Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Адам және табиғат – егіз Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын есте сақтаңыз.

Құпия сыр, тұжырым, ой-пікір, қиянат жасамау, біртұтас, қатыгездік, құмырсқаның илеуі, табиғат құбылыстары.

Мәтінді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.

Адам мен табиғат – егіз

Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, айналадағы орта мен адамның жеке-дара өмір сүруі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына әсер етеді. Табиғи ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан жақсы қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға үлес қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғатың бір бөлшегі екенін ұмытпаған жөн.

Қазақ халқының өмір тіршілігі табиғатпен етене байланысты. Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат құшағында тіршілік ете жүріп, оның алуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды тұжырымдар мен пікірлер айта білді. Қазақ халқының табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстарының заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатады. Халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлігі деп біледі. Табиғат пен адамдардың болашағы біртұтас деп біледі. Табиғатты сүюді Отанды сүю, туған елді, туған жерді сүю деп біледі. Сондықтан да қазақ халқының қанға сіңген қасиеттерінің бірі – табиғатты қорғау. Табиғатты қорғау дегеніміз – тіршілікке қиянат жасамау, қатыгездіктен аулақ болу. Халық ұғымында құмырсқаның илеуін, құстардың ұясын бұзбау керек деген киелі ұғым бар. Осы ұғымды естен шығармай, табиғатты аялай білейік!

(География оқулығынан)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қоғам мен табиғат жеке-дара өмір сүре алады ма?

2.Қоғамның дамуына не әсер етеді?

3.Нені ұмытпау керек?

4.Халқымыздың өмірі неге табиғатқа байланысты?

5.Қазақ халқының қанға сіңген қасиеті?

6.Табиғатты қорғау дегеніміз не?

7.Қандай киелі ұғымдар бар?

ЖАЗЫЛЫМ

Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз ..................................... .

  2. Қазақ халқының табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстарының заңдылықтарымен үнемі ..... .............. .

  3. ............................. Отанды сүю, туған елді, туған жерді сүю деп біледі.

  4. Табиғатты қорғау дегеніміз – тіршілікке қиянат жасамау, .................................... .

Есте сақтаңыз!

Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуі пайда болу, құрылу, көріну, шықты, қалыптасу, орнау сияқты етістіктермен беріледі.

Мысалы: сезім пайда болды, жаңа отау құрылды, отаншылдық сезім қалыптасты, ғазет шықты, тыныштық орнады.

Берілген сөйлемдерді оқып, бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуіне назар аударыңыз.

Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланыста пайда болған. Табиғи ортаның қолайлы болуының арқасында адамның дұрыс білім алып, еңбек ету жағдайы қалыптасқан. Қазақ халқының өмір тіршілігі табиғатқа етене жақын пайда болған. Қазақ халқының табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстарының заңдылықтары негізінде қалыптасқан.

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Жуалы ауданы қай облыста орналасқан?

2.Жуалының қысы қандай?

3.Аймаққа не өзіндік сән беріп тұр?

4.Тау етегіндегі бұйрат жондар неге ұқсайды?

5. Нелер қаһарлы қарт батырлар сияқты болып көрінеді?

6.Ауданның Жуалы деп аталуының себебі не деп ойлайсыз?

Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1.Мәтін бойынша дұрыс ақпаратты көрсетіңіз.

А) Таулы жердегі қатпар тастар дестеленіп түзіліп, аймаққа өзіндік сән береді.

В) Қатпар тастар дестеленіп түзіліп, аймақты сұлуландырып тұр.

С) Таулы жердің табиғаты керемет болады.

D) Таулы аймақтардың қысы қатты болады.

2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз:

Су жайылған ..... алқапты көкорай шалғын орайды.

А) жазық

В) түзу

С) қалың

D) кең

3. Мәтінде бар ақпаратты көрсетіңіз.

А) Жанға жайлы самал есіп тұрады.

В) Жұпар иіс кеудеңді кернеп, мұрныңды қыттықтайды.

С) Биік қарлы шыңдары бас айналдырады.

D) Мыңбұлағының суын ішкен адам тамсанады.

4. Ғасырлар қойнауынан ......... жинап, тылсым сырын ішке бүгіп жатқандай деген сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

А) тарих

В) мәлімет

С) шежіре

D) құпия

5. Қысы қатал болып келетін бұл өңірдің тау баурайы көктем шығысымен айрықша құлпырып, етегі алуан түрлі гүлге малынып, су жайылған жазық алқапты көкорай шалғын орайды деген сөйлемдегі асты сызылған сөздің синонимін табыңыз.

А) алқап

В) аймақ

С) жер

D) маң

Анықтама

Шұрайлы – – плодородный

Тау баурайы – склон горы (подножие горы)

Жұпар иіс – благоухающий запах

Тұжырым – вывод, заключение

Құпия сыр – тайна, секрет

Қиянат – зло, пакость, вред; насилие

Біртұтас – единый

Қатыгездік – жестокость, свирепость

Тамсану – восхищаться, восторгаться

Мұрынды қытықтау, жаймашуақ шақ орнау деген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын тауып, жазыңыздар.

Тезаурус

Мұрынды қытықтау – мұрнына жағымды иіс келу

Жайма шуақ шақ орнау – көңілді, жайдары шақ орнау (жанға жайлы шақ

орнау)

12-САБАҚ

Қазақстанның экологиясы мәселелері

1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініңіз.

Көмірқышқыл газ, ғарыш, апат, зиянды сәуле, экологиялық аймақ, сіңіру, бөліп шығару, экожүйе, жергілікті ластану, қышқыл жаңбыр.

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз

Қазақстан экологиясы

Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалығы бұрынғыға қарағанда өте төмен. Оның негізгі себебі – адамдардың тіршілік етуіне қажетті іс-әрекеттерінің нәтижесінде ауаға түрлі газдардың шығарылуы. Атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Ол бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газдармен (оттегі, азот, көмірқышқыл ғазы, аргон т.б.) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды.

Атмосфераны бұзып, табиғаттың дамуына кері әсер ететін ерекше фактор – адамның тіршілік әрекеті. Адам ақыл-ой мен еңбектің арқасында айналадағы ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттың құрамдас бөліктерінің бір-бірімен тығыз байланысты екенін ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеріске ұшырайтыны белгілі. Сондықтан табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде жүргізілуі керек.

Адам әрекетінің салдарынан Қазақстанда пайда болған күрделі экологиялық мәселелер бар. Олардың бірі – Арал тағдыры. Аралға құятын екі ірі өзен – Амудария мен Сырдария суын теңізге жеткізбей, егінге пайдалану осындай үлкен апатқа әкеп соқты. Теңіз суының тартылуынан оның жағалауындағы тоғайлар мен жануарлардың жойылуына әкеліп соқты. Аймақ тұрғындарының денсаулығының нашарлауына әсер етті. Қазір «Арал тағдыры – адам тағдыры» деп, бұл мәселенің шешілуі үшін көп жұмыстар жүргізілуде.

Балқаш көлі де күрделі экологиялық аймақ болып отыр. Балқашқа құятын Іле өзенінің бойынан Қапшағай су қоймасының салынуы Іле өзенін мекен ететін ондатралар мен түрлі балықтардың жойылып, балық және ауылшаруашылығының дамуына кері әсерін тигізді. Балқаш көлінің айналасы тіршіліксіз шөлге айналды.

Осы күнгі экологиялық мәселелердің бірі – қышқыл жаңбырлар. Жаңбыр суы ең таза су болу керек, бірақ олай болмай отыр. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары – күкірт диоксиді мен азот оксидтері атмосфераға еніп, ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдары түзіледі. Нәтижесінде жерге жауатын қар мен жаңбыр қышқылданады.

3-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Атмосфераның бұзылуына не себеп болуда?

2.Атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі қандай?

3.Қазақстанда болып жатқан қандай экологиялық мәселелер бар?

4.Осы күнгі экологиялық мәселелердің бірі?

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Сөйлемдерді мәтінге сай толықтырыңыз.

1. Атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі .................. .

2. Атмосфераны бұзып, табиғаттың дамуына кері әсер ететін ерекше фактор – ....................................................... .

3. Адам әрекетінің салдарынан Қазақстанда пайда болған күрделі ............................ мәселелер бар.

4. ............................. айналасы тіршіліксіз шөлге айналды.

5-тапсырма. Бір нәрсенің пайда болу, шығу фактісінің берілуіне мәтіннен мысал табыңыз.

ТЫҢДАЛЫМ

6-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз.

Табиғат аясы

7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Адам демалғысы келгенде қайда барады?

