Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Қауымдастық, өтпелі, бастапқы, ресми, құндылық, топтас­тыру, ұлыс, ымыраластыру, мүдде, мұрат, бейбіт

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамуы, әлемдік қауымдастыққа танылуы Қазақстан Рес­публикасы деген атаумен жүзеге асты. Тәуелсіздікті енді ғана алып, өтпелі даму кезеңіне түскен Қазақстан үшін Қазақстан Рес­публикасы атауы дұрыс болды. Себебі тәуелсіз дамудың бастапқы кезеңде ел халқының тең жарымынан астамы басқа халықтардың, ұлыстар мен диаспоралардың өкілдері болатын. Ол кезде ел атауын Қазақия немесе Қазақ Республикасы деп атасақ, қазақстандықтардың көпшілігі дұрыс түсінбей, ұлттық мүдделердің кемсітілуі ретінде қабылдаған болар еді. Сондықтан Елбасы бастаған басқарушы элита халық үйренген Қазақстан атауын сақтап, оған қосымша Қазақстан Республикасы деген ресми атауды таңдады. Бұл атау ел халқын топтас­тыратын, сол кездегі этносаяси шындыққа жауап беретін мемлекеттік атау болды. Мемлекеттің Қазақстан Республикасы болуы ел халқын ымыраластырды, яғни автохтонды этноспен тең тұрған басқа халықтардың саяси, этникалық және әлеуметтік-рухани мүдделерін теңестіруді көздеді.

Алайда қазіргі кезеңде елдегі ­этноахуал мүлдем өзгеруде. Елдің эволюциялық дамуы біртіндеп қазақ ұлтын сан жағынан да, сапа жағынан да, рухани және саяси ықпал жағынан да бірінші орынға шығарды. Осындай жағдайда қазақ ұлтының тарихи талаптарын, этникалық мұраттары мен құндылықтарын шешу мәселесі бірінші кезекке шықты. Демократиялық қоғам талаптары осыны қалайды. Себебі ел халқының басым көпшілігі қазақтар. Қазақстанда моноұлттық этникалық құрылым қалыптасуда. Осы құрылымға мемлекеттің ресми атауы да сәйкес болуы заман талабына, қоғамдық даму талабына айналды. Қазақстанның Қазақ мемлекетіне айналуы бейбіт эволюциямен, ел халқының келісімімен, демократиялық мемлекет талаптарына сәйкес іске асырылатын маңызды саяси шешім болатыны анық. («Ана тілі» газеті).

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Өтпелі даму кезеңіне түскен Қазақстан үшін қандай атау дұрыс болды?

2. Ел атауын Қазақия немесе Қазақ Республикасы деп атасақ, қазақстандықтардың көпшілігі қалай деп қабылдар еді?

3. Қазақстан Республикасы деп атаудың қандай пайдалы жақтары болды?

4. Қазақстандағы этноахуал бұрын қандай еді, қазір ше?

5. Демократиялық қоғам талаптары нені қалайды?

6. Қазақстанның Қазақ мемлекетіне айналуы қандай жолмен жүзеге асуы мүмкін?

Жазылым:

Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып сөйлемді толықтырыңыз:

  1. Тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамуы, әлемдік қауымдастыққа танылуы .............. деген атаумен жүзеге асты.

  2. Себебі тәуелсіз дамудың бастапқы кезеңде ел халқының тең жарымынан астамы ..........

  3. Ол кезде ел атауын ............. деп атасақ, қазақстандықтардың көпшілігі дұрыс түсінбес еді.

  4. Қазақстан Рес­публикасы деген атау ел халқын топтас­тыратын, сол кездегі этносаяси шындыққа жауап ................. .

  5. Елдің эволюциялық дамуы біртіндеп қазақ ұлтын сан жағынан да, сапа жағынан да, ............

  6. Қазақстанда ..... этникалық құрылым қалыптасуда.

  7. Қазір ел халқының басым көпшілігі ........ .

  8. .......... бейбіт эволюциямен, ел халқының келісімімен, демократиялық мемлекет талаптарына сәйкес іске асырылатын маңызды саяси шешім болатыны анық.

Тыңдалым:

Тыңдаңыз:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Елші Қазақстандық брэнд ұғымын немен байланыстырады?

  1. Саясатпен

  2. Экономикамен

  3. Бинес және экономика

  4. Саясат

2. Ә. Қырбасов “Қазмұнайгаз”, “Байқоңыр”, “Астық”, “Қазақ уылдырығы”, “Казатомпромды” әлемге қазақстандық брэнд ретінде мойындатудың қандай шарты бар деп есептейді?

  1. Саяси тәуелсіздік

  2. Экономикалық тәуелсіздік

  3. Саяси, экономикалық тәуелсіздік

  4. Экономикалық тәуелсіздік және қазақыландыру

3. Сұхбат берушінің пікірінше, елшіге ең алдымен қажетті қасиеттер – ... .

  1. Арнайы білім

  2. Тәжірибе

  3. Саясаткер

  4. Жоғары лауазымды шенеунік

4. Шет мемлекетте елшіні кім деп қабылдайды?

    1. Елбасы сеніп тапсырған өкіл

    2. Халық сеніп тапсырған өкіл

    3. Партия сеніп тапсырған өкіл

    4. Елшілік сеніп тапсырған өкіл

5. Қазақстан елшілігі қызметкерлерінің ана тілінде сөйлемей орыс тілінде сөйлегеніне шетелдік дипломатия қызметкерлері қалай қарайды?

    1. Ашық наразылық көрсетеді

    2. Ойларын сыртқа шығармайды

    3. Таң қалады

    4. Оларға бәрібір

6. Қазақ еліндегі халықаралық келісімшарттардың орыс тілінде өтуі шетелдіктер қалай қарайды?

    1. қуанады

    2. Ренжиді

    3. Таң қалады

    4. Сыр білдірмейді

7. Елші дипломатиялық қызметте жүрген әріптестеріне ... “шетелдіктердің көзінше тек қазақша сөйлесіңдер”- дейді.

  1. Қазақ тілін ұмытып қалмас үшін

  2. Құпиялылықты сақтау үшін

  3. Ана тілін білетіндігін көрсету үшін

  4. Ұлттық намысын ояту үшін

8. Елшінің балалары қай тілдерді меңгерген?

A. қазақ, орыс тілдері

B. қазақ тілі

C.қазақ, ағылшын француз тілдері

D. орыс тілі

Анықтама

Қауымдастық- ассоциация

Өтпелі- переходный

Бастапқы- первоначальный

Ресми- официальный

Құндылық- ценность

топтас­тыру-  группировать

ұлыс-  народ

ымыраластыру-  примириться

мүдде-  желание

мұрат- цель

бейбіт-мирный

тезаурус

Мына сөздер мен сөз тіркестерінің синонимін жазыңыз

Қазақстан Рес­публикасы

Тәуелсіз мемлекет

этноахуал

ымыраластыру

халық мұраты

35-сабақ: