Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы

(ресейлік саясаттанушы А.Д. Собянинмен «Алаш айнасы» газетінің сұхбаты.) Қысқартылып алынды.

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

Сұхбаттың мақсатын анықтаңыз.

A) Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалынан не күтуге болатынын анықтау.

B) қазақтың қонақ күту дәстүрін жоғалтпау.

C) Қазақстан Ресей қарым‑қатынасын бағалау.

D) Қазақстанның сыртқы саясатын шетелдік саясаткердің көзімен бағалау.

Диалогтегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Посткеңестік   мемекеттер арасындағы Қазақстанның рөлін анықтау.

B) Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығынан не күтуге болады?

C) Қазақстанның болашақтағы саяси келбеті қандай болмақ?

D) Қазақстан өзінің серіктестеріне энергоресурстардан бөлек не ұсына алады?

Диалогке сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

A) Қазақстандағы саяси институционалды базаны американдық технологияға салу керек.

B) Шикізатты өңдеп ұсыну жағы қазақтарда өте кем соғып тұр.

C) Қазақстанның әлем алдындағы оң имиджі.

D) Қазақстандық саясаткерлер сыртқы саясатта жұмсақтық танытудың заманы өтіп бара жатқанын ескермейтін сияқты.

Диалог мазмұнында жауабы бар сұрақты табыңыз.

A) Қазақстанда жақын болашақта саясат пен қоғамға кімдер ықпал ете бастайды?

B) Еуропалық ұйым қай мемлекеттер үшін маңызды?

C) Қазақстан мұнай өңдеу саласы бойынша нешінші орында ?

D) Президент әкімшілігінде кімдер істейді?

Диалог мазмұнында жауабы жоқ сұрақты табыңыз.

A) Қазақстанның кейбір аудандары электр қуатын импорттап жатыр, бұл –дұрыс па?

B) Халықаралық агенттіктер қазақстандық компаниялардың рейтингін қалай бағалап отыр?

C) Қазақстанда сауатты саясаткерлер бар ма?

D) Қазақстан оңтүстігіндегі елдер үшін қандай рөл атқарып отыр?

Диалогтегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Әртүрлі себептерге байланысты англо-сакстар мен орыстар Қазақстандағы саяси тұрақтылықты қалады.

B) Қазақстанның жағымды имиджіне әсер еткен екі фактор бар.

C) «Зенит» Орал зауыты» АҚ мекемесінің әскери катер өндірісін қайта жандандыра білді.

D) Қазақстанның сыртқы саясаты ТМД елдерінің ішіндегі ең сауаттысы әрі өнімдісі деуге тұрарлық.

Анықтама

Көшбасшы‑лидер

стратегиялық әріптес­тік­‑стратегическое партнерство

тереңдету‑углубить

келі­сімге қол жеткізу‑достигнуть соглашений

шәкіртақы‑стипендия

баста­ма‑почин

жаппай қырып-жою қаруы–оружие массового поражения

тезаурус

бейіл– ниет, ықылас

өзара уағ­даластық–өзара келісім

өңір –аймақ

сенімнің сейілуі‑сенімнің жойылуы

тірнектеп жию‑ еңбектеніп, аз‑аздан жию

тың тәжірибе‑жаңа тәжірибе

37-сабақ: Тұрақтылық мекенінде тұрамыз

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

енші, аумақ, меже, қандас, тағайындау, кәсіпкерлік, тылсым, қорық, бірқатар, өркендеу,

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Тұтас түркі дүниесінің қара шаңырағы – Қазақстан мемлекетінің тарихы кейбіреулер ойлағандай тәуелсіздікті алған жиырмадан аса жылмен шектелмейді. Оның бастауы сонау әріде, сақ, ғұн заманында жатыр. Ол кезде қазақ деген атауымыз болмаса да, ерлік, өрлік қасиеттеріміз біздерге сол замандағы ата-бабаларымыздан дарыған. Бертін келе, ХV ғасырда өз еншісін алып, Керей мен Жәнібек хандар Қазақ хандығын құрды. Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан даламыз қазіргіден де кең еді ол кезде. Әрине, бүгінгі күнгі елімізге тиесілі 2 724 900 шаршы шақырымды аз көріп отырған жоқпыз, жер көлемі жағынан әлем елдері арасында 9-шы орында тұрмыз. Бұл да – сүйем жерді бермеу үшін жаумен арпалысқан батыр бабаларымыздың арқасы.

Ендігі мақсат – Менделеев кестесінің барлық элементтері кездесетін үсті де, асты да бай осы жерді өзіміз үшін де, келер ұрпақ үшін де көздің қарашығындай сақтап, Қазақстан халқының санын арттыру.

Бұл жөнінде Елбасы да үнемі айтып келеді. Ұлт Көшбасшысының қойып отырған межесі – жуық арада халқымыздың санын 20 миллионға жеткізу.

Қазірдің өзінде елімізде тұрғылықты халық саны 17 миллионға жақындады. Және қандастарымыздың үлесі жағынан өзге этностардан алға шығып, қазақтардың саны 65 пайызды құрады. 1913 жылы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Әлхамдулилла, алты миллион қазақпыз» десе, осыдан тура бір ғасыр уақыттан кейін 11 миллионға жетіп отырмыз. Ол туралы осы аптада еліміздегі БАҚ-тар жар салды. 11 миллионыншы қазақ – Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген Мұхтар Әбдірахым деген сәби. Елімізде тату-тәтті 130-ға тарта ұлт тұрады.

