Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Ғарыштағы қазақ құрты

Жеті қат көкке шарықтап, ғарыштың ғажабына қанық болып келетін әлем ғарышкерлері ғарышта қазақтың құртын жейді екен. Иә, кәдімгі қазақтың ұлттық тағамы – құрт. Алғаш рет ғарышкерлер ұзақ мерзімдік сапарға аттанды. Жеті қат көкке қазан-ошақ көтеріп кетпесі түсінікті. Айлап-апталап ғарышта жүрген кезде олар не жейді екен деп ойлайтынбыз. Көп ұзамай жұмбақтың сыры ашылды. Ғарышта ғарышкерлер қазақтың ұлттық тағамдарын жейді екен. Жұрттың көбі сенер-сенбесін білмеді. Өйткені жұмыр Жер бетінде қанша халық бар, ұлт бар, ұлыс бар? Осының ішінен қазақ тағамының таңдап алынуы әрі таңғалдырады, әрі қуантады. Себебі Кеңестік ғалымдар әр ұлттың тағамдарын зерттей келе, «егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып» ат үстінде бел жазбай жүрген батыр бабаларымыз азық еткен құртымыздың құрамы құнарлы, түрлі минералдар мен витаминдерге бай, денсаулыққа пайдалы, сақтауға төзімді екенін дәлелдеуі, шынында да, қайран қаларлық жағдай еді. Ал сол құрттың құрамын зерттеген ғалымдар кімдер еді? Жетпісінші жылдары Мәскеудің «Социалистік индустрия» газетінде бір топ кеңестік ғалымдардың құртты зерттеп, ғарышкерлерге ұсынғаны жөнінде шағын хабарлама жазылды. Сол зерттеуші ғалымдардың бірі – Ғизатолла Мұхамбетқалиұлы Меңдіханов еді. Осындай маңызды жұмысқа белсене ат салысқаны үшін 1977 жылы 21 қаңтарда КСРО Министрлер Кеңесінің өнертабыс және ғылыми жаңалықтар жөніндегі Мемлекеттік Комитетінің №557784 авторлық куәлігі берілген Ғ.М.Меңдіханов еді... .(Ана тілі).

Сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Ғарышкерлер ғарышта нендей тамақ жейді?

    2. Неліктен олар ғарышта қазақтың құртын азық етеді?

    3. Жұрт ғарышкелердің құрт жегеніне неліктен таңданды?

    4. Ғизатолла Мұхамбетқалиұлы Меңдіханов деген кім?

1. Жазылым. Ауыз әдебиеті бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Сөйлемді аяқтаңыз: қазақтың ұлттық тағамы......

А) айран

В) құрт

С) сүзбе ірімшік

D) шелпек

2. Сөйлемге қажетті сөзді қойыңыз: Жетпісінші жылдары Мәскеудің «Социалистік индустрия» газетінде бір топ кеңестік ғалымдардың құртты зерттеп, ғарышкерлерге ұсынғаны .............. шағын хабарлама жазылды.

А) жөнінде

В) әрі

С) сияқты

D) жағы

3. Сөзге қажетті жұрнақты қойыңыз: маңыз... жұмыс

А) –ді

В) –лы

С) –ды

D) –дылар

Е) –дік

4. Сөйлемді толықтырыңыз: Сол зерттеуші ғалымдардың бірі –............... .

А) Кеңес ғалымдары

В) ғарышкелер

С) Мәскеу ғалымы

D) Ғизатолла Мұхамбетқалиұлы Меңдіханов еді.

5. Сөздердің сыңарын табыңыз: Қазақтың ұлттық тағамы құрт ...... бай, ...... пайдалы, .....төзімді

А) минералдар мен витаминдерге, бүйрекке, ыстыққа

В) мағлұматқа, бауырға, суыққа

С) минералдар мен витаминдерге, денсаулыққа, сақтауға

D) мәліметке, бауырға, ыстыққа

6. Мәтіндегі «белсене» сөзін қандай сөзбен ауыстыруға болады?

А) нашар

В)жасқана

С) зейінсіз

D) жігермен

Тыңдалым.