2.Орман алқабына адамды тартатын қандай күш?

3.Орманға келгенде біз өзімізді қалай сезіну керекпіз?

4.Табиғатты, орманды біз қайткенде қорғай аламыз?

5.Сенің туған жеріңде орман бар ма?

8-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Мәтінде кездесетін сөзді табыңыз.

А) орман саясына

В) орман ішінде

С) орман арасына

D) орман ортасына

2. «Сонда ғана біз орманның бар иелігін тиімді пайдалана аламыз» деген сөйлемдегі асты сызылған сөздің баламысын табыңыз.

А) байлығын

В) жағдайын

С) нәрсесін

D) ағаштарын

3. Қажетті ақпаратты табыңыз.

Бізді орман алқабына тартатын күш – ............................. .

А) орман ауасының тазалығы

В) ауасының таза болуы

С) ағаштардың көп болуы

D) қала шуынан алыс болуы

4. Мәтінде берілген негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

А) Орман – ауасы таза, саялы орын.

В) Орманға қыдыруға барады.

С) Орманда аң-құстар көп.

D) Орманға барғандар адасады.

5. Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

А) Орман – мемлекет байлығы.

В) Орман – аң-құстардың мекені.

С) Орманда әртүрлі ағаштар өседі.

D) Жеміс-жидек теру үшін орманға барады.

9-тапсырма. Нақыл сөздерді тыңдап, мағынасын ұғып, есте сақтаңыз.

Табиғаттың иесі де, киесі де болады.

Туған жерді сүю – парыз,

Сүю үшін білу – парыз,

Қасиетін ұғу – парыз,

Күзетінде тұру – парыз.

Анықтама

зиянды сәуле - вредные лучи

көмірқышқыл газы – углекислый газ

ғарыш – космос

апат – бедствие, стихиное бедствие, крушение, авария

экологиялық аймақ – экологическая зона

сіңіру – впитывать

бөліп шығару –выделяеть

экожүйе – экосистма

жергілікті ластану – локальное загрязнение

қышқылды жаңбыр – кислотные дожди

13-сабақ

Қазақстан экологиясы

Себеп және салдар қатынастарының берілуі

Тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын есте сақтаңыз.

Біздің планетамыз, жер шары, тіршілік ортасы, әлем, табиғат, ортақ мекен,

жер беті, флора мен фауна т.б.

Мәтінді оқыңыз.

Еліміздегі экологиялық проблемалар

Атмосфераны бұзып, табиғаттың дамуына кері әсер ететін ерекше фактор – адамның тіршілік әрекеті. Адам ақыл-ой мен еңбектің арқасында айналадағы ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттың құрамдас бөліктерінің бір-бірімен тығыз байланысты екенін ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеріске ұшырайтыны белгілі. Сондықтан табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде жүргізілуі керек.

Адам әрекетінің салдарынан Қазақстанда пайда болған күрделі экологиялық мәселелер бар. Олардың бірі – Арал тағдыры. Аралға құятын екі ірі өзен – Амудария мен Сырдария суын теңізге жеткізбей, егінге пайдалану осындай үлкен апатқа әкеп соқты. Теңіз суының тартылуы оның жағалауындағы тоғайлар мен жануарлардың жойылуына әкеліп соқты. Аймақ тұрғындарының денсаулығының нашарлауына әсер етті. Қазір «Арал тағдыры – адам тағдыры» деп бұл мәселенің шешу үшін көп жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті де Арал маңындағы тұрғындарды басқа жаққа көшіріп, олардың денсаулығына алаңдап отыр.

Балқаш көлі де күрделі экологиялық аймақ болып отыр. Балқашқа құятын Іле өзенінің бойынан Қапшағай су қоймасының салынуы Іле өзенін мекен ететін ондатралар мен түрлі балықтардың жойылып, балық және ауылшаруашылығының дамуына кері әсерін тигізді. Дегенмен қазір бұл мәселелерді кешенді түрде қолға алып, көптеген игі шаралар атқарылуда.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Атмосфераның бұзылуына не әсер етеді?

2.Қазақстандағы қандай күрделі экологиялық мәселелерді білесіз?

3.Аралдың тартылуына не себеп болды?

4.Балқаш көлінің экологиясының бұзылуына не себеп болып отыр?

Грамматикалық түсініктеме