- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7.Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •8.Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Анасы мен баласы
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Таным патшалығы Байланыстырушы етістіктер
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Студенттің бос уақыты
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Ауру – астан
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Домбыра
- •Күй атасы – Құрманғазы. Күйші Дина.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Өлең – сөздің патшасы
- •Абай – қазақтың бас ақыны
- •1. Жазылым.
- •Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі
- •1. Жазылым.
- •Абайдың әкесі
- •1. Жазылым.
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •1. Жазылым.
- •2. Жазылым.
- •Ауыз әдебиеті
- •2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Мұхтар Әуезов – суреткер
- •«Абай жолынан» үзінді
- •«Абай жолынан» үзінді
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Атақты аудармашы
- •Атақты аудармашы
- •Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі
- •Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:
- •Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:
- •Қызыл Кітап
- •Қызыл Кітап
- •Қазақстанның тарихи орындары Құбылыстардың арақатынасының, байланысының салыстырыла, салғастырыла берілуі
- •Қазақстанның көне қалалары
- •Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі
- •Астана – бас қала Қалағандықтың-қаламағандықтың берілуі
- •Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі
- •Басшы келбеті
- •Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
- •Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?
- •А) қарапайым халықты жақтырмайды
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •Әркім бастық болмайды…
- •А) ізгілікті болсын
- •Қоғам және жастар
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
- •Әлем таныған Қазақ Елі
- •Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы
- •Білім мен ғылым
- •Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жинақтау салымы
- •Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат
- •Енді велосипед те ұшады
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Ғылым мен техника
- •Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ғарыштағы қазақ құрты
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр
- •Бақылауға арналған сұрақтар іі семестр
Басшы келбеті
25-сабақ
Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:
Туабіткен, ұштастыру, мінсіз, ишарат, іліп әкету, аңғарымпаз, суайт, шаршап-шалдықпау, азаптанбау, құштар болу, шыншыл, пасық, озбырлық, ардақтау, ләззат, жирене қарау, теңдесі болмау, зәуде, дәйектілік, ізгілік
Мәтінді оқыңыз.
Ұлы ойшыл, ғұлама данамыз әл-Фараби адамды жаратылыстағы ең қасиетті жан деп есептеген. Бірінші басшының барша халықты тәрбиелейтінін өз еңбектерінде талдап, оған тән қасиеттерді «жілік-жілікке» бөліп берген ғұламаның «Қайырымды қаланың басшысы» деген трактаты осыдан он ғасыр бұрын жазылса да, әлі күнге дейін өз мәнін жоғалтпаған. Әл-Фараби: «Ешбір жанға бағынбайтын басшы ол – имам, ол – қайырымды қаланың бірінші басшысы, ол – қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы. Өз бойында туабіткен он екі қасиетті ұштастырған адам ғана осындай бола алады», — дей келіп, олардың қасиеттерін былай тізбелейді:
«Бірінші, бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек;
Екінші, өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; Үшінші, әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; Төртінші, тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; Бесінші, шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек; Алтыншы, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; оның жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары, жаратылысынан игі істерге ишараты тиіс; Жетінші, дирхем, динар (жаман) атаулыға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек; Сегізінші, жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көруі керек; Тоғызыншы, жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып, жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет; Оныншы, әділ болу тиіс, бірақ қыңыр болмауы керек; Он бірінші, әділеттілік алдында нойыс мінез көрсетіп, қасарыспау керек, жалпы әділетсіздік пен пасықтық атаулыға мүлде рақымсыз болуы шарт; Он екінші, өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Осы қасиеттердің бәрінің бір адамның бойында болуы қиын нәрсе. Сондықтан да жаратылысынан осындай қасиет дарыған адамдар өте сирек кездеседі. Мұндайлар өте аз. Егер, қайырымды қаладан осындай адам табылса және өзі өсіп-жетілген кезде жоғарыда аталған шарттардың алғашқы алтауы немесе бесеуі бойына бітсе, онда қиялдау қабілеті жағынан теңдесі болмағандықтан ол осы қаланың айтулы басшысы болмақ. Ал егер зәуде белгілі бір кезеңде мұндай адам болмай қалса, онда қала басшысы мен оның ізбасарлары белгілеген заңдар мен ережелер, егер олар қаланы дәйектілікпен билеп алса, өз күшінде сақталады». (Нұр Астана).
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. әл-Фараби кімді жаратылыстағы ең қасиетті жан деп есептеген?
2. Басшы туралы ойларын ол қандай еңбегінде жазған?
3. әл‑Фарабидің айтуынша жақсы басшы неден жиренуі керек?
4. әл‑Фараби басшы қандай істерден бас тартуы керек деп есептейді?
5. Айтылған барлық қасиеттердің кем дегенде қаншасы бойында бар адам басшы бола алады деп есептейді ұлы ойшыл?
Жазылым:
Тапсырма. Сөйлемнің сыңарын табыңыз:
Әл‑Фарабидің «Қайырымды қаланың басшысы» деген трактаты осыдан он ғасыр бұрын жазылса да, ..............
. Әл-Фараби: «Ешбір жанға бағынбайтын басшы ол –, ..........
3. Жақсы басшы әділ болу тиіс,..........
4. Жақсы басшы өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ............
5. Жақсы басшы шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, ............
6. Жақсы басшы өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, .............
Тыңдалым:
Мәтінді тыңдаңыз.
Ұлыс – мекен, аймақ, әкімшілік мағынасын беретін көне түркі сөзі. Ұлыс бірнеше мағынада айтылады. 6 ғасырда Ұлыс мекен, қала мағынасында қолданылған. Ұлыстар аймаққа, хотанға бөлінді. Бұларды старшындар басқарды. Ал бірнеше Ұлыстың нояны тайшыға бағынды. Бұл халықтар отырықшы тіршілікке көшкенде де Ұлыстық әкімшілік сақталды. Орталык Азия халықтарында Ұлыс негізінен аймақ мағынасында қолданылды. Мысалы, ноғай ұлысы, он сан ноғай ұлысы. “Ұлыстың ұлы күні” дегенде Ұлыс “аймақтың, елдің” деген мағына берген, яғни сол елге тиесілі ең қасиетті мейрамды білдіреді.
Би–дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі. Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14 – ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы семантикалық-тілдік реңкінен ажырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. 17 ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Уәлидің “Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар” атты еңбегінде “жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендеуи тірліктен азат адамдардың” барлығы би аталғанын жазады. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада:ел билеушісі; сот, төреші; батагөй, шешен; бітістіруші дипломат яғни елші ретінде ұғынылған. Билік– қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.(Ғаламтордан)
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:
Ұлыс сөзі көне түркі заманында қандай мағына береді?
A)мекен, старшын, әкімшілік
B) әкімшілік
C) аймақ, хотан.
D) мекен, аймақ, әкімшілік.
6 ғасырда ұлыс сөзі қандай мағынада қолданылды?
A) мекен, қала
B) мекен, аймақ, әкімшілік.
C) аймақ, хотан, әкімшілік
D) аймақ
Қай жерде Ұлыс сөзі аймақ мағынасында қолданылған
A) Ноғай ұлысында
B) Орта Азияда
C) Монғолияда
D) шығыста
Қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі қалай аталған?
A) бек
B) би
C) болыс
D) хан
Би сөзінің мағынасы өзгеріп, қандай мағына бере бастады?
A) дау-жанжалды шешуші
B) кесімді төрелік айтушы
C) әділ үкім шығарушы
D) осының бәрі
Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде би сөзі қандай мағынада қолдылып жүр?
A) үкімет
B) өкімет
C) билік
D) сот
Қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде би сөзі қанша мағынада қолданылды?
A) 6
B) 3
C) 4
D) 2
Анықтама
туабіткен – врожденный
ұштастыру ‑ связать друг с другом
мінсіз –безупречный (безукоризненный)
ишарат‑намек
іліп әкету‑ уловить
аңғарымпаз‑понятливый
суайт‑лгун
шаршап-шалдықпау‑ не уставать
азаптанбау‑не страдать
құштар болу‑ страстно желать, стремиться
шыншыл‑правдивый
пасық‑ гнусный, омезительный
озбырлық‑ насилие, посягательство
ардақтау‑почитание
ләззат‑наслаждение
жирене қарау‑невосприятие, брезгливое отношение
теңдесі болмау‑нет равных
зәуде‑иногда, случайно
дәйектілік‑последовательность
ізгілік‑благонравие
тезаурус
«жілік-жілікке» бөлу – барлығын талдап түсіндіру
игі істер – жақсы істер
нойыс мінез – дөрекі мінез
26-сабақ
