- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7.Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •8.Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Анасы мен баласы
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Таным патшалығы Байланыстырушы етістіктер
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Студенттің бос уақыты
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Ауру – астан
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Домбыра
- •Күй атасы – Құрманғазы. Күйші Дина.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Өлең – сөздің патшасы
- •Абай – қазақтың бас ақыны
- •1. Жазылым.
- •Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі
- •1. Жазылым.
- •Абайдың әкесі
- •1. Жазылым.
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •1. Жазылым.
- •2. Жазылым.
- •Ауыз әдебиеті
- •2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Мұхтар Әуезов – суреткер
- •«Абай жолынан» үзінді
- •«Абай жолынан» үзінді
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Атақты аудармашы
- •Атақты аудармашы
- •Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі
- •Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:
- •Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:
- •Қызыл Кітап
- •Қызыл Кітап
- •Қазақстанның тарихи орындары Құбылыстардың арақатынасының, байланысының салыстырыла, салғастырыла берілуі
- •Қазақстанның көне қалалары
- •Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі
- •Астана – бас қала Қалағандықтың-қаламағандықтың берілуі
- •Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі
- •Басшы келбеті
- •Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
- •Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?
- •А) қарапайым халықты жақтырмайды
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •Әркім бастық болмайды…
- •А) ізгілікті болсын
- •Қоғам және жастар
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
- •Әлем таныған Қазақ Елі
- •Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы
- •Білім мен ғылым
- •Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жинақтау салымы
- •Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат
- •Енді велосипед те ұшады
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Ғылым мен техника
- •Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ғарыштағы қазақ құрты
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр
- •Бақылауға арналған сұрақтар іі семестр
Әркім бастық болмайды…
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:
Көңілі түсу, жеткіншек, құлшыныс, хан кеңесі, атақ дәреже, кекшіл, ілтипатты, менмен, өлшеусіз еңбек, тамыр-таныс, лағынет, бүге-шігесі, халықтың соры.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Ертеректе үлкен адам көңілі түскен жеткіншекке «молда бол, балам» деуші еді.
Ал бүгін ше? Бүгін молданың орнына көбінесе әкім мен бастық сөзі жүреді. Неге? Әркімнің бастық (әкім) болуға құлшынысын замана заңы деуге болар. Әлде, бастықтың баласы тек бастық болуы керек деген түсінік деп айтайық. Біз не десек те, бастық болғысы келетіндер көп. Болсын. Кім болмай жатыр? Тек, сол әкім-қараның атына заты сай ма? Мәселе осында…
XVII ғ. аяғында, Қаз дауысты Қазыбек Орта жүзге төбе би болып жүрген кезінде, қазақтар ел басшысын «Әмір» немесе «Бек» деген екен. Бұл екі сөздің біріншісі – бұйрықты, ал екіншісі – атақ дәрежені білдіреді. Бірде хан кеңесінде ел жиналып, «Ел басшысын не деп атауымыз керек?» дегенде, Қазыбек би «Әкім» деп аталсын дейді.
- Мұның мағынасы не болады? –дегенде, Қаз дауысты Қазыбек:
«Ә» – әділ болсын деген сөз;
«К» – кекшіл болмасын деген сөз;
«І» – ілтипатты болсын деген сөз;
«М» – менмен болмасын деген сөз болады – деп түсіндіріпті.
Міне, бидің осы сөзінен-ақ сол дәурендегі әкімдердің әділдігін аңғаруға болар. Бабадан қалған бұл өсиетке бүгінгінің басшылары адал ма?
Бүгінгі бастық, әкім, шенеуніктердің ішінде «халқына жақын» деп мақтанып айтуға тұрарлық азаматтар жеткілікті. Ел мен ұлтқа адалдық танытып, қазақтың тасын өрге сүйреп жүрген адал жандар бар. Ондай басшыны ұлттың бағына туған жан деп атайды. Еліне сіңірген өлшеусіз еңбегін бағалап, ұлт мақтанышына айналдыру керек.
Әрине, жақсы жүрген жерді жаманның да жағалары анық. Ел билеген тұсында қазақтың қаржысын қалтаға басып, елді тастап қашып кеткен басшыларды да көзіміз көрді. Оларға не дейміз? Айтылар лағынет айтылып біткен. Ар жағын ары білсін… Тағы бір шенді-шекпенділердің түрі бар. Ол – бастық әкесінің немесе биліктегі тамыр-танысының арқасында атқа мінгендер. Сондықтан болар, бүгінде биліктің биік орынтағына жастар көптеп отыруда. Әлбетте, біз оған қуанбасақ, ренжімейміз. «Жас келсе, іске» деген халық даналығы бар. Алайда, білдей бір салаға жауапты адам қай жағынан болса да, білікті болуы шарт. Экономика, саясат һәм әлеумет саласын бүге-шігесіне дейін бес саусақтай білуі керек. Ал әлгіндей көке-жәкесін жағалап орынтаққа жайғасқандарды тек халықтың соры дер едім. Себебі, бастық болу әркімнің қолынан келер іс емес. (Астана ақшамы).
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Бұрынырақта қандай тілек айтты?
2. Қаз дауысты Қазыбек заманында қазақтар ел басшысын қалай деп атады?
3. Хан кеңесіндегі «Ел басшысын не деп атауымыз керек?» деген сұраққа кім жауап берді?
4 . Адам бастық болу үшін қандай салаларды бес саусақтай білуі керек?
5. «Әмір» сөзінің мағынасы қандай?
6. «Бек» сөзі нені білдіреді?
Жазылым:
Тапсырма.Сөйлемді толықтырыңыз.
1. «Жас келсе, іске» деген ................ .
2. Бүгін молданың орнына көбінесе ................ .
3. Білдей бір салаға жауапты адам қай жағынан болса да, ................ .
4. Ел мен ұлтқа адалдық танытып, .................
5. Көке-жәкесін жағалап орынтаққа жайғасқандарды.............. .
6 Алайда, білдей бір салаға жауапты адам қай жағынан болса да,........... .
7. Ел билеген тұсында қазақтың қаржысын қалтаға басып, ........ көзіміз көрді.
Оқылым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Әркімнің бастық (әкім) болуға құлшынысын қалай түсіндіруге болады
А) бұрыннан қалған салт
В) Ата Заңда жазылған
С) замана заңы деуге болар
D) бастықтың баласы бастық болуы керек деген түсінік бар
2. Қаз дауысты Қазыбектің айтуы бойынша «Ә» деген әріп нені білдіреді?:
А) әкім болсын
В) әсем болсын
С) әмбебап болсын
D) әділ болсын
3. Қаз дауысты Қазыбектің айтуы бойынша «І» деген әріп нені білдіреді?
