- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7.Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •8.Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Анасы мен баласы
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Таным патшалығы Байланыстырушы етістіктер
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Студенттің бос уақыты
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Ауру – астан
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Домбыра
- •Күй атасы – Құрманғазы. Күйші Дина.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Өлең – сөздің патшасы
- •Абай – қазақтың бас ақыны
- •1. Жазылым.
- •Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі
- •1. Жазылым.
- •Абайдың әкесі
- •1. Жазылым.
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •1. Жазылым.
- •2. Жазылым.
- •Ауыз әдебиеті
- •2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Мұхтар Әуезов – суреткер
- •«Абай жолынан» үзінді
- •«Абай жолынан» үзінді
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Атақты аудармашы
- •Атақты аудармашы
- •Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі
- •Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:
- •Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:
- •Қызыл Кітап
- •Қызыл Кітап
- •Қазақстанның тарихи орындары Құбылыстардың арақатынасының, байланысының салыстырыла, салғастырыла берілуі
- •Қазақстанның көне қалалары
- •Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі
- •Астана – бас қала Қалағандықтың-қаламағандықтың берілуі
- •Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі
- •Басшы келбеті
- •Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
- •Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?
- •А) қарапайым халықты жақтырмайды
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •Әркім бастық болмайды…
- •А) ізгілікті болсын
- •Қоғам және жастар
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
- •Әлем таныған Қазақ Елі
- •Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы
- •Білім мен ғылым
- •Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жинақтау салымы
- •Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат
- •Енді велосипед те ұшады
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Ғылым мен техника
- •Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ғарыштағы қазақ құрты
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр
- •Бақылауға арналған сұрақтар іі семестр
Әлем таныған Қазақ Елі
Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:
бетбұрыс, бодан болу, діл, жанкешті күресу, үрдіс, түп-тамыры.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Еліміз жаңарып, қуаты артып, үлкен қиыншылықтарға ұшырамай дамып келеді. Қоғамдағы өзгерістер өте жылдам. Адамның санасындағы жаңашылдық технологияны және қоршаған ортаны мүлдем өзгертіп жіберді. Осындай тарихи уақытта қандай мемлекет болмасын өзінің дамуы мен өмір сүру жолдарын, мүмкіндіктерін және алдағы болашағын анықтап алуға ұмтылады. Қазақстан халқына осы тарихи міндетті шешіп берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы. Биылғы Жолдаудың ең басты ерекшелігі – оның халықты болашақта шешілетін мемлекеттік міндеттерге бетбұрыс жасатуы. Жолдауда халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді. Оның бірі – болашақта Қазақстан Республикасы, Қазақстан атауын Қазақ мемлекеті атауымен алмастыру. Елбасы қазақ халқының өзекжарды арманы болып келген проблеманы көтерді. Қазақстан Республикасы, Қазақстан атауларының да түп-тамыры қазақ ұлты екендігі, осы жердің тарихи иесі қазақ ұлты екендігі күдік тудырмайды. Бірақта осы атауларда қазақ ұлтының ғасырлар бойы бодан болғандығының белгісі, таңбасы әлі күнге дейін сақталып тұрғандай сезінетінбіз.
Ал Еуразияның бүгінгі Қазақстан тұрған және одан да кең географиялық аймағын мекендеген қазақ ұлтының шығу тегі б.з.д. ІІІ – 1 мың жылдықтардан бастау алып, протоқазақтар – сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, сармат тайпаларының бірігуінен, кейінірек ХІV-ХV ғасырларға таман қазақ этносы болып бірегейленгенін де білеміз. Қазақ ұлтының этногенетикалық тегінің қалыптасуы мен нығаюы оның өмір сүру үшін жанкешті күресу үрдісімен қатарласа жүргендігі ақиқат. Қаншама тайпалар, қаншама мемлекеттер, одақтарға кезінде қазақ этносы кірді, олардан шықты, өзін сақтау үшін небір соғыстарды, қилы кезіңді бастан өткерді және аман шығудың мүмкіндігін жасай алды. Осы сансыз күрестер барысында Қазақ Елі, Қазақ хандығы, Қазақ жері деген атаулармен өзінің тарихын жалғастырып келді. (жалғасы, келесі сабақта)
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Адамның санасындағы жаңашылдық қоғамға қалай әсер етті?
2. «Қазақстан – 2050» Жолдауының басты ерекшелігі неде?
3. Жолдауда мәселелер көтерілді?
4. Қазақ халқының өзекжарды арманы болып келген жүрген қандай проблема бар?
5. Қазақстан Республикасы атауы нені сездіреді?
6. Қазақ ұлтының этногенетикалық тегінің қалыптасу үдерісі қалай өтті?
Жазылым:
Тапсырма. Сөйлемнің сыңарын табыңыз:
Еліміз жаңарып, қуаты артып, ..............
Қазақстан Республикасы, Қазақстан атауларының да түп-тамыры қазақ ұлты екендігі, осы жердің тарихи иесі қазақ ұлты екендігі, ..........
Осындай тарихи уақытта қандай мемлекет болмасын өзінің дамуы мен өмір сүру жолдарын, мүмкіндіктерін және ........... .
Бірақта осы атауларда қазақ ұлтының ғасырлар бойы бодан болғандығының белгісі, таңбасы .......... .
қазақ ұлтының шығу тегі б.з.д. ІІІ – 1 мың жылдықтардан бастау алып, протоқазақтар – ............
Қаншама тайпалар, қаншама мемлекеттер, одақтарға кезінде ... этносы кірді.
Осы сансыз күрестер барысында Қазақ Елі, Қазақ хандығы, Қазақ жері деген атаулармен, ............
Тыңдалым:
Тыңдаңыз:
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:
1. Қажетті нұсқаны таңдаңыз: 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан үшін несімен ерекшеленеді.
БҰҰ-ның құрылуымен
БҰҰ -ға мүшелікке қабылдануымен
БҰҰ -дан шығуымен
Бас Ассамблеяға төрағалық етуімен
2. Қазақстан БҰҰ-ның ... мүше болып кірді,
46-сессиясында
47-сессиясында
48-сессиясында
Соңғы сессиясында
3. БҰҰ-дағы Қазақстан ұсынған маңызды формула – ... .
“бір+бір”
“бір+екі”
“екі+бір”
“екі+екі”
4. Мемлекет басшысы Қазақстанның екі маңызды ұсыныс жасады?
Бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау, БҰҰ мәжілістеріне үзбей қатысу
АӨСШК-ні шақыру, БҰҰ-ға кіру жөніндегі ұсынысы
Бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау, АӨСШК-ні шақыру
АӨСШК-ні шақыру, БҰҰ мәжілістеріне үзбей қатысу
5. АӨСШК-нің Алматыда өткен алғашқы саммитіне қатысқан Азиядағы және әлемдегі аса ірі мемлекеттер: ... .
Ресей, Қытай, Жапония
Ресей, Қытай, Жапония, Пәкістан
Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан т.б.
Ресей, Қытай, Жапония. Үндістан т.б.
6. Алматы актісі және өркениеттер арасындағы үнқатысуға жәрдемдесу туралы ... қабылданды.
Үндеу
Декларация
Қаулы
Коммюнике
7. Қазақстан – ядролық қарудан ... әлемдегі бірден-бір ел.
қолданған
өз еркімен қолданған
өз еркімен бас тартқан
жасаған
8. Қазақстан БҰҰ-ның қызметіне қатысқан жатқан жылдар ішінде ... нығайтуға нақты үлес қосып жүрген мемлекет ретінде танылады.
Қауіпсіздікті
Шекараны
Экономиканы
Экологияны
Анықтама
бетбұрыс‑ поворот
бодан болу‑ подчиняться
діл‑ сердце
жанкешті күресу‑отчаянно бороться
үрдіс‑ обычай
түп-тамыры‑ главный корень
мына сөздердің синонимін жазыңыз:
өзекжарды
протоқазақтар
этногенетикалық тегі
бірегейлену
бастан өткеру
34-сабақ
