Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

А) қарапайым халықты жақтырмайды

В) қарапайым халықпен қатқыл сөйлесу қалыптасып қалған

С) халық өтінішті қабыл алмайды

D) өтініш жасауға уақыт жоқ

4. Жаман әдеттердің бәрi қазаққа туа бiткен қасиеттер ме?

А) иә, туа біткен

В) басқа халықтарға еліктеуден қалыптасты

С) отарлау кезеңiнен, Кеңестiк дәуiрден қалған “мұра”

D) оқу орындарында берілетін нашар тәрбиеден

5.Неліктен Бас прокуратураның орыстілді қызметкерлері қазақша сөйлей бастады?

А) департамент бастығы С.Үмбе­талиев жиналысты, лездеменi тек қазақ тiлiнде өткiзетiн

В) тiл үйрену туралы талап қойылды

С) қазақ тілі танымал бола бастады

D) қызметкерлер орыс тілінен жалыға бастады

6. Неліктен біз МАИ қызметкерлерiнiң сыпайы түрде автокөлiктi тоқтатқанын естiген емеспiз?

А) МАИ қызметкерлері автокөлікті тоқтатпайды

В) МАИ қызметкерлері автокөліктерді жақтырмайды

С) дабылдатып, қиқулатып, дікілтеп тоқтату әдетке айналған

D) автокөлік жүргузішілері тоқтағысы келмейді

Тыңдалым:

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

Диалог мазмұнын анықтаңыз.

A) жер дауы

B) төре тұқымына тіл тигізу

C) аталы сөзге хан да тоқтаған

D) хан халықтан қорыққан

Диалог мазмұнына сәйкес қате ақпаратты көрсетіңіз.

A) Хан қылышын суырып Тұрланның басын шапты.

B) Дәулетқали деген төре жер қорып елдің түйесін жайғызбады.

C) Тұрлан Дәулетқалиды сабады.

D) Әлен хан ашуланды.

Мәтіндегі түйін ақпаратты көрсетіңіз.

A) Төренің елі деген елді қайдан көрдің, жерді қайдан көрдің?

B) “Төре тұқымына тіл тигізіпті”.

C) “қара қазаққа хан ие, қара жерге халық ие”.

D) «Хандығыңды бер де жерді ал».

Диалог қазақ халқының қандай дәстүрінен хабар береді:

А) Қарапайым халық ханға қарсы шыға алады.

Б) Жер қарапайым халықтікі.

С) Қазақ халқы бір ауыз сөзге тоқтаған

D) Хандікі дұрыс

Анықтама

дауыс күшейткiш‑ громкоговоритель

бәсең‑ тихий, негромкий

қатқыл‑ строгий, жесткий

лауазым иесi‑ должностное лицо

келеңсiз құбылыс‑

дерт‑болезнь

отарлау кезеңi‑время колониализации

лездеме‑летучка

өріс‑поле

iзгiлiк‑благонравие

Мына сөздердің мағынасын антоним арқылы ашыңыз.

бәсең –

дабылдату–

қиқулату -

діңкілдеу‑

27-сабақ

«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Таңдаулы тұлға, мыңжылдық, ұтымды, пәлсапә, қаныпе­зер­, өрескел әре­кетт­ер, дүние-мү­кәмәл, көзге түрту, шү­­бәсіз, бүркемелеу, өршу, бойламау.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Әлемдік шыңғыс хан академиясының президенті Спұрев-Ойдовын Даваанияммен сұхбат:

«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»

- Әлем жүзінде БҰҰ тара­пы­нан «Екінші мыңжылдықтың таңдаулы тұлғасы» ре­тінде мойын­далған Шыңғыс хан жайын­да алуан түрлі көзқарас бар.Соған қалай қарайсыз?

- Шыңғыс хан- Еуразия тө­сін­дегі көшпенділер өркениетін жаңа межеге көтерген биік тұлға. Оның ел билеудегі пәлсапәсының өзі тұнған тәлім.Ол сол кездегі көш­пенділер тарапынан басқа­рыл­ған бүгінгі 43 мемле­кет­тің жерінде өзіндік билік жүйе­сін қалыптастырды. Оның тү­мен­дік жүйесі сол кезде үлкен жаңа­лық әрі ұтымды билеу тәсілі бо­лып табылатын. Басқа да жақсы мен жайсаң тә­різді өмірден өткеннен кейін оның да аты аңызға айналды. Алай­да билік иелері оның атын те­ріс пайдаланып, өрескел әре­кетт­ерге барып отырған. Әлдебір пат­шалар өздерінің қаныпе­зер­лі­гін бүркемелеу үшін «Шыңғыс хан тә­різді істеп жатырмыз» деп мақ­танған. Олардың хақанның ел би­леудегі пәлсапәсына бой­ла­ма­ғаны, әрине, өкінішті. Мәселен, Гит­лер Шыңғыс ханның айқыш таң­басын (свастика) алып, оны нацистердің елтаңбасы қылып бекітіп, өз мақсатына пайда­лан­ды. Сайып келгенде, свастика ата­лып жүрген сол таңба Шың­ғыс­ ханның таңбасы болатын. Шың­ғыс хан таңбасының төркіні шек­сіздік деген мағынаны білдіреді. Бүгінде осының бәрін енді өңін айналдырмай, дұрыс түсіндіретін кез келді. Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді.Егер Шыңғыс шынымен қатыгез, на­дан, жауыз, жабайы болатын бол­са, оны Юнеско ұйымы қа­лай­ша мыңжылдық тұлғасы ре­тінде мойындап отыр? Ең бол­ма­са, осыған ой жүгіртейікші. Бұл жерде мына мәселені ес­керу керек.Шыңғыс ханға қатыс­ты жазылған тарихи Еңбектердің ішінде оның достарынан гөрі, қас­тарының қолымен жазылған­да­ры көп болды.

- Сіз Шыңғыстың ұлы Тө­ле­нің 30-шы ұрпағысыз.Алайда сіз­дің елде Шыңғыс ханның бүгінгі ұр­пағы жайында ешкім көп біле бер­мейді екен.Бұл қалай? - Біздің елде төрелерді «Алтын ұрық» деп атайды. «Алтын ұрық» әу­летінің аз аталуының мы­нан­дай мәнісі бар.1929 жылы Моң­ғолияда коммунистер «Алтын ұрық» әулетінен 13 мың 475 адамды қырып тастап, дүние-мү­кәмәлін талан-таражға сал­ды.Үкімет күні бүгінге дейін олар­ды ақтаған жоқ.Сол репрес­сия турасында ешкім де ашып айт­пауға тырысады.

- Біздің елдегі Жошы хан ұрпақ­тары жайында не айтасыз?

- Шыңғыс ханның ұрпақта­рын, яғни төрелерді бес жүз жыл бойы сақтап отырған тек Қазақ­стан ғана. Сақтап қана қоймай, бертінге дейін, орыс отаршылдығы өршіп тұрған кезде де төрелерді билікке сайлап, құрметтеп отыр­ған.Сөйтіп жүріп, төрелердің өзде­рі де қазақ болып кеткен. Бұл- әб­ден заңды құбылыс. Олар Қа­зақ­станның тәуелсіздігі жолында қан кешіп, тер төкті. Елдің мәде­ние­тін көтеруде сол төрелер де бас­қалармен бірге бейнет тартып, бір­ге еңбек жасады.Олардың ара­сында ел бо­ла­шағы жолын­да шейіт кет­кендер де бар­шы­лық.Олар өз халқына шү­­бәсіз сеніп, үне­мі ел­дің қолдауына ие бо­лып отыр­ған.

Алысқа ұзамай-ақ, Қа­зақ­стан­ды Моңғо­лия­мен салыс­ты­рып көрейікші. Біздің моңғолдар бір кезде орыстармен бірігіп алып, Шыңғыс ханның тұқымын тұздай құртты. Бүгін олар «Алтын ұрық­тан» ешкім қалмады дегенге бейіл. Ел басшылары да бүгінде шың­ғыс ханның тұқымы қалмады деп аузын қу шөппен сүрткенді жөн көреді.Осы ретпен келгенде, Шың­ғыс хан ұрпақтарын көзге түртпей, олардың ошағын сақтап қалған қазақ халқына айтар алғыс шексіз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. БҰҰ тара­пы­нан «Екінші мыңжылдықтың таңдаулы тұлғасы» ре­тінде мойын­далған кім?

  2. 1929 жылы Моң­ғолияда коммунистер қандай әулеттен 13 мың 475 адамды қырып тастап, дүние-мү­кәмәлін талан-таражға сал­ды?

  3. Шыңғыс ханның айқыш таң­басы қалай аталады?

  4. Гит­лер шыңғыс ханның айқыш таң­басын алып, оны кімдердің елтаңбасы қылып бекітті?

  5. Моңғолияда төрелерді қалай атайды?

Жазылым:

Тапсырма.Сөйлемдерді толықтырыңыз:

  1. Шыңғыс ханға қатыс­ты жазылған тарихи Еңбектердің ішінде оның достарынан гөрі, ...........

  2. Елдің мәде­ние­тін көтеруде сол төрелер де бас­қалармен бірге бейнет тартып, ................

  3. Төрелер өз халқына шү­­бәсіз сеніп, ............

  4. Моңғолдар бір кезде орыстармен бірігіп алып, ............

  5. Шың­ғыс хан ұрпақтарын көзге түртпей, .......

6. Гит­лер шыңғыс ханның айқыш таң­басын (свастика) алып, оны нацистердің елтаңбасы қылып бекітіп, .............

7. Шыңғыс хан- Еуразия тө­сін­дегі көшпенділер өркениетін жаңа межеге көтерген, ................

8.Билік иелері Шыңғысханның атын те­ріс пайдаланып, ...............

9. Әлдебір пат­шалар өздерінің қаныпе­зер­лі­гін бүркемелеу үшін ............

10. Шыңғыс ханның ұрпақта­рын, яғни төрелерді бес жүз жыл бойы ..........

Тыңдалым

Тыңдаңыз:

Тест тапсырмаларын орындаңыз.

Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.

A) Жансүгір бай мен Бәймен би бір қопаға даулы болуы.

B) Бәймен би правительге параға он екі түйе беруі.

C) Жансүгір мен Бәймен би Арыстан деген правительге айтыса баруы.

D) Жансүгір байдың правительге параға тоғыз ақ нар беруі.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Төренің нарға қызыққаны.

B) Жансүгір бай мен Бәймен бидің арасындағы дау.

C) Малдан ел қымбат екен, елде ер қымбат екен, ерден ар қымбат екендігі

D) Бәймен бидің Жансүгірдей мал жимағанына өкінгені.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Күндерден-күндер, жылдардан-жылдар өтіпті.

B) Төреге Бәймен бидің қадірі өтіп, бидің кеңесін сағыныпты.

C) Бәймен Жансүгірдің параға тоғыз ақ нар бергенін біліп қалып.

D) Төренің адасқандығын мойындауы.

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Правительдің Бәймен бидің айтқан сөзін түсінуі.

B) Жансүгір байдың правительге пара беруі.

C) Жансүгір бай мен Бәймен бидің арасындағы дау.

D) Бәймен бидің Қазалыға көшіп кетуі.

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Жансүгір бай мен Бәймен бидің бір қопаға даулы болуы .

B) Правительдің нарға қызыққаны.

C) Бәймен бидің Қазалыға көшіп кетуі.

D) Төренің Бәймен бидің айтқан сөзіне көз жеткізуі.

Анықтама

таңдаулы тұлға‑избранная личность

мыңжылдық‑тысячалетие

ұтымды‑выйгрышный

пәлсапә‑ философия

қаныпе­зер‑ кроважадный, беспощадный

өрескел‑грубый, неуместный

дүние-мү­кәмәл‑личные вещи

көзге түрту‑ указать на недостатки

шү­­бәсіз‑ безсомнения

бүркемелеу‑ скрывать

өршу‑ усиливаться, нарастать

бойламау‑не вникать, недопонимать

Тезаурус

аузын қу шөппен сүрту‑түк жоқ деу, болдырму

шейіт кет­кендер‑отан үшін қаза тапқандар

ошағын сақтап қалу‑ үй‑орманын сақтап қалу

28-сабақ: