Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Ғылым мен техника

42-сабақ

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

өркениет , белес, өнертапқыш, сарылып оқу, тұтыну, өнімдірек, қи ою, үдеріс, сыни ойлау, бас қатыру, жылжымалы қасапхана

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов

Егер әлемнің өркениетті же­тістіктері тарихына назар аударатын болсақ, адам өмірі мен тұр­мысының сапасын жаңа белестерге көтерген техникалық революциялардың туындауына бірінші кезекте ғалымдардан гөрі өнертапқыштардың әсері үлкен секілді болып көрінетіндігі бар. Мәселен, Америка автомобиль өндірісінің атасы Генри Форд ең бірінші кезекте – өнертапқыш. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында АҚШ-тың 161 патентіне ие болған. Осындай өнертапқыштық жаңалықтарының негізінде автокөлік шығаратын үлкен өндірісті құруға қол жеткізген. Сол секілді компьютерлік бағдарламаларын бүкіл адамзат қауымы тұтынып келе жатқан Майкрософт компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс өзінің алғашқы компьютерлік бағдарламасын 13 жасында жасаған. Ол жастық шағында университет қабырғасында сарылып оқу оқығаннан гөрі өзі үшін неғұрлым қызықты осы іспен шұғылданғанды жөн көріп, сол үшін Гарвард университетін тастап кеткен. Ол бұл университеттің дип­ломын әлемге атағы жайылған ең бай адам кезінде, 52 жасында бір-ақ алған. Осы оқиғаға байланысты Билл Гейтстің «кез келген уақытта барыңыз да, өзіңіздің ісіңізді бастаңыз, ал Гарвардқа оралу қашан да болсын кеш емес» дейтін қанатты сөзі қазір бүкіл әлемді шарлап жүр.

Әрине, осы фактілердің барлығы білім мен ғылымның өмірді жаңғыртушы рөлін ешбір жоққа шығара алмайды. Өйткені, Генри Форд та, Билл Гейтс те, тіпті біздің заманымызды компьютерлендіріп кеткен Стив Джобс та өздерінің өнертабыстық және мүлдем жаңа сипаттағы өндірістер мен қызметтерді ұйымдастырудағы жаңалықтары мен жетістіктеріне ең бірінші кезекте өздеріне дейінгі ғылыми ойдың мүмкіндіктерін пайдалану нәтижесінде қол жеткізгендігі анық. Бірақ, неліктен ғылымның қол жеткізген жетістіктерін пайдалануда сол ғылым өкілдерінің өздерінен гөрі өнертапқыштың ісі өнімдірек әрі көзге көрінгіш? Себебі ғылым адамына қарағанда өнертапқыш өндіріске бір табан жақын тұр. Екіншіден, ол ғылымның жетістіктері мен өнеркәсіптің мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзінің шығармашылық ой-қиялын нақты жүзеге асыру бағытында жұмыс істейді. Демек қазіргі инновациялық үдеріс үшін өнертапқыш өте қажетті тұлға. Сонымен өнертапқыш болу үшін, ең алдымен, шынайы қабілет пен дарын қажет. Сыни ойлай білу қабілеті қажет.

Осындай адамдар­дың бірі, Орал қаласында тұрып жатқан Хайролла Исмағұлов. Осы облыстың Жәнібек ауда­нындағы малшы отбасында дү­ниеге келген, Ленинград қаласындағы кәсіптік-техникалық училищеде оқып, оны гидроакустика мамандығы бойынша бітірген соң әскерге шақырылып, Солтүстік теңіз флотының сүңгуір қайығында қызмет етіп, елге оралған Хайролланың ең алғашқы өнертабысын өмірге әкелу жағдайының өзі қызық. – Әскерден елге келген соң біраз уақыт мамандығым бойынша жұмыс табылмай, малдағы әкеме көмектесуіме тура келді. Сол жылдары малшы мен қойшы еңбегінің бейнеті ауыр еді. Барлық жұмыс қолмен атқарылады. Қораның қиын ою да солардың бірі. Мен сол жұмысты жасай жүріп, осыны техникамен атқарудың жолдары жоқ па екен деп көп бас қатырдым. Ақыры оның да жолын тапқандай болдым. Ол кездері малшылардың біразының қолына құдықтан су тартатын «ЗИЛ» моторы тиіп жатқан еді. Мен сол моторды қи оюға ыңғайладым. Әрине, ол үшін талай қағазды шимайлауға тура келді. Ленинградта кәсіптік-техникалық училищеде оқығандығымның көп пайдасын сол кезде көрдім. Сөйтіп, әлгі мотормен қораның қиын екі сағаттың ішінде аударып тастадым. Күрекпен мықшыңдап жатпайсың, тек бағыттап отырсаң болды, мотордың өзі ойып, аудара береді. Менің бұл техникалық жаңалығымның бір кемшілігі – қораның іші мотордан шықққан көк түтінге толып кете береді де, адамның қолқасын қабады, – деп еске алады сол оқиғаны Хайрекең. Мұнан кейін ол өз мамандығына сәйкес қандай қызмет атқармасын жұмыста кедергілерге кез болғанда оны шешудің әдеттегіден тыс жолдарын қарастыратын болып алды.

1977 жылы Жәнібек аудандық дайындау кеңсесі директорының орынбасары болып қызмет істеп жүрген кезінде директордың жұмсауымен алыстағы Орынбор облысының Бузулук кентінен, яғни 800 шақырым жерден желтоқсанның қақаған қысында ашық мәшинемен картопты үсітпей жеткізіп, сол директордың екі көзін төбесіне шығарғаны және бар. Қалай дейсіз ғой? Ол Бузулуктағы дайындау мекемесінің бастығы Абулахат атты көпті көрген азаматпен алдын ала ақылдасып, мынадай тәсіл қолданған еді. Қоймадағы картоптың таңдаулысынан, тазасынан іріктеп алып оны су жаңа қаптарға қаптатты. Оларды «ЗиЛ» мәшинесінің үлкен қорабына текшелеп, сықастырып отырып тиетті. Содан кейін қорапты су сіңбейтін брезент жабындымен айналдырып отырып, саңылау қалдырмай жапты. Мұнан кейін жабындының үстіне бір қарыстай қалыңдықта қар тастатып, әлгі қардың үстіне су бүркіп қатырып тастады. Кезінде осындай әдіспен татар саудагерлері картопты ішкі Ресейден Сібірге дейін жеткізген көрінеді. Сөйтіп, қақаған қыста 800 шақырым жерден ашық мәшинемен келген картоптың жаңа ғана тиелгендей болып, буы бұрқырап аман-есен жетуі мұның жұмысындағыларға жарылған бомбадай әсер еткені және бар.

Сөйтіп, нарық келгенде өз кәсібін бастады. Осындай мәселелермен шұғылдануға қолайлы етіп жасалып, қажетті құралдармен жабдықталған заман талабына сай жақсы зертханалары бар. Хайрекеңнің өзі бірқатар өнертапқыштық жаңалықтардың авторы. Тек бүгінгі мал баққан ағайын үшін аса қажетті, оның үстіне Үкіметтің бүгінгі «Сыбаға» бағдарламасын, мал сою пункттерін дамыту жөніндегі шараларын жүзеге асыруға көмек көрсетуге негізделген бір жаңалығы туралы айтсақ.

Ол – жылжымалы қасапхана. Бұл жылжымалы қасапхана бір ауысымда 25 бас ірі қараны, 50 бас ұсақ малды сойып бере алады. Мұндай қондырғылар Германияда, Ресейде бар. Бірақ олар өте қымбат, 60-70 мың доллар тұрады және малды бауыздап, бұтарлаумен ғана шектеледі. Ис­мағұловтың қасапханасының олардан басты артықшылығы – бағасы бірнеше есе арзан және малды халал жолымен союымен қатар, оны алғашқы өңдеуден өткізіп, мал иесінің қолайына қарай бұтарлап, сонан кейін ішек-қарнын тазалап береді. Малдың мүйізі мен тұяғына дейін жекелеп алынатындықтан, оларды да кәдеге жаратуға болады. Қасапхана қалдықсыз жұмыс істейді. Қасапхана ауылдық жерлерде пайдалануға өте қолайлы. Барлық жұмысты көтеріп-түсі­ретін механикаландырылған қон­дырғылармен атқарады. Жыл­жымалы қасапхананы ет комбинатының, шұжық шығара­тын цехтардың қасына қойып, пайдалана беруге болады. Қасап­ха­наның бүкіл жаб­дығы бір тір­ке­меге сыйып­ кетеді. Барған жерінде тез құрастырылады.

