- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7.Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •8.Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Анасы мен баласы
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Таным патшалығы Байланыстырушы етістіктер
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Студенттің бос уақыты
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Ауру – астан
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Домбыра
- •Күй атасы – Құрманғазы. Күйші Дина.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Өлең – сөздің патшасы
- •Абай – қазақтың бас ақыны
- •1. Жазылым.
- •Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі
- •1. Жазылым.
- •Абайдың әкесі
- •1. Жазылым.
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •1. Жазылым.
- •2. Жазылым.
- •Ауыз әдебиеті
- •2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Мұхтар Әуезов – суреткер
- •«Абай жолынан» үзінді
- •«Абай жолынан» үзінді
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Атақты аудармашы
- •Атақты аудармашы
- •Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі
- •Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:
- •Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:
- •Қызыл Кітап
- •Қызыл Кітап
- •Қазақстанның тарихи орындары Құбылыстардың арақатынасының, байланысының салыстырыла, салғастырыла берілуі
- •Қазақстанның көне қалалары
- •Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі
- •Астана – бас қала Қалағандықтың-қаламағандықтың берілуі
- •Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі
- •Басшы келбеті
- •Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
- •Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?
- •А) қарапайым халықты жақтырмайды
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •Әркім бастық болмайды…
- •А) ізгілікті болсын
- •Қоғам және жастар
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
- •Әлем таныған Қазақ Елі
- •Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы
- •Білім мен ғылым
- •Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жинақтау салымы
- •Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат
- •Енді велосипед те ұшады
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Ғылым мен техника
- •Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ғарыштағы қазақ құрты
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр
- •Бақылауға арналған сұрақтар іі семестр
Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Жоғары деңгейлі АҚШ ресми тұлғаларымен болған келіссөздер барысында тараптар Қазақстан және АҚШ арасындағы екіжақты байланыстардың нығайғанын атап өтіп, өздерінің стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады. Министр мен Мемлекеттік хатшы Стратегиялық әріптестік комиссиясының тең төрағасы болатындығы жөнінде келісімге қол жеткізілді. Екіжақты және өңірлік мәселелер бойынша кең ауқымды талқылаулар келесі бағыттарды қамтыды: Ауғанстан және өңірлік интеграция. АҚШ Ауғанстанда және өңірде қауіпсіздікті қолдаудағы Қазақстанның көшбасшы рөлін, соның ішінде оның Ауған ұлттық қауіпсіздік күштеріне жәрдемі мен Ыстамбұл үдерісіне қосқан үлесін құптайды. АҚШ 50 млн доллар сомасындағы 1000 ауған студентіне ҚР оқу орындарында білім беру жөніндегі Қазақстанның шәкіртақылық бағдарламасын жоғары бағалайды. АҚШ экономикалық байланыстарды дамытуға, атап айтқанда, оның Қазақстан – Түрікменстан теміржолы және Ақтау теңіз порты сияқты өңірлік инфрақұрылымға инвестиция салуын құптайды. ҚР мен АҚШ Ауғанстандағы және өңірдегі тұрақтылық, бейбітшілік және өркендеуді сақтауға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
Ядролық қауіпсіздік және таратпау. ҚР және АҚШ жаппай қырып-жою қаруын таратуға жол бермеуге ортақ бейілділігін қайта растайды. АҚШ Қазақстанда өңірлік Ядролық қауіпсіздік жөніндегі тренинг орталығын құру бойынша ҚР-дың күш-жігерін құптайды. АҚШ Қазақстанның МАГАТЭ Төмен байытылған уран банкісін өз аумағында орналастыру жөніндегі ұсынысын қолдауды жалғастыруда.
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық. ҚР және АҚШ лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі бірлескен әрекеттерді қоса алғанда, өңірдегі тұрақтылықты сақтау бойынша жалғасып жатқан ынтымақтастықты растайды. Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа біздің бейілділігіміз АҚШ-тың «КазБриг» бейбітшілік сақтау бөлімшесіне және «Дала қыраны» жыл сайынғы әскери оқуларына көрсеткен қолдауында көрініс табады.
Сауда, инвестициялар және энергетика. АҚШ ҚР-ның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігіне өз қолдауын қайта растап, аталған ұйымға кіру үдерісін мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтау үшін Қазақстанмен жұмыс істеуді жалғастырады. АҚШ Қазақстанмен екіжақты сауда және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше мән береді.
Ғылым және технологиялар. Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия шеңберінде зерттеу институттары ҚР және АҚШ үстіміздегі жылғы 24-25 маусымда Астанада іске қосылған Ғылыми-техникалық мен жекеменшік секторындағы ғалымдар, инженерлер және студенттер арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға бейілділігін растайды. АҚШ Қазақстанның «Жасыл көпір» және «ЕХРО – 2017: Болашақ энергиясы» сияқты климат өзгеруі саласындағы бастамаларын құптайды. Сондай-ақ АҚШ Қазақстанның өз аумағында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың штаб-пәтерін орналастыруға дайындығын жоғары бағалайды.
Екі елдің азаматтары арасындағы байланыстар. ҚР және АҚШ екі елдің азаматтары арасындағы байланыстарды ұлғайтуға бейілділігін растайды. Осы ретте екі Үкімет Қазақстан және АҚШ дипломаттары, ресми тұлғалары, студенттері, журналистері, бизнесмендері және туристері үшін бесжылдық визалар беру туралы өзара уағдаластықтың күшіне енуін асыға күтуде.
(«Алаш айнасы» газетінен қысқартылып алынды. 2013 ж)
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Жоғары деңгейдегі келіссөздерде ҚР және АҚШ ресми тұлғалары қандай келісімге қол жеткізді?
2. Тең төраға болатын министр мен мемлекеттік хатшы қай мемлекеттен?
3. АҚШ қай мәселедегі Қазақстанның көшбасшылық рөлін құптайды?
4. Қазақстанның өңірде қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшылық рөлі неден байқалады?
5. АҚШ Қазақстанға қатысты қандай жұмысты жалғастырмақшы?
6. Ғылым мен техника саласында АҚШ Қазақстанның «Жасыл көпір» және «ЕХРО – 2017: Болашақ энергиясы» сияқты климат өзгеруі саласындағы бастамаларын құптайды.
7. . Қазақстан және АҚШ дипломаттары екі елдің арасындағы байланысты ұлғайтуға қатысты қандай жұмыс жасап жатыр?
Жазылым:
Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып сөйлемді толықтырыңыз:
АҚШ 50 млн доллар сомасындағы 1000 ауған студентіне ҚР оқу орындарында білім беру жөніндегі Қазақстанның ....... ....... жоғары бағалайды.
ҚР және АҚШ жаппай .....-..... ........ таратуға жол бермеуге ортақ бейілділігін қайта растайды.
АҚШ Қазақстанмен ........ сауда және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше мән береді.
АҚШ Қазақстанда өңірлік Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ....... ....... құру бойынша ҚР-дың күш-жігерін құптайды.
АҚШ Қазақстанның өз аумағында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың штаб-пәтерін орналастыруға дайындығын ................. .
ҚР және АҚШ екі елдің азаматтары арасындағы байланыстарды ........... бейілділігін растайды.
АҚШ ҚР-дың Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігіне өз қолдауын қайта растап, аталған ұйымға ........ ......... мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтау үшін Қазақстанмен жұмыс істеуді жалғастырады.
Тыңдалым:
