Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Қазақстанның көне қалалары

Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

1.Сарайшық қаласының іргесі қай кезде қаланған?

2.Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ең ежелгі қаланы атаңыз.

3.Ақтөбе қаласы қай жерде орналасқан?

4.Қазақстанда тағы басқа қандай көне қалалар болған?

5. Ақтөбе қаласы қай ғасырларда өмір сүрген?

Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Мәтінде бар ақпаратты табыңыз.

А) Оны Шыңғыс ханның шөбересі Бату хан салдырған.

В) Оны Қарахан салдырған.

С) Оны Әмір Темір салдырған

D) Шыңғыс хан салдырған.

2. «Қазақ хандығының .......................... астанасы да болып есептелген» деген сөйлемдегі көп нүктенің орнына дұрыс жауапты қойыңыз.

А)оңтүстігіндегі

В) солтүстігіндегі

С) батысындағы

D) шығысындағы

3. Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгі қалалардың бірі.

А) Тараз

В) Түркістан

С) Сауран

D) Сарайшық

4. Орта ғасыр қаласы.

А) Тараз

В) Түркістан

С) Отырар

D) Ақтөбе

5. Іргесі Алтынорда дәуірінде қаланған қала.

А) Сарайшық

В)Ақтөбе

С) Отырар

D)Сауран

Анықтама

Болжам – предположение, прогноз

Ойран – разрушение

Ежелгі – древний

Даму – развиваться

Мәлімет – сведения, данные

Тезаурус

қақ бөлу - ортасынан бөлді (делить попалам)

өмір сүру – тіршілік етті (существовать, жить, прожить жизнь)

18- сабақ

Қазақстанның көрікті жерлері

Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ұғып алыңыз.

Шипа, мөлдір, тұйық көл, мәлім, сауықтыру орындары.

Мәтінді оқыңыз.

Бурабай

Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі – Бурабай. Ол – емдік қасиетімен және әсем табиғатымен халықтың жүрегінен орын алған көл. Ол Көкше тауының шығыс жақ етегінде теңіз деңгейінен 320,9 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы – 4,5 км, ені – 3,9 км, орташа тереңдігі – 4,5 м. Көл суы жұмсақ әрі мөлдір. Ең терең тұсында да түбі көрініп жатады. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі. Бурабай көлін бұрынғылар Күміскөл деп атаған.

Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен Шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар.

Бурабай көлі – географиялық атау болса, мұндағы сауықтыру орны Бурабай курорты деп аталады. Бурабай көлінің жағасында аты аңызға айналған «Абылай алаңы», « Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Жекебатыр» деп аталатын табиғат ескерткіштері бар. Оларды көрген жан таңғалмай тұра алмайды.

«Абылай алаңы» – табиғаты ерекше орын. Оны қарағайлы ормандар мен жартастар қоршап тұрғандықтан, бұл жер басқа жерлерге қарағанда жылы.

«Оқжетпес» шыңы туралы да ел аузында түрлі аңыз-әңгімелер бар. Солардың бірі – тасқа айналған батыр туралы аңыз. Шыңда тұрған үш шынар батырдың үш әпкесі екен дейді. Батырдың үш әпкесі бірінен бірі өткен сұлу болады. Оқжетпес батыр әпкелеріне қорған болады. Бірде жау шауып, төртеуі қапыда қоршауда қалады. Олар Бурабайдай табиғаты көркем туған жерлерін жау қолына бермейміз деп Оқжетпес батыр шыңға айналыпты, әпкелері оқ жетпейтін шынарға айналыпты.

«Жұмбақтас» хан алдында басына теңдік тимесін сезген соң, көлге құлаған қалмақ қызының тас бейнесі делінеді.

«Жеке батыр» – аңыз бойынша қалың жауға жеке шауып, мерт болған алып ер. Алыстан тауға қарасаңыз, оның дулығасын, қалың қабағын, қыр мұрнын, иегі мен сақалын көргендей болады. Бұл – табиғат шебердің өз қолымен жасаған мүсін – тауы.

(Қазақстанның тарихи-танымдық географиясы)

Жауаптар бойынша сұрақ қойыңыз.

  1. ..............................................................?

Көкшетаудың ең әсем жері Бурабай.

  1. .................................................................?

Көл суы жұмсақ әрі мөлдір.

  1. ...................................................................?

Бурабай көлін бұрын Күміскөл деп атаған.

  1. ..................................................................?

Бурабай көлінің жағасында аты аңызға айналған «Абылай алаңы»,

«Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Жекебатыр» деп аталатын табиғат

ескерткіштері бар.

  1. .............................................................?

«Абылай алаңы» – табиғаты ерекше орын.

Қарсылықты мәнді сөйлемді табыңыз.

Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі. Көл суы жұмсақ әрі мөлдір. «Абылай алаңы» – табиғаты ерекше орын. Оны қарағайлы ормандар мен жартастар қоршап тұрғандықтан, бұл жер басқа жерлерге қарағанда жылы. «Жұмбақтас» хан алдында басына теңдік тимесін сезген соң, көлге құлаған қалмақ қызының тас бейнесі делінеді.

ЖАЗЫЛЫМ

Берілген сөйлемдерді қарсылықты мәнді сөйлемдерге айналдырып жазыңыз.

Көкшетаудың ең бір әсем өңірі – Бурабай. Бурабай көлінің жағасында аты аңызға айналған Жұмбақтас, Оқжетпес сияқты жерлер бар. Табиғат шебердің жасаған мүсін тауы көрінеді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар.

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді мұхиат тыңдаңыз.

Алматы

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Алматы қандай қала?

  2. Алматы қаласы қайда орналасқан?

  3. Қала арқылы қандай өзендер ағып өтеді?

  4. Алматы қаласы қай жылдан бастап астана болып жарияланған?

Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1.Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

А) Қазақ Ұлттық университетінің ғимараты

В) Президент резиденциясы

С) М.Әуезов атындағы драма театры

D) Студенттер сарайы

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

A) Алматы қаласының 2,5 мың жылдық тарихы бар.

B) Алматы қаласының 3 мың жылдық тарихы бар.

C) Алматы қаласының тарихы тереңде.

D) Алматы қаласының тарихы бай.

3. Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.

A) Алматы қаласының тарихы мен көрікті жерлері туралы ақпарат беру.

B) Алматының бұрын астана болғанын айту.

C) Алматы қаласының көшелерін таныстыру.

D) Алматының мәдени орындарымен таныстыру.

4. Мәтінде бар ақпаратты табыңыз.

A) Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инеженерлік- архитектуралық

шешіммен көзге түседі.

B) Алматы қаласында көптеген оқу орындары бар.

C) Қалада түрлі демалыс орындары көп.

D) Қала көшелері оқтай түзу.

5. Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз.

A) Қалада ҚазМҰУ қалашығы бар.

B) Қазақстан», «Отырар», «Рахат-Палас», «Анкара», «Достық» қонақ

үйлері бар.

C) «Медеу» спорт кешені бар.

D) «Достық» монументі бар.

Анықтама

шипа – целебный

мөлдір – чистый, прозрачный

тұйық көл – непроточное озеро

мәлім – извнстный // известно

сауықтыру орындары – оздоровительные места

19-сабақ