Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 1 курс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Атақты аудармашы

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Мәшһүр, үш ұйықтаса түске кірмеу, өңіне нұр беру, абыз шал, кіндігін кесу, жер аударылу, тұрмысы жадау, құшақ жая, тұрмысы оңалу, ауыс-түйіс, шыр етіп өмірге келу, жерсіну, бұл-бұл ұшу, жанартау, бұғып жату, таптық әдебиет, қылауын бұзбай, тіл құдіретін түйсіну.

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Атақты аудармашы

Аты мәшһүр Анатолий Киммен танысу, қол алысу, ой бөлісу үш ұйықтасам, түсіме де кірмеген тосын жай болды. Атына қанық осы бір жан-жақты, сан қырлы адамның тағдыр-тауқыметі мен ой-өрісін, дария көңілін сезінудің сәті түсті. Алыстан қарағанда аяғын аңдап басатын, әлемге ғашық көзбен қарайтын, маңына нұр шашатын қазақтың данагөй шалдарына ұқсатасың. Әйтеуір, жүзі жылы, асығып-аптықпайды, ілесе сөйлемей, тосып сөйлейді, әдемі күлкісі өңіне нұр беріп тұр. Бір сөзбен айтқанда абыз шалдың өзі ме дейсің.

Анатолий Ким кім? Ол туралы білетіндерімді еске түсірдім...

... Анатолий Ким аптап ыстық ұрған Оңтүстіктің Түлкібас ауданында 1939 жылдың 15 маусымында дүниеге келіпті. Кіндігін көрші отырған қазақ әйелі кесіпті. Кимдер отбасы 1937 жылдың күзінде Владивостоктан Қазақстанға жер аударылып келген болатын.

Бейтаныс елдің халқы тұрмыстары жадау, бірақ мұғалім отбасын ежелгі қазақ дәстүрімен құшақ жая қарсы алды. Ет, май, сүт секілді тағамдарын ауыл болып әкеліп тұрды. Осылай жұпыны үйдің шырайы кіріп, жаңа өмір, жаңа таныс, бейтаныс өмір басталды. Андрей Кимнің көзі ашылып, жұрт қатарлы өмір сүре бастады. Есік алдына жеміс-жидек отырғызды. Сәбіз, пиязы, қияры, қызанағы дегендей, тұрмыс оңала бастады. Картоп екті, ақыры халықтың қарапайым ауыс-түйіс тіршілігі басталды. Қорасына мал кірді, онымен бірге үйге жан кірді. Осылай екі жылдан соң шыр етіп Анатолий өмірге келген-ді.

Ол қазақ бесігінде тербелді. Осылай жас сәбидің бойына қазақ рухы өзі дүние есігін ашқаннан қонған болар. Салты бөлек ел мен жерге жерсіну оңай деймісің?! Ұлы Отан соғысы аяқталып, бейбіт өмірдің шуағы жылу әкеле бастаған 1948 жылы саясат та өзгерген. Қуғынға ұшыраған халықтар өз ата қоныстарына көшуге рұхсат алды. Ағайын-туысы қалған Қиыр Шығыс Андрейді магниттей тартты да тұрды.

Енді кері көш басталды. Тоғыз жасар Анатолийдің көзінен Түлкібас бұл-бұл ұшты. Бірақ жүрегінде қазаққа деген сағыныш бірге кетіп бара жатыр еді. Ол жанартау сияқты жүрегінде бұғып жатты. Бұл бір күні жарылуға тиіс-тін. Қашан, қалай, оны кім білген?..

Анатолий Кимнің Алматыда да, Ресейде де үйі бар. Ол – екі ел арасындағы алтын көпір іспеттес.