Анықтамаға

қанық болу –осведомляться

ұзақ мерзімдік – долгосрочный

ұлыс – народ

белсене – активно

егеулі – отточенный

құнарлы – питательный

төзімді – выносливый, стойкий

қайран қалу – удивляться

ат салысу – участвовать

өнертабыс – изобретение

тезауруске

1. Жеті қат көк

2. «егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалу»

3. бел жазбау

4. ат салысу

45-сабақ

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

кәдесый, телефон желісі, көрме, қожа, құндылық, мүсінші, керме, бәйге ат, қолөнер, кірпияз, кәсіпкер, әлеует, насихаттау, тамашалау, жәдігер, пысықталу, жетістік.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Қазақтың кәдесыйы ғаламды таңғалдыра ала ма?

– Бізде кәдесый өндірісі енді ғана қол­ға алы­нып жатыр. Қозғалыс бар. Ас­та­на саммитінің қонақтарын өзімізде жасал­ған кәдесыймен қам­тамасыз еттік. Азиа­да кезінде де кәдесый жа­сауға отандық қо­л­өнер шеберлері қатыстырылды.

Ал ЭКСПО-ның орны бөлек. Біз ЭКСПО кезінде қол­өнер, кәдесый секторында қол жеткен бар­лық жетістігімізді көрсетеміз, бір-екі компания­ның өнімдерімен шектеліп қал­маймыз, – дейді Түгелбай Бекберге­нов мырза.

Оған бөлінетен қар­жы Үкі­мет бекіткен қаулыдан соң белгілі болмақ. Әзірге белгілісі – ЭКСПО жобасы­нан үміткерлеріміз қаржы жағынан «шөміш­тен қағылмайды». Оның айтуынша, этнографиялық бағыттағы жобалар – жел энергетикасынан кейінгі басым бағыттардың бірі. Демек, ұлттық брендтеріміз де көрме аясында жаңа маз­мұндық формамен толығады, зама­науиланады, қазақ қолөнер бұйымдары арқылы жаңа қырымен жаһанға таныла­ды деген үміт бар. Біздің үлкен мақтанышымыз — 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне әлемнің бірнеше елінен миллиондаған турист келеді. Шеттен келген қонақты осы елдің қожасы – қазақ деген ұлт қандай ұлт, ол қалай өмір сүреді, қандай киім киеді, қа­лай сөйлейді, қалай тұрады, қандай тамақ жейді, қандай ауамен демалады деген нәрселердің бәрі қызықтырары сөзсіз. Олардың арасында сүйсініп те, сынап та қа­райтындар болады. Көрмені көргенде­рі көрмегендеріне айтады, біздің елден бір-бір естеліктер ала кетеді. Ол естелік қа­зақ ұлтының тұтас болмысын көрсете алатын кішкентай құндылық болуы ке­рек. Бұл тұрғыда біздің шеберлердің туындылары бірінші орынға шығуы керек! Әрине, 5 млн туристі қонақүймен қам­тамасыз ету оңай шаруа емес. Осы орайда Елтаңба авторы, мүсінші Жандарбек Мәлібеков қызық ұсыныс айтты:  – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елордаға 30-50 шақырым жердегі елді мекен жанынан Олимпия қалашығы үл­гісіндегі эко және этноауылдар жасақтау керек» деген ұсынысын қолдаймын. Бұл халықты ынталандырады. 5 млн туриске арнап қонақүйлер салу басы артық шығын. Алматыда, Алатау етегінде қазақтың киіз үйлерінен тұратын үлкен этноауыл бар. Жалпы алғанда, 20 гектар жерді алып жатыр. Арнайы кермелерде бәйге аттары үшін жабық қора, теннис, бильярд алаң­дары бар. Тіпті сәйгүлік тұлпарлармен се­руен­деу жағы да қарастырылған. Қазақтың кәдімгі киіз үйі қазіргі заманғы инфрақұ­рылыммен толық жабдықталған. Кабельді телевидение, интернет, душ кабинасы. Тіпті спутникті телефон желісі де тар­тыл­ған. Біз осы тәжірибені 2017 жылы неге қолданысқа енгізбейміз. Қосымша, басы-артық шығынды да қажет етпейді. Одан бөлек, Еуропаның кірпияз туристерін бес жұлдызды тас қамалдан соғылған супер-гипер қонақүйлермен емес, осындай экзо­тикамен ғана таңғалдырасың, – дейді.

Қазақстандық тағы бір кәсіпкер – Абай Әбуов «Шеттен 5 млн саяхатшы келеді» деп сыртқа елеңдеудің қажеті жоқ» дегенді алға тартады. Кәсіпкердің пайым­дауынша, «қысқы Азиада кезінде сырттан 35-40 мың турист келеді» деген үміт ақталмады. Сырттан келгені – 3 мың турис­тен сәл ғана асты. Сондықтан алды­мен өз ішімізге, өз әлеуетімізге, сонан соң сыртта жүрген 5 млн қазаққа сенім арту керек. ЭКСПО біз үшін халықаралық бедел ғана емес, мемлекеттік-ұлттық жоба екенін, оның әрбір қазаққа керек екенін насихаттауымыз керек. Қазақтың жетпіс­тегі қариясы мен жетідегі баласына дейін келіп, тамашалауына мүмкіндік жасауымыз керек. Сол кезде ғана патриоттық тәрбие­нің өңіне шырай кіріп, елінің жетістігі үшін мақтана алатын, кемшілігі үшін ұяла алатын, содан сабақ ала алатын ұрпақ қалып­тасады. Бұл –халықаралық тәжі­рибеде бар үрдіс. «Мен соңғы оншақты жыл көлемінде Сеул, Бейжіңде өткен ЭКСПО көрмесінде болдым. Жетідегі баласын жетелеген қытай, кәріс әйелдері екі-үш сағат кезекте тұрса да, баласының көрмеге қойған жәдігерлермен танысуына мүмкіндік жасады, – деген кәсіпкер Абай Әбуовтың, – кәдесый саласына байла­ныс­ты қатып қалған қағидадан арылатын кез жетті, біз кәдесыйларымызды да бір реттік емес, ұзақмерзімді қамтитындай етіп дайын­дауға көңіл бөлейік. Біздің елде дайындалған кәдесый қырық жылдан кейін де құндылығын жоғалтпауы тиіс» деген пікірі назар аударарлық. Сіздің пікіріңіз қандай? (Айқын)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Жандарбек Мәлібеков кім?

2. Жандарбек Мәлібеков қандай ұсыныс айтты?

3. Қысқы Азиадаға қанша турист келді?

4. Жалпы алғанда, этноауыл қанша гектар жерді алып жатыр?

5. Абай Әбуов осы көрмеде кімдерге сенім артуды ұсынады?

6. Кәдесый жөнінде кәсіпкер Абай Әбуовтың ұсынысы қандай?

7. Шетелдіктердің өз еліндегі көрмелер мен жәдігерлерге қарым‑қатынасы қандай?

Жазылым:

Сөйлемнің сыңарын табыңыз:

  1. Еуропаның кірпияз туристерін бес жұлдызды тас қамалдан соғылған супер-гипер қонақүйлермен емес, , .............. .

  2. Кәсіпкердің пайым­дауынша, .... ... деген үміт ақталмады.

3. Қазақтың жетпіс­тегі қариясы мен ......., тамашалауына мүмкіндік жасауымыз керек.

4. Жетідегі баласын жетелеген қытай, кәріс әйелдері екі-үш сағат кезекте тұрса да, ......... – дейді кәсіпкер Абай Әбуов.

5. Біздің елде дайындалған кәдесый қырық жылдан кейін де.........» деген пікірі назар аударарлық.

6. ЭКСПО біз үшін халықаралық бедел ғана емес, ............. .

7. Тату отбасы өмірдің қиыншылықтарынан........

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.

A) Стивен Хокинг тің тiршiлiкке деген құштарлығы ерiксiз таң қалдырады.

B) Стивен Хокинг ғарыш ғаламына обсерваторияда отырып шолу жасайды.

C) Ол кiтаптарында астрофизика тылсымдары жайында жаңалықтар берген.

D) Адамның ашкөздiгi мен дүниеқоңыздығы жердiң жан иелерiне берерiн түгесе бастады.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Стивен әлемнiң iрi университеттерiнiң оқу бағдарламаларын үйiнде отырып-ақ зердесiне сiңiре бiлген.

