Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

Қазақстан ғылымына үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі − Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Ол Омбының кадет корпусының яғни орыстың әскери мектебінің түлегі. Арғы атасы Абылайды пір тұтқан Шоқан өз халқының мәдениетін жоғары деңгейге көтеруге тырысты. Бұған негізгі құрал оның ағартушылық әрекеті болды. Қазақ ағартушылығына Еуропадағы ағылшын, неміс, француздардағы сияқты жалпы ортақ белгілер тән. Ең бастысы – білім мен ғылымды адамдарды бақытқа жеткізетін күш деп ұғыну. Алайда, қазақ ағартушылығының өзіндік ерекшеліктері де жеткілікті. Мұның өзі Шығыс Ренессансына тәуелсіз Қазақ хандығына және Ресей империясы құрамындағы бодан халық тағдырына қатысты. Ағартушылық мәдениеттегі негізгі тетік - адам. Шоқан сыртқы әлемге “дала адамын” түсіндіргісі келді. Осы мақсатпен ол қазақ және қырғыз халықтарының миф-аңыздарын, салт-дәстүрін, діні мен тілін зерттейді. Шоқан жазған “Үлкен қырғыз ‑қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері”, “Қазақтардағы жамандықтың іздері”, “Қашқария туралы жазбалар”, “Сахарадағы мұсылмандық туралы” және т.б. ғылыми еңбектерде қазақ және басқа түрік халықтарының мәдениетіне энциклопедиялық талдау берілген. Шоқанды тек қазақ ағартушысы деп шектеу жеткіліксіз. Ол, шын мәнісінде, нағыз ренессанстық тұлға. Небары 30 жыл ғана өмір сүрген ол өзін дарынды тарихшы, тіл маманы, географ, мәдениеттанушы ретінде Еуропа мен Азияға таныстырып кетті. Шоқан туралы айтқанда, алдымен көзге түсетін мәселе – Батыс пен Шығыстың арақатынасы. Патшалық Ресейде білім алған империя офицері ретінде ол, әрине, Черняев экспедициясына қатысты, Қашқарияға жасырын барды. Ф.М. Достоевский, С.Р. Дуров, Н.Г. Чернышевский сияқты орыстың озық ойлы ғұламаларымен достасып, алдыңғы қатарлы Еуропа мәдениетінен нәр алды. Шоқанның бар арманы өз халқының төл мәдениетін, тарихын, тілін жоғары деңгейге көтеріп, жалпы адамзаттық мәдениетке тең етіп қосу болды. Шоқан мұсылмандықтың мәдени-тұтастық функцияларын көре білді. Қысқаша айтқанда, Шоқанның қазақ мәдениетіне қосқан үлесінің негізінде Батыстың да, Шығыстың да тигізген әсері емес, өз халқының төл мәдениеті жатыр. Шоқанның өзіне жүгінейік: “Далалық орданың тұрғыны – қазақ өзінің моральдық қасиеті, ақыл-ой қабілеті жөнінен отырықшы татар немесе түркі шаруаларына қарағанда әлдеқайда жоғары тұр... . Осынау дала көшпелілерінің ақынжанды болып келетіні, ой-қиялының жүйрік болып бітетіні мұңсыз-қамсыз көшпелі тіршіліктің арқасы болу керек немесе ұдайы ашық аспан астында, шет-шегі көрінбейтін дала шіркінді Тәңірі тұтқандықтан да болар”. 

  1. 3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  2. Шоқан Уәлиханов алдына қандай мақсат қойды?

  3. Қазақ ағартушылығының Батыс және Шығыс ағартушылығынан айырмашылығы қандай?

  4. Шоқан “дала адамын” әлемге қалай танытқысы келді?

  5. Неге біз Шоқанды ренессанстық тұлға деп танимыз.

  6. Шоқан өз халқы үшін білім мен ғылымның алатын рөлін қалай бағалады?

  7. Шоқанның өз халқын қалай сүйді және қалай бағалады?

  8. Шоқан Улиханов кім?

Оқылым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Шоқан Уәлиханов өз халқының мәдениетін көтеру үшін қандай құралды пайдаланды?

  1. патша үкіметін

  2. абырой‑беделін

  3. ағартушылықты

  4. күш қолдануды

2. Қазақ ағартушылығының ерекшелігі неде?

  1. Шығыс Ренессансына ұқсастығында

  2. Батыстың зор әсерінің болуы

  3. Хандардың ықпалына

  4. Ресейге бодан халықтың тағдырына

3. Мыналардың қайсысы Шоқанның еңбегі емес?

  1. «Үлкен қырғыз–қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері»

  2. «Қазақтардағы жамандықтың іздері»

  3. «Қашқария туралы жазбалар»

  4. «Түрік, қазақ‑қырғыз һәм хандар шежіресі»

4. Шоқан ағартушылық мәдениеттегі негізгі тетік кім деп есептейді?

  1. патша

  2. хан

  3. ғалым

  4. адам

5. Шоқанның қазақ мәдениетіне қосқан үлесінің негізінде не жатыр?

  1. Батыстың мәдениеті

  2. Шығыстың мәдениеті

  3. өз халқының төл мәдениеті

  4. осының бәрі

6. Шоқан қазақ өзінің моральдық қасиеті, ақыл-ой қабілеті жөнінен отырықшы татар немесе түркі шаруаларына қарағанда қандай деп есептейді?

  1. төмен

  2. жоғары

  3. әлдеқайда жоғары

  4. бірдей

Жазылым.

Мына сөйлемдерді мәтінге сәйкес дұрыс толықтырыңыз.

1. Қазақстан ... үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі − Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов.

2. Ағартушылық мәдениеттегі негізгі тетік - ... .

3. Шоқан сыртқы әлемге ... түсіндіргісі келді.

4. ... 30 жыл ғана өмір сүрген ол өзін дарынды тарихшы, тіл маманы, географ, мәдениеттанушы ретінде Еуропа мен Азияға таныстырып кетті.

5. Шоқанның бар арманы өз халқының төл мәдениетін, тарихын, тілін жоғары деңгейге көтеріп, жалпы ... тең етіп қосу болды.

6. Дала көшпелілерінің ақынжанды болып келетіні, ой-қиялының жүйрік болып бітетіні мұңсыз-қамсыз ... арқасы болу керек.

7. Қысқаша айтқанда, Шоқанның қазақ мәдениетіне қосқан үлесінің негізінде Батыстың да, Шығыстың да тигізген әсері емес, ...... .

Тыңдалым.

Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.

A) Исмағил мырза Мұс­тафаұғлы Қырымда, Гас­пра деген ауылда туған .

B) Исмағил мырза Мұс­тафаұғлы 1851 жылы туған .

C) Исмағил мырза Гаспринский Қырымда хан болған.

D) Гаспринскийдің ата-анасы бұрынғы Қырым хандары нәсілінен болған.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Исмаил Гаспринский қазақ халқын отырықшылыққа шақырады.

B) ) Исмаил Гаспринский қазақ халқын жерге ие болуды ескертеді.

C) Исмаил Гаспринский ұлтты бөліп-жармай, барлығына тең қарады.

D) Исмаил Гаспринский бүкіл мұсылман түркі халықтарының артта қалуын жойып, басын біріктіргісі келді.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) И.Гаспринский газетаны өзі бүктеген, шаһардағы алушыларға өзі үлестірген.

B) И.Гаспринский күллі түркі жұртына кеңінен танымал болды.

C) И.Гаспринский «Тілде, пікірде, істе – бірлік» деген ұранмен «Тәржіман» газетін шығарады..

D) Араб әліпбиінің дыбыстық естілу ерекшеліктеріне қарай түркі халықтарының тіліне лайықталуы керектігін айтты.

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) «Тәржіманда» қазақ халқының мәдениеті мен тарихына, экономикасына қатысты көптеген материалдар жарияланды.

B) Гаспринскийдің мақалалары қазақ халқының тағдырына бауырластық жанашырлықпен қарағанын танытады.

C) Ресей империясындағы мұсылман түріктерінің артта қалуын жойып бір-бірін жақындастырып, біріктіру үшін ортақ білім беру жүйесін ұсынды.

D) И.Гаспринский «бұл заманда байлық аяқты малда емес, егінде қалды» деп егін егуге шақырады.

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) И.Гаспринский «Қазақтар және отарлау саясаты», «Тұтас халықтың қырғыны» сынды мақалалар жазды.

B) Алаш ардақтысы Ахмет Бай­тұрсынұлы «Қазақша сөз жазу­шыларға» атты мақала жариялады.

C) И.Гаспринский «Усул жәдид» деп аталатын жаңаша оқыту әдісімен мұғалім болып шәкірттер оқытты.

D Осындай асыл азаматтың өлімі түркі жұртымен қатар қазақ халқының да қабырғасын қайыстырып кетті.

Анықтама

түлек – выпускник, молодое поколение

пір тұту‑ святой наставник

ағартушылық‑ просветительство

әрекет‑действие

ұғыну‑понимать, осмысливать

тырысу‑стараться

бодан халық‑подчиненный народ

шектеу‑ограничивать

төл мәдениет‑оргинальная культура

мәдениеттердің тоғысуы‑сближение

тезаурус

Мына сөздер мен тіркестердің синонимдік қатарын жазыңыз.

1. бодан халық

2. мұңсыз-қамсыз

3. адамзаттық мәдениет

4. пір тұту

5. төл мәдениет

6. жүгіну

44-сабақ

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Қанық болу, ұзақ мерзімдік, ұлыс, белсене, егеулі, құнарлы, төзімді, қайран қалу, ат салысу, өнертабыс.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.