларды орындайды. Мәтіндерді түсініп оқу, мазмұнын айту, өзара пікірлесу және сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорларын байытып, қазақ тілінде өз ойын жеткізе білуге дағдыланады.

Сондай-ақ тақырыпқа сай түрлі жазба жұмыстарын орындай отырып, өз ойларын жаза білуге, жазылым дағдыларының қалыптасуына, сауатты жаза білуге үйренеді.

Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу барысында білім алушылар күнделікті сабақта жазылым, тыңдалым, оқылым бойынша алған тілдік дағдыларын дамыта алады.

Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр

1 аралық бақылау

Бақылау түрі: Эссе жазу.

Эссе тақырыптары:

1. Отбасы құндылықтары.

2. Қазақстанға деген сағыныш.

3.Тазалық – денсаулық кепілі.

ІІ аралық бақылау

Бақылау түрі: Коллоквиум

Коллоквиум сұрақтары:

1.Отбасы және ұлттық дәстүрлер

2.Жас отбасы және дәстүр

3. Жас отбасының негізгі шығындары

4. ҚР отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі

5. Қазіргі тұрғын үй

6. Уақыт – алтыннан да қымбат

7. Уақытты басқару - өнер

8. Салауатты өмір салты

9. Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені

10. Қазақ халқының дәстүрлі өнері

11. Халықтық қолөнер

12. Өнер жұлдыздары

13. Ұлттық мәдениет тамыры

14. Айтыстың түрлері

15. Күй өнері

16. Тіл –татулық тірегі

17. Мінез және келбет.

18. Қарапайым болу – артықшылық па, кемшілік пе?

19. Қазақтың ұлттық мұрасы

20. Дәстүрлі баспаның артықшылықтары

21. Қазіргі «ақылды үй» функциялары

22. Қазақтың дарынды музыканттары

23. Ана тілі – арың бұл

24. Ғасырлардан жеткен мәдени мұралар

25. Атамекен – неткен ғажап жер едің?!

«Қазақ тілі»

Күзгі емтихан сұрақтары:

1. «Отбасы және ұлттық дәстүрлер» тақырыбы туралы әңгімелеңіз.

2. «.Жас отбасы және дәстүр» тақырыбына ойыңызды жазыңыз.

3. «Жас отбасының негізгі шығындары» мәтінінің мазмұнын айтыңыз.

4. Жас отбасына ең бірінші не керек деп ойлайсыз?

5. «ҚР отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі» туралы ойыңызды жазыңыз.

6. «Қазіргі тұрғын үй» тақырыбында әңгімелеңіз.

7. «Уақыт – алтыннан да қымбат» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

8. Өз уақытыңызды қалай үнемдейтініңіз туралы айтыңыз.

9. «Уақытты басқару – өнер» тақырыбында өз ойыңызды жазыңыз.

10. Бауырларыңызға уақытты тиімді пайдаланудың жолдарын қалай үйретер едіңіз?

11. «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыбында ойыңызды жазыңыз.

12. «Тез жылынудың жолдары» туралы әңгімелеңіз.

13. Досыңызға дәрумендердің қандай пайдасы бар екендігі туралы айтып беріңіз.

14. «Ұзақ жасайтын тайпа» мәтінінің мазмұнын әңгімелеп беріңіз.

15. «Ауру –астан» тақырыбында өз ойыңызды жазыңыз.

16. Құрбыңызға тамақтың зияны мен пайдасы туралы айтып беріңіз.

17. «Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені» тақырыбында әңгімелеңіз.

18. Татулық, достық туралы досыңызға не айтар едіңіз?

19 «Қазақ халқының дәстүрлі өнері» мәтінін мазмұндаңыз.

20. «Халықтық қолөнер» тақырыбында ойыңызды жазыңыз.

21. «Өнер жұлдыздары» мәтінін мазмұндаңыз.

22. Өзіңіз ұнататын өнер жұлдызы туралы танысыңызға айтып беріңіз.

23. «Ұлттық мәдениет тамыры» мәтінін мазмұндаңыз.

24. Қазақтың ұлттық мұрасы туралы ойыңызды жазыңыз.

25. «Уақытты басқару - өнер» тақырыбына 10 сөйлем жазыңыз.

26. Топтасыңыз қатты суықта қалып, тоңып қалыпты, оның тез жылынуы үшін не істер едіңіз?

27. «Отбасы-шағын мемлекет» мәтінін мазмұндаңыз.

28. «Қала көркі – әсем үй» тақырыбында өз ойыңызды жазыңыз.