B) Жігіттің алған жары қайын атасына ұнауға тиіс.

C) Стивен Хокинг – адамзат баласының бiз өмiр кешiп жатқан дәуiрiндегi ұлы перзенттерiнiң бiрi.

D) Адамның ашкөздiгi мен дүниеқоңыздығы жердiң жан иелерiне берерiн түгесе бастады.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Стивен Хокинг ғарыш ғаламына үйiнде отырып шолу жасайды.

B) Данышпан физиктiң ең басты зерттеу нысаны қара тереңдер.

C) Адамның ашкөздiгi мен дүниеқоңыздығы жердiң жан иелерiне берерiн түгесе бастады.

D) Стивен Хокинг адамдардың жер бетiндегi ғұмыр сүруiнiң қалпына разы емес.

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Оның тiршiлiкке деген құштарлығы ерiксiз таң қалдырады.

B) Адам планетадағы тiршiлiк түрлерiне қатер төндiре бастады.

C) Алыс болашақтағы ұрпақтарымыз басқа планеталарға қоныс аударуға мәжбүр болады.

D) Жасыл планета ендi он ғасырдан соң ресурстарын тауысады.

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A)Стивен Хокинг астрофизика тылсымдары жайында бiрде бiр ғалым ашпаған жаңалықтар берген.

B) Данышпан физиктiң ең басты зерттеу нысаны адамзаттың өзге ғаламшарларға болашақта қоныс аудару мүмкiндiктерi.

C) Денесiнiң жартысынан көбiн қозғалта алмайтын Стивен дауыстап сөйлей де алмайды.

D) Келер замандарда адам уақыт кеңiстiгiндегi ғұмыр сүруiн тоқтатады, – дейдi Стивен Хокинг

Анықтамаға

Кәдесый – сувенир

телефон желісі – телефонная линия

көрме – выставка

қожа – хозяин

құндылық – ценность

мүсінші – скульптор

керме – веревочная коновязь

бәйге ат – скакун

қолөнер – рукоделие

кірпияз – чистоплотный

кәсіпкер – предприниматель

әлеует – возможность

насихаттау – пропагандировать

тамашалау – любоваться

жәдігер – памятник, реликвия

жетістік – достижение

пысықталу – подтверждаться

тезауруске

Мына сөз тіркестерінің синонимін жазыңыз:

«шөміш­тен қағылу»

халықаралық бедел

басым бағыттар

үміт ақталмау

Қазақтың жетпіс­тегі қариясы мен жетідегі баласына дейін

Қатып қалған қағида

1. Оқылым сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Сөйлемді аяқтаңыз: қазақтың ұлттық тағамы......

А) айран

В) құрт

С) сүзбе ірімшік

D) шелпек

2. Сөйлемге қажетті сөзді қойыңыз: Жетпісінші жылдары Мәскеудің «Социалистік индустрия» газетінде бір топ кеңестік ғалымдардың құртты зерттеп, ғарышкерлерге ұсынғаны .............. шағын хабарлама жазылды.

А) жөнінде

В) әрі

С) сияқты

D) жағы

3. Сөзге қажетті жұрнақты қойыңыз: маңыз... жұмыс

А) –ді

В) –лы

С) –ды

D) –дылар

Е) –дік

4. Сөйлемді толықтырыңыз: Сол зерттеуші ғалымдардың бірі –............... .

А) Кеңес ғалымдары

В) ғарышкелер

С) Мәскеу ғалымы

D) Ғизатолла Мұхамбетқалиұлы Меңдіханов еді.

5. Сөздердің сыңарын табыңыз: Қазақтың ұлттық тағамы құрт ...... бай, ...... пайдалы, .....төзімді

А) минералдар мен витаминдерге, бүйрекке, ыстыққа

В) мағлұматқа, бауырға, суыққа

С) минералдар мен витаминдерге, денсаулыққа, сақтауға

D) мәліметке, бауырға, ыстыққа

6. Мәтіндегі «белсене» сөзін қандай сөзбен ауыстыруға болады?

А) нашар

В)жасқана

С) зейінсіз

D) жігермен