Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым

21-сабақ Университет – білім ордасы

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Идеяны өрістету, ден қою, жәдігер, тәлім, сыйға тарту, тағайындалу, өркениет, мерейтой, тең тұру, жабдықталу, кәсіби машықтану.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Университет – білім ордасы

Еуразия ұлттық университеті – Л.Н.Гумилев мұраларын оқып-зерттеудің және еуразиялық идеяны өрістетудің қазақстандық орталығына айналып отыр.

ЕҰУ-дің бірінші курс студентінің университеттегі алғашқы білім күні Л.Н.Гумилевтің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы дәріс тыңдаудан, еуразияшылдық теориясының мәніне ден қоюдан басталады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде “Гумилев оқулары” атты Еуразиялық ғылыми форум өткізіледі.

2002 жылы 1 қазанда ғалымның 90 жылдық мерейтойына орай университетте Л.Н.Гумилев кабинеті ашылды. Ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы Наталья Викторовна Гумилева сыйға тартқан жәдігерлер жинақталып, өзінің тәлімдік қызметін атқаруда. Еуразияшылдық теорияны зерттеуге қосқан үлестері үшін ғалымдарға университетте Л.Н.Гумилев атындағы сыйлық тағайындалған.

2003 жылдың Сыйлығы мен Алтын медалі “Қоғамды трансформациялау стратегиясы мен еуразиялық өркениеттің қайта тууы” және “Сындарлы он жыл” еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа берілді.

2012 жылдың қазанында ұлы ғалымның 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Бұл шараны ұйымдастыруда ЕҰУ айрықша белсенділік көрсетті.

“Өзінің болмысымен, рухымен еуразияшыл” университет халықаралық ғылым-білім байланыстарын белсенді дамытуда. Жоғары оқу орны әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы университеттерімен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойған. ЕҰУ негізінде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы ашылған.

Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның барлық өңірінен келген дарынды жастар оқиды. Оларға сапалы білім, ұлағатты тәрбие берілумен қатар, өзін-өзі дамытудың мүмкіндіктері қарастырылған. Студенттердің жайлы жатақханасы, өз кинотеатры, әлемнің ең үздік кітапханаларымен тең тұрарлық «Отырар кітапханасы», ғаламтор желісімен жабдықталған кабинеттер мен заманауи техникалық құрылғылар орнатылған дәрісханалар бар.

Еуразия университеті – Қазақстанда, Ресейде және басқа да жақын, алыс шетелдерде жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әртүрлі мамандыққа даярлайтын элитарлық білім ордасы. Университет студенттерінің АҚШ, Германия, Түркия, Египет, Ресей және дүниежүзі елдерінің басқа да оқу орталықтарында кәсіби машықтанудан өту мүмкіндігі бар.

ЕҰУ-де 5 әскери-оқу мамандығы бойынша офицерлер даярлайтын әскери кафедра жұмыс істейді.

Еуразия университетінде оқитын әрбір студент өз елінің ары қарай дамуына, алдыңғы қатарлы мемлекет болуына өз үлесін қосатын нағыз отансүйгіш жастар болуға ұмтылады.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Университетте алғашқы білім күні қалай басталады?

  2. Еуразия университеті өзінің болмысымен қандай университет?

  3. ЕҰУ әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы университеттерімен неге қол қойған?

Жазылым.

Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Менің сабағым таңғы 8-де …. 2. Сағат 11.50 мен 12.10 арасында түскі үзіліс ….. 3. Мен …. бірге бірінші қабаттағы асханаға түстену үшін барамын. 4. ….. студенттер көп болады. 5. Біз ….. тұрамыз. 6. Кезегіміз …., өзіміз жақсы көретін тамақтарды аламыз. 7. Әдетте мен біріншіге сорпа, …. палау және қияр мен қызанақ салатын, бір кесе сүт қосылған шай, екі тілім нан аламын. 8. Үстелге отырып, достарымызға «Асың дәмді болсын!» деп … айтамыз.

Тыңдалым

Диалог бойынша дұрыс ақпаратты көрсетіңіз.

A) Сүлейке ханға білімнің пайдасы туралы айтты.

B) Хан Сүлейкеге байлық туралы сұрақ берді.

C) Байлық оңайлықпен келмейді.

D) Атақ, байлық, билік – адамдардың арманы.

Диалог бойынша қате пікірді көрсетіңіз.

A) Кей адамдар бай болу үшін барын салады.

B) Атақ қуған адамдар кейде отбасын ойламай кетеді.

C) Билік әрқашан бір адамда тұрақтап қала алмайды.

D) Адамдардың қолынан жақсылық жасау келмейді.

Сұхбаттасушының көзқарасын анықтаңыз.

A) Білім беру – әр адамның міндеті

B) Жақсылық жасаған адамға өмір мәнді болады.

C) Қолыңнан келсе, бай болған жақсы

D) Атақты адамдар да жақсылық жасайды.

Анықтама

идеяны өрістету – идеяны дамыту

ден қою – назар аудару, мұқият тыңдау

жәдігер – мұра заттары, естеліктер

тәлім – тәрбие, білім

сыйға тарту – сыйлау

тағайындау – устанавливать, назначать

өркениет – цивилизация

мерейтой –юбилей

тең тұру – быть наравне

жабдықталу – быть снаряженным, обеспеченным

кәсіби машықтану (вырабатывать привычку) – өз ісінің шебері болу

0ұрбандыққа шалу – жертвоприношение

Тезаурус

Рахат өмір сүру – жақсы, жайлы өмір сүру

Түн ұйқысы қашады – түнде ұйықтай алмайды

Алаңсыз – уайымсыз

22-сабақ

Еуразия университеті – менің университетім

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Оқу үдерісі, дәлел, дәріс тыңдау, көп деңгейлі жүйе, мамандандырылған арнайы кеңес, таулы-тоғайлы, спорттық-сауықтыру кешені

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Еуразия университеті – менің университетім

Еуразия университетінің оқу үдерісі бес ғимаратта жүргізіледі. Ол барлық талаптарға сай келеді. Әлемдік үлгіде салынған Бас (Әкімшілік-оқу) ғимарат Ақбұлақ каналының бойында орналасқан. Ол 2000 жылы пайдалануға берілді. Аумағы 20 мың шаршы метр. Бұл ғимаратта университеттің әкімшілігі, оқу-әдістемелік басқармасы, механика-математика факультеті, ақпараттық технологиялар факультеті және ұлы түркі қолбасшысы Күлтегін (VІІ ғасыр) ескерткішінің көшірмесі қойылған мұражай орналасқан. Осы ғимаратта студенттердің табысты оқуы мен оқытушылардың шығармашылық қызметіне қажеті бар жағдай жасалған. Қазіргі заманның зертханалық базасы, лингофондық кабинеттер, аудио және видеотехникалар, Интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптар осыған дәлел.

Жаңа үлгідегі 8 қабатты оқу-зертханалық ғимарат 4 мың студентке арналған. Оның көлемі – 20 мың шаршы метр. 2003 жылы пайдалануға берілген бұл ғимаратта 1 мың орындық конференц-зал, кең дәрісханалар, үлкен кітапхана, ауқымды оқу залдары, асхана бар.

Бүгінде ЕҰУ халықаралық деңгейге тез әрі мақсатты түрде көтеріліп келеді. Еуразия ұлттық университеті мынандай әлемге белгілі білім және ғылым орталықтарымен тығыз ынтымақтастыққа негізделген байланыс орнатқан:

Каир университеті; Ольденбург университеті; Испан дипломатиялық академиясы; “Клингендал” халықаралық қатынастар институты (Нидерланд); М.В.Ломоносов атындағы ММУ; РҒА-ның В.А.Стеклов атындағы Математика институты; Санкт-Петербург мемлекеттік университеті; Беларусь мемлекеттік университеті; Том мемлекеттік университеті; Новосібір мемлекеттік университеті; Омбы мемлекеттік университеті; Біріккен ядролық зерттеулер институты (Дубна, РФ); Ресей СІМ Дипломатиялық академиясы; Ресей халықтар достығы университеті; ТМД университеттері; Ресей Жаратылыстану ғылымы академиясы; Лион – 1 университеті (Франция); Берлин техникалық университеті; Геологиялық институт (Осака, Жапония); Милан университеті (Италия); Халықаралық “Дубна” табиғат, қоғам және адам университеті.

ЕҰУ студенттері Нидерланд, Дания, Испания, Түркия, АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания мамандарынан да дәріс тыңдайды. Университетте иран, қытай, үнді, түрік, неміс мәдени орталықтары бар.

Бүгінгі Еуразия университеті:

- ғылымның соңғы жетістіктерімен және өмір талабымен жоғары білім беретін білікті профессор-оқытушылар ұжымы;

- бакалавриат, магистратура, аспирантура және докторантура арқылы жоғары білікті мамандар даярлаудың көп деңгейлі жүйесі, біліктілікті көтеру институты, докторлық диссертация қорғау бойынша мамандандырылған арнайы кеңес;

- халықаралық талаптарға сай келетін материалдық-техникалық база;

- түркілер тарихының аса құнды материалдары жинақталған түркі жазуының мұражайы;

-оқу, әдістемелік, ғылыми әдебиеттер мен мерзімді басылымдардың бай қоры жинақталған Қазақстан жоғары оқу орындары кітапханаларының ішіндегі ең ірі “Отырар кітапханасы” Ғылыми орталығы;

- Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлерінің жеке (мемориалдық) кітап қорлары;

- белгілі ғалымдардың, дарынды студенттердің ғылыми еңбектерін жарыққа шығаратын ең жаңа үлгідегі баспахана;

-оқу және кәсіби құрал-жабдықтармен жасақталған жаңа үлгідегі телерадиостудия;

- оқытудың жаңа технологиясы, қазіргі заманның ғылыми-зертханалық базасы, лингофондық кабинеттер, аудио және видеотехникалармен жабдықталған дәрісханалар, компьютерлік сыныптар, өнеркәсіптік роботтар және басқа да техникалар;

- университеттік “Еуразия университеті” газеті, “Еуразия университетінің хабаршысы”, “Хабаршы” ғылыми журналдары;

- студенттік жайлы жатақханалар;

- ғылыми конференциялар, ұжымның жоғары мәртебелі қонақтарымен кездесулер, студенттік шаралар, концерттер өткізілетін 640 және 1000 орындық екі ғажайып конференц-зал;

- оқу ғимараттарындағы асханалар мен буфеттер;

- дәрігерлік қызмет көрсету орындары;

- белсенді қызмет ететін Жастар ісі жөніндегі комитет, Дипломатиялық клуб, “ХХІ ғасыр көшбасшысы”, КТК, “Union”, “Парасат”, “Ойшыл” пікір сайыс клубтары, “Мақсат”, “Полис”, “Жас толқын” клубтары, “Орхон” пресс-клубы.

- Ақмола облысының таулы-тоғайлы оазисінде орналасқан көлдің жағасындағы “Зеренді” спорттық-сауықтыру кешені;

ЕҰУ – дарындылар білім алатын, еліміздің барлық аймағының студенттері оқитын университет, ол – келешегі кемел жалпықазақстандық университет.

(Еуразия университетінің сайтынан бейімдеп алынды)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Бас ғимараттағы үлкен мұражай туралы не білесіз?

2. ЕҰУ халықаралық деңгейге қалай көтеріліп келеді?

3. Материалдық-техникалық база қалай?

Жазылым

Тапсырма.Сөйлемді толықтырыңыз.

Дархан! Университетке түскенің.....! Сен мектепте оқып .... өз біліміңді көтеру үшін жиі-жиі ғылыми жобаларға, түрлі конкурстарға қатысатын едің. Сол ізденістерің өзің .... мамандыққа түсуге, арманыңа қол жеткізуге көмектесті. Сен білімді спорттан .... жоқсың. Мектептегі ғана емес, қалалық, облыстық жеңіл атлетика ..... сен талай рет жеңімпаз болдың. Сенің медальдарыңды мойнымызға тағып суретке ... едік. Балалық шақ ... қалды, бірақ біздің достығымыз үзілмейді деп ойлаймын.

Жазылым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз:

Мәтін тақырыбын таңдаңыз.

А) Мектеп – білім ордасы

B) Ізденген мұратқа жетеді

C) Жарыстарда алған медальдар

D) Университетке түсу – арман

Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

A) Дархан оқуға түсті

B) Дархан – жарыс жеңімпазы

C) Дархан спортты таңдады

D) Дархан - талапты жас

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Қалаған мамандыққа түсу үшін оқу керек.

B) Жастар спортпен айналысқанды ұнатады.

C) Балалар Дарханның медальдарын қызық көреді.