– Еліміз күні ертең Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіргенде немесе Кеден одағына орай өнімдерімізді шетке шығарғанда, малды сою мен оның өнімдерінің сапасына қатаң талап қойылатыны түсінікті. Біз қасапхананы жасағанда осы талап үдесінен шығуды басты мақсат еттік. Мал сойылмас бұрын расолге қамалып, жуылады. Барлық мұсылмандық дәстүр сақталып барып бауыздалып, терісі ешбір бүлінбестен арнаулы қондырғы арқылы сыпырылады. Мүйіз бен тұяқ та бүлінбей алынады. Зияткерлік меншік құқығы комитеті бізге патент бергенде осы жағдайдың барлығын, яғни қасапхананың халықаралық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келуін қатаң ескерді, – дейді өнертабыс иесі.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Неліктен техникалық революциялардың туындауында ғалымдардан гөрі өнертапқыштардың рөлі басымырақ болып көрінеді?

2. Адам өмірін жеңілдетуде маңызды рөль атқарған қандай өнертапқыштық жаңалықтарды атауға болады?

3. Өнертапқыштар мен ғалымдардың басты айырмашылығы және ұқсастықтары неде?

4. Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов өзінің алғашқы жаңалығын қалай жасаған?

5. Хайролла Исмағұлов өзінің өнертапқыштық қасиетін ашық машинамен аязда картоп тасуда қалай пайдаланды?

6. Оның ашқан қасапханасының ерекшеліктері қандай?

7. Малдың етінен басқа тағы нені кәдеге жаратуға болады?

8. Қасапхана жұмысы қалай жүзеге асады?

9. Қасапхананы қай жерде пайдаланған тиімді.

10. Бұл қасапхананың басты ерекшелігі неде?

Оқылым бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Билл Гейтс неліктен Гарвардқа оралу кез‑келген уақытта кеш емес деп есептейді?

  1. Білім маңызды емес

  2. Гарвардтта оқыған қызықсыз

  3. ең бірінші қызықты істен бастаған жөн

  4. Оқу қиын

2. Ғалым мен өнертапқыштың айырмасы неде?

  1. Өнертапқыш ғылымды пайдаланбайды

  2. Ғалым жаңалық ашқысы келмейді

  3. Ғылым тек теориялық жұмыс деп есептейді

  4. өнертапқыш тікелей өндіріске жұмыс істейді

3. Х. Исмағұлов ойлап тапқан мотормен қи оюдың кемшілігі неде?

  1. тез ояды, қи қалмайды

  2. түтін көп шығады

  3. мотормен қи ойған қызықсыз

  4. жанармай көп кетеді

4. Х. Исмағұлов қыстыгүні ашық машинамен картопты үсітпей

әкелудің жолын қалай тапты?

  1. Түс көрді

  2. Әбулахат үйретті

  3. татар саудагерлерінен қалған әдіс

  4. бастығы үйретті

5. Х. Исмағұлов жасаған қасапхананың ерешелігі неде?

  1. қалдықсыз жұмыс істейді, тұяқ өңдейді

  2. қалдықсыз жұмыс істейді, халал әдісімен және арзан

  3. қалдықсыз жұмыс істейді, мүйізін алады

  4. қалдықсыз жұмыс істейді, ішек‑қарнын аршиды

6 . Х. Исмағұлов қыстыгүні ашық машинамен картопты үсітпей

әкелудің жолын қалай тапты?

  1. Түс көрді

  2. Әбулахат үйретті

  3. татар саудагерлерінен қалған әдіс

  4. бастығы үйретті

Жазылым:

7‑тапсырма. Мына сөйлемдерді мәтінге сәйкес дұрыс толықтырыңыз:

1. Мәселен, Америка автомобиль өндірісінің атасы Генри Форд ... – өнертапқыш.

