Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Табысты, бәсекелес, көрнекті, түпкі­лікті, мойынсыну, даңқты, алалау, ұсыныс, игеру, бағындыру, тың, ны­шан, өзекті, мәртебе, беталыс, білікті.

Сұхбатты оқыңыз, мазмұндаңыз.

− Өткен жыл сіз үшін табысты болды. Мем­лекеттік сыйлық алдыңыз. Бұл сіздің адал еңбек, маңдай теріңізге берілген баға іс­петтес... – Иә, сыйлық алдым. Бірақ еңбекті мұ­нымен өлшеуге, бағалай салуға болмайды. Мәселен, әл-Фарабидің еңбегін ештеңе­мен өлшей алмайсыз. Мысалы, Кант. Оның еңбегін қалай өлшеуді білмейсіз. Бірақ Кант екенін білесіз. Біздің жұмысымыз да осындай. Мұны да біреу ұғады, біреу ұқпайды...

– Бәсекелестеріңіз көп болды ма?

– Әрине, көп болды. 12 жұмыс түсті. Бі­рін­ші сынақтан соң 4 жұмыс қалды, одан кейін екі жұмыс... Осы жерде айта кететін жағ­дай, соңғы уақытта ғылымды бағалауға Президентіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Әсіресе, еңбектің сапасы жоғары бағалана бастағаны қуантты.  Шүкір дейтініміз, менің атыма шетелдерден көрнекті мате­матиктер – 12 адамнан пікір түсті. Олардың сөзін тастау мүмкін емес қой.

– Осы сыйлықтан соң шетелдердегі әріп­тестеріңіз қызметке шақырған жоқ па?

– Шетелдерден шақыру сыйлыққа байланысты емес, шақыру бұрын да бол­ған. Есесіне, әлі күнге өз елімде Мемлекеттік сый­лық алмағаныма таңғалғандар болды. Шақырулардың барлығынан өзім бас тартқан соң, қазір қойды.  Туған жерде түпкі­лікті қалып, қызмет жасауды дұрыс деп шештім. Өмірге бейімделіп, амалсыз кейбір нәрсе­лерге мойынсынуды үйрендім.

– Адалдық демекші, соңғы жылдары ұзақ уақыт шетелдерде белгілі университеттерде дәріс оқыдыңыз, небір айтулы сыйлықтар алдыңыз, осының өзі дамыған елдерде даңқты ғалымдардың еңбегін жоғары бағалай­тын­дығына көз жеткізген боларсыз...

– Әрине, дамыған елдерде нақты ғы­лымға назар аудару мен еңбекті бағалауда алалау деген атымен жоқ. Қайта кім ғылымға барынша үлес қосып келеді, сол лайықты сый-құрметке ие. Мысалы, Германия пре­зидентінің қолын қысып, ғылым саласын­дағы әлемге әйгілі сыйлықты 40 жасымда – 1995 жылы алдым. Александр фон Гум­больдт қоры беретін халықаралық сыйлық Германия ғалымдарымен бірлесе жұмыс істеген, осы салада жетістіктері әлемде мо­йындалған ғалымдарға азаматтығына қарамастан беріледі. Құны 60 мың евро тұратын сыйлыққа жыл сайын 100 адам ұсынылады. Онда да тек болашағынан үміт күттіретін жастар. Міне, ғылымға қамқорлық деп осыны айтыңыз. Осындай тамаша тәжірибе көп.

– Мұсылмандар дегенде, сіздің Иран пре­зидентінің де қолынан сыйлық алғаны­ңызды естіген едік?

–Олардың ха­лықаралық әл-Хорезми атындағы сыйлығы да халықаралық аренада белгілі. Ғылым-білімнің барлық саласы бойынша ірі же­тістіктерге жеткен, осы салаға еңбек сі­ңір­ген, жаңалық ашқан әлемнің озық ойлы азаматтарына жыл сайын беріліп келеді.  Хорезми – мұсылман қауымынан әлемде тұңғыш шыққан ғалым. Ибн Сина, Омар Хаям бәрі осыдан кейін тұрады. Халиф әл-Момонның «Даналықтар үйі» – біздіңше Ғылым академиясы болған. Ағайындылар екі бағытты, екі көзқарасты ұстанған. Інісі бағытын соғысқа ғана арнағанды жөн көр­ген, «мұсылмандар соғысуы керек» деп есеп­теген. Ал ағасы «біз әлемді тек ғылым­мен бағындыруымыз керек» деген. Осы соңғы ұсыныс шын мәнінде мұ­сылмандар үшін әлі күнге маңызын жой­ған жоқ. Әсіресе, қазақ үшін ғылымды игеру­дің жөні бөлек. Осы салада білікті, білімді, іс­кер азаматтар көбейгенде ғана көркейетіні­­міз анық.

– Осындай тың идеялар Қазақстан тә­уелсіздік алған жылдардан бері қолға алын­ды ма, алғашқы қадамдар жасалды ма? 

– Жасыратыны жоқ, осы бағытта белгілі бір жұмыстар жүргізілді, белгілі бір ны­шандар болды. Өкінішке қарай, бұл мә­се­ленің бәрі іске аспады. Оның себебі бар: ғы­лымды ғалымдар емес, шенеуніктер ше­шетін қоғамда осылай болады. Біз ғылымды саясатпен араластырып жібереміз. Жа­рамсыз жарнама жасауға әуеспіз. «Ай­да­ғаның бес ешкі, ысқырығың жер жара­ды­ның» кері бұл. Айталық, шетелге барып бо­лымсыз сыйлықты алып келетіндер де кө­бейді.

– Барлығы сыйлықтан шығып кетті ғой. Біз үшін әлемді аузына қарататын сыйлық тағайындауға әлі кеш емес пе? 

– Жоқ, ғылымда еш нәрсе де кеш бол­майды және ол қай кезде де өзекті. Мысалы, «өнер өлмейді» деп келдік қой. Қазір бұл сөзді ғылым ауыстырды деуге болады. Сон­дықтан Махмұд Қашқари, Шоқан Уә­ли­ханов атындағы халықаралық сыйлық тағайындап, әлемді аузына қаратқан ғалым­дарды шақыртып, жоғары оқу орындарында дәріс оқытып, сыйлығын беріп жатсақ, бұл – еліміз үшін зор мәртебе. Ең алдымен Түрік дүниесіне ортақ халықаралық сыйлық жасап алсақ, ары-қарай ілгерлеуіміз оңай.

– Бұл үшін не істеу керек? 

– Түк істеудің керегі жоқ. Тек ақыл ке­рек. Мысалы, Хорезми сыйлығының қара­жаты қанша екенін білесіздер ме? Бес мың доллардай ғана. Бұл даңқты ғалымдар үшін түк те емес. Әңгіме ақшасында емес, әңгіме – халықаралық деңгейінде, назарда. Ең ал­дымен соған лайықты адам болуы тиіс. Ғылымы мен білімін, ғылымдағы ғажайып жаңалықтарын білетін елдің ғана сыйлығын мықтылар алады. Олар біздегі кейбір аза­маттар секілді 5-10 мың долларға сыйлықты сатып алуды өлім деп біледі.

– Сіз шетелдердің мықты универси­тет­терінде ұзақ жылдар бойы дәріс оқыдыңыз. Мықты тәжірибе жинақтадыңыз, жастардың беталысы туралы не айтар едіңіз?

– Біздің студенттердің білімі олардың жастарымен салыстырмалы түрде айтқанда еш кем емес. Біздің жастарымыз шетелге барса, бірден оқуға түсіп кетеді. Неге? Өйт­кені емтиханның 70 пайызы математика. Кеңестік оқу жүйесінің мықтылығы осында және әлі күнге сол екпінмен келеміз. Мұның жемісін көріп жүрміз. 

(Сұхбаттасқандар –Оңалбай САДЫҚ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жолдасбек ӘШІМХАНҰЛЫ Қысқартылып алынды). 16.02.2013 (Жалғасы бар.)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Мемлекеттік сыйлық туралы А. Жұмаділдаевтің пікірі қандай?

  2. Академик қай жерде жұмыс істеу туралы шешім қабылдады?

  3. Асқар Жұмаділдаевтың мемлекеттік сыйлықты алу барысында қанша бәсекелесі болды және оның жеңуіне себепші болған не?

  4. Асқар Жұмаділдаев Иран пре­зидентінің қолынан қандай сыйлық алды?

  5. Мұсылман қауымынан әлемде тұңғыш шыққан ғалым кім?

  6. Неліктен біздің жастарымыз шетелге барса, бірден оқуға түсіп кетеді?

Жазылым:

1-тапсырма. Сұхбатты оқып, сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңыз.

  1. Академик Асқар Жұмаділдаев Қазақстанның ... сыйлығын алды.

  2. Ол ғылым саласындағы жетістіктері үшін халықаралық ... .... сыйлығын қырық жасында алды.

  3. Математик Асқар Жұмаділдаев мұсылман әлемінің ... ... сыйлығын алды.

  4. Ең алдымен Түрік дүниесіне ортақ халықаралық сыйлық жасап алсақ, ...... .

  5. Әңгіме ақшасында емес, әңгіме – ......... .

Жазылым:

Тапсырма. Сұхбатты оқып, сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңыз.

  1. Академик Асқар Жұмаділдаев Қазақстанның ... сыйлығын алды.

  2. Ол ғылым саласындағы жетістіктері үшін халықаралық ... .... сыйлығын қырық жасында алды.

  3. Математик Асқар Жұмаділдаев мұсылман әлемінің ... ... сыйлығын алды.

  4. Ең алдымен Түрік дүниесіне ортақ халықаралық сыйлық жасап алсақ, ...... .

  5. Әңгіме ақшасында емес, әңгіме – ......... .

  6. Ол Жоғары Кеңестің ... ... болды.

  7. Асқар Жұмаділдаевтің алғашқы сайлау алды бағдарламасы ... ... болды.

Тыңдалым: