Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Білім беру жинақтау салымы

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

жинақтау жүйесі, заң жобасы, қолжетімділік, жарна, салымшы, ерікті түрде, болжанатын сома, салымдар жиілігі, басымдық беру, ынталандыру, сыйақы, кепіл, қауқар.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

ҚР Білім және  ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов  Парламент Мәжілісінің   пленарлық отырысында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң жобасын таныстырды.

«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің негізгі мақсаты – кәсіптік-техникалық, жоғары білім алуға мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмін енгізу», - деді Б.Жұмағұлов өз сөзінде. Министрдің айтуынша,   Қазақстанның кез-келген  азаматы  салымшы болып,   банкте білім беру жинақтау  салымын аша алады.

Мәліметке сүйенсек,  жинақталған  қаржы  үш бөліктен тұрады – салымшы   салған   ақша,   банктің ай сайынғы  сыйақысы және мемлекеттің сыйақысы.

«Сыйақы мөлшері, жинақталған ақшаның көлеміне қарай – жылына 5 пайыз. Ал кейбір басымдық берілген адамдар топтары үшін (жетім балалар, мүгедектер, көп балалы және табысы аз отбасылар) – 7%. Мемлекеттің сыйақысы бойынша табыс салығы алынбайды», - дейді министр.

Бұл жинақтар Қазақстан Республикасында, сонымен қатар шетелде де тек білім алуға  жұмсалады. Егер жинақталған қаражат өз мақсатына жұмсалмаса, онда мемлекет сыйақысы бюджетке қайтарылады.

Ведомствоның  хабарлауынша, заң жобасы әлемдік тәжірибе негізінде дайындалды. Мұндай Білім беру жинақтау жүйесі бірнеше елдерде бар. Олар: Бельгия, Канада, Малайзия, Нидерланды, Сингапур, Испания, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ елдері. Мұндай шоттарда қаржы жинауға мемлекет жеңілдіктер мен субсидиялар беру арқылы қолдау көрсетеді.

Біздің елімізде білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ететін 2 механизм бар. Біріншісі – мемлекеттік гранттар. Студенттердің төрттен бірі мемлекеттік грант арқылы оқиды.  Екіншісі – мемлекет кепілдік беретін білім беру кредиттері. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі үшінші механизм болмақ.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң жобасы Елбасының 2011 жылғы халыққа Жолдауына сәйкес әзірленген. (2012 жылдың 14 қарашасы)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Бұл жоба бойынша салымшы болатын кімдер?

2. Жаңа жоба қандай мәселені шешу мақсатында жасалған?

3. Жобаның мемлекет тарапынан қоятын шарттары қандай?

4. Мемлекетімізде білім алуға мүмкіндік беретін басқа да механизмдер бар ма, болса қандай?

Жазылым:

Мына сөйлемдерді мәтінге сәйкес толықтырыңыз.

1. Мәліметке сүйенсек,  жинақталған  қаржы  үш бөліктен тұрады – салымшы   салған   ақша,   ... ... және мемлекеттің сыйақысы.

2. Мемлекеттің сыйақысы бойынша ... алынбайды», - дейді министр.

3. Сыйақы мөлшері, жинақталған ақшаның ...– жылына 5 пайыз.

4. Ал кейбір ... адамдар топтары үшін (жетім балалар, мүгедектер, көп балалы және табысы аз отбасылар) – 7%.

5. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі ... механизм болмақ.

6. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң жобасы Елбасының 2011 жылғы ... сәйкес әзірленген.

Анықтама

жинақтау жүйесі‑сберегательная система

заң жобасы‑проект закона

қолжетімділік‑доступность

жарна –взнос

салымшы–вкладчик

ерікті түрде-добровольный

болжанатын сома‑предпологаемая сумма

салымдардың жиілігі‑периодичность взносов

ынталандыру‑стимулировать, заинтересовать

сыйақы‑ вознаграждение

кепіл‑гарантия

қауқар-возможность, сила

басымдық беру‑сделать приоритетным

40-сабақ.