Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Қоғамның алып күші, айтарлықтай, іргелі істер, құптарлық, машақат, бейімдеу, жетіп-артылатын, қыруар, септігін тигізері күмәнсіз.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Экономикалық үдерістегі қоғамның алып күші – кәсіби жұмысшы мамандар болса, елдігіміздің басты саясаты – сол кәсіби мамандарды даярлау ісі болып табылады.

Елбасының Қазақ­стан халқына Жолдауында экономиканың кластер­лік дамуына айтарлықтай көңіл бөлініп, жұмысшы мамандар даярлауда іргелі істер бастау алды. Шетел­дерден арнайы, қосымша және жоғары жалақы­ға шақырылатын жұмысшы кадрлардың орнын өз мамандарымызбен алмастыру мәселесін шешу көзделген. Мемлекет басшысының әлемдегі бәсе­кеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының басты мақсаты да, Үкіметіміздің жұмыс бағыты да осыған ұмтылдырып отыр.

Дегенмен, ел экономикасын дамытудың ең басты күші — ұлттық білікті жұмысшы кадрлар екені белгілі. Елбасы еліміздегі кәсіптік білім беру жүйесіне байланысты бірнеше маңызды бағыттарды атап көрсетті. Соның ішінде озық техникалармен жабдықталған орталықтар құру мәселелері сөз болды. Жастардың жаңаша білім алып, басқа елдердің жұмысшы мамандарымен тең дәрежеде жұмыс істеу керектігін айтқан Елбасының тапсырмасы құптарлық. Дегенмен, жаңадан білім ошақтарын ашу машақаты – жетіп-артылатын шаруа. Ол қалыпты жұмыс ырғағына түсем дегенше қыруар қаржы жұмсауға тура келеді. Оның есесіне, бү­гінгі күні жұмыс атқарып отырған оқу орын­дары­ның базасын әлемдік деңгейге бейімдегеніміз әлде­қайда тиімді болар еді. Ең алдымен, әрине, бүгінгі экономикалық сұранысты қанағаттандыра алатын­дай техникалық базасын нығайту қажет. Бұл ауыл балала­рының белгілі деңгейде кәсіптік білім алуына жағдай жасау болып табылады. Кәсіптік мектептерде білім алатын жастардың дені тұрмысы ауыр немесе төмен отбасылардан шық­қан. Олардың білім алуын, тамақтануын, жатақхана мәселелерін шешу арқылы аталған отбасыларға үлкен көмек тигізетінімізді де ескеру қажет. Ең басты көмек – кәсіптік мектепте білім алған жастардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету. Ең алдымен мемлекеттік тапсырысқа болжам жаса­ғанда қандай да бір мамандыққа сұраныстың арта­тынын немесе кеми түсетінін барлап-бақылаудың маңызы мол. Бұл әсіресе, жергілікті жерлерге қажетті мамандықты анықтауға үлкен септігін тигізері күмәнсіз.

Кәсіптік мектеп оқушыларының нақты практи­кадан өтуіне жергілікті әкімдіктер көмек көрсетуге тиіс. Жұмысшы кадрларды даярлайтын инже­нер-педагогтардың біліктілігін арттыруды, олардың барлық жергілікті жерлерде жеткілікті болуына баса назар аудару механизмін жетілдіру қажет. Бұл ұрпақ үшін ауадай керек. Ұлттық кадр дайындауда атқарылар жұмыс мол.

(Е. Әбдіхалықова)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Мемлекеттің мамандарға қатысты басты саясаты қандай?

  2. Елбасы жолдауында кімдердің орнын өз мамандарымызбен алмастыру көзделген?

  3. Жергілікті әкімдіктер қандай көмек көрсетуге тиіс?

Жазылым.

Тапсырма.

