Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

теңiз айлағы, дауыс күшейткiш, бәсең, қатқыл, лауазым иесi, келеңсiз құбылыс, дерт, отарлау кезеңi, лездеме, өріс, iзгiлiк

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Осы мақаланы жазар алдында ойыма Түркияның Авша аралында өзiм куә болған бiр оқиға есiме түстi. Судан жағалауға шығып, дем алып жатқанда, теңiз айлағы жағынан дауыс күшейткiш арқылы түрiкше бiр хабарламаны диктор бiрнеше рет айтты.  

Жанымдағы iнiшектен не деп жатқанын сұрадым. Ол “әлдекiм автокөлiгiн жолға қойып кеткен екен, бөгет жасап тұрғандықтан алып кетуiн өтiнедi” дедi. Менi таңғалдырғаны: осы хабарламаны диктордың бәсең дауыспен айтқаны. Ал осы оқиға бiздiң елде болса ше?! МАИ қызметкерi, не басқа да лауазым иесi сыпайы түрде осылай өтiнiш жасайды деуге сену қиын. Өйткенi, бiзде қарапайым халықпен қатқыл сөйлесу қалыптасып қалған.

 Жүргiзушi ретiнде МАИ қызметкерлерiнiң сыпайы түрде автокөлiктi тоқтатқанын естiген емеспiн. Дабылдатып, қиқулатып, дiкiлдеп тоқта деп бұйырып, жүргiзушiнiң зәре-құтын қашыратынын күнде көрiп жүрмiз. Бұл – үйреншiктi әдетке айналғалы қашан.

Осындай келеңсiз құбылыс басқа да мемлекет қыз­меткерлерiне тән деп айтуға толық негiз бар.

Кейбiр шенеунiктер халыққа қызмет ететiнiн ұмытып кететiн сияқты, аяқтары аспаннан салбырап түскендей, алдына барсаң, әзер сөйлесетiнiн қайтерсiң.

Бiрақ, осы дерттi ұлтымызға тән ерекшелiк деп сәуегейлiк жасайтындармен келiспеймiн. Жалпы, қит етсе ұлтымызды кiнәлайтын жаман әдеттен арылатын кез жеттi деп ойлаймын.

Әрине, кейбiр мәселелерде кенжелеп қалғанымыз рас, жаман әдеттер сарқыншағы да бар. Бiрақ оның бәрi туа бiттi қасиеттер емес. Көбi отарлау кезеңiнен, Кеңестiк дәуiрден қалған “мұра”.

Жұртты түзеу үшiн, жаман әдеттерден арылту үшiн, бiлiммен қатар, өнеге көрсететiн тұлғалар да керек. Осы iске атсалысуға билiк басында жүрген азаматтардың мүмкiндiгi мол. Кез келген басшы өз ұйымында дұрыс басшылық жасаумен қатар, қарамағындағыларға адамгершiлiгiмен, қарапайымдылығымен, ұлтжандылығымен үлгi болса нұр үстiне нұр болар едi. Қоғамдағы көп мәселелер де өз шешiмiн табар едi. Бас прокуратурада қызметте жүргенде, ұмытпасам, 1999 жылы департамент бастығы С.Үмбе­талиев жиналысты, лездеменi тек қазақ тiлiнде өткiзетiн. Арамызда орыстiлдiлер көп болатын. Оларға тiл үйрену туралы талап қойған жоқ. Басшы ретiнде тек қазақша сөйлесетiн. Осыны көрiп орыстiлдiлердiң бәрi қазақша сөйлей бастады.Сөйтiп, мәселенi ұрандатпай, саясаттандырмай-ақ шештi.

Әр басшы өз ұжымында осылай iстесе, тiлiмiздiң өрiсi кеңейер едi.

Ұлт қамын ойласақ, басшы қызметке парасатты, бiлiмдi, ар-ұяты бар, қазақша айтқанда, “Құдайдан қорқатын” адамдарды тарту керек. Ел ағаларына айтарым, қасына жағымпаз, қолынан iс келмейтiндердi жинағанша, ертең елге, мемлекетке қызмет iстейтiн адамдарды қызметке алып, оларды тәрбиелеп, баулыған жөн. Сонда iсiмiздiң алға басары хақ. “Басшы қандай болу керек?” десек, ол ең алдымен халыққа жақын болуы керек, қарапайымдылық, сыпайылық, iзгiлiк бойынан табылуы тиiс.

Бұл ретте тарихтан үлгi алар тұлғалар өзiмiзде де жетерлiк ...

(Жас Алаш №98 (15556) 9 желтоқсан, 2010)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Авторды хабарламадан таңғалдырған не?

2. Жоғары лауазымдағылардың қарапайым халықпен сөйлесуі қалай қалыптасқан?

3.Жұртты түзеу үшiн, жаман әдеттерден арылту үшiн, бiлiммен қатар, қандай тұлғалар қажет?

4 . Ұлт қамын ойласақ, басшы қызметке қандай адамдарды тарту керек?

5. 1999 жылы департамент бастығы С.Үмбе­талиев жиналысты, лездеменi қандай тiлде өткiзетiн?

6. Басшы қандай болу керек?

Жазылым:

Тапсырма. Сөйлемді толықтырыңыз.

1. МАИ қызметкерi, не басқа да лауазым иесi сыпайы түрде осылай өтiнiш жасайды деуге сену– ... .

2. Көбi отарлау кезеңiнен, .... ..... .

3. Осыны көрiп..... ,

4 . Әр басшы өз ұжымында осылай iстесе, .... .

5. Басшы қызметке парасатты, бiлiмдi, ар-ұяты бар, қазақша айтқанда, ..... ,

6 Ел ағаларына айтарым, қасына жағымпаз, қолынан iс келмейтiндердi жинағанша, ертең елге, .... .... ... .

Оқылым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. «Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?» деген сөйлемнің мағынасын көрсетіңіз:

А) бастық дұрыс болғанмен басқалары дұрыс емес

В) басшы бір жаққа, қосшы бір жақта

С) басшы дұрыс болса басқалары соның үлгісімен жүреді

D) басшының жөні бөлек

2. Автор Түркияда болған оқиғаны неге мысалға алып отыр?

А) Түркияны мақтап отыр

В) шетелдің МАИ қызметкерлері жақсы

С) шетел дикторларының дауысы бәсең

D) мәдениеттің үлгісін көрсетіп отыр

3.Неге МАИ қызметкерi, не басқа да лауазым иесi сыпайы түрде осылай халыққа өтiнiш жасайды деуге сену қиын?