- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7.Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •8.Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Анасы мен баласы
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Таным патшалығы Байланыстырушы етістіктер
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Студенттің бос уақыты
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Ауру – астан
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Домбыра
- •Күй атасы – Құрманғазы. Күйші Дина.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Өлең – сөздің патшасы
- •Абай – қазақтың бас ақыны
- •1. Жазылым.
- •Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі
- •1. Жазылым.
- •Абайдың әкесі
- •1. Жазылым.
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •1. Жазылым.
- •2. Жазылым.
- •Ауыз әдебиеті
- •2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Мұхтар Әуезов – суреткер
- •«Абай жолынан» үзінді
- •«Абай жолынан» үзінді
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Атақты аудармашы
- •Атақты аудармашы
- •Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі
- •Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:
- •Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:
- •Қызыл Кітап
- •Қызыл Кітап
- •Қазақстанның тарихи орындары Құбылыстардың арақатынасының, байланысының салыстырыла, салғастырыла берілуі
- •Қазақстанның көне қалалары
- •Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі
- •Астана – бас қала Қалағандықтың-қаламағандықтың берілуі
- •Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі
- •Басшы келбеті
- •Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
- •Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?
- •А) қарапайым халықты жақтырмайды
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •Әркім бастық болмайды…
- •А) ізгілікті болсын
- •Қоғам және жастар
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
- •Әлем таныған Қазақ Елі
- •Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы
- •Білім мен ғылым
- •Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жинақтау салымы
- •Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат
- •Енді велосипед те ұшады
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Ғылым мен техника
- •Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ғарыштағы қазақ құрты
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр
- •Бақылауға арналған сұрақтар іі семестр
Қазақстандағы білім беру жүйесі
38-сабақ «…Ұйықтайтын бар не сиқың?!»
Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Алтын ғасыр, алаш арыстары, төлбасы, ұлт жанашыры, надандықтың кесапаты, үлестен қағылу, бастау, іргетас, тума, рухани дүние.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
ХІХ ғасыр қазақ халқының рухани тарихында «алтын ғасыр» аталады. «Алтын ғасырдың» өн бойында Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин секілді ғұламалар, Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері, Жаяу Мұса, Құрманғазы, Дәулеткерей, Ықылас, Тәттімбет, Қазанғап сынды күйші-әншілер дүниеге келді. Келер ғасырдың басы да Алаш арыстарымен әйгілі. Тұтас буынның төлбасы – ірі ғалым-тілші, түркітанушы, әдебиет зерттеушісі, ақын, дарынды аудармашы, саяси қайраткер Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Торғай жерінің тумасы. Ыбырай мектебінің түлегі. Ұлт жанашыры. Ахаң саналы ғұмырында қазақ қоғамында үш мәселенің – саяси билік, оқу-ағарту және жер мәселесінің шешілмегенін айтып өтті. Оның түп негізін ел арасында оқу-ағарту жүйесінің болмауымен түсіндірді. «Олжалы жерден үлестен қағылғанымыз, жоралы жерден жолдан қағылғанымыз – бәрі надандықтың кесапаты» деп түйді. Ел мен елді, ұлт пен ұлтты, халық пен халықты теңестіретін тек қана білім, ғылым, өнер деп таныды. Туған халқын оқуға, өнерге, білім алуға шақырды. Жақында Астанада Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» еңбегінің 100 жылдығы атап өтілді. Айтулы ғалымдар, мәжіліс депутаттары мен ұстаздар бас қосқан жиында мемлекеттілігіміздің басты белгісі – ана тіліміздің болашағы сөз болды.
«Тіл-құрал» – үш бөлімнен тұратын үш шағын кітап. Еңбек тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың бастауы. Қазіргі қазақ тілі ғылымының іргетасы. Баспадан жарық көргеніне былтыр 100 жыл толған Ахмет Байтұрсынұлының «Маса», «Қырық мысал» жинақтары – тамаша рухани дүниелер.
– Қазағым, елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді, оянып. Қанған жоқ па әлі ұйқың, Ұйықтайтын бар не сиқың?! – дейді.
Келесі өлеңінде: – Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа, Жол сілтедім жақын емес, алысқа. «Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, – дедім, – сен де қатарыңнан қалыспа! – дейді.
Ахмет шығармаларын оқи отырып, ойға қаласың. «…Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін…» деп жазады. Тағы бір жолдардан: «…Тән көмілер, көмілмес еткен ісің…», – дейді. Ахаң 1930 жылдардағы сұрқия саясаттың құрбаны болды. (Ғаламтордан).
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақ халқының рухани тарихында қай кезең «алтын ғасыр» деп аталады?
2. Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынов қазақ қоғамының шешілмеген қандай мәселелерін атап өтті?
3. Ахмет Байтұрсынұлы ?
4. А. Байтұрсынұлы: −Қазағым, елім, қайқайып белің, сынуға тұр таянып− дегенде нені айтып отыр?
5. Ахметтің айтуынша «Ұйқыдағы қазақ» − қандай қазақ? 6. А. Байтұрсынұлының қандай кітаптары бар?
Жазылым:
Тапсырма. Мына сөйлемдерді мәтінге сәйкес дұрыс толықтырыңыз:
1. Ахаң саналы ғұмырында қазақ қоғамында үш мәселенің – ... ... шешілмегенін айтып өтті.
2. «Алтын ғасырдың» өн бойында Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин секілді ... , Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері, Жаяу Мұса, Құрманғазы, Дәулеткерей, Ықылас, Тәттімбет, Қазанғап сынды ... ... дүниеге келді.
3. «Олжалы жерден үлестен қағылғанымыз, жоралы жерден жолдан қағылғанымыз – бәрі ... » деп түйді.
4. «Маса», «Қырық мысал» жинақтары –... .
5. Жақында Астанада Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» еңбегінің ... атап өтілді.
6. Ахмет шығармаларын оқи отырып, ... .
7. «Ел бүгіншіл, менікі ... үшін…» деп жазады.
8. Ахаң 1930 жылдардағы ... ... құрбаны болды.
9. Қанған жоқ па әлі ұйқың, ... ... не сиқың?! – дейді.
Тапсырма. Мына сөздер мен тіркестердің синонимдік қатарын жазыңыз.
әйгілі
өрге қадам басу
ұлт жанашыры
жер мәселесі
надандық
жоралы жер
Оқылым бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз:
1. Қазақ халқының рухани «алтын ғасырында» өмір сүрген күйшілер кімдер?
Құрманғазы, Дәулеткерей, Біржан сал, Ақан сері
Дәулеткерей, Ықылас, Абай Құнанбаев, Жаяу Мұса,
Дәулеткерей, Ықылас, Тәттімбет, Қазанғап, Сегіз сері
Қазанғап, Құрманғазы, Дәулеткерей, Ықылас, Тәттімбет
2. ХІХ ғасырдың басы қазақ халқы үшін несімен әйгілі?
Алаш партиясымен
алаш арыстарымен
қазақ хандарымен
сал‑серілерімен
3. Ахмет Байтұрсынұлы қай мектептің түлегі?
Ахмет Риза медресесі
Маман байдың мектебі
Ыбырай мектебі
Ауыл мектебі
4. А. Байтұрсынұлының айтқан «қатарыңнан қалыспа» сөзінің мағынасы?
бір қатарға тұр
озып кетпе
жұрттан қалма
осының бәрі
5. А. Байтұрсынұлы өлеңінде өз ұлтына қандай өсиет айтады?
Оян, қазақ
Мен жастарға сенемін
Ұйықтайтын бар не сиқың
Қалың елім,қазағым, қайран жұртым.
Тыңдалым.
Тыңдаңыз.
Тыңдалым бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығының негізгі тақырыбы қандай ілімді қамтиды?
A) философия мен әдебиет ілімін
B) мораль философиясы мен мәдениет ілімін
C)әдебиет пен мәдениет ілімін
D) мороль философиясы ілімін
Мәдениеттіліктің тірегі –
A) білім
B) ар-ұят
C) ұждан
D) өнер
Ұждан дегеніміз –
A) ынсап, әділет, мейірім
B) өнер, білім, мейірім
C) жақсылық, бақыт, ар-ұят
D) бірлік, ынсап, жақсылық
Шәкәрімнің рухани ізденісінде ерекше орын алған не?
A) шешендік өнер
B) ботаника
C) ежелгі ғарыштық дүниетаным
D) ежелгі мәдениет
Анықтама
алтын ғасыр‑ золотой век
алаш арыстары – опора народа (казахов)
төлбасы –первенец, первопроходец
ұлт жанашыры‑защитник народа
надандықтың кесапаты‑ вред невежества
үлестен қағылу‑потерять долю
бастау‑начало
іргетс‑фундамент
тума‑уроженец
рухани дүние‑духовное богатство
тезаурус
азаматтық өтеу – азаматтық міндет
ұждан– ар‑ұят
нану‑сену
айласын табу – жолын табу
кемдік көрмеу– кемшіліксіз болу, артта қалмау
жанның тілегі‑жанның қалауы
жүрегін қарайта алмау‑ жаманшылықты ойламау, жасамау
39-сабақ