Мен – балалар тәрбиешісімін. Балалармен жұмыс істеу өзіме ұнайды. Бұл – өте жауапты жұмыс. Балалардың білімді, мәдениетті, еліміздің нағыз азаматы болып шығуы – біздің жұмысымызға тікелей байланысты. Мен өзімнің әр тәрбиеленушімді жақсы көремін. Оларда әлі ашылмаған дарын бар деп санаймын. Балаларға білім ғана емес, жақсы тәрбие беру керек. Әрі білімді, әрі тәрбиелі бала еліне жақсы қызмет етеді. Білімді, бірақ тәрбиесі нашар адам өз елінің патриоты бола алмайды. Елін жақсы көру, сол үшін қызмет ету – парыз. Қандай мамандық иесі болсақ та, оны жақсы көріп, елге қызмет етуді ұмытпауымыз керек.

Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1.Бала тәрбиешісі қандай жұмыс?

2. Қандай адам еліне жақсы қызмет етеді?

3. Парыз деген не?

4. Білімді, алайда тәрбиесі жоқ адамды кім деп санауға болады?

Тыңдалым.

Диалог мазмұнында жауабы бар сұрақты табыңыз.

A) Алаштың ұлы перзенті А.Байтұрсынов ұстаздық қызметте ұзақ істеді ме?

B) Қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсариннің тұжырымы қазіргіге сай ма?

C) «Мұғалім болу – адамтану деген сөз» деген пікірдің жаны бар ма?

D) Ұл балалар мұғалімдікті қиын болғандықтан таңдамай ма?

Диалог бойынша дұрыс ақпаратты көрсетіңіз.

A) Қазақ зиялыларының көбі өз қызметін ұстаздықпен ұштастырған.

B) А. Байтұрсынов, Ы.Алтынсариндер жоғарғы мектептерде сабақ берген.

C) Әлемді жаулаған ғаламторға балалардың байланып қалуы қоғамға зиян.

D) Тәрбие мәселесі – ата-атаға қарағанда, ұстаздарға қойылар негізгі талап.

Диалог мазмұны бойынша қате ақпаратты көрсетіңіз.

A) Бұрынғы оқушылардың шығарманы жақсы жаза білуі – ұстаздан еді.

B) Математиктер есепшотпен-ақ талай болашақ ғалымдарды дайындай білді.

C) Университеттерде ер балаларды мұғалімдікке дайындайтын бөлімдер бар

D) Бұрынғы шәкірттер өлең-жырларды көп жаттап өскендер болатын.

Сұхбаттасушының ниетін білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

A) Алаш қайраткерлерін оқушылар жақсы білуге тиіс

B) ұстаз еңбегі жоғары бағаланса, жақсы нәтиже шығады

C) Балаларды компьютерге көп отырғызбау қажет

D) Жаңа технологиялар ойлауды тежейді

Диалогтегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Мұғалім болу – адам жанын зерттеумен бірдей.

B) Мектепте сабақ беретін мұғалімдерге жеңілдік жасау керек.

C) Шәкіртіне жаны жақын ұстаз ең ардақты адамға айналады.

D) Бұрынғы ұстаздардың ел алдында абыройы жоғары болған.

Анықтама

қоғамның алып күші – қоғамның ең басты күші

айтарлықтай – особый, заслуживающий внимания

іргелі істер – үлкен, маңызды жұмыстар

құптарлық – қолдауға болатын нәрсе, қолдауға тұрады

машақат – хлопоты, суета

жетіп-артылатын (фраз.) – көп, мол

бейімдеу – адаптировать, приспосабливать

қыруар (көп) – масса, множество

септігін тигізері күмәнсіз (фраз.) – көмегін беретіні шындық

есепшот –счеты

санағыш – счетчик

еліктеу – подражать, подражание

шығарма шырайы – көркем шығарма

тезаурус

Алаш арыстарыАлаш қозғалысының ірі тұлғалары

Имандай сенушын жүрекпен сену

Тілі түзу шығудұрыс сөйлей білу