- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7.Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •8.Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Анасы мен баласы
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Таным патшалығы Байланыстырушы етістіктер
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Студенттің бос уақыты
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Ауру – астан
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Домбыра
- •Күй атасы – Құрманғазы. Күйші Дина.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Өлең – сөздің патшасы
- •Абай – қазақтың бас ақыны
- •1. Жазылым.
- •Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі
- •1. Жазылым.
- •Абайдың әкесі
- •1. Жазылым.
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •1. Жазылым.
- •2. Жазылым.
- •Ауыз әдебиеті
- •2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Мұхтар Әуезов – суреткер
- •«Абай жолынан» үзінді
- •«Абай жолынан» үзінді
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Атақты аудармашы
- •Атақты аудармашы
- •Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі
- •Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:
- •Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:
- •Қызыл Кітап
- •Қызыл Кітап
- •Қазақстанның тарихи орындары Құбылыстардың арақатынасының, байланысының салыстырыла, салғастырыла берілуі
- •Қазақстанның көне қалалары
- •Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі
- •Астана – бас қала Қалағандықтың-қаламағандықтың берілуі
- •Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі
- •Басшы келбеті
- •Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
- •Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?
- •А) қарапайым халықты жақтырмайды
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •Әркім бастық болмайды…
- •А) ізгілікті болсын
- •Қоғам және жастар
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
- •Әлем таныған Қазақ Елі
- •Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы
- •Білім мен ғылым
- •Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жинақтау салымы
- •Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат
- •Енді велосипед те ұшады
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Ғылым мен техника
- •Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ғарыштағы қазақ құрты
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр
- •Бақылауға арналған сұрақтар іі семестр
Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:
Қоғам, тер төгу, аянбай еңбек етіп, өркениет, сенім арту, үміт, адам факторы, білім беру саласы, қайраткерлер, зияткерлік, серпіліс.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Қоғам – адамзат өркениетінің білігі мен біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміт артары – жастар. Мемлекет тәуелсіздігінің бүгінгі даму сатысында ел жастарына артылып отырған сенімнің жауапкершілігі – ауыр, күтілетін үміттің үлесі мол. Жастарға сенім артып, жастардан үкілі үміт күту – қай қоғамның да басында бар болатын құбылыс. Алайда, біздің қоғамның жастардан күтер үміті айрықша. Олай дейтініміз, бүгінгі жастар – мемлекетіміздің егемендігімен тұстас, санасы кешегі қызыл қоғамның идеялық ұстанымымен уланбаған ұрпақ.
Бүгінгі күнде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында осы жастардың 633 814-і студент атанып білім алып жатыр. Қоғам дамуының алғышарты адам факторы, адамның білімі мен біліктілігімен тікелей байланысты деген қағидаға сүйенер болсақ, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Республикамыздың білім саласындағы жасалып жатқан көптеген шаралары да негізінен жастарға арналып отыр. Ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші болып табылатын жастар – жалпы, қоғамның жемісті дамуының кепілі. Білім беру саласы жастарға бағытталғандықтан, бұл салада артта қалушылық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлттық келешекке кері әсері тиеді.
Бүгінгі жастарға, оның ішінде жоғарғы оқу орны қабырғасында білім алушы жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған түрлі мазмұндағы (материалдық, әлеуметтік, т.б.) көмек жеткілікті десек артық айтпаймыз. Мәселен, бүгінде елімізде Қазақстанның ғылыми-техникалық дамуының ұзақ мерзімді ұлттық әлеуетін анықтау бойынша алдын ала зерттеулер жүргізілуде. ҚР Бірінші Президентінің Қоры жанынан ғылыммен айналысатын жас мамандардың басын қосатын жас ғалымдар кеңесі құрылды. Білім бағдарламаларын жақсы меңгеріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласқан ЖОО студенттері мен аспиранттарын қолдау үшін қоғам қайраткерлері атындағы атаулы стипендиялар бар.
Президентіміздің білім және ғылым саласында іргелі университеттерге қойған тапсырмалары аясында дарынды студенттерді анықтау мен олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында республикалық деңгейде өткізіліп келе жатқан студенттердің түрлі білім және ғылым сайыстарының саны артып келеді. Студент жастардың ғылыми жұмыспен шұғылдануына, ғылым алдындағы мәселелермен танысуға, ғылыми жұмыстың орындалуы мен дұрыс рәсімделулерін меңгеруге септиктерін тигізеді. (Ықшамдалып алынды. Бақдәулет Ақын).
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Қоғам қалай дамиды?
Республикамыздың білім саласындағы жасалып жатқан көптеген шаралар кімдерге арналып отыр?
Бүгінде елімізде Қазақстанның ғылыми-техникалық дамуының ұзақ мерзімді ұлттық әлеуетін анықтау бойынша не жүргізілуде?
Елімізде студент жастар мен оқушылар арасындағы өтетін республикалық сайыстардың мақсаты не?
ҚР Бірінші Президентінің Қоры жанынан жас ғалымдар үшін қандай кеңес құрылды?
Жазылым:
Тапсырма. Сөйлемдердің сыңарын табыңыз:
Қоғам – адамзат өркениетінің білігі мен біліміне, ...................
Алайда, ......................
Жоғарыда келтірілген дәйектердің болуына қарамастан, ...................
Білім беру саласы жастарға бағытталғандықтан, бұл салада артта қалушылық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігіне, ................
Бүгінгі жастарға, ...............
Факультетте атқарылып жатқан мұндай жұмыстар – ......................
Тапсырма. Мәтіннен берілген сөйлемдердің дұрыс нұсқасын тауып жазыңыз:
...... – ауыр, күтілетін үміттің үлесі мол.
Жастарға сенім артып, жастардан үкілі үміт күту –.... .
.... , біздің қоғамның жастардан күтер үміті айрықша.
..... – мемлекетіміздің егемендігімен тұстас, санасы кешегі қызыл қоғамның идеялық ұстанымымен уланбаған ұрпақ.
Тапсырма. Мақалдарды жалғастырыңыз.
Бұ заманда не ғаріп - ....
Жақсыларға айтпаған асыл шырын ....
Жұрт әділ болмай -.....
(сөз ғаріп, жұрт ісі оңға баспайды, ақ қалалы боз ғаріп)
Тыңдалым:
Тыңдаңыз:
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:
«Патриотизм дегеніміз не?
а) Отанға деген сүйіспеншілік
в) Отанға деген махаббат
с) Отанға деген мақтаныш
д) Отанға деген сенімділік
2. Отаншылдық, патриоттық сезімді қай кезеңдерден тануымызға болады?
а) көшпелі дәуірден
в) бұрынғы дәуірден
с) болашақ дәуірден
д) өткен дәуірден
3. Әрбір жастардың дүниетанымы мен болашаққа деген көзқарасы, қайда жүзеге асады?
а) бойында
в) басында
с) далада
д) үйінде
4. Ерлік пен батырлық қасиеттері арқылы да жастарымыздың бойында қандай сезім оянады?
а) патриоттық, отансүйгіштік
в) ұлтжандылық
с) жершілдік
д) мақтаншақтық
5. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» қай елдің мақалы?
а) Қазақтың
в) Қырғыздың
с) Орыстың
д) Ағылшындардың
Анықтама:
Зияткерлік - интеллектуальность
Қоғам - общество
Тер төгу - трудиться в поте лица
Аянбай еңбек ету - упорно трудится
Өркениет - цивилизация
Сенім арту - оказать доверие
Үміт - надежда
Адам факторы - человеческий фактор
Жеткілікті - достаточный
Қайраткерлер - деятели
Серпіліс - вдохновение
Тезаурус:
Зияткерлік – ақыл мен ғылымның парасы.
Жарқын – ашық, ақ көңілді; анық, айқын.
Жетесіз – санасыз, ойсыз, жігерсіз.
Салиқалы – байсалды, ұстамды.
17-Блок: ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК КЕҢІСТІКТЕ
33-сабақ:
