- •Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу.
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •6.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7.Студенттің білімін бақылау және бағалау
- •8.Оқу тәртібінің саясаты.
- •Глоссарий – сөздік
- •Отбасы және ұлттық дәстүрлер
- •Анасы мен баласы
- •Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Қазақстанды сағынып жүрмін
- •2 Блок. Жас отбасы және дәстүр
- •6 Сабақ
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер Грамматика: Заттың мөлшерлік және сапалық сипаты
- •Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Жас отбасының негізгі шығындары
- •Таным патшалығы Байланыстырушы етістіктер
- •Қазақстандағы отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі
- •3 Блок. Тұрғын үй
- •Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы
- •Шаңырақ немесе отау көтеру Грамматика: Анықтауыштық қатынастың есімше арқылы берілуі
- •Шаңырақ немесе отау көтеру салты
- •Пәтер интерьері
- •16‑Сабақ
- •Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?
- •5 Блок.
- •Уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Уақыттың маңызы
- •Уақыттың маңызы
- •Уақытты бағалай біл
- •Фразеологизмдердегі мезгілдік мағынаның берілуі.
- •Студенттің бос уақыты
- •Студент және уақыт
- •Күн тәртібі және денсаулық Грамматика: Іс-әрекетке бұйырудың берілуі
- •Күн тәртібі және денсаулық
- •Назар аударыңыз!
- •Уақытты қалай пайдаланып жүрмін?
- •Уақытты тиімді пайдалану
- •6 Блок. Саламатты өмір салты
- •Дені саудың - жаны сау Грамматика: Салдардың берілуі
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Ауру – астан
- •Денсаулықты күтудің жолдары
- •Дәрумендердің пайдасы
- •Пайдалы кеңестер
- •Тез жылынудың жолдары
- •7Блок. Менің Отаным – Қазақстан
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі
- •Менің елім – тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
- •Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені
- •Анықтауыштық қатынастың берілуіне назар аударыңыз.
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері Грамматика: Объектілік қатынастағы біреудің сөзі мен ойының берілуі
- •Алғашқы театр және кино өнерінің дамуы
- •Өнер жұлдыздары
- •Күләш Жасынқызы Байсейітова
- •Шәкен Кенжетайұлы Айманов
- •Ұлттық мәдениет тамыры
- •Ұлттық мәдениет
- •Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі (выражение пространственных отношений)
- •Домбыра
- •Күй атасы – Құрманғазы. Күйші Дина.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Күйші Дина
- •Нұрпейісова Дина
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
- •Өлең – сөздің патшасы
- •Абай – қазақтың бас ақыны
- •1. Жазылым.
- •Хакім Абайдың философиясы немесе отыз тоғызыншы қарасөзі
- •1. Жазылым.
- •Абайдың әкесі
- •1. Жазылым.
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •Шәкәрім шығармасындағы адамдық концепциясы
- •1. Жазылым.
- •2. Жазылым.
- •Ауыз әдебиеті
- •2. Ауыз әдебиетінің қосымша атауын көрсетіңіз:
- •Көркем сөз – көркем өнер
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Көркем стильдегі көріктеу құралдары
- •Мұхтар Әуезов – суреткер
- •«Абай жолынан» үзінді
- •«Абай жолынан» үзінді
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Көркем әдебиеттің бастаулары
- •Атақты аудармашы
- •Атақты аудармашы
- •Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі
- •Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:
- •Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:
- •Қызыл Кітап
- •Қызыл Кітап
- •Қазақстанның тарихи орындары Құбылыстардың арақатынасының, байланысының салыстырыла, салғастырыла берілуі
- •Қазақстанның көне қалалары
- •Қарсылықты мәнді қатынастың берілуі
- •Астана – бас қала Қалағандықтың-қаламағандықтың берілуі
- •Қатысымның оқу-кәсіби саласы. Менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Ұлттық кадрлар – мемлекет негізі
- •Басшы келбеті
- •Қайырымды қаланың басшысы қандай болуы керек?
- •Басшы дұрыс болса, қосшы қайда кетер дейсiз?
- •А) қарапайым халықты жақтырмайды
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •«Шыңғыс хан жайлы шындық әлі айтылмай келеді»
- •Әркім бастық болмайды…
- •А) ізгілікті болсын
- •Қоғам және жастар
- •Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Қазақ жастары – зияткерлік ұлттың тірегі
- •Әлем таныған Қазақ Елі
- •Жастар және «Қазақстан - 2050» стратегиясы
- •Білім мен ғылым
- •Ақш Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы көшбасшы рөлін құптайды
- •Қазақстанның сыртқы саясаты – тмд елдерінің ішіндегі ең сауаттысы
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жинақтау салымы
- •Академик Асқар Жұмаділдаевпен сұхбат
- •Енді велосипед те ұшады
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Ғылым мен техника
- •Өнертапқыш Хайролла Исмағұлов
- •Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- •Ғарыштағы қазақ құрты
- •Тыңдалымдар:
- •(Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен сұхбат)
- •Шипалы сазбен емделу
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Ағымдық, аралық бақылау тапсырмалары і семестр
- •Бақылауға арналған сұрақтар іі семестр
Қызыл Кітап
Себептілік негіздің берілуі
Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініңіздер.
Қызыл кітап , деректерді саралау, тоқтамға келу, патша қазынасы, игі істер, сүт қоректілер, сирек, қауіп.
Мәтінді оқып, жаттап алыңыз.
Қызыл Кітап
Қызыл кітап –
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ!
Келеді кез
Күрделі біздің бұл кез!
Жаутаңдайды адамға түзде мың көз.
Қызыл кітап –
Опат болып кеткен аңның
Бастарына қойылған қызыл күмбез.
... Қызыл кітап –
Тірі жан тимесін деп,
Хайуанатқа берілген қызыл мандат.
Қызыл кітап –
Бұл өзі қызық кітап:
Тысы жұқа,
Астары қалыңырақ!
Қ. Мырза-Әлі
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Мезгілсіз кеткендердің бастарына қойылған қызыл шырақ не?
2.Ақын неге біздің бұл кез күрделі деп отыр?
3.Қызыл кітап дегеніміз не?
Себептілік негіздің берілуіне назар аударыңыз.
Ғалымдардың ұсынысымен жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында «Қызыл кітап» жазылды. Өкімет басындағы адамдардың тапсырмасы бойынша аң аулауға рұқсат жоқ. Ғылыми кеңестің шешімімен ақбөкендер «Қызыл кітапқа» енгізілді. Студенттің өтінішімен осы тақырыпты бекіттік.
ТЫҢДАЛЫМ.
Мәтінді тыңдаңыз.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ең алғаш жануарлар мен өсімдіктерді «патша қазынасы» деп жариялап, аң аулауға, өсімдіктерді кесуге тыйым салған патша кім?
2. «Қызыл кітап» деген не?
3. «Қызыл кітапқа» қандай аңдар мен құстар, өсімдіктер енеді?
4. «Қызыл кітап» алғаш рет қай жылы басылып шықты?
5. Қазақстанның «Қызыл кітабы» қай жылы шықты?
6. Халықаралық «Қызыл кітапқа» Қазақстан жерінде өсіп-өнген қандай аңдар енген?
Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1 Ең алғаш орыс патшасы І Петр Мәскеу маңындағы ормандар мен табиғат байлықтарын ............... тыйым салды.
А) кесуге, атуға
В) өртеуге, жоюға
С) өзгертуге, құртуға
D) қорғауға, сындыруға
2. Қандай ұйым құрылды?
А) Халықаралық табиғатты қорғау ұйымы
В) Халықаралық табиғатты сақтау ұйымы
С) Халықаралық табиғатты аялау ұйымы
D) Халықаралық табиғат ұйымы
3. ............. туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын.
А) Қызыл кітап
В) табиғатты қорғау
С) табиғатты сақтау
D) ұйым құру
4. «Қызыл кітаптың алғашқы басылымы қай жылы шықты?
А) 1963 жылы
В) 1961 жылы
С) 1965 жылы
D) 1966 жылы
5. «Қызыл кітап» жастарды неге үйретеді?
А) табиғатты аялай білуге, оған қамқор болуға
В) табиғатты сақтауға
С) табиғатты жоюға
D) табиғатты құртуға
ТЕЗАУРУС
Шырақ – шам
Кез – мерзім, мезгіл, уақыт
Аялау – мәпелеу, әлпештеу
Қамқор – біреудің қамын ойлау, тірек болу
Анықтама
деректер источники
ұйым организация
қоқиқаз фламинго
хайуанаттар животные
деректерді саралау анализировать данных
тоқтамға келу делать заключение
патша қазынасы царское сокровище
игі істер благое дело, доброе дело
сүт қоректілер млекопитающие
сирек редкий / / редко
қауіп опасность; угроза
13 БЛОК. Туған жерге саяхат
16-сабақ. Өз өлкеңді таны
Болымсыздықтың берілуі
Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсініп алыңыз.
Аймақ, өңір, жалпы аумағы, орташа тығыздығы, қолайлы, ащы, тұщы, жазық, қырат, үстірт, бастау алады.
Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
Қазақстан аймақтары
Қазақстан жері табиғат ресурстарына, экономикалық ерекшеліктеріне байланысты 5 аймаққа бөлінеді. Олар Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан аймақтары.
Солтүстік Қазақстан аймағының құрамына Ақмола, Көкшетау, Қызылжар, Кереку Қостанай, Торғай өңірлері қарайды. Оның жалпы аумағы – 565,7 мың шаршы км. Халқы шамамен 3706,4 мың адам. Халқының орташа тығыздығы – 1шаршы км-ге 7,2 адамнан келеді.
Бұл аймақтың жер бедері, негізінен, жазық болып келгендіктен, егін егуге қолайлы. Жері ойпаңды, сондықтан онда тұщы да, ащы да көлдер көп кездеседі.
Климаты Батыс Сібір табиғатына ұқсас. Жазы қоңыр салқын, қысы айтарлықтай суық, әйтсе де дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдастардың, көкөніс, бақша дақылдарының пісіп жетілуіне толық жағдай бар.
Оңтүстік Қазақстан аймағына Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағы енеді. Айматың ауданы 711,1 мың шаршы километр немесе республика аумағының 26,2%-ы. Халқының саны – 5,3 млн. шамасында. Бұл Қазақстан бойынша жалпы тұрғындар санының 36,5%-ын құрайды.
Оңтүстік Қазақстан аймағында табиғат байлықтарының, соның ішінде, жер-су ресурстарының молдығы, климаттық жағдайларының тіршілікке қолайлылығы халықтың көптеп қоныстанып, ауыл шаруашылығын өркендетуіне, тағам мен жеңіл өнеркәсіпті дамытуына елеулі ықпал еткен.
Аймақта мақта, бидай, қант қызылшасы, күріш, темекі, көкеніс, жеміс-жидек секілді мәдени дақылдар өсіріледі. Ет, жүн өндіріледі. Жеңіл тағам және кен-химия өнеркәсібі басым.
Оңтүстік Қазақстан аймағы 7 климаттық атырапқа бөлінеді. 1. Балқаш-Алакөл атырабы. 2. Іле Алатауы атырабы. 3. Қаратау маңы-Қызылқұм атырабы.
Батыс Қазақстан аймағына Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Жайық өңірлері кіреді. Аймақтың жалпы аумағы – 736 мың шаршы км. Батыс Қазақстан аймағы өзіндік табиғи ерекшеліктеріне қарамастан қазба байлықтардың орасан зор кені болып табылады.
Шығыс Қазақстан аймағының құрамына Алтай және Семей өңірлері кіреді. Алтай өңірі Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы аумағымен сәйкес келеді. Жалпы аумағы 97,3 мың шаршы км. Өңірдің басым бөлігі таулы жерлер.
Орталық Қазақстан аймағына Сарыарқа мен Ұлытау өңірлері жатады. Еліміздің орталық бөлігіне орналасқан. Басты өзені –Нұра өзені.
(«Қазақстанның тарихи-танымдық географиясы» оқулығынан)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Қазақстан табиғат ресурстарына, экономикалық ерекшеліктеріне байланысты неше аймаққа бөлінеді?
2.Солтүстік Қазақстан аймағына қай облыстар кіреді?
3.Оңтүстік Қазақстан аймағына қай облыстар кіреді?
4. Батыс Қазақстан аймағы несімен ерекшеленеді?
5.Шығыс Қазақстан өңірінің басым бөлігі қандай жер?
6. Орталық Қазақстанның құрамына қандай өңірлер кіреді?
Сұрақтарға болымсыздық мағынада жауап беріңіз.
Айнұр, сен Қазақстанның солтүстік аймағында болдың ба?
........................................................................... .
Ал, батыс аймағында ше?
..................................................................... .
Орталық Қазақстанның басты өзенін білесің бе?
....................................................................... .
Оңтүстік Қазақстан аймағында халықтың тығыз қоныстануының себебін білесің бе?
....................................................................... .
Диалогты оқып, болымсыздық мағынаны беріп тұрған құрылымдарға талдау жасаңыз.
Қазақстан экономикалық ерекшеліктеріне байланысты 5 аймаққа бөлінеді.
Жоқ, Қазақстан 5 аймаққа бөлінбейді.
Шынымен де, Қазақстан 5 аймаққа бөлінеді.
Мен білмеймін.
Мектепте география сабағында оқыдық қой, Қазақстан жері табиғи ресурстары мен экономикасына байланысты 5 аймаққа бөлінетіндігін.
Оқыған шығармын, бірақ есімде қалмапты.
Тыңдалым
Өлеңді тыңдаңыз, жаттап алыңыз.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Бұл әнді бұрын тыңдағансыз ба?
2.Бұл ән сізге ұнады ма?
3.Әннің мазмұны не туралы?
4.Сіз өзіңіздің туған жеріңізді жақсы көресіз бе?
5.Бұл әнді қай әнші айтады?
Берілген сөздердің синонимін табыңыз.
Атамекен – Отан, туған жер, туған өлке (отчизна, родной край, земля отцов)
туған өлке – туған жер (отчизна, родной край, земля отцов)
аулақ – алыс (далеко)
Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Анау жерде ................ алысқам.
А) құрбыжанмен
В) құрбылармен
С) достармен
D) бауырлармен
2. Мәтінде бар ақпаратты табыңыз.
А) Айналайын, атамекен, ақ мекен.
В) Жасыл жайлау, жасыл кілем
С) Туған жер, атамекен, ақ мекен.
D) Алтын аймақ, алтын маң.
3. Мәтінде бар сөзді көрсетіңіз.
А) ауыл
В) атамекен
С) Отан
D) туған жер
4. Сағым болып бара жатыр көп .... .
А) ойлар
В) сырлар
С) жырлар
D) әндер
5. Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң сөздерін басқаша қалай айтуға болады?
А) білетін жер
В) білмейтін жер
С) атамекен
D) беймәлім жер
Тезаурус
Атамекен – Отан, туған жер, туған өлке (отчизна, родной край, земля отцов)
туған өлке – туған жер (отчизна, родной край, земля отцов)
аулақ – алыс (далеко)
бастау алу – басталу
Анықтама
айдар вихор, гребешок, рубрика
шабындық луга, сенокосное угодье
егістік поля
тоғай лесистая местность
аймақ регион, зона, пояс, территория
жалпы аумағы общая площадь
орташа тығыздық средняя теснота (плотность)
қолайлы удобный, благоприятный
ащы соленый, горький
тұщы пресный, несоленный
жазық равнина
қырат холмистая местность, возвышенность
үстірт плато, возвышенность
17-сабақ
