Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Себеп және салдар қатынастары себебі, өйткені, неге десеңіз және сондықтан жалғаулықтары арқылы беріледі:

Балықтың еті жеуге жарамсыз, себебі оның бойында ауыр металдар бар.

Мыс комбинаты өзінің қалдықтарын көлге төгеді, сондықтан балықтар уланып жатыр.

Себеп және салдар қатынастары есімшеден болған баяндауыштарға ‑дықтан, ‑діктен күрделі қосымшасының жалғануы арқылы да беріледі:

Адамдар қоршаған ортаға жауапсыз қарағандықтан, табиғат зардап шегіп отыр.

Ауа, су сапасыз болғандықтан, азық-түліктің де сапасы жақсы емес.

Суреттерге қарап себеп-салдар мәнді сөйлемдер құрыңыз.

Тыңдалым

Мәтінді тыңдаңыз.

Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1.ЮНЕП – БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі - ... .

А) Жоспары

В) Кеңесі

С) Бағдарламасы

Д) Ұйымы

2.ЮНЕП-тің басқарушылар кеңесінің мәжілісі бұрын айтылмаған қандай мәселеге

маңыз берді?

А) Парникті газдардан келетін зиян

В) Ғаламдық жылынудың салдарына

С) Экологиядан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетуге

Д) Атмосфераға көмір қышқыл газдарын аз жіберуге

3. Жер шарында температураның 1 градусқа көтерілуінің салдарын көрсетіңіз:

  1. Күн жылынып, барлық жерлерде егін шаруашылығымен айналысады

  2. Оңтүстік, солтүстік полюс ұғымдары жойылады

  3. Жер бетінде бірқалыпты ортақ температура болады

  4. Су деңгейі көтеріліп, көп жер су астында қалады

4. Жер бетінде температураның артуынан болатын өзгерістер – ... .

    1. Мұздықтар ериді

    2. Тропикалық климат орнайды

    3. Жеміс-жидек молаяды

    4. Ауа райы өзгермейді

5. Әлемдік көмір қышқыл газының 14 пайызы қайда сақталған?

  1. Австралияда

  2. Азияда

  3. Антарктикада

  4. Еуропада

6. Мұнай, газ өндірілген аймақтарда болуы мүмкін табиғат апаты – ...

  1. Су тасқыны

  2. Жер сілкіну

  3. Дауыл

  4. Қар көшкіні

Жазылым

Үлгі бойынша сандық, сапалық өзгерістерді білдіретін етістіктерді пайдалана отырып сөйлемдерді аяқтаңыз (күшею, азаю, төмендеу, айналу, сарқылу, асқыну, көбею, көтерілуде, қысқару).

Үлгі: Қазақстанда ормандар (азаю). Қазақстанда ормандар азаюда. Қазақстанда ормандар азайып келеді.

  1. Арал деңгейі ... .

  2. Планета тұрғындарының саны ... .

  3. Жердегі ормандар алаңы ... .

  4. Ормандардың жойылуы салдарынан өлке шөлге ... .

  5. Соңғы жылдары Каспий теңізінің деңгейі ... .

  6. Экологиялық дағдарыс ... .

  7. Адамдардың жауапсыздығынан жер үлкен қоқыс алаңына ... .

  8. Климаттың жылыну үрдісі ... .

  9. Табиғат ресурстары ... .

Анықтама

жер шары земной шар

тіршілік ортасы жизненная среда

дағдарыс кризис

айлақ бухта, пристань

мұздақ место, покрытое льдом; гологледица

үрдіс тенденция; быстрый

Тезаурус

жер дүмпуі қатты денелердің соғылысуынан, қозғалысынан пайда бол

ған күшті жарылыс.

14-САБАҚ

Қазақстан қорықтары

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз.

Табиғат ресурстары, қорықтар, қарыштап даму, табиғат лабораториясы, өлке, қорық аймағы, Қызыл кітап, алуан түрлі, орманды алқаптар, хайуанаттар, тұщы су, құс базары

Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, оларды қорғау мен байыта беру мәселесіне қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде айрықша мән беріліп отыр. Болашық ұрпаққа оларды кемеліне келтіріп табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше болмақ. Республикамызда табиғатты және хайуанаттарды қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. «Табиғат лабораториясы» атанған бұл қорықтарда саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар өлкеміздің көрікті орындары да сол қалпында сақталуда. Қазақстандағы Ақсу-Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл, Наурызым қорықтары осындай ерекше бақылауға алынған.

1927 жылы елімізде тұңғыш ашылған табиғат қорығы – Ақсу-Жабағылы қорығы. Ол Талас Алатауының батысында Қаратау, Жабағылы, Өгем, Піскем тауларының түйіскен тұсында орналасқан. Бұл қорықта «Қызыл кітапқа» енгізілген аса сирек кездесетін өсімдіктердің 18 түрі сақталған. Мұнда өсімдіктердің алуан түрлері мен аң-құстардың да түрлері көптеп кездеседі.

Алматы қорығы алғаш рет Іле Алатауындағы Кіщі Алматы орман шаруашылығы территориясында 1931 жылы ұйымдастырылды. Қорық аймағы Іле Алатауын, Талғар шыңын, Есік, Талғар, Шелек өзендерін қамти отырып, Қырғызстанға дейінгі жерлерге дейін созылып жатыр. Мұнда халықаралық «Қызыл кітапқа» енген, жойылып кету қаупі бар барыс, қарақұйрық мекендейді. Өсімдіктердің де сирек ұшырасатын Сиверс алмасы, Островский қызғалдағы сияқты түрлері кездеседі.

Наурызым қорығы 1959 жылы ұйымдастырылған. Қорықтың алып жатқан жер көлемі 87694 гектар. Соның 17662 гектары орманды алқаптардың үлесіне тиеді. Қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты көлдер бар. Бұл көлдер көктем, күз айларында нағыз құс базарына айналады.

Қорғалжын қорығы Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесін және далалы аймақтың біраз бөлігін қамтиды. Қорық 1968 жылы ұйымдастырылған. Мұнда да көктем мен күз мезгілінде көлдердің беттері құстан көрінбей кетеді. Жалпы бұл қорық – жылдың қай мезгілі болмасын қанаттылардың құтты қонысы. Сол себепті Қорғалжын мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы бар сулы-батпақты резерваттар қатарына жатқызылған.

1976 жылы 7 тамызда ұйымдастырылған Марқакөл қорығы Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Азу жоталарының аралығында жатыр. Алтайдың ару көлі – Марқа қамқорлыққа алынып, қорыққа сән беріп тұр. Суы тұщы осы көл теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте орналасқан. Жалпы қорықтың аумағы 71369 гектар. Марқакөлдің жағалауы жасыл желек жамылған ну орманға тұнып тұр. Көлде балықтың бірнеше түрі бар.

Барсакелмес қорығы Арал теңізіндегі аралда орналасқан. Көлемі 200-250 шаршы километр. Қорық саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау мақсатында 1939 жылы құрылған.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстандағы қандай қорықтар ерекше бақылауға алынған?

2. Елімізде ашылған алғашқы қорықты атаңыз?

3. 1931 жылы қай қорық ұйымдастырылды?

4. Марқакөл қорығы қай жерде?

5. ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы бар сулы-батпақты

резерваттар қатарына жатқызылған қай қорық?

6. Наурызым қорығында қандай көлдер бар?

Жазылым

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыз.

Республикамызда табиғатты және хайуанаттарды қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар ..... үлкен қорық бар. Қазақстандағы Ақсу-Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл, Наурызым ..................... осындай ерекше бақылауға алынған. Алматы қорығы алғаш рет Іле Алатауындағы Кіщі Алматы орман шаруашылығы территориясында ..... жылы ұйымдастырылды. . Қорық ....... Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты көлдер бар. Барсакелмес қорығы ................................... аралда орналасқан.

Сөйлемдерді қарама-қарсы мағынадағы сөйлемдердің берілу жолдарына назар аударып, жазыңыз.

Елімізде қорықтар көп, бірақ ең алғаш ашылған қорық – Ақсу-Жабағылы қорығы. Өсімдіктердің де сирек ұшырасатын Сиверс алмасы, Островский қызғалдағы сияқты түрлері кездеседі, алайда олар көр емес. Көлде балықтың бірнеше түрі бар, әйтсе де оларды ұстауға тыйым салынған. Ақбөкен мен қарақұйрықты қорғауды қолға алғалы біраз уақыт болды, әйткенмен оларды аяусыз атып жатқандардың саны азаймай отыр.

Бірақ, алайда, әйтсе де, дегенмен, әйткенмен, керісінше деген жалғаулықтарды пайдаланып қарсылық мәнді сөйлемдер құраңыз.

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді тыңдаңыз.

Табиғат ескерткіштері

Сұрақтарды мұхият тыңдап, жауап беріңіз.

1.Қазақстан жерінде табиғат ескерткіштері бар ма?

2.Табиғат ескерткіштері ненің белгісі?

3.Табиғат ескерткіштері дегеніміз не?

4.Табиғат ескерткіштерінің көлемі қанша болу керек?

5.Қазақстандағы табиғат ескерткіштерінің саны қанша?

Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1.Қорғалатын табиғат объектілерінің арасында табиғат ескерткіштері ..... орын алады.

А) көрнекті

В) бірінші

С) алдыңғы

D) екінші

2. Олардың ...... адамдардың аяусыз әрекеттерінен жойылып кеткен.

А) көпшілігі

В) барлығы

С) бірнешеуі

D) көбі

3. Әрбір табиғат ескерткіштерінің көлемі ... гектардан аспауы шарт.

А) екі

В) бір

С) үш

D) төрт

4. «Қаздың қайтуы» атты табиғи ескерткіш қай облыста орналасқан?

А) Павлодар

В) Көкшетау

С) Алматы

D) Шығыс Қазақстан

5. «Шарын шатқалы» атты табиғи ескерткіш қай облыста орналасқан?

А) Алматы

В) Көкшетау

С) Павлодар

D) Шығыс Қазақстан

Анықтама

Табиғат ресурстары – природные ресурсы

Қорықтар – заповедники

Қарыштап даму – быстро (интенсивно) развиваться

Табиғат лабораториясы –природное лаборатория

Өлке – край

Қорық аймағы – территория (зона) заповедника

Барыс – барс

Қарақұйрық – джейран

орманды алқаптар – лесные площади

үйеңкі – клен

15-сабақ