D) Білім мен спорт – Дарханның екі қыры

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Жеңіл атлетика – Дархан айналысқан спорт түрі

B) Жеңімпаздарға медальдар беріледі

C) Балалық шақтан басталған достық жалғаса береді

D) Ғылыми жоба дайындау ізденістен тұрады.

Тыңдалым

Диалог бойынша дұрыс ақпаратты көрсетіңіз.

A) Мектеп бітіруші емтихан тапсырды.

B) Мектеп бітіруші апта сайын қосымша сабаққа баратын болды.

C) Анасы үшін баласының сабағы маңызды.

D) Анасы үшін баласының емтиханды сәтті тапсырғаны маңызды.

Диалог бойынша қате пікірді табыңыз.

A) Мектеп бітіруші емтихандық тестерге дайындалмақ болды.

B) Мектеп бітіруші қосымша сабақтар туралы хабарсыз.

C) Үй шаруасына көмектесу қосымша уақыт талап етеді.

D) Емтиханды сәтті тапсыру – оқуға түсу кілті.

Сұхбаттасушының көзқарасын анықтаңыз.

Анасы баласында ... көбірек болғанын қалады.

A) қосымша сабақтары

B) тест тапсырмалары

C) үй шаруасына көмектесетін уақыты

D) қосымша сабақ алуға уақыты

Анықтама

оқу үдерісі – учебный процесс

дәлел – доказательство, аргумент

дәріс – лекция, урок

деңгей – уровень

жүйе – система

мамандандырылған – специализированный

арнайы кеңес – специальный, научный совет

таулы-тоғайлы –здесь: лесистая местность

спорттық-сауықтыру кешені – спортивно-оздоровительный комплекс

тезаурус

Анашым – жақсы көру, сыйлау мағынасын білдіретін экспрессивті-эмоционалды сөз.

құтты болсын – жақсылық, бақыт келсін!

үзілмес достық – шынайы, ұзаққа созылатын достық

23-сабақ

Мен таңдаған мамандық

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Бара-бара, күтпеген жерден, дүниеден озу, Мажарстан, көшпелі өркениет, жоғалып кету қаупі, амандық болса, жатқа айту.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, өзін Дәуіт деп таныстыратын мажарлық азамат, түрколог ғалым Давид Шомфан Қара: «Мен – түрім неміс, жүрегім – қыпшақ, көшпелі халықтардың мәдениетін зерттеуші ғалыммын. Кішкентай кезімнен көшпелілер тарихын қызыға оқыдым. Бара-бара олардың мәдениетін тереңірек білсем деген арман пайда болды. Содан Иштван Қоңыр Мандокиге (венгриялық қыпшақ, түрколог ғалым. – автор) жолығып, оған өзімнің көшпелі халықтардың рухани байлығын, мәдениетін, салт-дәстүрін зерттегім келетінін айттым. Ол кісі маған қазақ тілін үйрен деп кеңес берді. Ал тіл үйрену керемет қиын десем, өтірік айтқан болар едім. Жалпы, біздің венгрлерге тән бір нәрсе, біз үшін ешбір түркінің тілі жат емес. Оны тез үйреніп аламыз. Ал 1992 жылы Қоңыр күтпеген жерден дүниеден озғанда, мен оның ісін әрі қарай жалғастырамын деп шештім. Содан Алматыға келіп оқып, қазір қазақ-қырғыз халықтарының рухани мәдениетін зерттеп жүрмін. Қазақстанға жиі-жиі келіп тұрамын. Венгрияда, басқа шет елдерде мақалалар жазып, қазақ-қырғыз ауыз әдебиеті жайында кітаптар шығардым. Көшпелілердің мәдениетін сақтап және біздің Мажарстан мен Қазақстан арасында көпір орнатқым келеді.

Қазақстан тез дамып келеді. Сол дамудың екінші жағы – көшпелі өркениеттен қалған мәдениеттің жоғалып кету қаупі. Ал мен оны келер ұрпаққа жеткізу қажет екеніне әбден сенімді адаммын.

Амандық болса, биыл Қазақстанға қайтадан келіп кетпекшімін. Себебі, «Қырымның қырық батыры» жырын жатқа айтатын Болатбек есімді жырауды таптым. Сол кісіні жазып, зерттегім келеді» (Егемен Қазақстан. 18.01.2012)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

Мәтіннің негізгі идеясы қандай?