Жазушы, аудармашы Анатолий Ким қазақ әдебиетін Еуропаға танытты. Әрине, орыс тілі арқылы. Ол ұлы Мұхтар Әуезовтің эпопеясын кезіндегі социалистік реализм, таптық әдебиет талабына сай аударылған «Абай жолының» жаңа нұсқасын жасады. Көркем, автордың тұспалды суреттеулерінің қылауын бұзбай, жітік орыс тілінің шұрайлы тілімен көмкерді. Анатолий Ким өзі айтқандай «сөз болып отырған ұлттың тілін ұғыну үшін сол халықтың рухын түсінген» жан. Өзі қазақ тілінің құдіретін түйсінгендіктен, қазақ халқының жан-дүниесін ұғынғандықтан, қазақ ұлттық академиясын бітірдім деп санайды. Әрі жазушы, әрі аса дарынды аудармашы Анатолий Ким Абайды сүю арқылы Әуезовті танығанын, Нұрпейісовті аудару арқылы қазақ болып кететінін айтады. Адам жанын ұғыну арқылы кейіпкерлерінің жүрегіне жол іздеді. Әуезов, Нұрпейісов секілді ғаламат жазушыларды аудару арқылы өзі де ұлыланды.

Оқылым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Мәтінге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

A) Анатолий Кимнің аудармашылығын білмейтін жан жоқ.

B) Анатолий Ким – қазақ әдебиетін шет елге танытқан жазушы.

C) Түлкібаста туып-өскен жас Анатолий Ресейге кеткісі келмеді.

D) қазақ әдебиетінде Анатолий Ким шәкірттері көптеп саналады.

Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.

A) атақты аудармашының өмірбаянын таныту

B) Абайды сүю арқылы қазақ әдебиетін тану

C) әрі аудармашы, әрі жазушы абыз ақсақал

D) екі елдің әдеби байланыстарын көрсету

Мәтінде бар ақпаратты табыңыз.

A) Анатолий Ким қазақы ортада өскен еді.

B) Кимдер отбасы қайтадан қазақ еліне көшпек болды.

C) Кішкентай Анатолийге қазақтың бесік жырын айтатын.

D) Қиыр Шығыстағы ағайын-туыстар Кимдерді көшіріп әкетті.

Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз.

A) «Абай жолын» жаңаша аудару қажеттілігі туды.

B) «Абай жолын» аударған аудармашылар бірін-бірі қайталамады.

C) Анатолий Ким Түлкібастан көшкенде онға толмаған бала болған.

D) Ұлтты түсіну үшін оның рухын, бітім-болмысын терең білу керек.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты табыңыз.

A) Кимдер отбасы мұғалімдер болатын.

B) Есік алдына бау-бақша егілді, қораға мал кірді.

C) Бейтаныс халық кәріс отбасын құшақ жая қарсы алды.

D) қазақ пен кәрістің салты бөлек болса да, бірін-бірі жатырқамады.

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Соғыс алдында Қазақстанға көптеген ұлттар жер аударылды.

B) Түлкібас – Оңтүстік Қазақстанға қарайтын аудан.

C) Атақты адаммен танысу күтпеген жағдай болды.

D) Анатолий Ким Алматыдағы үйінде тұрады.

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Ким қазақты сүю арқылы қазақ болып кетеді.

B) Әдебиетте кезінде «социалистік реализм» деген бағыт болған.

C) Адамның сағынышы жүректе бұғып жатқан жанартау сияқты.

D) «Абай жолы» аудармасының жаңа нұсқасын Анатолий Ким жасады.

Мәтіннің түйінін көрсетіңіз.

A) Әдебиет – ардың ісі

B) Анатолий Ким – абайтанушы

C) Қазақ әдебиетінің жанашыры

D) Аударманың майталманы

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Анатолий Кимнің кіндігін неліктен қазақ әйелі кесті?

2. Тоғыз жасар Анатолий елден кеткенде, қандай сезімде болды?

3. Атақты аудармашының ұстанымы (принципі) қандай?

Жазылым:

Тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз.