Еліміздің Ата Заңы – Конституциямызда: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп жазылған. Яғни, халық билікті референдум немесе еркін сайлау арқылы тағайындайды. Соған сәйкес биліктің жұмысы да қазақстандықтардың тұрмысын жақсартуға бағытталуы шарт. Бұл жолда да бірқатар істер қолға алынды. Түрлі бағдарламалар қабылданып, кейде жылдам, кейде баяу жүріп келеді. Солардың бірнешеуін атап өтейік: ел халқының денсаулығына қатысты «Саламатты Қазақстан», халыққа аса қажет «Қолжетімді баспана», жоғары оқу орнын бітірген жастар үшін «Дипломмен – ауылға», кәсіпкерлік істі алға жылжыту үшін «Бизнестің жол картасы», өндірісті дамыту мақсатында бірнеше жылдар көлемінде жүзеге асып келе жатқан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламалары. Өткен жылдың соңында Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы атты елді дамытуға бағытталған ұзақ мерзімдік бағдарламасын да ұсынды. Осында алдағы он жылдықтарға қатысты барлық мәселелер қамтылған.

Олай болса, елімізді мақтайық та, мақтанайық та және қолымыздан келгенше оның әлі де өркендей түсуіне өз үлесімізді қосайық.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады?

2. Халық билікті қалай тағайындайды?

3. Референдум деген сөз қандай мағына береді?

4. Бір ғасыр бұрын А. Байтұрсынов не айтты?

5. Елімізде қанша өзге ұлт өкілдері тұрып жатыр?

6. Қазір Президентіміздің қойып отырған межесі жуық арада халқымыздың санын қаншаға жеткізу?

Жазылым:

Сөйлемнің сыңарын табыңыз:

1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – ..............

2. Ендігі мақсат – Менделеев кестесінің барлық элементтері кездесетін үсті де, асты да бай осы жерді өзіміз үшін де, келер ұрпақ үшін де көздің қарашығындай сақтап, ..........

3. 11 миллионыншы қазақ –, ..........

4. Түрлі бағдарламалар қабылданып, кейде жылдам, ...... жүріп келеді.

5. Еліміздің Ата Заңы – Конституциямызда: .... ..... деп жазылған.

6. Бағдарламалардың кейбірін атап өтсек: «Саламатты Қазақстан», «Қолжетімді баспана»,, ......, ........ .

7. Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы атты ұзақ мерзімдік ......... .

8. Елімізде тұрғылықты халық саны ....... жақындады.

Тыңдалым:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Мәтін не туралы?

  1. Көрші

  2. Ағайын

  3. Көрші мемлекет

  4. Иран

2. Мақалды аяқтаңыз ... .

Алыстағы ағайыннан жақындағы ... артық.

  1. Туысың

  2. Көршің

  3. Ағайының

  4. Көрші елің

3. Ұлан-ғайыр мемлекетіміз құрлықта және суда – барлығы қанша мемлекетпен шекараласады?

  1. Үш

  2. Бес

  3. Жеті

  4. Тоғыз

4. Қазақстанның оңтүстіктегі көршілері – ... .

  1. Әзірбайжан мен Ресей

  2. Өзбекстан мен Түркіменстан

  3. Иран мен Қырғызстан

  4. Қырғызстан мен Өзбекстан

5. Сәйкесін табыңыз:

“Ежелгі дұшпан атыспаққа жақсы”» . Қай мемлекеттер туралы айтылып отыр?

  1. Түркіменстан, Ресей

  2. Қырғызстан, Өзбекстан

  3. Түркіменстан, Қырғызстан, Әзірбайжан

  4. Осылардың бәрі

6. Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастарда қозғалған ең басты мәселе – ... .

  1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі.

  2. Шекара мәселесі

  3. Саяси –экономикалық қарым-қатынас

  4. Осының барлығы

7. Иран Кеңес өкіметі кезеңіндегі Каспий бөлінісін ... бөлініс деп санайды.

  1. әділ жасалған

  2. күшпен, зорлықпен жасалған

  3. қолайсыз жасалған

  4. нақты жасалған

8. Иран Орталық Азияға қалай өзгеріс енгізбек?

  1. Мұнайдың күшімен

  2. Мұсылман дінінің ықпалымен

  3. Ядролық қарудың күшімен

  4. өзгеріс жасай алмайды

9. “Доқ көрсету “ тіркесіне мағыналас нұсқаны көрсетіңіз.

  1. Өнер көрсету

  2. Жер көрсету

  3. Күш көрсету

  4. Қорқу

Анықтама

Енші – причитающаяся доля

аумақ – территория

меже – предел

қандас – родственник

тағайындау – назначать

кәсіпкерлік – предпринимательство

тылсым – тайна

қорық – заповедник

бірқатар-ряд

өркендеу-развиваться, расцветать

тезаурус

қара шаңырақ‑ ата‑бабадан қалған мекен

сүйем жер‑аз жер (Басбармақ пен сұқ саусақ арасындағы өлшем)

доқ көрсету‑қорқыту, сес көрсету

алакөз болу–араз болу

аспаны шайдай ашық‑бейбіт өмір

тамырын басу ‑ сыр тарту