A) Тілді үйренудің қыр-сыры

B) Қазақ халқының тілін дамыту

C) Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинау

D) Көшпелі халықтардың рухани байлығын зерттеу

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылған?

A) Арманға қол созған мажарлықтың Қазақстанға келуі

B) Көшпелі халықтардың мәдениетін зерттеуге деген ықылас

C) Түркі тілдерін меңгеру венгрлерге қиын емес

D) Қазақ, қырғыз ауыз әдебиеті жайында кітаптардың шығуы

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылған?

A) Иштван Қоңыр Мандокиден кеңес алуы

B) Абай атындағы мемлекеттік университетте оқуы

C) Қазақстанға тағы келуіне себептің бар екендігі

D) Достарының шақыруына байланысты Қазақстанға келуі

Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

A) Дәуіт өзін қазақтардың ұрпағы санайды.

B) Ол қазақ тілін үйренуде қиыншылық көрмеді.

C) «Қырымның қырық батырын» жырлайтын адамды кездестірді.

D) Болатбектің жыраулық өнерін зерттегісі келеді.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Көшпелілер мәдениетін сақтауға Дәуіт үлес қосқысы келеді.

B) Қоңырдың жұмысын жалғастыруды өз мойнына алды.

C) Қазақ, қырғыз халықтарының рухани мәдениеті, тілі ұқсас.

D) Шетелдерде қазақ, қырғыз мәдениеті жайлы мақалалар жарық көреді.

Мәтіннің түйіні қайсы?

A) Қазақстан – мажарлық азаматтың Отаны.

B) Қазақ тілін үйрену – Дәуіттің арманы.

C) Түркі тілдерін білу – парыз.

D) Рухани мәдениет ұрпақтарға жетуге тиіс.

Жазылым.

Тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Давид Шомфан Қара өзін .... деп айтады.

  2. Венгрлер үшін түркі тілі .....

  3. Ол кішкентай кезінен көшпелілер тарихын .....

4. Дәуіт көшпелі өркениеттен қалған мәдениетті келер ұрпаққа жеткізу ....

5. Болатбек жырау .... жырын жатқа айтады.

Тыңдалым.

Тыңдалым бойынша диалогке негіз болған жағдаятты көрсетіңіз.

A) Гете атындағы институттың гранты

B) «Қарақара-93» көрмесінің маңызы

C) Қазақ елі мен Германия мемлекеті

D) Аудармашылық қызмет – жауапты жұмыс

Диалог мазмұнында жауабы бар сұрақты табыңыз.

A) Мағрипа апай Гете институтына оқу үшін барды ма?

B) Германия мемлекеті өз өнімдерін көрмеге қойды ма?

C) Аудармашы неміс өнімдерін мақтау үшін қажет болды ма?

D) Елбасы Мағрипа апайдың өтініші бойынша суретке түсті ме?

Диалог мазмұнында жауабы жоқ сұрақты табыңыз.

A) Мағрипа апай неміс, қазақ, ағылшын тілдерін жетік біле ме?

B) Халықаралық көрме Алматы қаласында өткізілді ме?

C) Көрмеге ең жаңашыл өнімдер әкелінді ме?

D) Елбасы көрмелерді асықпай қарап шықты ма?

Сұхбаттасушының ниетін білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

A) Неміс тілін білу – бәрімізге ортақ міндет

B) Көрме – жаңа тауарларды жарнамалау құралы

C) Бірнеше тіл меңгеру адам жанын қуанышқа бөлейді.

D) Отбасылық сурет – тарихты есте сақтау үшін қажет.

Анықтама

бара-бара – со временем

күтпеген жерден – неожиданно, внезапно

дүниеден озу (фраз.) – оставить этот мир, умереть

Мажарстан – Венгрия

көшпелі – кочевой, передвижной

өркениет – цивилизация

жоғалып кету – теряться, исчезать

қауіп – опасность

амандық болса (фраз.) – здесь: если все будет в порядке

жатқа (наизусть) айту – оқымай, қарамай айту

Тезаурус

Жүрегі қуанышқа толуқуану, шаттану

Амандық болсаАлла сәтін салса, бәрі ойдағыдай (жақсы) болса

Дүниеден озуқайтыс болу, дүние салу

24-сабақ