2. Осындай мәселелермен шұғылдануға қолайлы етіп жасалып, қажетті құралдармен жабдықталған ... ... жақсы зертханалары бар.

3. Ол бұл ... дип­ломын әлемге атағы жайылған ең бай адам кезінде, 52 жасында бір-ақ алған.

4. Қасапхана ... пайдалануға өте қолайлы.

5. Қасап­ха­наның бүкіл жаб­дығы ... ... .

6. Содан кейін қорапты ... ... .... айналдырып отырып, саңылау қалдырмай жапты.

7. Кезінде осындай әдіспен ... картопты ішкі Ресейден Сібірге дейін жеткізген көрінеді.

8. Содан «Исмағұлдың баласы ... .... ойлап тауыпты» деген хабар көп ұзамай малшылардың арасына тарап кетсе керек.

9. Бүкіл қораның әбден сүрленген ... ... қиын аударып, тазалау − екі адам үшін бірнеше күнге созылатын үлкен жұмыс.

10. Барлық ... сақталып барып бауыздалып, терісі ешбір бүлінбестен арнаулы қондырғы арқылы сыпырылады.

Тыңдалым.

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Компьютер мен ұялы телефонның пайдасымен бірге … ...

  1. зияны да көп

  2. зияны жоқ

  3. зиянсыз

  4. қымбат

2. Зияны болса да бұл техникалар керек, себебі – ... .

    1. күнделікті қажеттілігі бар

    2. қажеттілігі жоқ

    3. бұларсыз күн жоқ

    4. қажеттілігі шамалы

3. Компьютер алдында көп отыратын адамдардың онкологиялық ауруға ұшырау қаупі басымдау, себебі ... ... ...

  1. ғалымдардың зерттеуі бар

  2. жоқ

  3. дәлелденбеген

  4. көп

4. Күніне 10 минуттай уақыт ұялы телефонды пайдалану - ... ...

  1. адам ағзасына пайдалы

  2. адам ағзасына аздап әсер етеді

  3. адам ағзасына әсер етпейді

  4. адам ағзасын өзгертеді

5. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, организмнің өз қалпына келуі үшін .. . керек.

  1. сегіз сағат

  2. сегіз күн

  3. сегіз минут

  4. бір күн

6. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлесу - паталогиялық өзгерістерге әкеледі, сондықтан ...

  1. көп пайдалануға болмайды

  1. көп пайдалану керек

  1. жиі қолдануға болады

  2. жиі қолданыңыз

7. Компьютерлік клубтардағы ойындар адамды лейкоз дертіне шалдықтыратыны ... .

  1. зерттелуде

  1. болжануда

  1. дәлелденген

  2. дәлелденген емес

8. Мәтінде қандай ауру түрлері аталды?

  1. онкологиялық және лейкоз

  1. жұқпалы

  1. тұмау

  2. бактериялық

Анықтама

өркениет –цивилизация

белес–ступень, этап

өнертапқыш‑изобретатель

сарылып оқу‑ томительно учиться

тұтыну‑пользоваться

өнімдірек‑прозводительнее

қи ою‑прорубать кизяк

үдеріс‑процесс

сыни ойлау‑критическое мышление

бас қатыру‑ломать голову

жылжымалы қасапхана‑передвижная бойня

3-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің ішінен фразеологизмдерді теріп жазып, мағынасын түсіндіріңіз.

қи ою, бейнет, әдеттегіден тыс, екі көзін төбесіне шығару, барсакелмес, кесімді жалақы, май-шелпек жұмыстар, жылжымалы қасапхана, бармақ басты, көз қысты, бұтарлау, кәдеге жарату, ірі қара, ұсақ мал, сықастыру.

тезауруске

Мына сөздер мен сөз тіркестерінің синонимін жазыңыз.

екі көзін төбесіне шығару, бұтарлау, кәдеге жарату, ірі қара, ұсақ мал, сықастыру, мықшыңдау, ықтырып алу, бас қатыру, титықтату, көпшіліктің көңілінен шығу, қолқасын қабу, май-шелпек жұмыстар.

43-сабақ

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Түлек, пір тұту, ағартушылық, әрекет, ұғыну, тырысу, бодан халық, шектеу, төл мәдениет, мәдениеттердің тоғысуы.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.