  1. Мәшһүр –

2. тұрмысы жадау –

3. тұрмысы оңалу –

4. тіл құдіретін түйсіну –

5. іспеттес –

Тыңдалым

Полилогке негіз болған себепті көрсетіңіз.

A) Ахаң мен Хамаңның достығы

B) Анатолий Кимнің аудармалары

C) Анатолий Кимнің аудармашылық қызметі

D) Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы

Полилог мазмұнына сәйкес ақпаратты табыңыз.

A) Аударма – бір ұлтты екіншісіне танытатын құрал.

B) Анатолий Ким тек аудармашылық қызметпен айналысады.

C) Елбасы «Абай жолы» аудармасына риза болғанын жасырмады.

D) «Соңғы парыз» романын өзге ұлт өкілдері аударған.

Анатолий Кимнің көзқарасын анықтаңыз.

A) Көркем туындыны аударғанда сол ұлтты жақсы білу керек.

B) «Абай жолы» секілді тарихи эпопеяны аудару – басты мақсат еді.

C) Жазушы болғың келсе, қазақ елінде өмір сүр, халқын таны.

D) Ұлы тұлғалармен таныс болу жазушылық қабілетті дамытады.

Ахмет Жұбановтың көзқарасын анықтаңыз.

A) Хамит Ерғалиев – нағыз ақын.

B) Академик болу екінің бірінің қолынан келмейді.

C) Ақындар көлік жүргізе алмайды.

D) Ақын болу, академик болу – мықтылықтың белгісі

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің көзқарасын анықтаңыз.

A) Аудармашылық жұмыстың қиындығы көп.

B) Аударма жақсы шығу үшін жолма-жол аударған жақсы.

C) Анатолий Ким «Соңғы парызды» аудармаса, оған ренжимін.

D) Екі аудармашыға да аударту қажет, сонда ең жақсысын таңдаймын.

Полилог мазмұны бойынша қате ақпаратты табыңыз.

A) Бір ірі туындыны аудару үшін кемінде үш жыл керек.

B) Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Соңғы парызы» екі рет аударылды.

C) Классик жазушы романының кейбір тұстарын жолма-жол аудартқызған.

D) Ә. Нұрпейісовтің дарыны ұшан-теңіз, жазушылық шеберлігі жоғары.

Полилог мазмұнына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

A) Қазақ жазушыларының шығармашылығын әлем біледі.

B) А.Ким қолға алған туындыларды шебер аударады.

C) А.Ким аудармадан басқа да көптеген өнерге ие.

D) Қазақ әдебиетінде «Абай жолындай» аударылған романдар аз.

Полилогтің қорытындысын көрсетіңіз.

A) Аударма – әдеби байлық

B) Романдарды аудару уақытқа тәуелді

C) классикалық шығармаларды аударту қажет.

D) қазақ әдебиетін әлемге аудармалар танытады.

Анықтама:

мәшһүр – танымал, белгілі

өңіне нұр беру – көрікті, жарасымды ету

абыз шал – дана, ақылды кісі

кіндігін кесу – обрезать пуповину

тұрмысы жадау – тұрмысы төмен, кедей

құшақ жая – здесь: обнимать, брать в объятия

тұрмысы оңалу – тұрмысы жақсару

ауыс-түйіс – здесь: взаимный обмен

жерсіну – акклиматизироваться

бұл-бұл ұшу (фраз.) – кету, көрінбеу, жоқ болу

жанартау – вулкан

бұғып жату – здесь: прятаться, таиться

тіл құдіретін түйсіну – тіл кереметін түсіну

тезаурус:

үш ұйықтаса түске кірмеуешқашан ойламау, солай болады деп санамау

жер аударылубасқа елге, бөтен жерге күштеп (зорлап) жіберілу

шыр етіп өмірге келутуылу, дүние есігін ашу

қылауын бұзбайөзгертпей, бұзбай

таптық әдебиетбай, кедей деп тапқа бөлінген дәуір әдебиеті

11-сабақ