29. Қазақстандағы демографиялық мәселелер жөнінде шетелдік досыңызға айтып беріңіз.

30. «Әке тәлімі» мәтінінің мазмұнын айтыңыз.

31. Қазақ халқының айтыс өнері туралы шетелден келген қонақтарға әңгімелеп беріңіз.

32. «Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы» мәтінінің мазмұнын айтыңыз.

33. «Кішіпейілдіктен адам кішіреймейді» тақырыбында 10 сөйлем жазыңыз.

34. « Күй өнері» мәтінін мазмұнын әңгімелеңіз.

35. Досыңыздың пәтерін сәндеуге кеңес беріңіз..

36. «Пәтер интерьері» мазмұнын айтыңыз.

37. «Тіл –татулық тірегі» тақырыбына 10 сөйлем жазыңыз.

38. « Кішіпейілдіктен адам кішіреймейді» тақырыбында әңгімелеңіз.

39. Қарапайым болу – артықшылық па, кемшілік пе? деген тақырыпта достарыңызбен сұхбаттасыңыз.

40. «Қазақтың ұлттық мұрасы» тақырыбында өз ойыңызды жазыңыз.

41. «Ана тіл» мәтінінің мазмұнын айтыңыз.

42. Қазақтың қолөнері туралы үнділік азаматқа әңгімелеп беріңіз.

43.»Күләш Жасынқызы Байсейітова» мәтінінің мазмұнын айтыңыз.

44. Дәстүрлі баспаның артықшылықтары туралы білетініңізді айтып беріңіз.

45. «Күй атасы – Құрманғазы» туралы әңгімелеңіз.

46. «Қазақстан Республикасының Президентік мәдени орталығы» мәтінін мазмұндаңыз.

47. «Қазіргі «ақылды үй» функциялары» өз ойыңызды жазыңыз.

48. Қазақтың дарынды музыканттары туралы ініңізге айтып беріңіз.

49. «Ана тілі – арың бұл» тақырыбында 10 сөйлем жазыңыз.

50. «Ғасырлардан жеткен мәдени мұралар» тақырыбында өз ойыңызды жазыңыз.

51. Денсаулықты күтудің жолдары туралы ата-әжеңізбен кеңесіңіз.

52.»Дені саудың – жаны сау» мәтінін мазмұндаңыз.

53. Адамның сыртқы келбеті мен жан дүниесі туралы ойыңызды жазыңыз.

54. «Әйел – шаңырақтың құты» мәтінінің мазмұнын айтыңыз.

55. Өзіңіз таңдаған мамандығыңыз жайлы айтып беріңіз.

56. «Қазақстанды сағынып жүрмін» мәтінінің мазмұнын айтыңыз.

57. «Әке тәлімі» туралы ойыңызды жазыңыз.

58. Өзіңіздің кішкентай бауырларыңызға уақыттың маңызы туралы түсіндіріп беріңіз.

59. «Ерекеңнің мінезі» мәтінін мазмұндаңыз.

60. «Шаңырақ немесе отау көтеру» тақырыбында 10 сөйлем жазыңыз.

61. «Күн тәртібі және денсаулық» мәтінін мазмұндаңыз.

62. «Студенттің бос уақыты» тақырыбында өз ойыңызды жазыңыз.

63. Қазақстан нышандары туралы білетініңізді айтып беріңіз.

64. «Шәкен Айманов» мәтінін мазмұндап беріңіз.

65. «Қазақ театр және кино өнері» тақырыбында өз ойыңызды жазыңыз.

66. Қазақтың танымал әншілері туралы достарыңызға әңімелеп беріңіз.

67. «Қазақ елі - бай ел» мәтінін мазмұндаңыз.

68. «Қазақстан – көп ұлтты мемлекет» тақырыбында ойыңызды жазыңыз.

69. Сізге қандай мінезді адамдар ұнайтыны туралы айтып беріңіз.

70. «Қазақстан нышандары» мәтінінің мазмұнын айтыңыз.

71. Денсаулықты күту туралы қандай пайдалы кеңес берер едіңіз?

72. «Менің елім –тәуелсіз Қазақстан» мәтінінің мазмұнын айтыңыз.

73. «Отбасы – шағын мемлекет» тақырыбында ойыңызды жазыңыз.

74. «Өнер жұлдыздары» мәтінінің мазмұнын айтыңыз.

75. Шетелдік туыстарыңызға Қазақстан туралы не айтар едіңіз.