Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Енді велосипед те ұшады

тест сұрақтарына жауап беріңіз:

Мәтін мазмұнын анықтаңыз.

A) чехтар туралы

B) қуыршақ туралы

C) Прага туралы

D) чех инженерлерінің ұшатын велосипеты жасағаны туралы

Мәтін мазмұнына сәйкес қате ақпаратты көрсетіңіз.

A) Велосипед ауада 15 минут қалқып тұрады.

B) Велосипедке 6 қалақ орнатылған.

C) Велосипед ауада 5 минут қалқып тұрады.

D) Құрылғы қашықтықтан басқарылады.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Велосипедті ұшыруға адамның күші жетпейді.

B) Велосипед ұзақ әуе сапарына жарамсыз.

C) Чех инженерлері ұшатын велосипедті автокөлік пен мотоцикл орнына қолдануды ұсынады.

D) батареялардың қуат сыйымдылығы әр он жыл сайын екі еселеніп отырады.

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) жақын болашақта велосипедтің ұшу ұзақтығы көбеюі әбден мүмкі.н B) велосипед электр қозғалтқыштарымен жабдықтаған.

C) Чех инженерлері өздерінің жаңа өнертабыстары - ұшатын электр велосипедінің тұсаукесерін өткізді.

D) батареялардың қуат сыйымдылығы әр он жыл сайын екі еселеніп отырады.

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Қалақтар құрылғыны одан сайын ауырлата түскен.

B) Аккумулятор қуаты көпке шыдамайды.

C) Тұсаукесер Чехиядағы Duratec Bicycles компаниясында өтті.

D) Чех инженерлері ұшатын велосипедті автокөлік пен мотоцикл орнына қолдануды ұсынады.

Анықтама

Табысты – успешный

бәсекелес – соперник

көрнекті – видный

түпкі­лікті – навсегда, постоянно

мойынсұну – подчиняться

даңқты – известный

алалау – обделять

ұсыныс – предложение

игеру – осваивать

бағындыру – подчинять, покорять

тың – новый, оригинальный

ны­шан – признак

өзекті – ключевой, основной

мәртебе – авторитет

беталыс – направление

білікті – образованный

Тезаурус:

Есектің еңбегі адал, еті арам

«Ай­да­ғаның бес ешкі, ысқырығың жер жара­ды

Әлемді аузына қарату-

41-сабақ

«Болашақ» бағдарламасы

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Көну, көндігу, елемеу, түсінбеу, жою, құрту,түзету, жүзеге асу, орындалу, байқалу,құтылу санау, ойлау, құлағалы тұру, ескіру, қолдау, меңгеру, теңестіру, гүлдену, даму, ұят деп санау, намыстану

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

– Осыдан біраз уақыт «Болашақ» бағдар­ламасымен оқып келген қыз-жігіттердің бі­разы шетелде терең білім алып келгендігін, алайда оларға ұсынылған қызметтің жала­қысы төмендігін айтып, жоғарыдағыларды ойға қалдырды. Осыған көзқарасыңыз қа­лай?

– «Болашақ» – өте дұрыс бағдарлама. Оның құрылуына үлес қосқан адамның бірі – мен. Жоғары Кеңестің алғашқы депута­­ты болдым. Сонда менің сайлауалды бағдар­ла­мам­ның бірінші пункті жастарды қолдау еді. «Болашақтың» алғашқы бағдарламасын мен жазып Сембаевқа ұсындым. Ол кісі Елбасына жеткізіп, ақыры сәтті іске асты. Бұл үшін Президентке айтар алғыс шексіз. Біріншіден – шетелде оқып келудің пай­дасы зор. Шын мәнінде білімді жас бәсекелестік жағдайында қызметті өзі табуы тиіс. Бәсеке бәріне бірдей болуы тиіс.

– Сіз ҚБТУ-да дәріс беріп жүрсіз. Сту­денттердің қарым-қабілеті қандай?

– Жалпы, Кембридждің аты мықты. Қазақта «Ата атымен қыз өтеді, мата атымен боз өтеді» деген мақал бар. Бірақ Кембриджді бітіргендердің президент болғанын көрдіңіз бе? МГУ бітіргендер президент болып жа­тыр ма? Әңгіме онда емес, мәселе адам­ның өзінің басында. Сіз талапты, еңбекқор бол­саңыз, бәрін алып кетесіз.Қазір жұмыс іс­тей­тін адамға барлық жағдай бар.

– Мектептерде 11 сыныпқа дейін оқыты­латын математика пәні екені анық. Шет­елдерге байқауларға барып, жүлде алып жат­қандар да көп. Осыған қарап елімізде мате­ма­тика ғылымы қаншалықты дамыған деп ойлайсыз?

– Мынадай парадокс бар. Жыл сайын балалардың бәрі математиканы оқиды, қазақ тілін де оқиды. Алайда қазақ тілін оқып бәрі қазақша сөйлеп кетіп жатқан жоқ. Математика да сондай. Математика – құрал. Оны үйреніп алып, басқа жаққа ке­тіп қалатындар да бар. Сондықтан «жеңімпаз болдық» деген сөз де салыстырмалы нәрсе. Одан да біз «енді 10 немесе 30 жылдан кейін қандай боламыз?» деген сұрақтарға жауап іздейтін мәселені алдыңғы орынға қоюымыз керек. 

– Сіз өз мек­тебіңізді ашу ойыңызда бар ма?

– Иншалла, мен ешкімнен кем емеспін. Асып бара жатқан атақ-даңқым жоқ. Қа­рапайым математикпін. Мені ешкіммен салыстырмаңыздар. «Математикаға бет бұрған қазақтың қарапайым баласы» деген атақ маған жетеді. Әңгіме қоғам үшін дені дұрыс, ойлау қабілеті түзу, үмітті ақтайтын азаматтар тәрбиелеуге қал-қадірімізше үлес қоссақ, сол бізге жеткілікті.

– Соңғы жылдары Ғылым академиясы таратылып, «Ғылым ордасы» өмірге келді. Ака­демия мүшесі ретінде бұл сізге қанша­лықты әсер етті? - Ғылым ака­демиясы – мемлекеттің символы. Мы­салы, Францияда Наполеонның кезінде қалыптасқан академия әлі тұр. Өйткені ол – символ. Меніңше, академияны қайта ашу керек.

(Сұхбаттасқандар –Оңалбай САДЫҚ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жолдасбек ӘШІМХАНҰЛЫ. (Қысқартылып алынды). 16.02.2013

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. «Болашақтың» алғашқы бағдарламасын жазған кім?

  2. Халиф әл-Момонның «Даналықтар үйі» – біздіңше қалай болады?

  3. Асқар Жұмаділдаев шетелге барып тұруды жөн көрді ме, әлде туған жерде түпкі­лікті қалып, қызмет жасауды жөн көрді ме?

  4. Асқар Жұмаділдаевтің атына шетелдерден қанша көрнекті мате­матиктерден пікір түсті?

  5. Академиктің қарапайымдылығы неден байқалады?

Жазылым:

Сұхбаттан кез келген үш сөйлем алып, оны төлеу сөзге айналдырып жазыңыз.

Тыңдалым:

Тест тапсырмаларын орындаңыз

Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.

A) ХХІ ғасыр–білім мен ғылым­ның ғасыры.

B) Қазақ жастары жоғары оқу орындарында оқығысы келмейді.

C) «Оқыған адам жерде қалмайды».

D) Білім – табыс­тың кепілі.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) қазақ жастарының жоғары оқу орындарында оқуға қаражаты жоқ

B) Қазақстанда жоғары оқу орындары аз

C) қазақ жастарының оқу мәселесі

D) Қазақстанның шағын қалаларында оқу орындарының жағдайы нашар

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) ХХІ ғасыр–білім мен ғылым­ның ғасыры.

B) Оқуға түскеннің бәрі профессор бола алмайды.

C) «Баламды медресеге біл деп бердім» деген ұлы Абайдың сөзі әлі де өзекті

D) Мемле­кеттің де, елдегі халықтың та көз­қарасында бір ынтымақ бар.

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A)Қазақ зі оқымаса да, баласын оқытады.

B) Қазақ­станның байы да, орта табы да, кедейі де баласының оқығанын жақсы көреді.

C) Қазір де қазақ жалғыз сиырын сатса да, баласын оқуға береді.

D) Білімділігін мойын­датқан, оны тәжірибеде жүзеге асырған ұлт қана өзгенің алдына түседі.

Анықтама:

көну, көндігу–соглашаться

елемеу -  игнорировать; не замечать

түсінбеу – недоумевать

жою, құрту -  уничтожать

түзету -  выпрямлять,  исправлять

жүзеге асу, орындалу - осуществляться

байқалу -  замечать

құтылу -  избавляться;

санау, ойлау – считать, думать

құлағалы тұру, ескіру - устаревать,  изнашиваться

қолдау -  поддерживать

меңгеру -  усваивать,  управлять;

теңестіру -  уравнивать,  сравнивать

гүлдену, даму -  развиваться

ұят деп санау, намыстану -  стыдиться